Connect with us

Published

on

Құрметті оқырман қауым “Әсерлі әңгіме” бағдарламасы ТВ4 телеарнасы және KazNews порталы арқылы айында бір мәрте назарларыңызға ұсынылатын болады. “Әсерлі әңгіме” бағдарламасының алғашқы санында журналист Нұрбота Білімқызы Баян-Өлгий аймағының Денешынықтыру және Спорт басқармасының басшысы Қайнар Қайсанайұлымен әңгімелесті.

Спорт

Өтеген Естайұлы ең нәтижелі футболшы атанды

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияның Футбол федерациясының ең жоғарғы лигасының сегізінші туры жүріліп өтті.

Лигадағы мықты командаларды бірінен соң бірін жеңіп келген Дэрэн клубы “Атлетик 220” -дан ұтылып қалды. Ал сегізінші турда бірде-бір жеңілмеген “Улаанбаатар” “Хаан Хүнс Эрчим”-ге жол берсе, көшбасшы “Хангарьд” “СП Фалконс” –пен ұпай бөліскен қызықты ойындар болды.

Көшбасшылардың өзара бәсекелесінен өзге қызықты ойын “Улаанбаатарын Мазаалайнууд” пен “Сумида-Жипро” клубтарының арасында жүрілді. Өйткені олардың қай қайсысы да маусымның алғашқы ойынында жеңіске жету мүмкіндігі зор болатын.

“Улаанбаатарын Мазаалайнууд” клубының сол қанаттағы жартылай қорғаушысы Өтеген Естайұлы “Сумида-Жипро” клубының қақпасына бірінші және матчдағы бірден-бір голды салып 1:0 есебімен жеңіс туын желбіретті.

1998 жылы орнаған “Улаанбаатарын Мазаалайнууд” клубы 2016 жылы төменгі лигаға түсіп қалған болатын. Араға 3 жыл салып өткен жылы қайтадан жоғарғы лигаға жолдама алып алғашқы ойынын сәтті бастады.

Continue Reading

Спорт

Түвшинбаяр Найдан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Published

on

Түвшинбаяр Найдан Моңғолияның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бұрынғы президенті Д.Загдсүрэн денсаулығына байланысты 2019 жылы қазан айында жұмысын бергендіктен келесі басшысын тағайындау үшінгі жиын жыл басында жоспарланған болатын. Бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған.

Ұлттық олимпиада комитетінің 176 мүшесі бар. Олардың 74% -ның қатысуымен комитеттің президентінің сайлауы өтті. Комитет президентін сайлау барысында Түвшинбаяр Найданның кандидатурасын қолдап комитет мүшелерінің 94,6 пайызы дауыс берген.

Түвшинбаяр Найдан дзюдодан 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының алтын, 2012 жылғы Лондон олимпиаласының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылғы Азия чемпионатымен азия ойындарының чемпионы атанған.

Photo: News.mn

Continue Reading

Спорт

Дәулет Шабанбайға олимпиада ойындарының қола медалі табысталатын болды

Published

on

Ауыр салмақта белдесетін еркін күрес шебері Дәулет Шабанбайға араға жеті жыл салып Олимпиада ойындарының қола медалі табысталатын болды. Livetime.mn сайты хабарлады.

Естеріңізде болса, 2012 жылы Лондонда өткен олимпиада ойындарының жартылай финалында Дәулет Шабанбай грузин палуаны Давид Модзманавшилиге есе жіберген болатын.

Халықаралық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, алтын медаль алған өзбекстандық Артур Таймазов пен күміс жүлде алған грузин спортшысы Давид Модзманавшилидің қанынан тыйым салынған препараттар табылған.

«Артур Таймазов пен Давид Модзманавшилидің қанынан тыйым салынған препараттар табылып, Олимпиада-2012 ережесін бұзды. Ол қатысқан турнирден шеттетіліп, 120 кг дейінгі салмақта ерлер арасындағы еркін күрестен алған медалін қайтаруға міндеттеледі», – деп жазылған ХОК ресми хабарламасында.

Давит Модзманашвили ширек финалда Дәулет Шабанбайды жарыс жолынан шығарған болатын. Ал жартылай финалда ресейлік Билял Маховты жеңген. Тек финалда өзбек Артур Таймазовқа жол берген еді.
Грузин балуаны финалға шыққандықтан Дәулет жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге қол созған. Алайда Билял Маховты жеңе алмаған.

ХОК шешімі бойынша Олимпиадада қола жүлдегер атанған ресейлік Билял Махов пен ирандық Камейл Гасеми екеуіде алтын медаль алатын болды. Екеуі де бір салмақта Олимпиада чемпионы.

Ал, қола медаль қазақстандық Дәулет Шабанбай мен АҚШ спортшысы Тервел Длагневқа беріледі.

Continue Reading

Спорт

Мустафа Нұрланұлы мемлекеттік Лашын атанды

Published

on

KAZNEWS – Ғұн империясының 2229 жылдығы, Моңғол империясы орнауының 814 жылдығы, Ұлт азаттық қозғалысының 109 жылдығы және Халық революциясының 99 жылдығына орай Моңғолияның Ұлттық мерекесі ұйымдастырылды.

Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн сұмыны тумасы, аймақтық арыстан Мустафа Нұрланұлы үшінші кезеңде мемлекеттік піл дәрежелі палуан Б.Соронзонболдыны, төртінші кезеңде мемлекеттік қаршыға дәрежелі палуан Н.Золбооны, бесінші кезеңде мемлекеттік лашын дәрежелі палуан Э.Энхбатты жығып, мемлекеттік “Лашын” атағына ие болды.

Моңғолия Президенті Х.Баттулга бесінші кезеңге дейін тізе бүкпеген 9 палуанға “Мемлекеттік лашын” атағын табыс етті.

Естеріңізге салсақ, Мустафа Нұрланұлы өткен жылғы мерекеде бесінші кезеңде мемлекеттік арыстан Э.Оюунболд-дан жығылған болатын. Кейін Ұлттық күрес федерациясы Э.Оюунболдтан допинг анықталғанын хабарлаған.

Continue Reading

Басты назарда