Connect with us

Сайлау / Сонгууль

АӨҚ САЙЛАУЫНА 107 үміткер ұсынылды

Published

on

Өлгий. 7 маусым. KAZNEWS – АСК -ның мәліметі бойынша аймақтық Азаматтар Өкілдері Құрылының сайлауына үміткер ретінде ұсынылғандардың саны аймағымызда 107 адамды құрады. Бұл – орта есеппен бір орынға төрт үміткерден келеді деген сөз. Олардың ішінде әйелдер саны он бір. Бұл туралы АСК хабарлап отыр.
Еске сала кетейік, аймақтық Азаматтар Өкілдері Құрылының сайлауы маусымның 29 күніне белгіленіп отыр. Азаматтар Өкілдері Құрылына 39 депутат сайланады.

Advertisement


Сайлау / Сонгууль

Аймақтық Сайлау комиссиясы мүшелерімен таныс болыңыздар!

Published

on

Баян-Өлгий аймақтық Сайлау комиcсиясы сәуірдің 20-сы күні алғашқы жиналысын өткізіп, ұйымдастыру мәселелерін талқыға салды.

Аймақтық сайлау комиссиясы басшысына Аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының хатшысы А.Серікболат, хатшысына Аймақ әкімі іс басқармасы Заң бөлімі аға маманы Ө.Тиянақ, мүшелеріне Кәсіптік білім және өндірістік орталық оқу менеджері Т.Жарас, Мемлекеттік тіркеу бөлімінің Азаматтық тіркеу бөлімшесі басшысы Д.Аманбек, Мамандық бақылау басқармасы бөлім басшысы Х.Бауыржан, Өлгий сұмындық жалпы білім беретін 2 – мектеп ұстазы А.Толқын, Өлгий сұмыны әкісі іс басқармасы маманы Қ.Берден, АӘІБ-ның Мұрағат бөлімшесі басшысы Б.Досжан, Білім, мәдениет және өнер басқармасының маманы К.Серікгүлдер тағайындалды.

 

Continue Reading

Сайлау / Сонгууль

Моңғолияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Published

on

Моңғолия тарихында алғаш рет президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. Бұл екінші кезең 7 шілдеге жоспарланды. Өйткені саяси науқанның алғашқы кезеңінде ешбір үміткер межелі 50 пайыздан астам дауысқа ие бола алмады, деп хабарлайды Kaznews.mn.
Айта кету керек, президент сайлауы Моңғолияда осымен жетінші рет өтіп жатыр. Биыл елге басшы болуға ниеттенген үш кандидат сайлауға түскен болатын. Енді екінші кезеңде көп дауысқа ие болған екеуі бақ сынайды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Демократиялық партия үміткері Халтмаагийн Баттулга көш бастап тұр. Оны сайлаушылардың 38 пайызы қолдаған. Ал басты қарсыласы биліктегі Моңғол халық партиясының кандидаты Миеэгомбын Энхболдты халықтың 30 пайызы жақтаған.
Сонымен қатар, үшінші үміткер Сайнхүүгийн Ганбаатар осал қарсылас емес екендігін көрсетті. Ол, халықтың 30 ға жуық пайызын жинаған.

Continue Reading

Сайлау / Сонгууль

Моңғолияда 26 маусымда президент сайлауы өтеді

Published

on

KAZNEWS – Бүгін Моңғолияда ресми түрде 26 маусымда өтетін президент сайлауына үгіт-насихат компаниясы басталды.
Моңғолияда осымен жетінші рет мемлекет басшысы тағына сайлау өткізілмек. 27 –ші мамырда Орталық сайлау комиссиясы ел президентіне үміткер үш кандидатты тіркеген.
Моңғолия Президенті сайлауына Моңғол халық партиясынан Миеэгомбын Энхболд, Демократиялық партиясынан Халтмаагийн Баттулга, Моңғол халық революцияшыл партиясынан Сайнхүүгийн Ганбаатар бақ сынайды.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, кестеге сәйкес дауыс беруге бір тәулік қалғанда яғни 24 маусымда түнгі сағат 00:00 –де үгіт насихат компаниясы жабылады.
Дауыс беру маусымның 26 күні өтеді.

Continue Reading

Сайлау / Сонгууль

Сайлау 2016: Халықтың белсенділігі артты

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия Парламентіне және аймақтық Азаматтар Өкілдері Құрылының сайлауы өтіп жатыр.
Орталық сайлау комиссиясының 17:00 сағаттағы мәліметтеріне жүгінсек Баян-Өлгий аймағының халқының белсенділігі 4 – аумақта 57 пайызға, 5 – аумақта 68 пайызға, 6 – аумақта 64 пайызға жетіп отыр.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде2 hours ago

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті

05 наурыз, KAZNEWS. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Лувсангийн Баттулгамен кездесті. Кездесу...

Дерек3 days ago

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады

Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен...

Әлемде6 days ago

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы Қазақ радиосы — қазақтың өткен өмірінің жаңғырығы һәм қордалы сандығы. Қуанышы мен күйінішінің, тебіренісі...

Reuters Reuters
Әлемде1 week ago

ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін айтты

23 ақпан, KAZNEWS. Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық...

Дерек2 weeks ago

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған?

18 ақпан, KAZNEWS. Казньюс ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді.  Балаларға тарихи тұлғалардың есімдерін...

Дерек2 weeks ago

2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз

16 ақпан, KAZNEWS. 2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз.

Әлемде3 weeks ago

Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсті

14 ақпан, KAZNEWS. Ресей астанасы Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсіп жолдар жабылып, рейстер бөгеліп қалды. Cоның салдарынан...

Дерек4 weeks ago

2021 жыл атаулы күндерге толы

8 – ақпан, KAZNEWS. 2021 жылы атаулы күндерге толы болмақ. Бұл даталарды атап өту ең алдымен халық мұрасын, құндылықтарын, танымал...

Басты назарда