Connect with us

Орта Азия және әлемде

Солтүстік Корея Америкадан ығар емес

Published

on

Ол зымыран сынақтарын жалғастырып жатыр, АҚШ  КХДР-мен келіссөз жүргізуге  мәжбүр.

Оңтүстік Кореяның Kyodo агенттігінің хабарлауынша,  2019 жылғы 16 тамызда КХДР-дің әскери ведомствосы қысқа қашықтыққа арналған кезекті  екі баллистикалық зымыранын ұшырып, сынақтан өткізген. Зымырандар 6,1 Маха жылдамдықпен  30 шақырым биіктікте, Жапон теңізіне қарай  230 шақырым аралықты ұшып өтіп,  көзделген нысанаға тиген. Жаңа  технологиялық үлгідегі  зымыран сынағына Ким Чен Ын жоғары баға берген. Бұл  Солтүстік Кореяның  жыл басынан бері сегізінші рет,  кейінгі үш аптада  алтыншы  мәрте  зымырандар ұшыруы. Мұндай  шұғыл тактикалық әскери  сынақтар  Оңтүстік Корея мен  Жапонияны алаңдатып, АҚШ-ты  кезекті  келіссөзге  итермелеп жатқандай.

***

Бүгінгі әлемдік геосаясатта АҚШ   пен Солтүстік Кореяның сыпайы сипаттағы «текетіресі»  жұртқа мәлім. Мұның себебі белгілі.  Құрама Штаттар  КХДР-дың  ядролық және зымырандық  қарулардан біржолата бас тартып, Корея түбегінің түгелдей денуклеаризациялануын талап етсе, Пхеньян өзінің тәуелсіздігіне  ешқандай шабуыл мен қауіп-қатердің төнбеуіне  халықаралық деңгейде  кепілдік берілуін қалайды. Міне, осы  жөнінде  тараптардың  түсінігі мен ұстанымының  әрқилығынан мәселенің шешілуі  тұйыққа тіреліп  тұрған деуге болады.

Әдетте мұндай  қайшылықтарды  қарулы күшпен, әскери операциялар ұйымдастырумен шешетін «АҚШ  неліктен  Солтүстік Кореямен  диалог-келіссөздер жүргізуге мәжбүр болып отыр?» деген сұрақ туады.

«Бәлкім, Америка ақыл-парасатқа  жүгініп,  қантөгіс пен соғысты қаламай,  мәселені бейбіт жолмен шешуді көздейтін шығар?» дейін десең, оны өмірлік тәжірибе теріске шығарады.  Сонау 1950–1953 ж.ж. Корей түбегіндегі, 1961–1973 ж.ж. Вьетнамдағы, 1964–1973 ж.ж. Лаостағы  соғыстарды айтпағанда, бергі кезеңдегі 2003–2011 ж.ж. Ирактағы Саддам Хусейнді   тақтан тайдырып, өлімге душар еткен және 2011 жылғы Ливиядағы Муаммар Каддафидің көзін жойған  әскери операциялары  ойға оралады. Осыларға қарап  «АҚШ  әлемдегі  пацифистік саясатты ұстанатын, бейбітшіл ел»  деуге  аузың бармайды.

Ендеше, АҚШ-ты  Солтүстік Кореяға қарсы  әскери қару қолданып, соғыс ашуға жібермей отырған  қандай күш, қандай құдірет? Мұның  артында нендей себеп пен сыр бар? Бұл мәселені зерттеп, зерделеп жүрген талдаушы мамандар баршылық.

Әйтсе де,  амал-айласы мен  қулық-сұмдығы жетіп-артылатын  Ақ үй билігі  КХДР-на қарсы  қысым  шара­ларының барлығын қолданып-ақ келеді. АҚШ қана емес, БҰҰ, Еуропалық одақ, Оңтүстік Корея мен Жапония, тіпті Австралия  санкциялық шектеулер жариялады.  Мұнда Құрама Штаттардың    ықпалы бар екені даусыз.

Керек десеңіз, Ақ үйдің барлау ұйымдары  КХДР жетекшісі Ким Чен Ынның көзін жою үшін 2015 жылы  арнайы «US Operatіons Plan 5015» операциясын түзіп, ол бойынша  Солтүстік Корея жерінде  партизандық соғыс жүргізу, бірінші басшының төңірегіндегі  ықпалды адам­дарды өлтіру, маңызды  әскери нысандарды жою жоспарланған.

16 тамыз, 2019 жыл. Солтүстік Кореяда қысқа қашықтыққа арналған баллистикалық зымыранның ұшырылу сәті.

Бұған қоса,  қорқыту мен үркіту,  қоқан-лоқы да жасалды. Есіңізде ме, осыдан тура екі жыл бұрын Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың: «біз оларды бұрын-соңды болмаған оқ пен отқа орап, тас-талқан етеміз», –  деп доқ көрсеткен болатын. Оған  КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын айылын жия қойған жоқ. Керісінше: «Біз де қарап қалмаймыз, Тынық мұхиттың батысындағы Америкаға тиесілі  160 мыңдай тұрғыны бар,  АҚШ-тың аса ірі стратегиялық әскери базасы орналасқан Гуам аралын төрт  «Хвасон–12» зымыранымен атқылаймыз. Ол жерге біздің ұшқыр зымырандарымыз  небәрі 17 минутта  ұшып барып, жойқын соққы береді», –  деп  айбат шекті.

Ерегес пен текетірес біразға созылды. Солтүстік Корея 2017 жылдың 4 және 28 шілдесінде екі рет континент­аралық баллистикалық «Хвасон-14» зымыранын ұшырып, 3 қыркүйекте  сутегі бомбасын жарып сынады. Бұл әреке­ті­не: «Зымырандық-ядролық сынақтар жасағандағы біздің мақсатымыз  көршілерді қорқытып-үркіту емес, АҚШ-қа ескерту, оны басқыншылық райынан қайтару», – деген түсінік берді.

АҚШ және Жапония барлау қызметтері бүгінде Солтүстік Корея Қарулы күштері 60 ядролық оқтұмсыққа,  бірнеше құрлықаралық  баллистикалық зымырандарға  және қуатты сутегі бомбасына ие екенін растайды.

Тағы да АҚШ-тың  ұсынысы және ықпалымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2017 жылғы 5 тамызда Солтүстік Корея­ға қатысты кезекті санкциялық шаралар туралы қарар қабылдады. Ол бойынша КХДР көмір, темір, қорғасын және теңіз өнімдерін  экспорттау тоқтатылып, оның банктегі сыртқы саудалық есеп-шоты  бұғатталды. Теңізде жүретін кемелеріне басқа елдердің порттарына кіріп, аялдауына тыйым салынды.

Дегенмен, өз кезегінде  «тек біздікі дұрыс!» деп сіресіп отырған КХДР жоқ.  Елдегі саяси билікке ие жетекші ұйым Корей  Еңбек партиясы (КЕП) Орталық комитеті   2018 жылғы 21 сәуірдегі Пленумда барлық  ядролық  қаруларды сынау мен континентаралық баллистикалық зымыран­дарды ұшыруды  тоқтату жөнінде қарар қабылдады.  КЕП төрағасы Ким Чен Ын  партиялық жиында арнайы баяндама жасап,  елді  қорғайтындай  қуатты қаруға ие бол­ғаннан кейін  одан әрі ядролық қару мен баллисти­калық зымырандарды  сынаудың  қажетсіздігін  айтты.

Жиында сондай-ақ,  ядролық  сынақ полигондарының  түгелдей жабылатыны, мұның  ядролық қарусыздандыру жолындағы маңызды қадам  екені,  КХДР-ның  осы бағыттағы  мақсаттарға қосылатыны туралы  айтылды.

Қабылданған қарарда  Солтүстік Кореяға  ядролық қатер төнбеген  немесе түрлі арандатулар болмаған жағдайда  Пхеньянның  ядролық қаруды қолданбайтыны және  ядролық қару мен оның жасалу технологиясын  өзгелерге бермейтіні атап көрсетілді.

Солтүстік Корея басшылығының шешімін естіген бойда Ақ үйдің қожайыны Дональд Трамп  өзінің Twіtter парақ­шасында: «КХДР-ның ядролық-зымырандық сынақтардан бас тартуы  –  Солтүстік Корея үшін ғана емес, бүкіл әлем  үшін үлкен  ілгері қадам  және жақсы жаңалық», –  деп мақұлдау  танытты.

Осыдан  кейін Вашингтонның Пхеньянға қатысты  саясаты жұмсарып,  «жоғары дәрежедегі АҚШ-КХДР диалогы  жүргізіліп, Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесу ықтимал» деген  хабар  айтыла бастады.  Бірте-бірте  болатын күні де айқындалып, белгіленді. Бұл екі аралықта Ақ үй басшылығы тайғанақтық көрсетіп, сан құбылды. 24 мамырда  АҚШ президенті Дональд Трамп  КХДР-ның басшысы Ким Чен Ынға хат жолдап, Сингапурда алдағы 12 маусымға белгіленген  кездесудің болмайтынын  хабар­лады. Мұны ол Солтүстік Кореяның  «ашық жаулық» ұстанымына байланысты», – деп түсіндірді. Трамп сондай-ақ, өзінің Twіtter парақшасында: «Сіз өздеріңіздің ядролық  мүмкіндіктеріңіз туралы айтып отырсыздар,  ал біздікі одан қанша есе қуатты екенін шамалай беріңіз. Мен  Құдайдан  соның сіздерге қарсы қолдануға жол бермеуін сұраймын», – деп жазды. Тіпті асығыстыққа бой алдырып: «Солтүстік Кореямен арадағы қайшылықты шешудің бірден-бір жолы – қарулы күш қолдану», – дегенді айтып қалды.

Дейтұрғанмен, біршама қиындық-кедергілерден кейін  2018 жылдың 12 маусымында Трамп пен Ким  Сингапурде кездесіп, оның қорытындысында: екі ел халықтарының  мүдделері мен ықыластарына қарай оң қарым-қатынас жасау, Корей түбегін  ядролық қарулардан тазартып, бейбітшілік пен тыныштықты қалыптастыру деген сияқты маңызды мәселелерді қамтыған декларация қабылданды.

Осы декларацияның шарапатымен түйткілді мәселелер біржолата шешілмегенімен,  Солтүстік Кореяның  ядролық сынақтар мен баллистикалық зымырандар ұшыруын тоқтатып,  АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлесіп әскери жаттығулары кейінге шегерілді.  Пхеньян мен Сеулдің  бір-біріне жылы қабақ танытып,  ынтымақтастық әрекеттері   көрініс берді.

Алайда, Құрама Штаттар мен Солтүстік Корея арасын­дағы  қайшылық пен келіспеушілік  шешілді деп айтуға әлі ерте еді. Екі  президент әкімшілігінің ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде  Вьетнам астанасы Ханойда 2019 жылдың  27-28 ақпаны күндері Дональд Трамп пен Ким Чен Ын екінші рет ұшырасып, келіссөздер жүргізді. Бұл кезедсуге бейбітшілік пен тыныштықты жақтайтын  әлем жұртшылығы үлкен үміт артты. Өкінішке қарай,  екі-  жақты ұстанымы мен талабы  үйлеспей, ортақ келісімге келе алмады. Ким Чен Ын  еліне ерте қайтып кетті.

АҚШ президенті Д.Трамп журналистерге арналған баспасөз конференциясында: «КХДР – Йонбедегі  ядролық  нысандардың  демонтаждалғанын және онда бұдан әрі  сынақтардың жүргізілмейтінін алға тартып, бізден санкциялық шаралардың толықтай алынуын талап етті. Бірақ біз оған көнген жоқпыз», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол АҚШ-тың алдағы уақытта  Солтүстік Кореядағы  ядролық нысандарға тексеру жүргізіп, көз жеткізуге  тырысатынын, әйтсе де келісім жасалмағанына қарамастан кездесудің  пайдалы  болғанын, тараптардың  өз пікірлерінде тарасқанын, Ким Чен Ынмен  алдағы уқытта да достық қатынаста болатынын  айтты.

Қызық болғанда,  биылғы 2019 жылдың 30 маусы­мын­да  Дональд Трамп пен Ким Чен Ын үшінші рет  Солтүстік және Оңтүстік Кореялардың демилитариза­цияланған  шекарасында кездесіп, бір-біріне жылы шырай мен ықылас танытты. Екі жақ тағы да  алдағы кезеңде жоғары деңгейдегі келіссөздердің жалғасатынына үміт білдірді.

Осы сияқты,  кешегі 9 тамызда Д.Трамп  Ким Чен Ын­нан үш беттік  жақсы мазмұндағы хат алғанын хабарлады. Осыған қарағанда  кезекті  АҚШ-КХДР саммиті болатын  тәрізді.

Солтүстік Кореяның дүркін-дүркін жүргізіп жатқан сынықтарына қатысты  Дональд Трамп: «Ким екеуміздің арамызда  қысқа қашықтыққа арналған зымырандар жайы  сөз болған емес», – деп өзін және басқаларды жұбатқандай болды. Бірақ та саяси сарапшылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2006 жылы КХДР-ға  баллистикалық зымырандардың  барлық түрлерін  сынаудан бас тарту  талабын қойғанын еске салады.

Осы ретте тамыздың басында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жабық есік жағдайында  Солтүстік Кореяның зымыран­дарды сынау  ісін талқылап,  онда  Ұлыбритания, Германия және Франция  Пхеньянды  сынақтарды тоқтату және  АҚШ-пен  келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды және КХДР ядролық-зымырандық бағдарламасы тоқтатылмайынша санкциялық шаралардың  күшінде қала беретінен ескертті. Бұдан  Солтүстік  Кореяға  жалғыз АҚШ емес, Ұлыбритания, Германия және Франция   сияқты  жетекші елдер  тарапынан да қатты қысым бар екенін аңғарамыз.

Қазіргі таңда  Вашингтон мен Пхеньянның  диалогы төңірегінде  саяси сарапшылар тарапынан әрқилы  пікірлер мен болжамдар айтылуда. Біреулер: «бұлар түптің-түбінде келісім жасасады» десе, екінші  біреулер «келіссөздер ұзаққа созылады», – дейді.  Өйткені, Ақ үй бұрынғысынша   КХДР-дың   ядролық қарулардан  толықтай   бас тартуды талап етсе, ал  Ким Чен Ын  АҚШ жағынан сенімді кепілдіктің болатынына сенбейді.

Сонымен, «Құрама  Штаттарды  Солтүстік Кореямен диалог пен келіссөз жүргізуге  мәжбүрлеп отырған қандай күш-құдірет?» дейтін сауалға қайта оралатын болсақ, бұған саяси сарапшылар мен әскери мамандар: «Бір ғана күш-құдірет – КХДР аса қуатты заманауи  ядролық бомбалары мен  континентаралық баллистикалық зымырандары, – дейді. – Ол қарулар  түбегейлі жойылған бойда Вашингтон  Пхеньяннан сырт айналып шыға келеді».

Екінші жағынан кей сарапшылар айтып жүрген: «Азулы Америка алақандай Кореяны әлдеқашан  соққылап, Ирак билеушісі Саддам Хусейн  мен  Ливия көшбасшысы Муаммар Каддафи секілді   Ким Чен Ынды тақтан тайдырар еді. Бірақ та  Ресей мен Қытайға қарайлайды», – деген пікірдің де жаны бар.

Осының дәлеліндей,   қытайлық  «Глобал Таймс» басылымы  кезінде  Пекиннің:  «Егер де АҚШ  пен Оңтүстік Корея  алғаш болып соққы жасап, Солтүстік Кореядағы билікті  құлатуға  күш салып, түбектегі жағдайды өзгертуге ұмтылатын болса, онда біз қарап қалмаймыз. Ал керісінше  шабуылды Пхеньян  бастап, американ жеріне қауіп төндірген жағдайда, бейтараптық танытамыз», – деген мәлімдемесін жеткізген болатын.

Сондай-ақ, мәлімдемеде: «Қалай болғанда да  Қытай  ядролық қарудың жұмсалуына, Корей түбегінде соғыс өртінің тұтануына  қарсы. Және де әскери қақтығысты тудырушы ешбір тарапты  қолдамайды. Вашингтон мен Пхеньян  ұстамдылық танытулары тиіс. Корей түбегі  – талай елдің стратегиялық мүдделері тоғысып  жатқан жер. Мұнда ешкімнің де  үстемдігі  болмауы керек», – делінген.

Енді бір  саясаттанушылардың  пайымдауы: «АҚШ-тың сыртқы саясатын  жалғыз Трамп айқындамайды. Оның артында  Конгресс, Әскери-өнеркәсіптік  кешен, тағы басқа да ықпалды күштер  тұр.  Америка элитасы  әлемді билеп-төстегісі келетін өркөкірек те үстем пиғылдан әлі арыла қойған жоқ», – дегенге саяды.

Солай шығар деп иланайын десе, мынадай кері уәждер көлденең тұрады.  Д.Трамптың  президенттік қызметке  кіріскен сәтте: «АҚШ-тың бұдан былайғы сыртқы саясаты  күш қолдану  емес,  дипломатиялық әдістер арқылы жүргізіледі» деген болатын. Оған қоса,  Ханой  саммитінен кейін Мемлекеттік хатшы Майкл Пампео: «Трамп  Киммен  келісімге қол қоймау жөніндегі шешімді  ешкіммен ақылдаспай өзі қабылдады», – деді емес пе?

Қалай десек те,  қулығына құрық бойламайтын Құрама Штаттардың саясаты біз ойлағаннан  әлдеқайда терең. Әзірге өз дегені болмаса  Солтүстік Корея да  зымы­рандарын зыр ұшырып, райынан қайтар емес.

Айтпақшы, ядролық қару дегеннен еске түседі. Кейбір отаншыл патриоттарымыз: «Біздің Қазақстан да ядролық қарудан бас тартып, асығыстық жасамағанда Америкадан бастап, алдыңғы қатардағы мықты елдер бізбен санасып, қарым-қатынас жасар еді. Кезінде Ливия революциясының көсемі Муаммар Каддафи президентімізге ядролық қаруды бермеңіз, ол мұсылман әлеміне керек. Қажет болса, оның шығынын біз көтереміз деп жасырын хат жолдаған», – деп қорғанысымызға қатысты бір  әңгіменің шетіп шығарып қояды.

Түбі қайырлы болғай. Қазір  қарулымен, күштімен санасқан заман ғой.

Әшірбек АМАНГЕЛДІ, «Алматы ақшамы»

Орта Азия және әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

Published

on

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақы­тыңыздың тығыздығына қара­мастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін риза­шылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондық­тан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды?

– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мей­рамымен құттықтаймын!

2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайладық. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасты. Былтыр 700-ге жуық ауыл әкімі сайланды.

Біз әділ және бәсекелі экономика жүйесін құруға кірістік. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарымен мықтап айналыстық. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол­дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағ­дайында жұмыс істейтін азамат­тар үшін арнайы төлемақы енгі­зіл­ді. Табиғатты қорғауға жауапты ме­ке­мелердің қызметкерлеріне олар­дың өмірі мен денсаулығына төне­тін қауіп-қатерге қатысты үстеме­ақы төленетін болды. Медицина қыз­мет­керлерінің, мектепте, колледж­де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды.

Осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасады. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл – айрықша маңызды жыл болмақ. Өйткені осы кезең еліміздің алдағы бес жылдағы дамуына негіз болады.

Сұхбаттың жалғасын толық оқу үшін сайтқа өтіңіз.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

“Mecenat.kz” әдеби байқауының III мауысымына романдарды қабылдау басталды

Published

on

“Mecenat.kz” әдеби байқауының III мауысымына романдарды қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14-сәуіріне дейін жалғасады.

“Mecenat.kz” әдеби байқауы ІІІ маусымын ашық деп жариялап, өтінімдерді қабылдауды бастады. Қазақстан туралы қазақ немесе орыс тілінде жазылған шығармалар қабылданады. Байқауға қатысатын романның көлемі – бос орындармен есептегенде 150 000 белгіден бастап, 300 000 белгіге дейін болуы шарт. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14-Сәуір күні, сағат 15:00-де (Астана уақытымен) аяқталады.

Байқау ережесіне басқа да өзгерістер енгізілген. Байқауға қатысушы өтінімді дұрыс, талапқа сай қылып ұсынуы тиіс екенін, өтінімде қандайда бір қателік болса, қатысушы өзі жауап беретінін ұйымдастырушылар ескертеді. Байқаудың ережелеріне сай келмейтін, ережені бұзған қолжазбалар байқаудың кез-келген кезеңінде шеттетіледі.

Байқаудың жалғыз жеңімпазы болады және ол өмір бойына айына 500 АҚШ долларын алып отырады.

Байқау шарттарымен https://mecenatkz.com/ сайтынан таныса аласыздар!

Идея авторы және жобаның ұйымдастырушысы
Ерлан Асқарбеков
Жоба меценаты – қазақстандық финансист Тимур Турлов

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қазақстан мен Моңғолия Президенттері келіссөз жүргізді

Published

on

20 қыркүйек, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізді.

Келіссөз барысында:

✔️Мемлекет басшылары Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тығыз әрі дәстүрлі достық қарым-қатынасты атап өтті.

✔️Президенттер екіжақты байланыстарды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін кеңейту мүмкіндігіне назар аударды.

✔️Сауда-экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырып, Қазақстан мен Моңғолияның Іскерлік кеңесін құру қажет екенін айтты.

Кездесу соңында президенттер жақын арада бір-бірінің еліне сапармен бару мүмкіндігін талқылады.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Бүркіт Нұрасыл. Алаш зиялыларының ізі қалған Ресей

Published

on

Жуықта «Qyr balasy» қоғамдық қоры мен Әлихан Бөкейхан Алаш ғылыми зерттеу институтының жас зерттеушілерінен құралған ғалымдар тобы Ресей еліне «Алаш жолымен» деп аталатын ғылыми-танымдық экспедицияға барып келгені белгілі. Екі кезеңнен тұратын бұл сапарда экспедиция мүшелері Мәскеу, Қазан, Уфа, Петербор, Рязан бағытында жүріп өтті. Бас-аяғы тура бір айға созылған бұл жорықта зерттеушілер Ресей мұрағаттарындағы көне құжаттарды ақтарып, Алаш тарихына қатысты сирек қолжазбалар қоры мен ескі газет-журналдармен танысты.

Айтпақшы, соған сәйкес осымен жетінші мәрте өткізіліп отырған экспедицияның сүйінші жаңалықтары да аз емес. Үш топ­қа бөлініп ізденген зерттеушілеріміз мол деректер мен бұрын-соңды еш жерде кездеспеген тың мәліметтерге қол жеткізіп қайтты.

Алаш мұрасын түгендеу мақсатында жолға шыққан халықаралық экспедиция мүшелері алғашқы сапарын Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мен оның шәкірті Нығмет Нұрмақұлы жерленген атақты Дон зиратынан бастады. Донское көшесінде (Мәскеудің оңтүстік батыс жағы) орналасқан бұл қабірстан кезінде монастыр (Дон монастыры) қызметін атқарыпты. Кейіннен жалпы зиратқа айналдырылған. Жалпы аумағы 13 гектар жерді алып жатқан Дон қабірстаны екіге бөлінеді: ескі бөлігі 1591 жылдардан бастау алатын көне зират болса, Дон қорымы деп аталатын екінші бөлігі ХХ ғасырдың басында пайда болған екен. Біз бетке алған «Бауырластар зираты» қорымның осы жаңа бөлігінде жатыр. Айтпақшы, бұл орынға бірінші болып сол кездегі (1910 жылы) Дума спикері болған С. Муромцев жерленген екен.

Алаш арысы, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан мен оның адал шәкірті Нығмет Нұрмақұлы жерленген жер. Екеуі де 1937 жылдың 27 қыркүйегінде осы қорым аумағында ату жазасына кесілген. Артынша қос арыстың сүйегі өртеліп, күлі дәл осы жерге көмілген.

Қазақ халқының тұңғыш президенті, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы мен оның адал серіктерінің бірі Нығмет Нұрмақұлының рухына құран бағыштап, дұға қылдық.

Ескерткіш тақтадан бұл жерде 39 мың адам жерленгенін оқып білдік. Нақты айтар болсақ, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлынан бөлек мұндағы белгітастардан грузин-совет қайраткері Авель Енукидзе, Совет одағының алғашқы бес маршалының біреуі Михаил Тухачевский, армия қолбасшысы Август Корк, сол кездегі әскери корпусты басқарған Роберт Эйдеман, тәжік халқының ұлы көсемі Шотемор Шириншо секілді тұлғалардың есімдерін оқуға болады.

«Бұл жерде бірінші репрессия құрбандары жатыр. Бұл – ұстаз бен шәкірт жерленген қасиетті жер. Яғни әр ұлт өкілдері жатқан бауырластар зираты болып саналады. Қарап тұрсаңыз татар, тәжік, қырғыз, молдаваннан бар яғни күллі ұлт өкілдерінің маңдайалды тұлғалары жатқан жер. Атып өлтіргеннен кейін денесін өртеп, күлін осы жерге төге берген», – дейді экспедициямыздың жетекшісі, белгілі алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай. Жетекшіміздің айтуынша, осы Дон қорымында мұндай Бауырластар зиратының тоғызы бар көрінеді.

Түстен кейін Мәскеудің келесі бөлігінде жатқан Новодевичье зиратына бардық. Ресейдің ұлы тұлғалары, басшылары, зиялылары жерленген тарихи орын саналады. Н. Хрущев, М. Горбачев, Б. Ельцин секілді КСРО билеушілері тура осы зиратқа қойылған екен. Сонымен қатар бұл қабірстанда Әлихан Бөкейханның қызы Елизавета Әлиханқызы Сәдуақасова жерленген.

Зейнеп Садуақасова – қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі. Медицина ғылымдарының докторы, профессор атанған ұлы тұлға. Зейнеп Әлиханқызы – Смағұл Сәдуақасұлының жары болғаны белгілі. Жалғыз ұлы Ескендір Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған соң өзі сұранып, майданға аттанады. Солтүстік-Батыс майданында дәрігерлік қызмет атқарған. Майданға лейтенант деген шенмен аттанып, майор деген атақпен оралады. Яғни Зейнеп Садуақасова анамыз әскери медицина саласындағы тұңғыш майор әйел саналады.

Сонымен қатар бұл қорымда Қазақ халқының 1000 әні мен 500 күйін хатқа түсіріп кеткен Александр Затаевичтың жерленгенін естіп білдік. Қазақ өркениетіне үлкен үлес қосқан композитордың басына домбыра шертіп отырған қазақ бедерленген ақ тас қойылыпты.

Айтпақшы, кезіндегі одақ кинематографиясының аңызы атанған Юрий Никулин де осы жерден тыныштық тауыпты.

Тарихи деректерге сүйенсек, Новодевичье зираты да өз заманында ғибадатхана қызметін атқарған екен. Қорымның дәл ортасында тұрған Новодевичье монастырының іргесі 1524 жылы қаланыпты. Тек 1904 жылдан бастап зират ретінде қайта есепке алынып, адам жерлене бастаған. Үш бөліктен тұратын тарихи зираттың жалпы аумағы 7,5 гектарды құрайды. Мұнда да 26 мыңға жуық адам жерленген деседі. Олардың басым бөлігі репрессия құрбандары.

«Коммунарка» қабірстаны

«Қыр балаларының» арнайы барып, тағзым еткен тағы бір орны – «Коммунарка» қабірстаны болды. Бұл да сол Мәскеудегі жаппай сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген қанды орындардың бірі.

Аталмыш зиратта 1937-1941 жылдар ара­лы­ғындағы ұлы зұлмат құрбандары жерленген. НКВД-ға тиесілі аумақ болғандықтан бұл қорым 1999 жылға дейін жабық орын болып келді. Карталар мен іс-құжаттарында зират аумағы құпия шифрмен көрсетіліп келген екен. Қорымда 6,5 мың адамның сүйегі жатыр, алайда олардың ішінде 4 жарым мыңнан астамының ғана аты-жөні белгілі көрінеді.

Бұл жерде Тұрар Рысқұл, Нәзір Төреқұл, Сұлтанбек Қожанұлы, Ғазымбек Бірімжан, қазақтан шыққан алғашқы инженерлердің бірі Зияда Әбен сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері жерленген.

