Connect with us

Дерек

2021 жыл атаулы күндерге толы

Published

on

8 – ақпан, KAZNEWS. 2021 жылы атаулы күндерге толы болмақ. Бұл даталарды атап өту ең алдымен халық мұрасын, құндылықтарын, танымал тұлғалардың мұрасын жастарға насихаттау үшін қажет.

Биыл Моңғол Халық Революциясының 100 жылдығы. 1921 жылы 11 шілдеде Моңғол Халық Революциясы жеңіп, өз тәуелсіздігін қайта жариялады.

Сондай-ақ, Тұлба көл шайқасына 100 жыл толуда. Тұлба көл шайқасы 1921 жылғы Халық төңкерісі қарсаңындағы ірі шайқастардың бірі. Моңғол елінің батыс өлкесін ресейдің ақ патша әскерлерінен азат ету үшін қазақ, урианхай, тыва, дөрбет халқы Ц.Хасбаатар, К.К.Байкалов бастаған партизаншылар отрядына көмектескен.

Ікей батыр Мәзімұлының 110 жылдығы. Ікей Мәзімұлы 1911 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. 1939 жылы Жапон милитаристері Моңғолия жеріне Халхин ғол бойында басып кіргенде Л.Дандар басқарған 6-атты әскер дивизиясының 15-полк командирі ретінде қатысады. 1939 жылы 24 шілдеде Ікей Мәзімұлы жаудың қорғаныс шебін бұзып кіру бұйрығын алады. Осы шайқаста ерлікпен қаза табады. Ікей батыр Мәзімұлына осы ерлігі үшін «Соғыс Қызыл Ту» орденімен марапатталып, 1979 жылы Моңғол Халық Республикасының батыры атағы берілген болатын.

Қибатдолда Жұмапиұлының 100 жылдығы. Қазақ өнерінің қара нары, Моңғолияның халық әртісі Қибатдолда Жұмапиұлы 1921 жылы дүниеге келген. 1960 жылы қазанның 25 күнінен қарашаның 5 күні аралығында Улаанбаатар қаласында Баян-Өлгий аймағының мәдени күндерінің 10 күндігі ұйымдастырылған. Сол сәтте Моңғол Үкіметі Ж.Қибатдолданы «Халық әртісі» атағымен марапаттаған.

Бөхийн Баастның 100 жылдығы. Моңғолия Мәдениетіне «Еңбек сіңірген» қайраткер, Халық жазушысы Бөхийн Бааст 1921 жылы қазіргі Баян-Өлгий аймағы Алтанцөгц сұмынында дүниеге келген. Моңғолия қазақ жазушыларының туындыларын моңғол тіліне аударуға зор үлес қосқан.

«Өркендеу» газеті шыққанына 80 жыл. Моңғолия қазақтарының баспасөзінің алғашқы қарлығашының бірі «Өркендеу» газетінің алғашқы саны 1941 жылы 13 қарашада Баян-Өлгийде шыққан. Редакторына үгіт бөлімінің меңгерушісі М.Қабасты тағайындаған. Латын әліпбиімен «Өркендеу» газеті алғаш 200 данамен басылып шығып, 1 жылдан соң криллицаға көшкен.

Қоғам қайраткерлері Дөрбетхан Сүкірбайұлының 120 жылдығы, Жәмила Әпселенқызының 120 жылдығы, Сарай Асқанбайұлының 90 жылдығы, алғашқы “Еңбек сіңірген ұстаз” Шолтай Себетұлының 110 жылдығы, алғашқы доктор Қамбар Өмірбекұлының 100 жылдығы, ақын жазушы Мағауия Сұлтанияұлының 100 жылдығы, әртіс Ләтіп Төлегенұлының 75 жылдығы және тағы басқа бір туар азаматтардың мерейтойы 2021 жылы сәйкес келеді.

Казньюс (Kaznews.mn) ақпараттық агенттігіне биыл 10 жыл. 

Дерек

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады

Published

on

Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен аталып өтетін «Алғыс айту күні» – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен күллі Қазақстан халқына деген шынайы құрметтің орнығуына негіз болған Ұлт көшбасшысының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Бұл – тағдыр тауанымен Ұлы Даламызға қоныс аударған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқымызға жасалған тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдері арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – ел басына күн туған күрделі кезеңді иық тіресе бірге еңсеріп, тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен барлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Орайлы осы сәтте «Отандастар қоры» атынан және өз атымнан егеменді еліміздегі бірегей бірлік пен ұлтаралық татулықтың ұйытқысы болған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрылғанына 26 жыл толуымен де шын жүректен құттықтаймын!

Ағынан жарылып, алғыс айту – риясыз ризалықтың нышаны, сондықтан бүгінгі жиында елдегі қандастар мен шеттегі отандастар атынан алғыс арнауымызға толық негіз бар деп ойлаймын.

Біріншіден, биыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. Ең алдымен айтарым: Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлан-байтақ Ұлы даламызды қорғаған ата-бабамыздың асыл арманы болған азаттықтың ақ таңын нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір, шексіз алғыс!

Кешегі Кеңестер Одағы тарап, еншісін алған егеменді елімізді Тәуелсіздік тәуекеліне бастап, аумалы-төкпелі кезеңде тығырықтан алып шыққан сарабдал саясаткер Елбасымызға алғыс айтамыз!

Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде өз Тәуелсіздігін жария ете сала Тұңғыш Президентіміз тағдыр тауанымен шартарапқа тарыдай шашыраған ұлты қазақтың бәрін тайлы-тұяғымен Ұлы дала еліне оралуға шақырып, бір шаңырақ астына бірігуге үндеді.

Сол бір сындарлы шақта Елбасы «Алыстағы ағайынға ақ тілек» атты әйгілі хатын жариялағаны белгілі. Қазақ көшін жандандыру мақсатында «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» құрылып, ең алғашқы құрылтай 1992 жылғы 28-қырқүйек пен 3-қазан аралығында Алматы қаласында өтті.

Осы құрылтайда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының артуына адал қызмет етуге парыздармыз», өйткені «Бар қазақ – бір қазақ» деген жалынды сөзін айтып, миллиондаған елдің ет-жүрегін елжіретіп, алашқа асқақ рух сыйлаған еді.

Артынша атажұртты аңсаған ағайындар елге ағыла бастады. Тәу еткен Тәуелсіздік рухымен қанаттанған қандастардың Ұлы көшіне де биыл 30 жыл толып отыр. Ендеше, Елбасы үндеуімен тарихи Отанымен қайта қауышқан қандастар қауымы атынан барша бауырларды құшақ жая қарсы алған Қазақ халқына риясыз ризалық білдіріп, шексіз алғыс айтқымыз келеді!

Дана халқымыз:
Күнде алшы түсірсең де асығыңды,
Көрмейді жат жер сені тасы құрлы.
Шеңгел де дүрілдейді өз жерінде,
Әркімнің өз елінде басы құнды! – деп бекер айтпаған.

Ендеше, «Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол!» деген ата-баба аманатын ішкі түйсігімен түсініп, атажұртына ат байлаған ағайындарға, елім деп еміретіп, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қазақстанның қарыштап дамуына сүбелі үлес қосқан және қарамызды көбейтіп, қауқарымызды арттырған қандастарға мың алғыс!

Сонымен қатар, былтырдан бері жаһанды індет жайлап, адамзат атаулыға қатер төнген сындарды шақта шет елдердегі отандастардың да қалың елі – қазағына қайырымдылық жасап, жанашырлық танытқан жақсылығын айрықша атап айтқан жөн. Қауіп әлі де сейіле қойған жоқ. Осындай күлліәлемдік күрделі жағдайда атажұрттағы ағайынының амандығын тілеп, гуманитарлық көмектерін жолдаған шеттегі жанашыр отандастарымызға да көптен көп рахмет!

Тәуелсіздіктен бастау алған Ұлы көш әлі толастаған жоқ. Бір кездері тағдыр тәлкегімен шекара асып, шетелге ауған ағайындардың атамекенге ағылуына – 1997 жылдың 13 желтоқсанында «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қол қоюы даңғыл жол ашып берді. Нәтижесінде әлемнің әр түкпіріндегі талай қазақтың ата қонысқа деген саумал сағынышы үзілмейтін үмітке, селкеусіз сенімге айналды.

Ата қонысымен қауышқан қандастар өздерімен бірге қазақтың жоғалуға айналған кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұмытыла бастаған көне сөздерін ала келді десек артық айтқандық емес. Шетелде туып, егемендікпен бірге елімізге оралған талай танымал тұлғалар қазір мемлекетіміздің мерейін асырып, қандас өнер жұлдыздары мен сахна саңлақтары қазақтың атын айдай әлемге әйгілеп жүр. Ал, іскер бауырлар мен кәсіпкер қандастар халыққа қалтқысыз қызмет етуде.
Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша алыс-жақын шет елдердегі отандастарды және тарихи Отанына оралған этникалық қазақтарды қолдау мақсатында «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

2018 жылы «Отандастар қоры» өз жұмысын бастады. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен ынтымақтаса отырып, ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс істейтін Қордың негізгі қызметі – шетелдердегі отандастар мен Қазақстанға көшіп келген қандастарға мәдени, білім беру және құқық салаларында нақты қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Түптеп келгенде, шекараның арғы шебіндегі отандастарға және атажұртымен қауышқан қандастарымызға қамқорлық жасау, әдеби-мәдени тұрғыда қолдау көрсетіп, жанашырлық таныту – Қазақстанның қайта жаңғырып жатқан халықтық қазынасына һәм қазақ руханиятына сүбелі үлес қосу деген сөз.

Елбасымыз 2017 жылғы 12-сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүріміз, ана тіліміз бен ұлттық музыкамыз, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Ең әуелі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген болатын. Ұлт көшбасшысының маңызы зор мақаласы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, салт-санамызды жаңғыртуға тың серпін берді. Көнеден жаңаға, бабадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық жадымызды жаңғыртып, дәстүрімізді дәріптеуге кеңінен жол ашты. Тамыры терең тарихымызға тың серпіліс әкелді.

Осы бағытта «Отандастар қоры» қолға алған қомақты істер кезеңімен жүзеге асып келеді.
Мәселен, шетелдегі озық ойлы отандас жастарды қазақстандық жоғары оқу орындарына тарту арқылы тарихи тамырымен табыстырып, білімді түлектен білікті маман әзірлеп, атажұртында тұрақтап қалуына ықпал етуге мүдделіміз. Мемлекет те мейлінше қолдау көрсетіп отыр. Мысалы, шетелдегі этникалық қазақ балаларына бөлінетін мемлекеттік квота саны 2 есеге артты. 2017 жылдан бастап бакалавриат бойынша 3 000 білім гранты, ал дайындық курстарына 1 500 грант бөлінетін болды. Ендігі маңызды мақсат – көші-қонға бөлінетін квота санын көбейту. 2003-2007 жылдары атажұртқа қоныс аудару үшін қандастарға 20 000 квота берілетін еді. Қазір бұл көрсеткіш 10 есеге кеміп кетті. Алаңдауға негіз бар. Өйткені, мемлекетті құраушы негізгі ұлт – қазақтың қарасы қалыңдаса, егеменді еліміздің де қауқары артып, қайраты зораяды. Алдағы кезде бұл тұрғыда мемлекеттік билік тарапынан нақты қолдау болады деген сеніміміз зор.

Қазақтың «Көп қорқытады, терең батырады» деген қанатты сөзі тегін айтылмаған. Халық көбейсе, нарық кеңейсе, елімізге инвестиция тарту мүмкіндігі де анағұрлым артады. Ал, экономикасы дамып, әлеуметтік әлеуеті артқан сайын тұғыры берік, тұлғасы биік еліміздің Тәуелсіздігі де нығая түсері сөзсіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында азаттық жолында құрбан болған халқымыздың біртуар ұлдары – Алаш арыстарының асыл мұрасын жаңғыртып, жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керектігін қадап айтқан болатын. «Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек» деген Президент сөзінің де маңызы зор, тағылымы мол.

Ал, бұдан тура 5 жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Алғыс айту күнінде» қалың жұрттың, алуан ұлттың өкілдері алдында: «Ұлы дала елінің перзенттері мәдениеттер алуандылығын, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің құндылықтарын ана сүтімен бірге бойға сіңірген. Тарих және бабалар бізді осыған үйретті. Этникалық алуандылық біздің елдің әлсіз тұсы емес, қайта оның байлығы, – деген еді.

Ендеше, елдікті ұран, татулықты ту еткен көпұлтты Қазақстан халқына мың алғыс!» деген ақжарма тілегімді арнаймын.

Ізгі ниетпен, Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті

Continue Reading

Дерек

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған?

Published

on

18 ақпан, KAZNEWS. Казньюс ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді. 

Балаларға тарихи тұлғалардың есімдерін беру бұрыннан бар ма?

Халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, ел бастаған билердің атын қоюға тырысып келген. Халықтың ардақтысы болған адамдардың атын қою – сол адамдардың есімін ұмыттырмау, ұрпақтың есіне салу сияқты маңызға ие. Тарихи тұлғалардың есімдерін беру бұрыннан жалғасып келген.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Моңғол халқы Темүүжин есімін 7852 балаға, Сүхбаатар есімін 4272, Мандухай есімін 1072 балаға, Бөрте есімін 714 балаға, Шыңғыс есімін 648 балаға берген.

Ал, елдің батыс өлкесін мекен еткен қазақ халқы Жәнібек есімін 419 балаға, Бауыржан есімін 368 балаға, Нұрсұлтан есімін 316 балаға, Мұстафа есімін 307 балаға, Рамазан есімін 224 балаға, Абай есімін 83 балаға, Әлихан есімін 76 балаға, Мұхамед есімін 66 балаға, Шыңғыс есімін 38 балаға берген екен. 

Қазіргі таңдағы ең танымал есімдер

Елімізде соңғы жылдары ең көп қойылған ұл баланың есімдері Ерасыл 419, Нұрәли 414, Әли 335 болса, қыздардың арасында Әмина 2280 (моңғол, қазақ), Аружан 497,  Жанерке 496, Айзере 402, Айару 394, Мәдина 390, Кәусар 344 көп кездеседі.

Continue Reading

Дерек

2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз

Published

on

16 ақпан, KAZNEWS. 2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз.

Continue Reading

Дерек

Моңғолиядағы ең жас министр Чинбатын Номин туралы не білеміз?

Published

on

29 қаңтар, KAZNEWS. Бүгін Үкімет басшысының өкімі бойынша Чинбатын Номин Моңғолияның Мәдениет министрі қызметіне тағайындалды. 38 жастағы Чинбатын Номин қазіргі уақытта Моңғолияның министрлер кабинетіндегі ең жас министр болып табылады. Осы орайда KAZNEWS порталы Моңғолиядағы ең жас министр туралы ақпарат ұсынады.

Чинбатын Номин 1983 жылы Улаанбаатар қаласында дүниеге келген. Ұлы Британияның Шығыс Англия университетін (UEA) экономист мамандығымен бітірген. 2006-2007 жылдары Гацуурт компаниясының Сыртқы қатынастар бөлімінің директоры болған. 2007 жылдан Тэрэлж қонақ үйінің бас менеджері, 2011 жылдың ақпан айынан бастап Монгол ТВ телеарнасының директоры қызметін атқарған.

Моңғолияның Әйелдер федерациясының «Бизнесмен әйел» сыйлығының иегері атанған. Космополитан журналының «Fun Fearless Female» сыйлығына үміткер болған. 2013 жылы “Hollywood Reporter” – Телеарна саласындағы әлемнің «Ең беделді 25 әйел» тізіміне енген.

Әкесі Л.Чинбат «Гацуурт» компаниясының директоры қызметін атқарады. Ол моңғолияның ең бай адамдарының қатарында болғанымен өзгелер сияқты амбицияға беріліп ашыққа шыға бермейтін кәсіпкер.

Алғашқы бизнесін алтын кеніштерінен бастаған. Сол кезде байлыққа кенелген соң егін шаруашылығымен шұғылдана бастаған. Қазіргі таңда моңғолияның ішкі нарығын ұн және ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Чинбатын Номин Үкімет басшысының өкімімен Мәдениет министрі қызметіне тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде2 days ago

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті

05 наурыз, KAZNEWS. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Лувсангийн Баттулгамен кездесті. Кездесу...

Дерек5 days ago

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады

Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен...

Әлемде1 week ago

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы Қазақ радиосы — қазақтың өткен өмірінің жаңғырығы һәм қордалы сандығы. Қуанышы мен күйінішінің, тебіренісі...

Reuters Reuters
Әлемде2 weeks ago

ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін айтты

23 ақпан, KAZNEWS. Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық...

Дерек2 weeks ago

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған?

18 ақпан, KAZNEWS. Казньюс ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді.  Балаларға тарихи тұлғалардың есімдерін...

Дерек3 weeks ago

2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз

16 ақпан, KAZNEWS. 2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз.

Әлемде3 weeks ago

Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсті

14 ақпан, KAZNEWS. Ресей астанасы Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсіп жолдар жабылып, рейстер бөгеліп қалды. Cоның салдарынан...

Дерек4 weeks ago

2021 жыл атаулы күндерге толы

8 – ақпан, KAZNEWS. 2021 жылы атаулы күндерге толы болмақ. Бұл даталарды атап өту ең алдымен халық мұрасын, құндылықтарын, танымал...

Басты назарда