Connect with us

Спорт

Chengdu China 2019 World Police & Fire Games: Қалиұлы Бекнұр жеңімпазы атанды

Published

on

KAZNEWS – Қытайдың Чэнду қаласында бірқатар ел өкілдерінің қатысуымен полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілері арасындағы Дүниежүзілік жарысы өтіп жатыр.

Бұл жарысқа Моңғолия абыройын қорғап Баян-Өлгий аймағынан Қалиұлы Бекнұр аттанған болатын. Ол каратеден өзіне қарсылас шақ келтірмей, жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Сонымен қатар Бекнұр әлемнің түпкір түпкірінен келген былғары қолғап шеберлерімен де рингде ауыр салмақта қолғап түйістірген.

Бүгін жартылай финалда қытайлық боксшыдан басым түскенін бапкері, аймақтың Спорт, дене шынықтыру басқармасының басшысы Қайсанайұлы Қайнар  айтып отыр.
Ертең финал. Рингде бұл жарыстың 2018 жылғы чемпионы ресейлік боксшы күтіп тұр.

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер олимпиадасы ретінде танымал бұл сайыс  тамыз айының 8-18 күндері аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтеді.

Спорт

Сайд Моллай Моңғолия азаматтығын алды

Published

on

KAZNEWS – 12 желтоқсанда Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан биылғы жылдың қорытынды турнирі басталады. «Мастерс жарысына» әлемнің 67 елінен таңдаулы 450 балуан қатысады.
Қытайда өтетін қорытынды турнирге Моңғолия құрамасынан 20 спортшы сынға түседі. Олардың арасында дзюдодан әлем чемпионы Сайд Моллай бар.
Азаматтығын ауыстырған спортшы бұрын Иран атынан күресіп 2017 жылғы әлем чемпионатынан қола медаль алса, 2018 жылы әлем чемпионы атанған болатын.

Әлем чемпионы атанған сәті, 2018 жыл, Баку

2019 жылғы әлем чемпионатында Иран үкіметінің саяси көзқарасы салдарынан жартылай финалда ұтылғаны кейін белгілі болды. Сайд Моллай Германия азаматтығын алады деген қауесет спорт сүйер қауым арасында тараған болатын.

Бірақ ол, Моңғолияны таңдады.

“Judo Inside” агенттігінің хабарлауынша Моңғолия дзюдодан 2004 жылдан бері олимпиада ойындарында үздіксіз жүлде алып келеді. Бұл үрдісті жалғастыру үшін ішкі бәсекелесті арттыру мақсатында Сайд Моллайді әкелді, – деп жазады.

Сайд Моллай, Моңғолия Президенті Х.Баттулганың қабылдауында тұр. 2019 жыл. Улаанбаатар

Сайд Моллай -81 келі салмақ дәрежесінде белдесетін болады.

Continue Reading

Спорт

Ерболат Төлекұлы бокстан ел чемпионы атанды

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияның Эрдэнэт қаласында бокстан ересектер арасындағы ел біріншілігі желтоқсанның 2-8 аралығында жүріліп өтті.
26 клубтан 219 спортшы ерлер сегіз салмақта, қыздар бес салмақта өнер көрсетті.
Бұл сайысқа Баян-Өлгий аймағының спортшысы Ерболат Төлекұлы +91 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, өз салмағында чемпион атанды.
Естеріңізге сала кетсек Ерболат Төлекұлы бұған дейін бес рет ел чепионы атанған болатын.
Сонымен қатар, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрлан Асқарұлы қола жүлдені қанағат тұтты.

Continue Reading

Спорт

Мәдіғайым Нұқ гир көтеруден жеке рекордын жаңалады

Published

on

KAZNEWS – РФ-ның Улан-Удэ қаласында 21-24 күндері гир тасын көтеруден Сергей Леонов атындағы  VI бүкіл ресейлік турнир болып өтті.

Турнирге 17 облыстан 500 ге жуық спортшы бақ сынады.

Моңғолиядан 5 спортшы қатысып, 1 қола медаль және екі 5 орынмен аяқтады.

Аталмыш жарысқа моңғолия құрамасынан Мәдіғайым Нұқ 85 келі салмақта өнер көрсетіп 5-орын иеленіп, 32кг+32кг гир тасын көтеру арқылы өзінің жеке рекордын жаңартты.

Естеріңізге салсақ, Мәдіғайым Нұқ гир спортынан Әлем кубогынан 2 қола медаль, 2015, 2016 жылғы әлем чемпионатында 7-орын, 2017 жылы самбо күресінен ел чемпионатының және қазақ күресінен азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде3 days ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын құрды

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен, Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Әлемде3 days ago

Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазақпарат ХАА – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы...

Әлемде5 days ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде2 weeks ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Әлемде1 month ago

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып...

Моңғолияда2 months ago

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты.  Кездесу...

Әлемде4 months ago

Солтүстік Корея Америкадан ығар емес

Ол зымыран сынақтарын жалғастырып жатыр, АҚШ  КХДР-мен келіссөз жүргізуге  мәжбүр. Оңтүстік Кореяның Kyodo агенттігінің хабарлауынша,  2019 жылғы 16 тамызда КХДР-дің әскери...

Әлемде6 months ago

Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)

KAZNEWS – /2019.06.12/ Шанхай ұйымының жылдық кезекті он тоғызыншы саммитіне қатысу мақсатында Моңғолия Президенті Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы...

Басты назарда