Жас зерттеуші Данияр Ихсан қазақтан шыққан тұңғыш агрономдарының бірі Ғазымбек Бірімжанның туған ауылынан (Торғай даласы) бір уыс топырақ ала келген екен. Құран оқып, бет сипамастан бұрын сонау Торғай даласынан келген сол бір уыс топырақты тас белгіні айналдыра төгіп шықтық. Туған жерінен топырақ бұйырмаса да өз ауылының шаңын иіскеп жатсын деген ниет қой ол да. «Туған жердің топырағы да ыстық…» демейтін бе еді атам қазақ.

Бұл экспедициямыздың екінші күні еді.

Ваганьков қорымы

Айтпақшы сол күні түстен кейін Мәскеудің басқа бөлігіндегі тағы бір қабірстанға барып, сол жерден топырақ бұйырған Алаш арыстарына тағзым жасадық. Құран оқып, бет сипадық. Ол – Ваганьков қорымы деп аталатын тарихи орын еді. Бұл жерде Жүсіпбек Аймауытұлы, Халел Ғаббасұлы, Ахметсапа Жүсіп, Хайретдин Болғанбай, Дінмұхамед Әділұлы, Әбдірахман Мұңайтпасұлы, Дамолла Битілеуұлы, Ғани Мұратбаев сынды Алаш ардақтылары жатыр.

Өкінішке қарай, Ваганьков қорымында жатқан бұл Алаш арыстарының орны әлі анықталған жоқ (Ғани Мұратбаевтан басқасы). Сол себепті қорымның кіреберісіндегі репрессия құрбандарына арнап қойылған жалғыз мемориал ескерткіштің түбіне барып тәу еттік. Мемориалда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына мәңгілік естелік. 1927-1937 жж.» деген жазу жазылыпты. Тас белгінің өзі 1994 жылы 3 маусымда қойылыпты.

Тас белгінің түбіне Қыр баласы ҚҚ Керекудегі филиал жетекшісі Айнұр Бағланқызы қарындасымыз Жүсіпбек Аймауытұлының туған ауылы Баянауылдан ала келген бір уыс топырағын шашты.

Ваганьков қабірстаны – Мәскеудегі ең үлкен әрі ең танымал қорымдардың бірі. Алғашында (1771 жылы) бұл жерде обадан қайтыс болғандар жерленіпті. Жалпы аумағы 48 гектар жерді алып жатқан бұл зиратта жарты миллионнан астам адам жатыр (!).

Ресей архивтерін түгендеген 15 адамнан құралған бұл экс­пе­­­дицияның жұмысы бір айға ұласқанын басында айтып өттік. Абырой болғанда соған сәйкес экспедициямыздың сүйінші жаңалықтары да аз емес. Бас-аяғы үш топ­ болып ізденген зерттеушілеріміз мол деректер қоры мен бұрын-соңды еш жерде кездеспеген тың мәліметтерге қол жеткізді деуге болады.

Мәскеудің іргесіндегі Химки қаласындағы газет-журналдар және сирек қолжазбалар кітапханасы.

Бұл жерде ХХ ғасыр басында Қазақ даласында шығып тұрған газет-журналдар сақталған. Таңның атысы, күннің батысы демей еңбектенген зерттеушілер бұл жерден «Бостан­дық туы», «Ауыл», «Сарыарқа», «Ауыл тілі», «Кедей сөзі» секілді газет-журналдардың бұрын табылмаған нөмір­лерін тауып, сканер­леп алғанын айту керек. Расы керек, бұлардың барлығы да Қазақстанның ешбір мұрағатында жоқ дүниелер.

Екінші топ та Мәскеу мұрағаттарының біразын сүзіп шыққан еді. Нәтижесінде қазақ қа­ламгерлерінің ұзын-саны бес жүзден астам кітабының шифры мен қосымша ақпараты алынып, 50-ге жуық кітаптың электронды нұс­қасы әзірленді. Айтпақшы бұл топтың Алаш жұртынан сүйінші сұрайтындай мол олжасы бар екенін айта кету керек. Ол – белгілі ұстаз, ақын, журналист, аудармашы Сейітбаттал Мұстафаұлының «Зуфнун» атты романы болатын.

Бұлардың барлығы да институттың Алаш кітапханасы сериясымен жа­рық көретін еңбектерінде кәдеге жа­райды. Сонымен бірге бұл еңбектер «Алаштың 100 оқулығы» жобасы аясында жа­рық­қа шығатын болады.

Алаш мұрасын түгендеп жолға шыққан экспедицияның жетекші құрамы (үшінші топ) Қазан, Уфа, Рязан, Петербор қалаларындағы ГАРФ, РГАСПИ, СПбГИА, МГЦА, ГАМО, РГАНИ, РГАЛИ, РАТ, НАБ архив қорларын түгендеп шықты. Бұл сапарда Алаш арыс­тары білім алған, қызмет еткен, жер­ленген т.б. жерлер анықталып, олар­ға ескерткіш тақта, белгітас ор­нату мәселесі пысықталғанын айта кету керек.

Татарстан астанасы Қазан қаласы

Алғашқы күні Татарстан ұлттық кітапханасына бас сұғып, сирек қолжазбалар қорымен меморандумға қол жеткіздік.

Ағартушы-философ Шаһабуддин Маржани, белгілі ақын Ғабдулла Тоқай, атақты суретші Баки Орманшы сынды Татар халқының маңдайына біткен жарық жұлдыздары мәңгілік мекен тапқан тарихи зиратқа барып құран бағыштадық. Айтпақшы бұл қабырстанда Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Уәлихан Танашұлы жерленген.

Арыстардың рухына фатиха!

Түстен кейін Кенжеғали Ғабдоллаұлы, Сабыр Ғаббасұлы, Ғабдулғазиз Мұсағалиұлы сынды ұлт зиялылары білім алған атақты «Мухамедия» медресесіне кіріп шықтық. Сонымен қатар Шағабуддин Маржани, Апанаев, Галиев секілді тарихи медреселерге барып, сонда оқыған Алаш тұлғалары туралы деректер жинадық. Белгітас қою мәселесін ақылдастық.

«Тірілердің қадірін біл, өлгеннің қабірін біл!» (Татар мақалы)

Уфа сапары

Башқұрт елінің астанасы Уфадағы екі күнге созылған бұл сапарда да біршама маңызды кездесулер болды. Башқұртстан ұлттық кітапханасына бас сұғып, сирек қолжазбалар қорымен ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткіздік. Осылайша алдағы уақытта Әлихан Бөкейхан институтының ғылыми қызметкерлеріне Уфа қаласында білім алған қазақ зиялылары туралы деректер мен жарық көрген кітаптар, мерзімді басылымдармен ешкедергісіз танысып, зерттеуге зор мүмкіндік туып отыр.

Сонымен Уфа қаласындағы атақты «Ғалия» медресесін көру бақыты бұйырды. Өз заманының әл-Азһары атанған бұл оқу ордасында Мағжан Жұмабайұлы, Біләл Сүлейұлы, Мұстақым Малдыбайұлы сынды Алаш зиялылары білім алған…

Рязан жазбалары…

Жат жерден топырақ бұйырған бабаларымыз аз емес. Солардың бірі – Жәнібек ханның ұрпағы Ораз Мұхамед сұлтан еді. Ораз Мұхамед бабамыз атақты Ока (түпкі атауы Оқа болар деп топшыладық) өзенінің бойындағы Қасым хандығын (Хан кермен) он жыл билеген үлкен тұлға.

Қасым хандығының он бірінші ханы болған Ораз Мұхамедтің тағдыры өте аянышты. 1588 жылы ағасы Тәуекелдің тапсырмасы бойынша сенімді серігі Қадырғали Жалайыримен бірге Сібірге келеді. Сол жерде жүріп Қадырғали Жалайыри екеуі орыстардың қолына тұтқынға түседі. Бірден Мәскеуге жөнелтіледі. Мәскеу патшасы Федор оны жақсы қарсы алып, әскери қызметке алады. Ораз Мұхаммед орыс-швед, Қырым хандығына қарсы соғыстарда үлкен ерлік көрсетеді. Расында да ол қылыштасу өнерінің хас шебері болған.

Алайда Ресей патшасы Қазақ хандығы арасындағы дипломатиялық келісім кепілі деген желеумен Ораз Мұхамедті жібермей алып қалады. Осылайша патша сарайында тірі тұтқын ретінде томағалы қыранның күйін кешіп қала береді.

1600 жылы Орыс патшасы Борис Годунов Ораз Мұхамедті Қасым хандығының ханы етіп отырғызады. Өзі басқарған елдің іргесін нығайтып, туын биік етем деп ат үстінде жүрген Ораз-Мұхамед 1610 жылы қастандықпен өлтіріледі.

Небары 38 жыл ғана өмір сүрген Ораз-Мұхамед сұлтанның денесі Ока өзені бойындағы Қасымов қаласында (Рязан облысы) жерленген.

Орайы келген күні Қасым хандығын басқарған Ораз Мұхаммед пен бас уәзірі Қадырғали Жалайыри бабаларымыздың кесенесіне барып, тағзым жасап қайттық.

Өкініштісі, Ораз-Мұхаммед сұлтан билеген Қасым хандығынан жұрнақ та қалмаған екен. Тек сол дәуірде іргесі қаланған ақ мешіт пен Сүйінбике анамыз бен Шаһали ханның кесенесі ғана сақталыпты. Ажары қашып, базары тарқаған ескі орданың орнында тұрып дұға қылдық. Жаратушыдан «түркі жұртының басына енді мұндай тағдыр жаза көрмеші» деп жалбарындық.

Петербор сапары да нәтижесіз емес…

Бұл сапарымызда да болашақта РҰК, СПбМОА, РМКФА, РФӨМА қорларымен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігіне қол жеткіздік деуге болады.

Жалпы Санкт-Петербург – Алаш ардақтыларының ізі қалған, қызмет құт мекен саналады. Бұл жерде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлы Императорлық орман институтын тәмамдады. Осы қаладағы әскери медицина академиясында Санжар Асфендиярұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы жол-көлік қатынас университетінде білім алды. Сол секілді Санкт-Петербург университетiнiң заң факультетiнде Жиһанша Сейдәліұлы, Жақып Ақбайұлы, Барлыбек Сырттанұлы, Райымжан Мәрсекұлы, Сәлімгерей Жантөреұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы сынды қайраткерлеріміз білім алғанын айта кету керек.

Ақжолтай жаңалық

«Qyr balasy» қоғамдық қоры мен Әлихан Бөкейхан Алаш ғылыми зерттеу институты ұйымдастырған халықаралық «Алаш жолымен: Ресей бағыты» экспедициясының толық қорытындысы Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында жарияланды.

Ақжолтай жаңалықты экспедиция жетекшісі Елдос Тоқтарбай фейсбук парақшасында бөліскен еді. Алаштанушы ғалым әлеуметтік желідегі жазбасында экспедицияның бір айлық кезеңдегі атқарған жұмыстарына тоқталып, Алаш қайраткерлерінің еңбектері табылғанын атап өткен.

Экспедицияның 1,2,3 тобының бір айлық (тамыз, 2023) жалпы жұмысында алаш мұрасына қатысты барлығы 510 кітаптың шифры мен қосымша ақпараты көрсетілген библиографиялық көрсеткішін жинақтады. Соның ішінде аса керекті 50-ге жуық кітаптың түпнұсқасын қарап, электронды (pdf) нұсқада әзірледік. Зерттеу мен зерделеу барысында 40 бұрын-соңды жарық көрмеген, ескі қаріптен қазіргі қаріпке түспеген кітап екені анықталды. Мысалы,

Сейітбаттал Мұстафаұлының «Зуфнун» романы,

Садуақас Шорманұлы «Аушы»,

С. Аманжолұлы «Тәлім-тәрбие»,

Сәлкен Балаубайұлы «Мектеп группаларын кәмплектеу»,

Мәннан Тұрғанбайұлы «Бөтен сөз әдісімен танысу»,

Жұмахан Күдеріұлы «Өсімдіктану» (Тәжірибелік нұсқаулық) тағы басқа кітаптары бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген.

«Бірлік туы», «Бостандық туы», «Ауыл», «Сарыарқа», «Ауыл тілі», «Кедей сөзі» т.б. қазақ басылымдарының еліміздегі сирек қорларда сақталмаған нөмерлері анықталып, тұтас нөмері сканерленді. Енді институт ұжымы осы басылымдарды арнайы жинақ ретінде шығарады.

Тел Жаманмұрынұлы, Аққағаз Досжанқызы, Нығмет Нұрмақұлы, Зүпнұн Нұрмақ келіні, Нұқ Рамазанұлы, Біләл Сүлейұлы, Ғазымбек Бірімжанұлы бастаған қазақ оқығандарының 100-ге жуық делосы табылып, фотосуреттері мен сот, тергеу құжаттары, оқу-ағарту, қоғамдық-саяси қызметіне қатысты жаңа деректер қолға түсті.

Қазан, Уфа, Петербор, Химки, Псков, Переделкино, Мәскеу сирек қор, кітапхана және ГАРФ, РГАСПИ, СПбГИА, МГЦА, ГАМО, РГАНИ, РГАЛИ, РАТ, НАБ архив қорларымен нәтижелі жұмыс қылдық. Институтымыздың жас зерттеушілері үлкен тәжірибе жинап, ғылыми шыңдалу мектебінен өтті.

Сондай-ақ, Қазан, Уфа, Петербор, Мәскеудегі Алаш тұлғаларына қатысты тарихи жерлер анықталып, РФ ҚР Елшілігі мен қор, институтымыз бірлесіп, ескерткіш тақта, белгітас орнату турасында келісім жасалды.

Экспедиция барысында табылған құжаттар институт пен қор сайтына орналастырылады”, деп жазған ол өзінің фейсбук парақшасында.

Елдос Тоқтарбайдың айтуынша, жоқ іздеу – өте сауапты іс.

Әлихан Бөкейхан – ұлтымыздың маңдайына біткен тұлғасы, қазақтың ұлт азаттық жолында шахид кеткен, мемлекет құру жолында бірге күрескен кейбір замандастары қиындық туған сәтте өзге мемлекеттерге тым-тырақай қашып жатқанда, туған халқына берген сертінен танбай, жігіттің сөзінде тұрып, жетпіс жасында құрбан болған ұлы тұлғамыз ғой. Осыдан алты жыл бұрын, 2017 жылы бесінші желтоқсан күні Алаш орданың жүз жылдығы аясында республикалық «Qyr balasy» қоғамдық қорын құрған едік. Сол қоғамдық қорды құрған кезде Заңғар Кәрімхан, Ұшқын Сайдырахман, Еркін Ерланұлы, Бүркіт Нұрасыл сынды төрт-бес-ақ жігіт едік. Бүгінде сол Алаш мұрасын түгендеуді мансұқ еткен «Қыр балаларының» саны 378 адамға ұлғайып отыр.

Өздеріңіз білесіздер, «Қыр баласы» Әлихан атамыздың туған елге, даласына деген сағыныштан туған әдеби есімі еді. Себебі Әлихан Бөкейханұлы 1907 жылдан бастап қазақ даласында тұру құқынан айырылды. Осы себепті ол Ресейдің Омбы, Орынбор, Мәскеу, Петербор сынды қалаларында тұруға мәжбүр болды. Біз осы экспедиция барысында ұлт көсемінің ізі қалған қалалардың барлығын да жүріп өттік. Бұған дейін де Омбы, Орынбор, Во­ро­неж қалаларына барып, архив қо­­­рында жұмыс істеген едік. Бұл осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған экспедиция.

Осы жылдар ішінде қаншама шәкірттеріміз тәрбиеленіп шықты. «Qyr balasy» қоғамдық қоры мен Әлихан Бөкейхан Алаш ғылыми зерттеу институтының жанынан академиялық курстар ұйымдастырылды. Жас ғалымдарға ескі жазуларды үйреткен едік. Ұстаздарымыз осман, төте, шағатай, қадым жазуларын үйретті. Сонымен қатар архивпен жұмыс істеу, ғылыммен айналысу әдістемелері секілді дәрістер ұйымдастырылды. Міне соның нәтижесін көріп отырмыз. Шәкірттеріміз архивте өздерін жақсы жағынан көрсетті. Ескі құжаттарды ақтаруда алдарына жан салған жоқ.

Жалпы жоқ іздеу – өте сауапты іс. VII халықаралық «Алаш жолымен»(Ресей бағыты) ғылыми-танымдық экспедициясын сәтті де нәтижелі жүзеге асырып, аман-есен елге жеттік. Бір ай үй қарасын көрмеппіз. Осы экспедициялық жобаға жетінші рет жетекші болдым. Қасиетті сан!

Бір сәтке тоқтап, аялдауға уақыт жоқ!

Алдымызда ұлы жол, өтелмеген парыз, мойнымызда ауыр аманат жүгі тұр! Аман-есен болсақ, күзде тарихи Қазан шәріне барып қайтсақ деп жоспарлап отырмыз. Алла сәтін салса, алдағы уақытта «Алаш жолымен» халықаралық экспедиция жобасы Еуропа, Моңғолия, Түркия, Жапония мемлекеттерінде жалғасады деп жоспарлап отырмыз», – дейді «Qyr balasy» қоғамдық қорының негізін салушы Елдос Тоқтарбай.

Мәдениет порталы

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек5 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек7 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек8 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек12 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда