Connect with us

Кітаптан үзінді...

Алаубек Абділұлы: Сингапур елінің даму жолы

Published

on

Доктор Алаубек Абділұлының Сингапур елінің даму жолы туралы жазған тұжырымдамасын ұсынамыз.

Алаубек Абділұлы: Мен бүгін жұмыс бабымен Сингапурге келдім. Осы кішкентай алып елдің дамысы мені қатты қызықтырады, сол туралы ойымды сіздермен бөліскім келді.

Ротердамда МВА да оқып жүргенде “Strategic management” деген сабақ кіретін. «Ерасмус университеті» менежмент жағынан Еуропаның алдыңғы он мектептің қатарына кіреді, тіпті кейбірі бұл салада Оксфордтың алдында деп бағалайды.
Бірде, бізге Сингапурдың дамыс кілті туралы тура бір ай бойы арнайы сабақ жүрілді. 1965 жылы тәуелсіздігін жариялаған Сингапур әлемнің ең кедей елдерінің бірі болатын.
Ішетін таза су мен құрылысқа керектенетін құмның өзін көрші Малайзиядан алып отырған. Қандай бір табиғи байлық жоқ.
Жер көлемі 714,3 км.кв (Монголиядан 2150 есе аз). Малай, Қытай, Үнділер болып, тағысын тағы қырық темірдің қылауынан құралған халқының саны үш миллион, Адам басына шаққан ЖІӨ-і 500 долларға да жетпейтін еді.
Ал, бүгін әлемнің ең алдыңғы экономикасының бірі, алтын қоры, қаржы қаражат, ақпараттық технология жағынан Еуропаның көптеген елдерін артқа тастаған.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2014 жылы ЖІӨ-і 300 миллиард, бір адамға шаққандағы ЖІӨ 78 000 долларға жетіп, әлемдегі алпауыт елдердің біріне айналды.

Бұл табысқа қалай жетті? Дүниежүзінің көптеген ғалымдары мен зерттеушілері жазған жүздеген мақаланы сіз ғаламтордан таба аласыз. Ал мен өз түсінгенімді жастарға қысқаша ғана, қарапайым тілмен әңгімелеп берейін.

Сонымен бір ұрпақтың ғана көз алдында Сингапурдың жеткен дамысының кілті мынада деп түйдім:
1. Сингапур билігі инвестицияны ең әуелі адамына, халқына жасаған. Еңбекқор, тәртіпті, білімді адам тәрбиелеуді Үкіметтің ең алдыңғы мақсаты, міндеті болдырған. Жеке адамның жауапкершілігін арттырған. Халықтың әл ауқатын жақсартып, сапалы өмір сүру мүмкіндігін туғызу үшін алдымен төменгі үш мәселені шешкен. • Сапалы білім • Қолжетімді баспана • Бизнес жасайтын мүмкіндік
2. Билік халықтың алдында барынша таза, адал жұмыстауды мақсат еткен. Барлық қиындық, проблемаларды жасырмай ашық айтып, шешетін жолдарын ақылдасып отырған. Халқынан еңбекқорлық пен қатаң тәртіпті талап еткен. Жемқорлықты түбірімен жойған. Заң алдында ешкімге жеңілдік көрсетпеген. Бұған дәлел елдің алғашқы Премьер министрі Ли Куан Йү заң бұзған туыстарын да, достарын да аямаған.
3. Билікке, мемлекеттік қызметке, бизнес пен экономиканы басқаруға өте жоғары білімді технократтар мен таза адамдарды шақырған. Оларды қолдаған, жетілдірген.
Туыстық, достық қатынасты мемлекет қызметінен, биліктен мүлде аластаған.
4. Шет елден көмек алуды мақсат етпеген, керісінше инвестиция(FDI), еркін сауда мен озық технология (ноу хау) еңгізуді қолдаған. Шетелдік дүниенің бәрін қотармаған. Ең жақсы, нәтижелі, озық тәжрибені ғана көшіріп пайдаланған.
5. Ұлт аралық қатынасқа ерекше мән берген. Қытай, малай, тамил тілдерінің артта қалған диалектлерінде сөйлейтін, өз ара бірін бірі түсінбейтін, үш бөлек дінге бас ұратын этностардың басын біріктіріп, ағылшын тілін ортақ тіл болдырып, «Біз сингапурлықпыз» дегенді мақтанышқа айналдырған.
6. Саяси тұрақтылықты қалыптастырған. Заңды жиі өзгертпеген. Ойын ережесін саясатта болсын, бизнес, экономикада болсын түсінікті болдырып, бизнестерді шет елдікі, өзіміздікі деп алалап айырмаған. Бәріне бірдей мүмкіндік жасаған.
7. Ағылшын тілін ұлт аралық қатынас тілі ғана емес мемлекеттік әкімшілік және бизнес тіліне айналдырғаны ең маңызды шара болған. Мұнымен қатар бәсекеге қабілетті жастар дайындау, талантты жастарды ғылым, технология, бизнес пен экономиканы басқаруға, ағылшын тілін жеттік меңгеруге баулығаны жеке адамға жасаған ең тиімді инвестиция, адам дамысы, елдің дамысының ең негізгі кілті болған.
8. Прагматизм үкіметтің ең мықты ұстанымы болған. Үлкен жеңістің жолын ашатын кішігірім істерді алдымен қолға алған. Даңғаза әрекеттерге бармаған. Мысалы: Үкімет ең алғаш нақтылап қолға алған істің бірі қала тазалау болған екен. Керекті керексіз халықаралык жиын өткізгенше бір ауылға ауыз су құбырын жеткізген әлдеқайда пайдалы деп есептеген.
9. Барлық көршілермен тату болу саясатын берік ұстаған. Ешкіммен кикілжіңге бармаған. Халқының ойын басқаға бөлмей, тек даму, ілгерлеуге құлшынатын толық жағдай жасаған.

P.S. Сіз әрине интернет желісінен басқа да көп аргументтер табасыз. Бірақ қысқаша тұжырымдасақ Сингапур дамысының негізгі кілті осылар. Ал енді осы тәжрибені сіз еліміз Моңғолияның соңғы 25 жылдағы дамысы, бүгінгі жағдайы, және де көрші елдер Қазақстан, Ресей, Орта Азия елдерінің жетістігімен салыстырып көріңіз. Ісіңізге сәттілік!

Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Кітаптан үзінді...

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Published

on

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы.

Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі.
2,5 жылда «Rumi Group» мейрамханалар желісі ең дәмді, танымал және беделді брендке айналды. Алайда барлығы осы 2,5 жылды ғана көреді. Ал бұған дейінгі Қуаныш мырзаның 8 жыл бойы шыңдалған, дайындалған, қателескен, өкінген, банкротқа ұшырап, қайта көтерілгенін көбі білмейді де. Автор өзінің мысалында келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.
Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тапқан кәсіпкердің ақыл-кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім компаниядағы мендержерден бастап мектеп мұғалімі, алпауыт компанияның атқарушы директоры да бұл жазбадан өзіне қажет кеңес таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.

ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУ КЕРЕК?

Өзің қандай болсаң, бизнесің де, карьераң да сондай. Өміріңді өзгерту үшін ең алдымен өзіңді өзгертуің керексің.

2,5 ЖЫЛДА 10 МЕЙРАМХАНА ҚАЛАЙ АШУҒА БОЛАДЫ?

Румидің хикаясы: 2,5 жыл + 8 жыл. Он мейрамхана ашқанға дейін Қуаныш Шонбай өзін қалай дамытты, қандай қиындықтардан өткені жайлы біле аласыздар.

МЫҚТЫ ҚАБІЛЕТІҢДІ АНЫҚТА

Әр адамның өзіне берілген ерекше қабілеті бар, ең бастысы соны дұрыс анықтай білу керек. Әлсіз жағыңды емес, мықты жағыңды одан әрі дамытудан бастаңыз

НЕГЕ БАТЫС КІТАПТАРЫ БІЗГЕ КӨМЕКТЕСПЕЙДІ?

Қаншалықты батыстың кітаптары бізге көмектесе алады, оны бізге жақсы әсер ету үшін не істеу керек?

ЖАСАУ (ЗАТОК МОДЕЛІ)

“ЗАТОК” моделін дұрыс пайдалана білген адам, өмірде үлкен белестерді бағындыратынына біз 100% сенімдіміз. Ең бастысы соны дұрыс пайдалануды үйрену керек

ӨЗІҢДІ ЖЕҢУ

Кез келген жеңіс тек өзімізді дамытудан басталады. Ең басты қарсыласымыз ол – өзіміз: өзіміздің жалқаулығымыз, өзіміздің білімсіздігіміз, өзіміздің кемшіліктеріміз

ОКОП КЕЗЕҢІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Үлкен жеңіске жету үшін алдымен міндетті түрде жақсы дайындық керек. Ол қандай дайындық, неге мән беру керек дайындық кезеңінде?

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ КҮШІ

Қазір әлеуметтік желіні пайдаланбайтын адам кемде кем, өкінішке орай барлығымыз оны тек уақыт өлтіру үшін пайдаланамыз, ал оны ақша табу үшін, біліміңді дамыту үшін, жеке брендингті қалыптастыру үшін де пайдалануға болатынын көбіміз біле бермейміз.

ҚАНДАЙ ФИЛЬМ, КІТАПТАР ОҚУ КЕРЕК?

Бұл кітапта өзіңді дамыту үшін, кемшіліктеріңізді жеңіп, өз жолыңызды табуға қажетті көптеген пайдалы кітаптар мен фильмдердің тізімін таба аласыз.

Тапсырыс беру үшін: +976 99675109, 91113710

Continue Reading

Кітаптан үзінді...

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Published

on

By

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты ретінде де қарастыруға болады.
Барлық домендер – .mn, .kz, .ru, .cn тәрізді ұлттық домендерге және – .com, .org, .net, .edu,… тәрізді халықаралық домендерге бөлінеді.
Сонымен Ұлы Британиялық Nominet компаниясы дүниежүзіндегі Top Level Domain – де қанша вебсайт тіркеулі тұрғанын анықтап, инфографика жасаған.
Инфографикада көрсетілгендей, Моңғолияның .mn доменіндегі вебсайттың саны 10,000 деп отыр. Ең қызығы Жаңа Зеландияның Токелау (.tk) аралында 30 миллион вебсайт тіркелген екен.
Ал, көршілес ҚХРеспубликасының .cn доменінде 16,810,737 вебсайт, Ресей Федерациясының .ruдоменінде 5,074,320 вебсайт, Қазақстан Респуликасының .kz доменінде 121,901 вебсайт тіркелген.

Continue Reading

Кітаптан үзінді...

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Published

on

By

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті.
Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген Билл Гейтс әлемдегі ең бай адамдардың көшін бастап тұр. Forbes журналының 2018 жылғы мәліметі бойынша оның бар дүние-мүлкі $92,9 млрд-қа бағаланған.

Сонымен Билл Гейтс табысты болу үшін төмендегідей бірқатар кеңестерді тізіп берді, деп жазады «Хабар» арнасы.
-Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады.
-Өз жұмысыңыздан ләззат алыңыз. Сол кезде ғана сіз өмір бойы жұмыс істемегендей сезімді бастан өткересіз.
-Барлық арман орындалмайды. Мысалы мен аспаз болуды мақсат тұтқанмын. Бірақ олай болмады.
-Сіздің аты-жөніңіз ғаламторда жоқ болса, демек сіз бизнестен тым алшақсыз.
-Сондай-ақ 500 жыл өмір сүретіндей бейқам болмаңыз.
-Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес.
-Егер басыңызға жақсы идея топ ете қалса, оны дереу іске асыруға талпыныңыз.
-Кез келген жобада өз мақсатыңды нақты түсінбеу, табысты болуға кедергі келтіреді.

Continue Reading

Title

Кітаптан үзінді...2 days ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Кітаптан үзінді...2 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде2 years ago

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің...

Әлемде2 years ago

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының...

Кітаптан үзінді...2 years ago

Моңғолия: Мазаалай жер серігін ұшырды

SpaceX компаниясының Falcon-9 зымыраны сәтті ұшты. Дүйсенбіге дейін халықаралық ғарыш станциясына жетеді. Жер серігі ғарыштық зерттеулер жүргізуге, спутниктен түсірілген фотосурет...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті