Connect with us

Спорт

3×3 баскетбол: Моңғолия Ресей құрамасынан басым түсті

Published

on

Филиппиннің Манила қаласында FIBA 3×3 форматындағы баскетболдан Әлем чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды, KazNews.mn.
8-12 маусым аралығында өтетін аталмыш чемпионатқа әлемнің үздік 20 командасы қатысып жатыр. Моңғолия құрамасы “C” тобында Канада, Бразилия, Ресей және Филиппинмен күш сынасады.
Бүгін топтық үшінші ойында Моңғолия құрамасы Ресей құрамасымен кездесіп 21:18 есебімен жеңіске жетті.
“С” тобында Канада, Моңғолия командалары көш бастап тұрса, Филиппин мен Ресей бір-бір жеңілісімен өкшелеп келеді. Ал, Бразилия екі ойын өткізгенімен бір ретте жеңіс туын желбірете алған жоқ.
Бүгін Моңғолия құрамасы Бразилия командасымен кездетін болады. Бразилия құрамасын жеңсе плей-офф кезеңіне өтеді. Моңғолия алғашқы кездесуінде Канада құрамасынан 21:15 есебімен ұтылып қалған. Екінші ойында Филиппин құрамасын 21:17 есебімен ұтқан болса, бүгін Ресейліктердің бетін қайтарды.

Моңғолия құрамасында Д.Дэлгэрням, Э.Дөлгөөн, Э.Цэрэнбаатар, Г.Цэнгүүнбаяр қатарлы спортшылар ойын көрсетіп жүр.

Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Спорт

Жандос Болашақұлы Азия кубогының қола жүлдегері атанды

Published

on

KAZNEWS – 22 сәуірде Алматыда дзюдодан Қазақстан дзюдо федерциясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы аяқталды. Жарыстың бірінші күнінде 6 елдан 224 жасөспірім дзюдошы белдессе, екінші күні 7 елден 186 жас спортшы өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде, жасөспірімдер арасында өткен жарысты Қазақстан құрамасы 11 алтын, 10 күміс және 20 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. 3 алтын, 4 күміс, 5 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы екінші орынға жайғасса, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге ие болған Қырғызстан құрамасы үздік үштікті аяқтады.

Бұл жарыстан Моңғолия құрамасы да құр қалған жоқ. 60 келіде Сүхбат Бямбасүрэн, -90 келі салмақта Жандос Болашақұлы белдесуге барған. Нәтижесіне Сүхбат Бямбасүрэн Азия кубогының жеңімпазы атанса, Жандос Болашақұлы қола жүлдегер атанды.

Жандос Болашақұлы алғашқы кездесуінде қазақстандық Талас Алтайды иппон ұпайымен жеңіп, екінші айналымында Әнуарұлы Бексұлтаннан ұтылып қалды. Жұбаныш белдесуінде Ресейлік Бруинханов Максимнен айласын асырып, басымдық танытып иппон ұпайымен жеңді. Қола жүлде үшінгі белдесуде Жандосты қазақстандық Федоров Данил күтіп тұрған болатын. Жандос Данилдің арқасын 3:24 минутта татамиге тигізіп үлгерді.

Естеріңізге салсақ, Жандос Болашақұлы жастар арасында -90 келіде дзюдодан  ел чемпионатының қола жүлдегері, самбодан мен моңғолдың ұлттық күресінен ел чемпионы екенін айта кеткеніміз жөн болар. 

Жастар арасында өткен Азия Кубогының нәтижесі келесідей:

60 келі

  1. Сүхбат Бямбасурен (Моңғолия)

      2. Кубанычбек Айбекуулу (Қырғызстан)

  1. Болат Білал (Қазақстан)
  2. Шерзод Давлатов (Қазақстан)

-90 кг

  1. Васили Таранов (Ресей)
  2. Бексұлтан Ануарұлы (Қазақстан)
  3. Сардор Хуррамов (Өзбекстан)
  4. Жандос Болашақ (Моңғолия)

Continue Reading

Спорт

Қуандық Арыстанұлы жекпе-жектен күміс жүлдегер атанды

Published

on

23-24 наурызда Моңғолияның Құқық қорғау университетінің 85 жылдығына орай жекпе-жек ұйымдастырылды. Жарысқа 22 клубтан 300 ге жуық спортшы қатысты.

