Connect with us

Мақала

Әлемге құшағын жайған факультет

Published

on

Бүгінде әлемдік көшбасшы университеттер қатарына еніп, ғылым мен білімнің тұнығына айналып, халықаралық ғылым мен білім кеңістігінде аты ерекше аталатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ елінің мақтанышына айналып отыр. Білім мен ғылымның орталығына айналып отырған Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің айнасына айналған Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы өзінің 35 жылдық мерейлі тойын тойлап отыр.
1985 жылы қазақтың белді қайраткері, академик Ө.А. Жолдасбековтің бастамасымен ашылған шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті үлкен даму жолына түсіп, университеттің халықаралық байланысын жетілдіруге, Еуропалық білім беру кеңістігіне енуге қосқан үлесін мақтанышпен айтуға болады.
Дүниенің түкпір-түкпірінен келген жүздері басқа болғанымен, жүректері білім мен өнерге деген зейіні бөлек , тілдері басқа болғанымен арман тілектері тоғысқан Жапония, Корея, Қытай, Ауғаныстан, Германия, Франция, Швеция, Италия, АҚШ, Швейцария, Дания, Испания, Вьетнам, Сингапур тағы басқа елдерден келген қазақ және орыс тілдерін үйренумен қатар білімдерін шыңдауға, ел тануға, ғылыммен айналысуға, зерттеу жүргізуге, іскерлікпен айналысуға Қазақ еліне келген қаншама шетелдік тіл үйренуші жастар Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің білікті мамандарынан білім алды.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Ресейдің, Қазақстанның жетекші университеттерінен білім алған, шетелдік студенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибелері бар, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Лаос, АҚШ, Жапония секілді шетелдерде жұмыс істеген және тәжірибеден өткен 4 филология ғылымдарының докторы, 14 филология ғылымдарының кандидаттары, жоғары маманданған оқытушылар, қазақ және орыс тілдері мамандарының құрамы жұмыс істейді.
Бұл факультеттің оқытушылары әлемнің әр елінен келген өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін және орыс тілін меңгертіп, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін,әдебиетін, өнерін үйретуде. Оқыту жүйесіндегі түрлі инновациялық дамудың әдіс-тәсілдерін қолданып тіл меңгертіп жатқан ұстаздардың еңбегі айрықша.
Факультет пен шетелдіктерге арналған тілдік және жалпы білімп беру дайындығы кафедрасында, оның құрылғанынан бастап, әрдайым шығармашылық ізденіс, кәсіби қызығушылық және нық сенім жағдайы орын алып отырады. Шетелдік студенттермен жұмыстың өзі ұдайы ізденісті, шығармашылық көңіл-күйді қажет етеді. Орыс тілі шет тілі ретінде және қазақ тілі шет тілі ретінде меңгеру теориясы бойынша теориялық және практикалық лингвистика дамыды, оны 1985 жылдан бастап (кафедра осы жылы құрылған) қазіргі уақытқа дейін қазақстандық лингвистикадағы қолданбалы бағыттың даму кезеңі деп атауға болады. Оны 20 ғасырдың соңы – 21 ғасырдың басындағы Республика өміріндегі саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерімен байланысты экстралингвистикалық факторлармен қатысты қос және көптілділік жағдайында дамыту қажет болды.
Тілдерді шет тілдері ретінде оқытуға негізделетін функционалды- коммуникативтік бағыт, тілдерді оқытудағы теория мен практика атты екі бастаудың тығыз бірлігін көрсетеді. Қазір факультеттің шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында өзге тілді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша теориялық қағидалары шетелдік студенттермен дәрісханалық жұмыс жасау барысында толығымен қолданыс тапқан өзіндік ғылыми-әдістемелік мектеп пайда болғанын сенімділікпен айтуға болады.
Факультет оқытушыларының шетелдіктерге тілді оқыту әдістемесі бойынша бай материал және үлкен жұмыс тәжірибесі жиналды. Мұның бәрі оқытушыларға өздерінің оқулықтарын және оқу құралдарын құрастыруда, өздерінің бірегей әдістемелерін жетілдіруде көмектеседі. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жасалған, сонымен қатар әртүрлі елдердің ғалымдарының зерттелген және қайта өңделген жаңалықтары, яғни оқытудың жаңа технологияларының әдістемесі соңғы 15 жыл көлемінде оқу үдерісіне енгізілді.
Факультетте шетелдіктерге арналған қазақ және орыс тілдерінен, Қазақстан тарихынан, қазақ және орыс әдебиетінен сабақ беруге бағытталған 80-ге жуық оқулықтар және оқу құралдары, 18 сөздік, басылып шықты. Факультет оқытушылары дайындаған оқулықтар және оқу құралдары, сөздіктер, әдістемелік нұсқаулар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің сабақтарында ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер оқитын басқа да жоғары оқу орындарында қолданады.
Факультет ғалымдары өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен Белгияда, Испанияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Польшада, Грецияда, Словакияда, Үндістанда, Қытайда және Таяу Шығыс елдерінде өткен халықаралық конференцияларға және симпозиумдарға, семинарларға және дөңгелек үстелдерге қатысып отырады.
Шетелден келген студенттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтеріліп, ұлттық тілімізбен, өнерімізбен және төл мәдениетімізбен танысып, білімдерін ұштауда.
Қазіргі кезде факультетте шетелдік азаматтарға тіл үйрете отырып, оқу белсенділігін арттыру арқылы талабын қанағаттандыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын меңгерту арқылы рухани байлығы мен қабілетін дамыту және қазақтың тарихи мұра жәдігерлерімен таныстыру арқылы жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыру кафедра оқытушыларының алдында кезек күттірмейтін іске айналып отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беру дайындығы факультетінің аға оқытушылары
Р.И. Дүйсенбаева, С.Р. Нұртілеуова, М.П. Ешимов

Advertisement


Мақала

Қазіргі білім беру бағытындағы нық қадамда

Published

on

80 жылдық астам тарихы бар Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті облыстың алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі. Оның құрамында «Журналистика» мамандығының ашылғанына биыл 20 жыл. Магистранттар қазақ және орыс тілінде оқиды. Бірқатар практик-журналистер аталмыш мамандықтың магистратурасын таңдап, білімдерін жетілдірумен келеді.

Жаңа оқу жылында да таңдаудан тыс қалмаған мамандық «PR-журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдады. Мемлекеттік грант иегерлері атанып шәкіртақыға қол жеткізді.Айта кетейік, бұл өңірде осы мамандық ашылғалы Монғолия, Қытай, Өзбекстан елдерінен білім алушылардың қатары артып келеді. Солардың қатарында мен де бармын. Тәжірибелі профессор-оқытушылардың құрамы профессор әрі Қазақстан Жоғары мектеп Академиясының академигімен, филология ғылымдарының доценттерімен, сонымен қатар PhD докторымен, магистрлермен жетіле түсті.

Журналист мамандығын таңдаған студенттердің көпшілігі оқумен қатар осы салада алғашқы тәжірибесін қалыптастыра алады. Сондықтан, студенттер оқу барысында газет немесе телерадио арналарында және сайттарда жұмыс істеу арқылы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мүмкіндігіне ие. Нәтижесінде диплом алғанда еңбек өтілісі (стаж) бар маман болып шыға келеді. Біздің университетте түлектердің жұмыспен қамтылу мәселесіне баса назар аударылады. Осы мақсатта жүйелі түрде жұмыстар атқарылып тұрады. Мәселен, соңғы жылдағы статистикаға сүйенсек түлектердің жұмысқа орналасуы 90% құрайды. Сондықтан биылғы білім беру саласында болып жатқан өзгерістермен танысып қана қоймай мүмкіндікті барынша пайдалануды алға мақсат тұтқан жөн.

Аталмыш оқу орындарында докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтарының базасында дербес компьютер арқылы электронды форматта өтеді. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде қолданылды. Жаңа оқу жылына Солтүстік Қазақстан университеті 3 бағыт бойынша докторанттардың құжаттарын қабылдайды. Олар: бизнес, басқару, және құқық; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; Инденерлік, өңдеу және құрылыс саласы.

Ал магистратура бойынша екі бағытта мамандар даярлайды. Нақты айтқанда, бейінді оқу мерзімі – 1 жыл және ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл.

