Connect with us

Қазақстан және әлемде

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

Published

on

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы маусым және шілде айында АҚШ пен Ұлыбританияда өтетін ақтық сынға жолдама алды.

11 мен 14 жас аралығындағы оқушылар екі түрлі санатқа бөлініп, пәнаралық тест тапсырды. Берілген тақырыптарға сай, викториналық сұрақтарға жауап беріп, эсселер жазды. Жасөспірімдер инновациялық білімін дамытуға арналған байқау тек ағылшын тілінде өткен.

Қазақстан және әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэгті қабылдады

Published

on

14 қазан, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэгті қабылдады. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен барған Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэгті қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қарқынды дамып келе жатқан қазақ-моңғол қарым-қатынастарына тоқталды.

– Моңғолия – біздің сенімді әрі стратегиялық серіктесіміз. Мемлекеттерімізді ортақ тарихымыз біріктіреді. Моңғол халқына, Сіздің мемлекетіңізге деген құрметіміз ерекше. Сіздер біздің халықаралық бастамаларымызға түсіністік танытып, үнемі қолдау көрсетесіздер. Сондай-ақ халықаралық алаңдарда бірге белсенді жұмыс істеп келеміз. Осы ынтымақтастығымызды одан әрі арттырып, іс жүзінде нығайта беруіміз қажет деп санаймын. Бұл, ең алдымен, сауда-экономикалық ықпалдастыққа қатысты. Біз көлік логистикасы саласын пысықтай түсуіміз керек, – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы қалыптасқан екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін барынша пайдалануға шақырды.

– Осы сәтті пайдалана отырып, этникалық қазақтарға көрсетіліп отырған құрметі пен қамқорлығы үшін Сіздің елдің басшылығына және моңғол халқына ризашылығымды білдіремін. Моңғолия қазақтарының тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп үміттенемін. Бұл – Сіздің мемлекетіңіз жүргізіп отырған ұлттық саясаттың нәтижесі. Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Моңғолия Сыртқы саясат ведомствосының басшысы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің сәлемін жеткізді.

– Президентіміздің шынайы сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Моңғолия мен Қазақстанды жақын көрші елдер деп айтуға болады. Қазақстан Республикасымен арадағы байланыстарды дамыту ісі Моңғолияның сыртқы саясатында маңызды орын алады. Біз бұл қатынастарды жандандырғымыз келеді. Келесі жылы елдеріміз арасында орнаған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өтеміз, – деді Батмөнх Батцэцэг.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхті Қазақстан Республикасына ресми сапармен келуге шақыратынын айтты. Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы аталған ресми сапар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін береді деп санайды.

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Бішкек қаласында этникалық қазақтармен және отандастармен кездесу өтті

Published

on

«Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаевтың қатысуымен 2021 жылғы 7 қазанда Бішкек қаласында этникалық қазақтармен және отандастармен кездесу өтті. Бұл туралы “Отандастар қоры”-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Жетінші қазан (07.10.2021) Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасында «Отандастар қорының» Президенті Нұртай Әбіқаев бауырлас елдегі қандастармен кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Мақпал Тәжмағамбетова, Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы Гүлшат Асылбаева қатысты.

Бішкек қаласында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қоры» КЕАҚ «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесерін ұйымдастырды.

Жиын барысында «Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл Қарымсақова, Заң ғылымдарының кандидаты, Қырғыз-Қазақ университеті жанындағы колледж директоры Ерғали Абдикаимов, Қауымдастықтың Басқарма мүшесі, Қырғыз медициналық колледжінің құрылтайшысы Тамара Болотова және тағы басқа да азаматтар баяндама жасады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Елшілігінің деректері бойынша Қырғыз Республикасында 39 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады. Жалпы, қазақтар Қырғызстан аумағында тұратын этностар арасында 7-ші орын алады.

Қосымша ақпарат үшін:
«Отандастар қоры» КЕАҚ
Баспасөз қызметі: +7-708-631-17-96 (Нұрымжан)
+7-775-375-85-92 (Аян), +7 701-470-30-33 (Мұхтар)

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Мағауия Сарбасов: «Бір терезе» қағидатының жеңілдіктері көп

Published

on

Бүгін «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ ұйымдастыруымен Стамбұл қаласында Түркия және Еуропада тұратын қандастарымыздың қатысуымен кіші құрылтай өтті, – деп хабарлайды «Отандастар қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі.
Кіші құрылтайға Қоғамның вице-президенті Мағауия Сарбасов қатысты. Іс-шара аясында шеттегі қандастарға көрсетілетін мәден-гуманитарлық, білім беру, қазақ тілін оқыту және басқа салаларда атқарылатын жұмыстар жайында баяндама жасалып, түрлі ұсыныстар талқыға салынды.
«Шетелден қоныс аударған этникалық қазақтар көрсетілетін қызметтерді әр түрлі мемлекеттік органдардан алып келген болатын. Бүгінгі күні қандастарға арналған барлық мемлекеттік қызметтер «Бір терезе» қағидатына сәйкес оңтайландырылып, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы жүргізілуде. Интеграциялық жұмыстардың нәтижесінде қандастар тапсыратын барлық құжаттар саны 3 есеге, яғни 46 – дан 16 – ға және оларды қарау мерзімі 2 есеге, 6 айдан 3 айға қысқарды», – дейді Мағауия Қанапияұлы.

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Қандастар үшін арнайы «Erulik.kz» веб-платформасы әзірленді

Published

on

Бүгін «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ ұйымдастыруымен Стамбұл қаласында Түркия және Еуропада тұратын қандастарымыздың қатысуымен кіші құрылтай өтті, – деп хабарлайды «Отандастар қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі.
Кіші құрылтайға Қоғамның вице-президенті Мағауия Сарбасов қатысты. Іс-шара аясында шеттегі қандастарға көрсетілетін мәден-гуманитарлық, білім беру, қазақ тілін оқыту және басқа салаларда атқарылатын жұмыстар жайында баяндама жасалып, түрлі ұсыныстар талқыға салынды.
«Қазақстанға көшіп келуге ниет білдіргендер «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан құрылған «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының» 1404 тегін нөміріне хабарласып, кез келген мәлімет ала алады. Бұдан бөлек, елімізге қоныс аударуға бел буған этникалық қазақтарға арналған «Erulik.kz» (ерулік.кз) веб-платформасы әзірленді. Веб-платформа арқылы әлемнің кез келген түкпірінен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы қарастырылған 5 облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен танысуға және қоныс аударуға қолайлы елді-мекендерді таңдауға болады. Атап айтқанда, бос тұрғын-жайлар, инфрақұрылым, әлеуметтік мекемелер, экономикалық әлеуеті, бос жұмыс орындары және басқа да ақпараттар ұсынылған», – дейді Мағауия Қанапияұлы.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек2 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек4 weeks ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек1 month ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек5 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Басты назарда