Connect with us

Мәдениет

Байыт Қабанұлының бес туындысы француз тілінде жарық көрді

Published

on

KAZNEWS – Ақын, жазушы Байыт Қабанұлының монғол тілінде жазылған «Анашым менің», «Кішкентай әлем», «Тор ішіндегі еркіндік», «Сыю туралы өлең», «Көктемнің қызғалдағы» қатарлы бес өлеңі француз тіліне аударылып «Éditions Jentayu» журналына жарияланды.

Бұл журналға Байыт Қабанұлынан басқа Монғолияның осы заман әдебиетіндегі үш буын өкілдері: Ч.Галсан, С.Оюун, Б.Догмид, Г.Мэнд-Ооёо, Ц.Түмэнбаяр, Д.Батжаргал, Байыт Хабанұлы, Г.Бямбажав, Ц.Бавуудорж, М.Уянсүх, Г.Аюурзана, Б.Эрдэнэсолонго, П.Батхуяг, Б.Ичинхорлоо, Ц.Доржсэмбэ, Б.Цоожчулуунцэцэг, Б.Золбаяр, О.Мөнхнаран, Д.Эрдэнэзулай, Ц.Ариунтуяа қатарлы ақын, жазушылардың таңдамалы туындылары да қамтылған.

Мәдениет

Моңғолиялық ерлі-зайыпты әншілер «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындады

Published

on

13 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолиялық ерлі-зайыпты әншілер А.Анхбаяр мен Б.Чанцалдулам ақын сазгер Тынышбайұлы Рахымның «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындап, әлеуметтік желіде хит болуда. Казньюс ақпараттық агенттігі қос әншімен байланыс орнатып, әңгімеге тартқан еді.

«Алтайдың ар жағынан келген ару» әні 90-жылдары хит болған ән. Қазір де сахна төрінен орын алып, әртүрлі әншілер шырқап келеді. Осы әнмен қай кезден таныссыз?

– А.Анхбаяр: Қайрлы күн! Ең алдымен барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Бұл әнді алғаш рет 1993 жылы Увс аймағында әскери міндетімді атқарып жүрген кезде Баян-Өлгий аймағынан келген Молдаш, Қуанған, Аманбек есімді қазақ әскерлер аузынан естіп, сөзі мен әнін жаттап алған едім. Содан бері ішімнен ыңылдап айтып жүретінмін. Өнер жолын қуғаннан бері Қобда аймағының Бұлғын, Қобда сұмындарына гастрольдік сапармен барған кездерде гитарамен есімде сақталған сөздерін «теріс болып кетуі мүмкін» деп, көрермендер тілегі бойынша орындап беретінмін. Халық өте жақсы қабылдағандықтан арнайы орындау қажет екен деген ой туды.

Бұл әнді қазақша орындау идеясы қашан туды?

– А.Анхбаяр: Жалпы кез келген шығарманы жазылған тілінде, өз мақамымен тарихи дәстүрін сақтай отырып орындауға тырысамыз. Моңғолшаға аударып айтуға болар еді. Бірақ солай жасайық дегенді еш ойламаппыз. Қазақ халқы сүйіспеншілігіне бөленген шығарма болғандықтан мағынасы қандай, қалай орындасақ болады деп ойлап, зор жауапкершілікпен қарадық. Ең жақсы және сөзін дұрыс орындап шығуға тырыстық.

– Б. Чанцалдулам: Сәлеметсіздер? Тыңдаушылар мен оқырмандарға сәлем жолдаймын. Біз дос болып жүріп үйленіп, отбасын құрғанымызға 15 жыл болды. Алғаш танысқан кезде Анхаа маған гитарамен бір ән орындап беретін. Ол әннің сөзін түсінбесем де әуені керемет болатын. Сөйтсем осы ән екен. Махаббат туралы ән әрі музыкасы көңілімнен шыққан соң бұл әнді ұнатып қалдым. Содан дует болып орындайық деп жолдасыма ұсыныс жасадым. Ол да қуана келісті /күліп/

Авторлық құқық мәселесі қалай шешілді?

-Б.Чанцалдулам: Біз екеуіміз шығармашылық пен авторларға өте құрметпен қараймыз. Кез келген шығарманы авторларының рұқсатын алып, содан кейін ғана көпшілікке жария етеміз. Елімізде Моңғолия композиторлары және шығармашылық иелерінің МОСКАП атты ұйымы бар. Олар сазгерлер мен ақындардың авторлық құқығын қорғаумен қатар Азияның 30-дай елімен қарым-қатынас орнатқан. Анхаа өзі сазгер болғандықтан да осы одаққа мүше. Біз жоғарыдағы әнді орындау тілегімізді білдірдік. Содан олар біздің атымыздан Қазақстандағы ұйымдарымен байланысқа шығып, рұқсатын алып берді.

Қазақша орындау кезінде қандай қиындықтар болды?

-А.Анхбаяр: Біз бірдей крилл әрпін қолдансақ та 4-5 әріп бөлекше таңбаланып, бөлекше айтылады. Сол дыбыстарды дұрыс айтпасаңыз, сөз мағынасы өзгеріп кетуі мүмкін деп ойлап, дәлме-дәл жеткізуге шамамызша тырыстық.

-Б.Чанцалдулам: Қазір ғаламтор дамып, әлеуметтік желі қанат жайған дәуірде кез келген тілдегі әнді тыңдау қабілеті бойынша айту мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуанамын. Осы әнді жаттау үшін оны youtube-ден жүктеп алып, 10-дай әншінің орындауындағы сөздермен салыстырып айтып көріп, жаттыққан соң ғана дыбыс жазуға кірістік. Бұған «Mongolia’s Got Talent» шоуының таңдаулы қатысушысы Бердібек бауырымыз қол ұшын беріп көмектесті. Соның нәтижесінде ән өте сәтті шықты деп ойлаймын.

Алғаш рет қазақ ән орындадыңыздар. Өздеріңізге көңілдеріңіз толды ма?

-А.Анхбаяр: Қазақ әндерінің әуені керемет болады. Сол үшін де олардың шығармаларында биік құзар шыңдар, әдемі табиғат, қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілетіні ұнайды. Менің әкем мен анам екеуі де әскери адамдар болғандықтан Увс аймағының Бөхмөрөн сұмыны өлкесіндегі шекаралық заставада міндетін атқаратын. Ол жерден көп алыс емес Ногооннуур сұмынындағы қазақ халқымен аға-бауыр сияқты қарым-қатынаста болуымыз менің бақытты балалық шағымның естен кетпес сәттері ретінде есімде сақталып қалды. Сондықтан да бұл ән жаныма жақын.

-Б.Чанцалдулам: Расын айтқанда, тілін түсінбегендіктен қазақ халқы жайлы жақсы білмейтінмін. Ал қазір ізденіс барысында олардың салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық киімі мен тарихына деген қызығыушылығым оянып, олармен жақынырақ достасуға ниеттеніп отырмын. Достар да таптым /күліп/.

Моңғол ағайындарға бұрыннан танымал, сүйіп айтатын қазақ әндері де баршылық. Мысалы, «Ана туралы жыр» дегендей. Басқа қандай әндерді білесіз?

-А.Анхбаяр: «Ана туралы жыр», «Сүйгенім менің қалада», «Әкеме», «Ақтамақ» қатарлы әндерді тыңдап жүріп жаттап алдым. Енді ресми түрде толықтап, қайта орындауды жоспарлап отырмыз /күліп/.

Сіздер қазақ тілінде сөйлемесеңіздер де, бұл шығарманы нақышына келтіріп орындапсыздар. Халыққа да ұнапты. Сіздерге әлеуметтік желі арқылы алғыстарын да жеткізіп жатыр. Сіздерге бұдан да зор шығармашылық табыс тілейміз!.

-А.Анхбаяр: Көп рақмет! Өздеріңізге де табыс тілейміз!

-Б.Чанцалдулам: Әнді жарыққа шығарғалы көп болмаса да, қазақ халқының зор алғысына бөленіп жатырмыз. Бұл бізді ерекше жігерлендірді. Тезірек әдемі киімдер тіккізіп, клип жасап шығаруды ойлап отырмыз. Сіздерге бізді құрметтеп, сұхбат жасау мүмкіндігін беріп отырғандарыңызға алғыс білдіреміз. Оқырмандар мен барша қазақ халқына тек қана әлемдегі бар жақсылықтарды тілейміз!

-А.Анхбаяр: Мен де жарымның тілегіне қосыламын. Кешікпей басқа да қазақ әндерін сахнада орындауға жазсын! Рақмет!

Continue Reading

Мәдениет

Құндыз Серікбергенқызы “Қазақ дауысы” жобасына қатысып жатыр

Published

on

11 қаңтар, KAZNEWS. «Қазақ дауысы» – «Qamshy.kz» порталының арнайы жобасы. Бұл жобаға Моңғолиядан жас әнші Құндыз Серікбергенқызы қатысып жатыр.

Құндыз байқаудың алғашқы кезеңінде “Сыңар аққу болмайды” әнін орындаған.

Байқаудың екінші кезеңінде ең әуелі халық әні “Балапан қаз” әнін сәтті орындады.

Эстрада жанры бойынша Аманжол Бәделұлының сөзіне жазылған Бердібек Дәулетбекұлының әні “Ғазиз ана”-ны орындаған.

Жеңімпаздар Рамазан Стамғазиев бастаған өнер майталмандары қазылық жасайтын байқауда бақ сынап, 3 миллион теңгенің иегері болады.

Құрметті оқырман қауым сіздерді Құндыз Серікбергенқызына дауыс беруге шақырамыз.

Бағалау шарттары:
Жүлдегерлер тыңдарманнан жинаған дауыс саны және қазылар алқасының шешімімен анықталады (Тыңдарман дауысы – 50 пайыз, қазылар дауысы – 50 пайыз). Қатысушыға дауыс беру сайттың мобилді қосымшалары (qamshy.kz – IOS, Android) арқылы жүргізіледі.

Құндызға дауыс беру үшін мына жерге басыңыз.

Құрметті оқырмандар, қатысушыларға Qamshy.kz сайтының мобильді қосымшасы арқылы дауыс бере аласыздар. Мобильді қосымшаны IOS, Android қолданушылары жүктей алады. Qamshy.kz порталы мен «Қазақ дауысы» жобасының инстаграмдағы парақшасы (@qamshy_media, @qazaq.dauysy) мен Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған қатысушы видеосын қолдаушылар саны мен пікірлер ескеріледі.

Continue Reading

Мәдениет

Дастан Қаламханұлы халықаралық байқауда жүлдегер атанды

Published

on

18 желтоқсан, KAZNEWS. Суретші Дастан Қаламханұлының «Алтай көші» деп аталатын туындысы «New York Realism» деп аталатын халықаралық бейнелеу өнер байқауының «Жасыл әлемге саяхат» жанрында қола жүлдесін жеңіп алды.

Байқауға АҚШ, Германия, Франция, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан қатарлы елдерден суретшілер қатысып, өздерінің туындыларын ұсынған.

Дастан Қаламханұлы 2018 жылы «Шығыс Түркістан, атпаған таң» туындысы арқылы Туран халықаралық байқауының жүлдегері, 2019 жылы «Бүркітші» туындысы арқылы АҚШ-та жеңімпаз атанған болатын.

Continue Reading

Мәдениет

Tsogsogmaa ft Berdibek – Махаббатқа толы жаңа жыл

Published

on

Моңғолиялық жас әнші Бердібек Дәулетбекұлы мен Цогсогмаа бірлесіп “Махаббатқа толы жаңа жыл” атты әндерін ұсынды.

Әннің музыкасын Бердібек Дәулетбекұлы, сөзін Ч.Нандинцэцэг, аранжировкасын Ауғантай Исаұлы дайындаған.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

10 дерек4 days ago

Улаанбаатардағы қазақ, түрік ас үйінің тағамдарын жеп көруге болатын жерлер

22 қаңтар, KAZNEWS.Орда, Бесбармақ, Мармара және Султана: қазақ, түрік ас үйінің тағамдарын жеп көруге болатын жерлерді таныстырамыз. Орда халал рестораны...

Әлемде6 days ago

Профес­сор Гүлнар Кендірбайдың ғылыми еңбегі жарыққа шықты

20 қаңтар, KAZNEWS. Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбайдың ғылыми кітабының халықаралық тұсаукесері өтті. «Отандастар қоры» КеАҚ, Ақпарат және қоғамдық даму...

10 дерек1 week ago

Сіз қандай кітап оқисыз? #2

19 қаңтар, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі “Сіз қандай кітап оқисыз?” жобасының екінші санын ұсынады. Бұр ретте танымал журналист, менеджер, табысты...

10 дерек1 week ago

Mongolian Interactive Travel, Транспорт даму банкі және Б Софт компаниялардағы жалақысы жоғары бос жұмыс орындар

Туризм саласының ақпараттық технология инженері Компания: Mongolian Interactive Travel Мекен жайы: Улаанбаатар, Чингэлтэй районы, Хүрээ хотхон 23-29, javka23@gmail.com Міндеттері: Жаңа...

Әлемде2 weeks ago

Түркі академиясы «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді

Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді. Бірқатар бауырлас...

Әлемде2 weeks ago

Үш партия Мәжілісте қанша мандат алды

12 қаңтар, ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол...

10 дерек2 weeks ago

Сіз қандай кітап оқисыз? #1

11 қаңтар, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі оқырмандар арасынан төменгі сұрақтар бойынша апта сайын жауап алып отыратын болады. Сіз қандай кітап...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстанда Парламент, Қырғызстанда Президент сайлауы өтіп жатыр

10 қаңтар, KAZNEWS. Қазақстанның 9 облысы мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар...

Басты назарда