Оқуға түсу үшін тапсыратын құжаттар туралы https://www.nkzu.kz/page/view?id=42 сайтынан толық ақпарат ала алуға болады.

Журналистика мамандығы «PR-журналистика» және «Журналистика» бағытында білім беру бағдарламаларын ұсынады. Кешенді тест тапсыруға қатысу үшін өтініштер 2021 жылғы 1 қараша мен 15-ші қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы қабылданады. Кешенді тесттің ақысы онлайн режимінде төленеді. Ұлттық тестілеу орталығы кешенді тестілеумен оқуға түсу емтихандарын желтоқсан айында жүргізбек. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің қабылдау комиссиясы ниет білдірушілердің сауалдарына жауап беруге әрқашан дайын.

“Журналистика” кафедрасы және студент Ақмарал Ханат

Continue Reading

Мақала

АСҚАҚ АРМАН

Published

on

Мен 2002 жылы 21 шілдеде Моңғолияда, Баян-Өлгей аймағында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Отбасымда ата-анам, ағаларым бар.

Алға қойған мақсаттарым көп… Мектеп бітіргеннен кейін алдымда өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі – оқу орнын таңдау болды. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Мен де еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым,бірақ өз елімнен емес менің назарым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсу- әрбір түлектің арманы болғаны анық. Себебі алдыңғы қатарлы оқу орнының бірі де бірегейі . Биыл грантқа түсу мақсаты болып жүрген жас тыңдаушылардың бірімін.Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде онлайн режимінде білім алып жүрмін.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады.Бұл жоғарғы оқу орынына түсу,білім алу әр түлектің арманы деп ойлаймын. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы Мемлекеттік тапсырыс бойынша жылына 150-ге жуық тыңдаушыны Ұлттық бірыңғай тестке дайындайды. Тыңдаушыларды Қазақстандағы өздері қалаған жоғарғы оқу орнына түсуге қажетті біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жаңа тілдік және әлеуметтік ортада жақсы үйренісіп кетуіне, Қазақстан мәдениеті мен тарихы, ұлтымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін терең игеруге мүмкіндік береді. Сапалы білім беру нәтижесінде дайындық факультеті шетел азаматтарының сұранысына үнемі ие болып отыр. Өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұрады, мен өзімнің осы күннен бастап жаңа өмірге араласа бастағанымды сезінгендей болдым. Мен 6- шы дайындық тобында оқимын.Кураторымыз Идрисова Гүлжан Асанқызы. Ол оқу сауаттылығы пәнінен дәріс береді.Сонымен қатар тарих пәні, математика,физика пәндері оқытылады.Ұстаздарымыз Бегалиева А.К; Несипбаева С.К ; Тұрсынбек А.М -үздік оқытушылар. Қашықтықтан оқыту боп жатса да сабақтан тыс шаралар көптеп өтіледі.Кураторымыз Идрисова Гүлжан Асанқызы әртүрлі тақырыпта көптеген пайдалы кураторлық сағаттар өткізеді.Сонымен қатар Айша апайдың ұйымдастыруымен ‘Жауқазын’ үйірмесі және «Сахна әлемі» атты үйірмелері жұмыс жасайды. Бұл ұстаздардың шәкірттері көптеген жарыстардан алдыңғы қатарлардан көрініп жатыр.Осындай білікті білімді апайлардан білім алып жатқанымызға қуанамыз. Біздің өмірде өз орнымызды табуымызға, адам болып қалыптасуымызға септігін тигізген аттары аталған, аталмаған ұстаздарымызға мың да бір алғыс айтамыз. Өз қызметтерін мүмкіндігінше атқарып, біздің өмірімізде ұмытылмастай іздерін қалдырған ұстаздарымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
6 топ тыңдаушысы Айман Жанболат

Continue Reading

Мақала

Integration of MOOC disciplines in the educational process

Published

on

A.Zhaparova, PhD,
I.Azimbayeva, senior teacher
Department of Foreign Philology
and Translation Studies,
Al-Farabi Kazakh National University

Massive open online course (MOOC) – makes it possible to implement a policy of support to implement virtual academic mobility and highlight routes for e-learning online. The MOOC is very convenient for a deeper study of the topic, for expanding, deepening the content of academic disciplines, both with individual diligent and talented students, and for the whole group.
Today, an appeal to the MOOC provides an opportunity to carefully consider individual sections of the disciplines. Therefore, the teachers of the Department of Foreign Philology and Translation Studies, Al-Farabi Kazakh National University along with the traditional teaching method, have taken into their hands the practice of using, according to topics and levels, several online courses on the Coursera portal. For example, projects in the discipline “Scientific Writing”: “Writing a Research Paper”; on the subject “Grammar in Use” / “Normative Grammar of FL in practice”; project: “Learn English: Intermediate Grammar”, in the discipline “English for Academic Purposes” project “Writing in English at University”. We believe that the skills acquired in this specialty will have a beneficial effect on their professional skills. Massive open online courses in these disciplines enable students to achieve success in the professional field. They will learn how to conduct academic research and accurately express their ideas in an academic format. At the end of the course, students prepare a diploma work, as well as prepare a scientific work on the chosen topic, where they can demonstrate their acquired knowledge. This makes the student’s independent work meaningful, systematic and of high quality, and also forms competence and self-discipline, which is very important when working with students.
The advantage of massive open online courses is that in order to obtain a certificate, you must successfully complete the project. It is a working tool in organizing student research work. Students conduct research on selected academic topics: make a short, annotated bibliography, which makes it possible to differentiate literary sources; can draw conclusions and inferences, exploring the scientific and conceptual structure of research from the theoretical and practical side: problem, objectives, goals, object, discipline, hypothesis, methodological basis, main idea, research methods, research novelty.
But sometimes in massive open online courses, scheduling student time is not always convenient. In many courses, the time is limited, so the availability of some materials (mid-term texts) is given for a certain time, after which it is impossible to work with them.
Considering the fact that any experience can be a necessary, important and vital lesson, the ability to work with the MOOC and use it efficiently for your work will certainly be an important experience.

Continue Reading

Мақала

«Аудармашы» мамандығы жайлы не білу керек?

Published

on

Әзімбаева И.Қ., Төңкер А.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетел филологиясы
және аударма ісі кафедрасының
аға оқытушысылары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аударма теориясы мен практикасының заманауи әдіснамасын талдап, заманауи ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, аударма теориясы саласында өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізіп отырған Шетел филологиясы және аударма ісі каферасында «Аударма ісі (батыс тілдері) (6B02304)» мамандығы бойынша болашақ аудармашылар білім алады.
«Аудармашылар дәуірі» атанған ХХ ғасырда ғылымның барлық сан түрлері сынды «аударма» да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. «Кәсіпқой бір мамандық» ретінде аудармашылыққа және аудармашыға селқос қойылатын талаптар қазіргі таңда біршама өзгерген, жаңарған. Осы орайда жаңа білім беру кеңістігіндегі аудармашылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында мына талаптар жайында сөз қозғамақпыз.
Аудармашы және оның Ана тілі: Аудармашы өз ана тілін жетік меңгеріп, тілдік қабаттарының сырларына терең бойлауы тиіс. Мәтіндерді, әсіресе көркем әдеби мәтіндерді аударған кезде туындайтын ең басты қиындық, аудармашының өз ана тілін жеткілікті деңгейде білмеуі. Болашақ аудармашы басқа тілді үйренбей тұрып, алдымен өз ана тілінің тарихи дамуын, сөздік қорын, сөйлем жүйесі мен синтаксистік құрылымын өте жоғарғы деңгейде білуі тиіс. Көркем туындының жазылуына да, аударылуына да үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігі дау де тудырмайды. Ал ұлттық сипаты қанық, ұл тағдырының, ұлт тарихының бар асылын, бар ауыртпалығын бір бойына сыйдыратын көркем шығармаларды аударудың жауапкершілігі оны жазып шығудың жауапкершілігінен жоғары болмаса, төмен болмауы керек.
Аудармашы және Сөздіктер: Сөздіктер, еш күмәнсіз өте маңызды көмекші құралдар. Алайда, аудармашылар сөздікке деген фетишизмнен құтылуы керек. Сөздіктер, тіл теңізінің тек сыртын ғана қалыптастырады. Ал мәтін мен аударма тілі сол теңіздің түбіндегі маржандар. Болашақ аудармашы сөздіктерді аударманың басты құралы ретінде қарастырмауы керек, олардың тек мәдениетке қарай ашылған есіктердің бірі екенін аңғаруы қажет.
Аудармашы және Мәдениет: Болашақ аудармашы білетін тілдерінде ұқыпты, әрі кірпияз оқырман болуы тиіс. Классиктерді ұмытпай әрі ана тілінде, әрі өзге тілдерде жазылған көркем мәтіндерді міндетті түрде оқып, зерттеулері қажет. Себебі, шын мәнінде аударма – сөздермен алмасу емес, бір мәдениеттердің бір-бірімен алмасуы. Аударма теориясы бір тілді білумен шектелмейді. Аударма жасау тіл білу дегеніміз емес, сол тілдің әлемдегі басқа тілдермен, басқа мәдениеттермен байланысын білу. Болашақ аудармашы қандай да бір мүмкіндікті пайдаланып, жер шарының барлық жеріне саяхат жасауы керек, тіпті ол үшін, өзі үшін жаңа мүмкіндіктерді жаратуы тиіс.
Аудармашы және Психология: Сөздер тілдерді, тілдер адам санасын, адам санасы болса мәтіндерді қалыптастырады. Бұл үдеріс тіл және тілдік өндіріс пен психологияның арасында жақын бір байланыстың бар екеніндігін нақтылайды. Әлемдегі клиникалық психологтар ең нәтижелі терапия «ана тілде» жасалатындығына сенімді. Сондықтан, мәтіндердің қалыптасуы – бір психологиялық үдеріс. Болашақ аудармашы, жалпы психология білімінен хабары болуы керек, әсіресе ана тілінен басқа тілдерде жазылған күнделікті психология журналдарын да қарап жүруі керек.
Аудармашы және Технология: Қазіргі таңда әлемде кеңінен тараған әрі империалистік тіл болып саналатын «e-language» тілі – технология тілі болып есептеледі. Электронды тіл, адамдардың тек күнделікті өмірінде немесе экономикалық күн тәртібінде ғана өз қолданысын таппайды, олар барлық дүниедегі тілдерді де өз жылдамдығымен айналдырада. Болашақ аудармашы жаңа технологиялардан да хабардар болуы керек. Технология тілінің дамуын жан-жақты қадағалап жүруі керек.
Аудармашы және Уақыт: Жазылған мәтіндер әрдайым тұрақты болып қалады. Бірақ тез ескірмейді деген сөз емес. Ал тілдер болса жанды бір болмыс. Болашақ аудармашы, қызыққан тілдерінің күнделікті әрекеттерін, дамуын қадағалап жүруі керек. Жасалынатын аударманың болашақ оқырмандарын қызықтырып, заман ағымына сай аударма жасалуы тиіс. Өйткені ондай мақсатта жасалмаған аударма тек сөз аудармасы түсінігіне ие болады.
Пушкиннің пайымдауынша, автордың айтқаны аудармашы тарапынан қайта айтылуы қажет, ал Гоголь аударма жайында «түпнұсқаға жақын болу үшін түпнұсқа сөздерінен кейде ауытқып тұру керек» десе, Толстой «кейде сөздер мен мазмұнды аударып қана қоймай, сонымен қатар әсерді аудару қажет» деп тұжырымдаған, К. И. Чуковский болса «күлкіні күлкімен, ал жымиысты жымиыспен аударуға» шақырған. Соған қарамастан, бұлардың барлығы аударманың заңдылықтарына қайшы келмейді.
Шетел филологиясы және аударма ісі каферасы «Аударма ісі (батыс тілдері) (6B02304)» мамандығының түлектері орта және жоғары оқу орындарындағы педагог-оқытушы, ҒЗИ-да ғылыми қызметкер, аудармашы-редактор, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы аудармашы-лингвист, гид-аудармашылар немесе ілеспе аудармашылар, халықаралық байланыстар саласындағы аудармашы-синхронист, мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласындағы аудармашы, техникалық аудармашы – ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық, көркем әдебиеттің жазбаша аудармасын жүзеге асыратын білікті маман атана алады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек3 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек1 month ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек2 months ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек5 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Басты назарда