Жарыстың 55 келі салмақ дәрежесінде Ішкі әскери 805-ші бөлімнің қызметкері, Қуандық Арыстанұлы күміс жүлдеге ие болды.

Ал, университеттің Шекаралық қызмет факултетінің арнайы дайындық курсының жекпе-жек үйірмесінің ұстазы Оңалбек Қавшанұлы жарыстың «үздік» төрешісі атанды.

 

Continue Reading

Спорт

Қазақ күресінен алғаш рет ел чемпионаты өтті

Published

on

KAZNEWS – Еліміз астанасы Улаанбаатар қалысында 9-наурыз күні алғаш рет Қазақ куресінен ел чемпионаты өтті. Сайысқа 8 салмақ дәрежесі бойынша барлығы 254 спортшы қатысты. Қазақкүресінің ұйымдастырылу мақсаты және ерекшелігі туралы Азия Қазақ күресі федерациясының президенті Хашбаатар Цагаанбаатар бізге өз пікірін быйлайша жеткізді.

Азия қазақ күресі федерациясы құрылғалыбір жылдан астам уақыт болды. Биылғы жылы елімізде алғаш рет қазақ күресі сайысы ұйымдастырылуда.Осы сайыстан бірінші орын иеленген спортшыларға Азия және әлем чемпионатына қатысатын жолдама табыс етіледі. Азия қазақ күресі федерациясының басты мақсаты елімізге және Азия бойынша аталмыш спортты дамытып, осы күреспен айналысатын спортшыларға мүмкіндік жасау, оларды қолдау. Біз барлық жоспарымызда жасап, алдағы уақыттағы атқаратын жұмыс бағдарламаларымызды Халықаралық қазақ күресі федерациясына таныстырдық. Алайда Өзбекстан, Қырғызыстан елдерін жеңетін болсақ елімізге Азия чемпионатын ұйымдастыратын мүмкіндіктер ашылады – дейді.

Бұл реткі қазақ күресінен әр салмақ бойынша чемпион болып алтын медаль еншіліген палуандардың әрқайсысына жеке-жеке 500,000 төгрөг, ал команда ұпайы бойынша бірінші орын иеленген жаттықтырушыға да 500,000 төгрөг, екінші орынға 400,000 төгрөг, ал үшінші орын иеленген жаттықтырушыға 300,000 төгрөг берілсе, әр салмақ бойынша чемпион болған 8 палуанды соңында өзара күш сынастырып, түйе палуанға 1,000,000 төгрөгтің сыйақысын, екінші орынға 500,000 төгрөг, үшінші орынға 250,000 төгрөг ақшалай сыйақы, марапаттар берілді. Ал команда ұпайы бойынша «Эрч» спорт клубы бірінші орынды иеленсе, «Сүлд» және «Хилчин» спорт клубтарына келесі орындар бұйырды.

Әр салмақ бойынша чемпион болған спортшылар Әлемдік және Азия чемпионатына қатысатын жолдама алып, аталмыш сайыстарғажолдама алған спортшылардың қаражатын «Азия Қазақ күресі федерациясы» тарапынан шығаратындығын мәлімдеді. Сондай-ақ бұл реткі Қазақ күресі сайысына Халықаралық қазақ күресі федерациясы қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған.

Алғаш рет ұйымдастырылған Қазақ күресінен ел чемпионат сыналту сайысына «Аравт» компаниясы демеушілік жасаса, Моңғолияның Ұлттық бұқаралық телеарнасының Спорт арнасы ел көлеміне тікелей таратты.

Мөлдір Асқарқызы

Continue Reading

Title

Кітаптан үзінді...2 months ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...2 months ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Іскер4 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...4 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Іскер4 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...4 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде2 years ago

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің...

Әлемде2 years ago

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті