Connect with us

Моңғолияда

Моңғолиядағы Қазақстан Республикасының азаматтары назарына

Published

on

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясының таралуын пандемия деп тануына байланысты Моңғолия аумағында тұрақты тұратын, болу еліне еңбек шарты негізінде жұмыс істеуге (халықаралық ұйымдар мен компаниялардың қызметкерлері, инвесторлар, жеке кәсіпкерлер), ұзақ мерзімді қызметтік іссапармен және жеке шаруаларыменкелген (туған-туысқандарына, достарына және қонаққа келген азаматтар)Қазақстан Республикасының азаматтарынмүмкіндігінше қысқа мерзімдеЕлшілікке хабарласуды және консулдық есепке тұруды сұраймыз. Бұл іс-шара Моңғолиядағы Қазақстан Республикасы азаматтарының санын анықтау үшін маңызды екенін атап өтеміз.
Консулдық есепке тұру үшін төмендегі мәліметтерді s.zhumatayeva@mfa.kz, ulaanbaatar@mfa.kz және zhasmin14@gmail.com электрондық пошталарға жіберуді сұраймыз:
– аты-жөні;
– туған жылы;
– ЖСН (ИИН);
– жұмыс орны;
– жұмыс визасының мерзімі;
– Моңғолия аумағындағы тұрғылықты мекен-жайы;
– телефон нөмірі.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында консулдық есепке тұру, миграциялық тіркеуді созу, моңғол-ресей шекарасының 2020 жылғы 1 мамырға дейін жабылуына байланысты Қазақстанға қайту және басқа да консулдық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды Елшіліктің Консулы Шынар Жұматаеваға
+ 976 9595 0750 және +976-11 345408 телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы шешуді ұсынамыз. Көрсетілген байланыс телефондары 24 сағат жұмыс істейді.
Моңғолияда жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қазақстандық дипломатиялық миссиямен байланыста болуды және коронавирус инфекциясын жұқтыру күдігі туындаған кезде Елшіліктің Консулына дереу хабарласу керек екенін назар аударамыз.
Құрметті азамттар, өз денсаулықтарыңызға мұқият болуды және COVID-19инфекциясын жұқтырмау үшін қажетті профилактикалық шараларды (жиі қолды жуу, маска кию, көпшілік жиналған жерлерге бармау және т.б.) ұстануды өтінеміз.

ҚР Моңғолиядағы Елшілігі

Моңғолияда

Моңғолия Президенті қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Published

on

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Continue Reading

Моңғолияда

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Published

on

Continue Reading

Моңғолияда

ҚР-ның Елшісі қандастарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Published

on

Құрметті қандастар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – күн мен түннің, қыс пен жаздың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мейрамы.
Ұлыстың ұлы күні – «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын сенім мерекесі.
Нұр көктеммен қатар келген ұлық мерекеде әр шаңыраққа жақсылық, өскелең ұрпаққа амандық тілей отырақандастарымыздың бірлігі мәңгі, ынтымақтастығымыз жемісті болсын дегіміз келеді.
Баршаңызды көктемнің шуақты да шырайлы мерекесімен құттықтай отырып, Наурыз мейрамы жақсы істер мен игі бастамалардың бастауы болуына тілектеспін!
Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын құрметті қандастар!

Ізгі ниетпен,

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ
ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ
ЖАЛҒАС ӘДІЛБАЕВ ЖҰМАҰЛЫ

Continue Reading

Моңғолияда

Бекболат Бұғыбайұлы Қобда университетінің филиалына 130 мың АҚШ доллар шамасында инвестиция тартты

Published

on

KAZNEWS – 2013-2016 оқу жылдары Қобда университетінің Баян-Өлгий аймағындағы филиалын басқарған Бекболат Бұғыбайұлы Щвейцариялық Анита Фарнимен бірлесіп филиалды жатақханалы болдыру мақсатында бастама көтеріп, халықаралық ынтымақтастықтағы жоғары дәрежедегі белсенділігі арқылы Give2Asia халықаралық ұйымынан жиынтығы 130,000 ақш.доллар құрайтын инвестиция тартып үлгерген. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

– Бекболат мырза қуанышты жаңалығыңызды естіп өзіңізге хабарласып отырмыз. Қаражат тұрғызу жұмысы қашан басталды?

Рахмет. 2015 жылы аймақ әкімі қызметін атқарған Қ.Дәрмен ағамыз арқылы Моңғолияның Сыртқы істер министрлігінен Give2Asia халықаралық ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім шарт жасауға ресми рұқсат алып, қаражат тұрғызу жұмысын бастаған едік. Міне бүгін игі істің нәтижесін көріп отырмыз. Қуаныштымын. Аталмыш халықаралық ұйым арқылы шетелден жалпы 130,000 ақш.долларына инвестиция тартылып, оның $93,000-ы филиалдың есеп шотына келіп түсті.

– Қалғаны қашан келеді?

Жатақхана құрылысының суреті шығуда. Қалған қаражат құрылыс жұмысы басталған соң келеді.

– Бір кездері өзіңіз басқарған білім ордасына не айтасыз?

Қобда университетінің аймақтағы филиалына тек ғана сәттілік тілеп, келіп түскен қаражатты тиімді игеруін тілеймін. Аймағымыздың маңдайына берген жалғыз жоғарғы оқу орнының өркендеп дамуына қолымнан келгенше көмек жасауға дайынмын.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...2 months ago

Клаус Шваб: Төртінші индустриялық революция

Авторы: Клаус Шваб Аудармашылар: Ақыш Н.Б., Бимендиева Л.Ә., Матыжанов К. І. Ілкі бағдарламаны төрткүл әлемнің небір ақылгөйлері мен даналарының таңдайын...

Әлемде2 months ago

Фото: Маскалы әлем

KAZNEWS – Коронавирустық инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 9000-нан асып, Қытайда 213-і көз жұмған. Дүниежүзінде аталмыш вирус Қытайдан бөлек 18 елде...

Әлемде2 months ago

Қазақстан Қытаймен 72 сағаттық визасыз режимін уақытша тоқтатты

Қытай азаматтарына қатысты 72 сағаттық визасыз режим туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес, Қытай...

Әлемде2 months ago

Коронавирустың неден жұққаны анықталды

Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді,- деп хабарлайды Nege...

Әлемде2 months ago

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын...

Әлемде3 months ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде3 months ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде4 months ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Басты назарда