Connect with us

Моңғолияда

Әділдік және тәуелсіз баспасөз

Published

on

Өткен 30 жыл ішінде қоғамдық құндылықтар түбірімен өзгеріп, әділдік туралы азаматтар мен қоғамдық пікір жаңарды. Бүгіндері елімізде 500-дей бұқаралық ақпарат құралы іс қызмет атқарып, 3 миллион халық өкілдері олар арқылы көзқарастарын білдіріп, пікірін жеткізуде. Бұлардың 300 шамасы жергілікті жерде хабар тарататын болса, тек қана Улаанбаатарда 70-тей телеарна жұмысын жүргізуде. Бұл біздің ой санамыз бен өмірімізде үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

Жаңадан пайда болған ақпараттық технологиялар нәтижесінде адамдар қалалық және далалық деп бөлінбей, қайда болса да уақытқа бағынышты емес кеңістікте жаңа қарым-қатынас жасау үлгісіне ауысты. Еркін ойлау, пікір алуандығы мен жариялылықты қамтамасыз еткен осы тарихи үдерістер көптеген кедергілерді еңсеріп, 4 сатылай даму арқылы бүгінге жетті деген қорытынды жасауға болады.

Бірінші кезең- мемлекет қармағындағы дәуір. Бұл уақыт 1990-1998 жылдарды қамтиды. Мемлекет төңірегіне шоғырланған саяси жүйе қалыптасқанына байланысты биліктің орталық баспасөз саласындағы саясаты осы кезде үстемдік құрып, құқықтық мемлекетке қатыстының барлығы  әділдікпен салыстыра насихатталды. Қоғам үшін, ұжым үшін деген дәстүрлі ұғым «не ексең, соны орасың» деген либералдық көзқарасқа ауысты.

Екінші кезең – сары басылымдар дәуірі. Оған 1998-2008 жылдары жатқызылады. Баспасөз бостандығы туралы заң күшіне енгеннен бастап, оған қойылатын цензура жойылып, мемлекет қармағындағы бұқаралық ақпарат құралдары таратылды. Жеке меншік және қоғамдық статустағы ақпарат құралдары көптеп құрылып, бей-берекетсіздік орын алып, ақпарат кеңістігінде бейпіл сөздер мен берекесіз әрекеттерді насихаттайтын «сары басылым» артықшылыққа ие болды. Бұл кезде баспасөз бостандығы дегенді азаматтар нені болса да жариялап тарататын бостандықтың бір түрі деп түсінді. Әлеумет психологиясы жақсы мен жаманның шегіне жетіп, көңіл қалауына орын беріле бастады.

Үшінші кезең-электрондық ақпарат дәуірі. 2008-2017 жылдар аралығын қамтитын тәуелсіз баспасөзді қалыптастыру кезеңі қарқынды дамумен қатар сандық технологиялар дамып, адамдардың назары электрондық ақпарат құралдарына ауысып, байланыстың жаңа сапалық дәуірі келді. Соңғы 6 жылда ғаламторлық баспасөз ақпарат құралдардың саны 2-3 есеге артты. Қоғамда азаматтардың сөзін жеткізу құқығы, пікір алуандығы, жариялылық дамумен қатар қоғамдық наразылық электрондық ақпарат ағымы арқылы ақтарыла бастады. Ғаламтор кеңістігінде пікір жазу арқылы біреулерді қаралау, ашу ызасын тудыру, барлығын жоққа шығару қатарлылар басымдыққа ие болып, әділдікті жоққа шығару осы кездің ерекше бір белгісіне айналды.

Төртінші кезең – дербес тәуелсіз баспасөз ақпарат құралдарының қалыптасу дәуірі. Бұл құбылыс 2017 жылдан бастап қарқын алып, ақпарат құралдары кәсіптік әдепті ұстанып, жауапкершілікті журналистиканы қалыптастыру ынтасы артып, ақпараттық кеңістікте өз орнын алды. Қоғамды демократияландырып жаңарту кезеңінде жалған ақпарат азаматтарды адастырып, қоғамға нұқсан келтіретін шегіне жетіп, біртіндеп табиғи заңдылық бойынша адамдар әділдікті іздей бастады. Соңғы кездері әлеуметтік желідегі қысым көрсету, кепілдікке алу, алдап соғу, алаяқтық қатарлы қылмыстар құрықталып, ұсталып жатқандықтан ондай қылмыстар азайды. Журналистер, ақпарат құралдары, кәсіптік ұйымдар әдепті журналистиканы дамыту бағытында нақты қадамдар жасап, нәтижеге жете бастады. Елімізде баспасөз кеңесі, әдеп комитеті құрылып, олар ұйымдасқан түрде  қадамдар жасай бастады. Жауапкершілікті этикалық журналистика пәрмен алып, жеке дара даму жолына түсті.

Құқықтық орта және оның әсері

Әділетті қоғам құру бұл мемлекеттің ең басты міндеті. Оны мемлекет заң арқылы жүзеге асыра алады. Ал, көпшілікті ағарту мен қоғамда әділдіктің қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдары ерекше әсер етеді. Бұл бағытта мемлекет пен ақпарат құралдарының мүддесі бір арнаға тоғысады. Баспасөз бостандығы туралы заңдағы «мемлекеттік мекеме өз қарамағында бұқаралық ақпарат құралын ұстауға тыйым салынады», сондай-ақ «мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнына бақылау цензура қоймайды» деп көрсетілуі ақпарат құралдарының дербес, тәуелсіз болу жағдайын қамтамасыз еткені болмаса, мұнда бірлесіп жұмыстауға тыйым салынған бап жоқ. Бұл  «Төртінші билік» деп аталатын ақпарат құралдары қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыруда билікпен бірлесе жұмыстаудың мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.

Саяси орта және оның әсері

Саясаткерлер әділдікті өз көзқарастарына сәйкес бағалап келеді. Адамдар да біркелкі емес, әркім өзінің дарыны, қабілеті, сыртқы бейнесі, қызықтайтын дүниесі сияқты белгілерімен бір-бірінен айырмашылықта болады. Олардың барлығына бірдей мүмкіндік жасалғанда ғана әділдік үстемдік құрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың мазмұнына қарағанда әдеп мәселесін қозғаған барлық материалдың 90 пайызында саясаткерлердің этикасының жоқтығы мен мүдде қайшылығы сөз етілген. Бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған лауазым иесі туралы теріс пікірдегі ақпарат жоққа шығарылмайды, түсінік берілмейді. Тек санаулы жағдайда ғана мәселесінің мәнісі жайлы ақпарат таратылып жатады. Мемлекеттік саяси қызметкерлер немесе мемлекеттік Ұлы Құрыл мүшелері, барлық сатылы әкімдер, АӨХ-ның шығарған қайшылықтары мен кемшіліктері жайлы мақалалар көптеп шықса да, мемлекеттік мекеме мен  саяси партиялар жұмған  аузын ашпайды.  Мәселеге назар аударып, баға беру,  оны жоққа шығарып, қайшылықты арылтқаны жөнінде мәлімет беру мәдениеті біздің елімізде әлі қалыптасқан жоқ. Ықпалды ақпарат құралдарын саясаткерлер жанама түрде ықпалына кіргізіп, меншіктену күшейіп барады. Ақпарат құралының компанияға немесе жеке адамға қатыстылығы жайында мемлекеттік тіркеуден таба алмағандықтан бұлардың иелері есімі ашық емес. Олардың меншік иесі құпия болып, бір қол астына шоғырлануы редакциялық цензураны өршітіп, баспасөз бостандығын жоққа шығарып, ақпараттың сапасына кері әсер етуде. Сондықтан қандай бір қайшылыққа жауапкершілік жүктетіп, оны көпшілікке жария етіп, ашыққа шығаруды қалыптастырған жөн. Халықтың үміт отын үнемі жандандыратын әділдік туралы түсінікте кішкентай мәселе деген болмайды. Азаматтардың нанымы мен сенімін құрметтей алмайтын мемлекет пен саяси күш жайлы қанша жақсы сөздер айтсаң да қажеті шамалы. Ондай институт ұзаққа бармайды. Халықтың әділдікке деген сенімін оятып, оған ие болу саяси партиялардың басты құралы болуға тиіс. Халықтың сенімін тек ғана әділдік оята алады.

Журналистер этикасы және өзін өзі реттеу

Журналистер кәсіптік әдеп ұстанымына бағынатын болса да, оларға деген қысым күшті екені зерттеулерден анықталды. Глоб Интернэшнл орталығы жасаған зерттеулерге қарағанда өткен бір жылда 140 журналист,  бұқаралық ақпарат құралына қатысты 182 оқиға тіркелген. Олардың кейбіреулері ақпарат жинау кезінде таяқ жеп, техникалық құралдары бүлінген. 2017-2018 жылы шыққан қайшылықтың 14.7 пайызын бопсалау, 5 пайызын жұмыс құралына нұқсан келтіру, 60 пайызын «сотқа шағымданамын» деп қысым жасау оқиғалары иеленген. «Сіздің редакцияларыңызда жазуға тыйым салынған тақырыптар қара тізімі бар ма?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 40 пайызы «солай» деп жауап берген. Сондықтан да тапсырыспен жазылатын ақылы мақалалар мен хабарлар көбейіп, әдептілік құндылықтарына нұқсан келуде. Осының барлығын реттейтін заң өте қажет. «Барлығына да бірдей мүмкіндік берілген жағдайда ғана әділдік  салтанат құрады» деген ұстаным анда-санда болса да айтылып келеді. Бұл дегеніміз ақпаратты ешбір қоспасыз, нақты оқиғаны сол күйінде уақытын ұттырмай жедел жеткізу, сол оқиға жайлы азаматтар өздері қорытындысын жасайтындай көпшілікке мүмкіндік тудыру деген сөз. Еркін, дербес ақпарат құралдарының дамуына экономикалық, құқықтық орта жасалмаса да, біздің журналистер өздері ұсыныс көтеріп, оны қолға ала бастауы ең үлкен жетістік.

МҰХ-ның төрағасы кеңесшісі, Ғылым Академиясының философия институты,  заң бөлімі меңгерушісі , профессор Д.Батмөнх

Аударған Сәбет Насырұлы

Моңғолияда

Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның СҚ министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Published

on

2024 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Нямдоржийн Анхбаярмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың 2024 жылғы күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, олар ағымдағы жылы жоспарланған маңызды екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады, екі елдің ынтымақтастығының шарт-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру сұрақтарын қарастырды, сыртқысаяси ведомстволардың түрлі бағыттардағы өзара ықпалдастығын, оның ішінде консулдық саладағы өзара тиімді әрекеттестікті одан әрі нығайтуға келісті.
Сонымен бірге, дипломаттар Қазақстан мен Моңғолияның көпжақты алаңдардағы, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде және басқа да халықаралық құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетудің көп жылдан бері қалыптасқан оң тәжірибесін жалғастыру қажеттігіне ортақ мүдделілік танытты.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда 28 маусымда парламент сайлауы өтеді

Published

on

2024 жылғы 28 маусымда Моңғолияда парламент сайлауы өтеді.

Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы кезекті пленарлық отырыста келесі парламент сайлауын 2024 жылы өткізу туралы қаулы жобасын қарастырды.

Демократиялық партия фракциясының жобаны талқылау үшін парламенттен алған үзіліс мерзімі өтіп кеткеніне байланысты, дауыс беру өткізіліп, қаулы жобасы мақұлданды.

Қаулыға сәйкес, кезекті парламент сайлауы 2024 жылғы 28 маусымда өтеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті

Published

on

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті. Ұлттық статистика комитеті бұған дейін 22 қарашаға қарай Моңғолия халқының жалпы саны 3,5 миллион адамға жететінін хабарлаған.

«Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетеді деген болжам соңғы үш жылдағы туу, өлім және халықтың табиғи қозғалысына негізделген», – деді Моңғолия ұлттық статистика комитетінің халық санағы және тұрғын үй қоры бөлімінің статисті Б.Энхжаргал.

Соңғы үш жылда орта есеппен әр жеті минут 16 секунд сайын бір бала дүниеге келіп, 27 минут 46 секунд сайын бір адам қайтыс болады, ал Моңғолия халқының саны әр тоғыз минут 55 секунд сайын бір адамға артып келеді екен.

— Бұл үрдіс 2023 жылы да жалғасты деп есептесек, 22 қарашаға дейін Моңғолия халқының саны 3,5 миллион адамға жетуі керек еді. Бүгінде халық саны 3,5 миллионнан асты, – деді Энхжаргал.

1962 жылы Моңғолия халқының саны 1 миллион болса, 1988 жылы ел екі миллион, 2015 жылы үш миллионға жетті. 2033 жылы 4 миллионға, 2048 жылы 5 миллионға жетеді деген болжам бар.

Continue Reading

Моңғолияда

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ

Published

on

Халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі орган Моңғолияда пайда болды.

Парсы шығанағы елдерінің аккредиттеу орталығының Gulf Accreditation Center (GAC) бағалау тобы халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі Халал Сертф Аженси (Halal Certf Agency) компаниясында 2023 жылдың 25, 26, 27 қазанында жұмыстап, GSO 2055- 2:2021 “Сәйкестікті бағалау – 2 бөлім: Халал сертификаттау органдарына қойылатын талаптар” стандарты бойынша бастапқы аккредиттеу жұмысын жасады.

Халал – тұтас бір индус­трия.

Бүгінде әлемдегі 148 елде халал бағы­ты жақсы дамыған. Халал брендін кім көрін­ген пайдаланып, көпшіліктің түсінбестігін ту­дыр­мау үшін халал өндірісі бақылауға алынған. Осы орайда ет экспортына қызығушылық танытып отырған Моңғолияда халал индустриясын зерттеп, халал өнімдерін қалыптастыру енді жолға қойылып келеді.

Бұл жүйе UNIDO Моңғолия – Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы жүзеге асыратын Сәйкестікті бағалау органдарының әлеуетін арттыру жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Халал бойынша аккредиттеу – Моңғолиядағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттарының бірі.

Аккредиттелген Халал сертификатының оң әсері соңғы тұтынушыға таралады, ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады. 

Өз кезегінде, сертификаттау органдары өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарын Халал өнімдерін өндірушілерге тапсырады. Өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға халал стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынады. 

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ.

www.halalcertf.com

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек5 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек7 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек8 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек12 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда