Connect with us

Моңғолияда

ТАРИХ: 1912 – 2020 аралығындағы тышқан жылында есте қалған оқиғалар

Published

on

Тышқан жылы қандай болады: Қазақ халқы тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі көп жағдайда дәл келген. Тышқан жылының мыңдаған жылдық тарихына назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшылықта өткен.

Сонымен, тышқан жылы аймағымыз үшін қандай жыл? Тарихи шегініс жасап, осы жылдардағы оқиғаларға қысқаша шолу жасап көрелік.

1912 жылы

Ресей Патшалығы Боғда ханды Моңғол мемлекетінің тәуелсіздік жариялауына байланысты мәлімдеме жасады.
Моңғолдар Манж Цинь үкіметінің Қобда, Улиастай қалаларындағы өкілдігін қуып шықты.
Моңғолияның алғашқы Премьер-министріне Сайн ноён хан Намнансүрэн тағайындалды.
1912 жылы ақпанның 9 күні «Их Хүрээ» атауын «Нийслэл Хүрээ» деп өзгертті.
1912 жылы шілденің 14 күні Шеруші руының Қылаң бастаған 11 билеушісі 400 отбасы атынан Боғда ханға ұсыныс хат жолдап, Моңғолия құрамына кіруге дайын екенін білдірді.
1912 жылы қарашаның 23 күні Боғда ханның жарлығы шығып Қобда өңіріндегі қазақтар Моңғолия құрамына қабылданды.

1924 жылы

1924 жылы өткен Халық өкілдері құрылтайына қазақ халқынан Т.Дәуітбай, О.Қанапия, Ақмәди, урианхай халқынан Ш.Тэвэгт қатарлы өкілдер қатысты.
1924 жылы қарашаның 26 күні Моңғол Халық Республикасы орнады. Бұл күнді бүгінге дейін «Республика күні» немесе «Ел мерекесі» деп тойлап келеді.
Моңғол Халық Республикасының алғашқы негізгі заңы бекітілді. «Нийслэл Хүрээ» атауы Тұрар Рысқұловтың ұсынысы бойынша “Ұланбатыр” деп өзгертілді.

1936 жылы

Моңғолияның батыс өлкесіндегі Моңғол-Қытай шекарасы сызығы ресми бекітілді.
Завхан, Говь-Алтай өлкесінен Баяннуурға қоныстанған О.Абдан бастаған ауылдарды біріктіріп «Жантекей» сұмынын орнатты.

1948 жылы

Баян-Өлгий аймағында Өлке тану кабинеті орнады. Кейін 1961 жылы Музей болып үлкейді. 1988 жылы музейдің жаңа құрылысы пайдаға берілген.
Өлгий қалалық 7 жылдық мектебі 10 жылдық білім жүйесіне ауыты. (Қазіргі 1-10 жылдық мектебі)

1960 жылы

1960 жылы шілденің 2 күні Халық Ұлы Хуралының №151 қаулысы бойынша Баян-Өлгий аймағын «Еңбек қызыл ту» орденімен марапаттады.
№153 қаулысы бойынша С.Шолтай Моңғол халық республикасының «Еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды.
1960 жылы шілденің 11-13 күндері Баян-Өлгий аймағы орнауының 20 жылдық мерей тойы аталып өтті.
1960 жылы қазанның 25 күнінен қарашаның 5 күні аралығында Улаанбаатар қаласында Баян-Өлгий аймағының мәдени күндерінің 10 күндігі ұйымдастырылып, Ж.Қибатдолдаға «Халық әртісі», Т.Хусайын, Б.Хайынжамал, Т.Дүйсенбі, Т.Төлеухан қатарлы әртістер «Еңбек сіңірген әртіс», Ақтан Бабиұлы «Өнер саласына еңбек сіңірген қайраткер» атағымен марапатталды.
Бұл жылдары /1959.11-1970.6/ аймақ басшысы қызметін Ырым Жуанғанұлы атқарған.

1972 жылы

Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша аймақтық құрылыс конторын Техникалық қолдау құрастыру тресті деп өзгертті.

1984 жылы

Өлгий қаласында «Моңғол елінің батыры» Ікей Мәзімұлының ескерткіші ашылды.

1996 жылы

1996 жылғы МҰҚ-ның сайлауында Сандалхан Раздақұлы, Болат Ажіқанұлы, Сұлтан Тәукейұлына қатарлы МХРП-ның өкілдері жеңіске жетсе, жергілікті сайлауында алғаш рет демократиялық одақ жеңіске жеткен.

2008 жылы

Моңғолияға 44 жыл күткен олимпиаданың алтын жүлдесін Н.Түвшинбаяр, Э.Бадар-Ууган қатарлы спортшылар әкелді.
2008 жылы «Халық жазушысы» атағымен Бөхийн Бааст марапатталды.
Баян-Өлгий аймағының халық саны 2007 жылы 94398 адамды құраса, 2008 жылы 93926 адамды құраған.

2020 жылы

Ташқан жылымыз құтты, молшылық жыл болсын ағайын!

KAZNEWS AGENCY

ТАРИХ: 1911 – 2019 аралығындағы доңыз жылында есте қалған оқиғалар

Моңғолияда

Ұшқыш Бек Базылханұлы Улаанбаатар – Гонконг бағытына алғашқы рейсін сәтті жасады

Published

on

KAZNEWS – 2020 жылдың 20 қаңтар күні Изинис Эйрвэйз компаниясы үшін қуанышты оқиға болды,- деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Моңғолияның Изинис Эйрвэйз компаниясының Әуе қозғалысын басқару орталығының басшысы, B737NG ұшағының екінші ұшқышы Бек Базылханұлы Улаанбаатар – Гонконг – Улаанбаатар бағытына ұшқан әуе көлігінің тізгінін ұстап, алғашқы рейсін сәтті жасап “Шыңғыс хан” халықаралық әуежайына қонды. Әуе көлігінің тізгінін кәсіби түрде өзі басқару – мансаптағы маңызды баспалдақ болмақ.

Бек Базылханұлының алдағы қызметінен сәттілік тілеп, әрдайым аспаны ашық болуын тілейміз!

Continue Reading

Моңғолияда

Б.Нурболат: “Хорвоо дэлхийн үр бүхэн ээж, аавынхаа дэргэд эрүүл энх байг”

Published

on

KAZNEWS – Facebook дэх “Сониучхан бяцхан хүүд минь Солонгон өнгөтэй ирээдүйг бэлэглээч” нэртэй бүлгэмийн нэгэн бичлэг олон эцэг эхчүүдийн зүрх сэтгэлийг хөглөжээ.
Нурболатын Мейрам нь 1 нас 10 сартайдаа баруун болон зүүн нүдний хорт хавдартай, баруун нүд нь уг хорт хавдрын улмаас хараагүй болсон гэж оношлогдон, сайхан сэтгэлт ах, эгч нарынхаа сэтгэлийн хандив, дэмжлэг, туслалцааны ачаар БНХАУ-ын Бээжин хотын Хүүхдийн эмнэлэг, Жинан хотын QILU эмнэлэгт эмчлүүлж, 2 дахь хагалгаагаа энэ сарын 18-ны өдөр /2020-01-18/ амжилттай давсан билээ. Цаашид удаан хугацаагаар явагдах хими болон бусад эмчилгээний эцэст мэргэжлийн өндөр ур чадвартай эмч нарын ачаар хоёр нүдний хорт хавдрыг амь насанд нь аюулгүй болгож, төрөлхийн хараагүй байсан баруун нүдэнд хараа орох магадлал өндөр гэсэн оноштойгоор одоо БНХАУ-ын Жинан хотын QILU хүүхдийн эмнэлэгт эмчилгээ үргэлжилж байна.


Энэ үеэр хүүгийн эцэг Б.Нурболатын Жинан хотын нэгэн автозамын явган хүний гарцад хүүхдээ тэврэн туслалцаа хүсэж буй хятад иргэнд тусалсан бичлэг олон эцэг, эхчүүдийн талархлыг хүлээжээ. Тэрээр өвчтэй хүүхдээ мөнгөгүйн улмаас эмчлүүлж чадаагүйгээс явган зорчигчдоос тусламж гуйж буй хятад иргэнд тусалсан тухайгаа “Хорвоо дэлхийн үр бүхэн ээж аавынхаа дэргэд эрүүл энх л байвал АЗ ЖАРГАЛ юм даа. Энэ хүмүүс бидэн шиг л зүрхэндээ гуниг тээж яваа болохоор туслахгүй өнгөрч чадахгүй юм билээ. Зүгээр л чаддаг зүйлээрээ жаахан ч гэсэн дэм болохыг хүслээ” гэжээ.

Бяцхан хүү Н.Мейрамын эцэг Б.Нурболат, ээж С.Сергүл нар энэ хугацаанд хүүгийн эмчилгээний зардалд чин сэтгэлээсээ хандив өргөж, туслалцаа үзүүлсэн бүх хүмүүст, түүнчлэн БНХАУ-ын Жинан хотын QILU хүүхдийн эмнэлгийн мэс заслын их эмч ХАН МИНГ ЛЕЙ болон Бээжингийн Хүүхдийн эмнэлгийн мэс заслын их эмч ЖАОЖУН ЯАН нарт Facebook дэх “Сониучхан бяцхан хүүд минь Солонгон өнгөтэй ирээдүйг бэлэглээч” бүлгэмээр дамжуулан баярлаж, талархсанаас илэрхийлсэн байна.

Бяцхан хүү Б.Мейрамын хоёр нүдний хими болон бусад төрлийн эмчилгээ үргэлжилж байгаа бөгөөд хандив, туслалцаа үзүүлэх сайхан сэтгэлт хүмүүс түүний ээж С.Сергүлийн ХААН банк дахь 5058210200 дугаартай дансаар дамжуулан хандаж болох юм байна.
Сониучхан бяцхан хүү Н.Мейрамд Солонгон өнгөтэй ирээдүйг бэлэглэцгээе!

Continue Reading

Моңғолияда

Болжам: Парламентке кімдер атын ұсынуы мүмкін?

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияда биыл кезекті Парламент сайлауы 24 маусымға яғни сәрсенбі күніне белгіленіп отыр. Сайлау сайын кімнің баласы атын ұсынады деген болжамдар жасалып отырады. Кейде партиялар сайлаушылардың қалаған кандидатын ұсынбайды. Сондықтан да өткен 2017 жылғы Президент сайлауында 200 мыңға жуық сайлаушы құр дауыс берген болатын.

2020 жылғы Парламент сайлауына Баян-Өлгий аймағынан қай партиядан, қандай азаматтардың аты ұсынатынына болжам жасап көрейік.

Әзірге Моңғолдың Халық партиясынан бес, Демократиялық партиясынан сегіз, Моңғол Халық Революцияшыл партиясынан бір азаматтың есімі ел аузында жүр.

Моңғол Халық партиясынан Парламент мүшесі, Құрылыс, қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы, парламент мүшесі Солтан Ғомбыжайұлы, Ауыл шаруашылық, жеңіл өнеркәсіп тете министрі Сәуле Жәнімханқызы, аймақ Әкімі Ғылымхан Әйіпұлы, Энергетикалық реттеу комитетінің төрағасы Тілейхан Әлмәлікұлының есімі аталып жүр.

Демократиялық партиясынан алдағы сайлауға парламент мүшесі Мұрат Дәкейұлы, Моңғолия Президентінің штаттан тыс кеңесшісі  Жандос Шәріпұлы, экс парламент мүшесі Бәкей Ағыпарұлы, экс тете министр Ержан Қабышайұлы, дәрігер Бейсен Бұлаңұлы, Моңғолия Мұсылмандар одағының төрағасы Батырбек Қадысұлы, бизнесмен Мүпти Қабылұлы мен Ғажайып Рахметұлы атын ұсынады деген болжам ел аузында жүр.

Ал, МХРП-нан ел аузында Айбек Болатұлының есімі аталып жүр.

Бірақ ең соңғы таңдау халықта екенін ұмытпағанымыз жөн.

Сонымен, алдағы Парламентте басқа кімді көргіңіз келеді?

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде4 weeks ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде1 month ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде1 month ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Әлемде1 month ago

Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазақпарат ХАА – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы...

Әлемде1 month ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде2 months ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Әлемде2 months ago

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып...

Моңғолияда3 months ago

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты.  Кездесу...

Басты назарда