Connect with us

Published

on

Индонезия астанасы Жакарта қаласында XVIII Жазғы Азия ойындарында өз өнерін сәтті көрсеткен Бұлбұл Муратқызы “Өдөр бүр өөр” бағдаламасында қонақта болды.

Спорт

Серік Бердімұратұлы самбодан -100 келіде ел чемпионы атанды

Published

on

Photo: Mongolian Sambo Federation

KAZNEWS – Улаанбаатар қаласында самбодан ересектер арасында Моңғолия біріншілігі аяқталды.
Екі күнге жалғасқан сайыста ерлер мен әйелдер барлығы он салмақ дәрежесінде жарыстың жеңімпаздарын анықтады.

Ел біріншілігінде Серік Бердімұратұлы -100 келі салмақта өнер көрсетіп, өз салмағында қарсыластарының барлығынан басым түсіп, 2019 жылғы ел чемпионы атанды.

Сонымен қатар -100 келі салмақта күміс жүлдені “Хилчин” спорт клубының спортшысы Г.Түвшинжаргал, қола жүлдені “Сүлд” спорт клубының спортшысы Б.Түвшинтөгс, “Хилчин” спорт клубының спортшысы  Д.Цэрэнням иеленді.

Естеріңізге сала кетсек, Серік Бердімұратұлы самбодан ересектер арасында үшінші рет ел чемпионы атанып отыр. Ол, бұған дейін 2014, 2017 жылы чемпион болған.

Continue Reading

Спорт

SPS Еркебулан Малшыұлының өнерін бағалады

Published

on

Photo: MNB

SPS телеарнасы Моңғолияның жаңа Негізгі заңына 27 жыл толуына орай ұйымдастырылған Ұлттық күресте көрермен көзайымы болған белдесулерді анықтады.

Үздік ондыққа өзінің ерекше күрес мәнерімен аймақтық арыстан Еркебулан Малшыұлы ілінген.

Continue Reading

Спорт

Серік Бердімұратұлы дзюдодан ел чемпионы атанды

Published

on

By

KAZNEWS – Сэлэнгэ аймағының Сүхбаатар қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдо күресінен өткен Моңғолия чемпионатының екінші күнгі жарысы аяқталды. Дүбірлі додада -100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен марапатталды.
Осылайша, ол Баян-Өлгий спорт тарихында алғаш рет дзюдодан ересектер арасында Ел чемпионы атанды.
Серік Бердімұратұлы жартылай финалда 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабагана-нан басым түсіп, финалдық кездесуде қарсыласы Д.Цэрэннямды аяқтан іліп шалу əдісі бойынша вазари ұпайымен жеңді.
Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы 2014 жылы дәл осы салмақта ел біріншілігінің күміс жүлдесінe, 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын.

Continue Reading

Өзекті