Connect with us

Мен кәсіпкермін

Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы

Published

on

Ұлан-Баторда тұратын ұшқыш Әуез Таштуанұлы дүниежүзіндегі ең ірі ұшақтардын бірін басқарады. 33 жылдық тәжірибесі бар маман Азаттықпен сұхбаттасып, авиация саласының қыр-сырымен бөліскен.
Этникалық қазақтарының көпшілігі мал және ауыл шаруашылығымен шұғылданатын Моңғолияда авиация саласына еңбек сіңірген онға жуық қазақ бар. Олардың төртеуі – бір әулеттен шыққан. Таштуан әулетінен шыққан төрт ұшқыштың бірі – 55 жастағы Әуез Таштуанұлының айтуынша, оның бұл мамандықты таңдауына әкесі Таштуан Төтейұлы және ағайын туысы Жайсанып Мүдәрісұлы себеп болған. Соңғы аталған екі азамат Моңғолияның авиация және әскери әуе күштерінде ұзақ жыл қызмет еткен.
АН-2 мен BOEING
MIAT Mongolian Airlines компаниясының ұшқышы, экипаж командирі Әуез Таштуанұлы Омбы азаматтық авиациялық ұшу-техникалық колледжін, Кировоград жоғары ұшу академиясын тәмамдаған. 1985 жылдан бері Моңғолияның авиация саласында қызмет ете бастаған.
– Моңғолияның 18 аймағының бірі – Арханғай деген аймағы бар. Оқуды бітіріп келіп, сол жаққа бөлініп, АН-2 ұшағының екінші ұшқышы болдым. Одан кейін капитан болдым. Екі-үш жыл сол АН-2 ұшағын, одан кейін 2000 жылға дейін АН-24 ұшағын басқардым. 2000 жылдан бастап Франция, Германия, Италия бірігіп құрастырған Airbus 310 ұшағымен ұштым. 2010 жылдан бастап, MIAT Mongolian Airlines компаниясы Аirbus-тың орнына Boeing ұшақтарын сатып алып, ұшыра бастады. Boeing 767-300 деген ұшақ болды. Сол ұшақтың алғашқы экипажы болып мен ұштым. Содан бері бүгінге дейін осы ұшақта ұшып келем, – дейді Әуез Таштуанұлы.

Әуез Таштуанұлы ұшақ бортында.
Оның айтуынша, соңғы айтылған Boeing 767-300 ұшағы әлемдегі ең ірі ұшақтардың қатарына кіреді. Оған экипаж мүшелерін есептемегенде 278 адам сияды. Әуе көлігі 10-11 мың метр биікке көтеріліп, 13-14 сағат қонбай ұша алады.
МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫС
Әуез Таштуанұлының айтуынша, қыста ірі ұшақтар үшін рейс өте аз болады. Өйткені Моңғолияға баратын туристер саны азаяды. Ал жазда керісінше, жұмыс көбейеді. Мұндай кезде ұшқыш «аптасына төрт-бес рет ұшады».
Ал маусымдық жұмыс кезіндегі кемшіліктерді толтыру үшін моңғолиялық әуе компаниясы ұшақты өзге компанияларға жалға беріп, лизингпен жұмыс істей бастайды. Бұл – Әуез Ташутанұлы үшін дүниежүзінің түкпір-түкпірін аралап, әуе көлігімен алысқа жолаушы таситын мезгіл.
АҚШ-қа ұшу өте қиын болады. Өте көп оқу керек. АҚШ-тың өзінің ұшу стандарты бар.
– Мысалы, өткен жылдың қараша айынан биылғы ақпанға дейін Латын Америкасы елдерінде атап айтқанда, Чили, Доминикан Республикасы, Гаити аралдары, Порт-о-Пренс аралықтарында ұштық. Былтыр Бангладештен Сауд Арабиясы, Малайзия, Сингапур, Катар, Дубай аралықтарында дәл солай жұмыс істедік. Мұндай тәжірибе ұнайды. Барған жердегі ұшқыштардың демалатын орындары, тамақтану орындары жоғары деңгейде, – дейді ол.
Ұшқыштың айтуынша, биыл Моңғолия ұшақтары тұңғыш рет Трансатлантикалық маршрутпен ұшқан. Қазір АҚШ-қа ұшатын рейс үшін дайындық жүріп жатыр.
– Ал 2020 жылдан бастап, Ұлан-Батордан Сиэтл, Лос-Анджелес, Сан-Франциско қалаларына рейстер жасау жоспарымыз бар. Ұзаққа ұшатын Boeing 787 деген ұшақ та алғалы жатырмыз. АҚШ-қа ұшу өте қиын болады. Өте көп оқу керек. АҚШ-тың өзінің ұшу стандарты бар. Біз Еуропа стандартымен жүреміз ғой, – дейді ұшқыш.
СОВЕТ МЕКТЕБІ МЕН БАТЫС СТАНДАРТЫ
Советтік авиация мектебінен шыққан Әуез Таштуанұлы ұшудың батыстық үлгісімен алғаш рет танысқан кезде көп жайтқа қаныққанын, екі жақтың ұшу философиясы тым бөлек болатынын айтады.
– Біз алғаш орыстың мектебімен оқуды тауыстық. Сонда білмей жүріп, мына Еуропаның, дүние жүзінің стандартына кіргенде «oйбу» дедік. Оқыту тәсілі бөлек. Ұшу философиясының өзі бөлек. Ресей ұшақтарынан көп авария шықты. Ол енді философияға байланысты болады екен. Біз оны сол кезде білмедік. Қауіпсіздік деген сол философияның өзі болады. Ең берісін айтайын, советтің ұшағында ұшып жүрген кезде командир құдай болды ғой. Ол жанындағы кісілердің сөзін қабылдамайтын. Содан авариялар көп болды. Еуропаның философиясына сәйкес, мен қандай үлкен командир болсам да, екінші ұшқыштың айтқанын орындаймын, егер дұрыс болса, – дейді ол.

Әуез Таштуанұлының (оң жақта) ұшақта отырған бір сәті.
Ұшқыштың айтуынша, Boeing ұшқыштары ұшақты тек алты ай ғана басқара алады. Мерзім аяқталысымен қайта сынақтан өтіп, білімдерін ұштап отырады. Ол мұндай дайындықтан бұрындары ресейлік ұшақтарды басқарғанда өтпегенін айтады.
– Адам болған соң бірнәрсені қайталап отырмаса, ұмытып қалатыны белгілі. Сол үшін оны ұмыттырмас үшін арнайы бағдарлама бойынша істейміз. Мәселен, ұшақ көтеріліп бара жатқан кезде бір двигатель істемей қалады, ұшып шыққаннан кейін бір дөңгелегі жиналмай қояды, бір дөңгелегі түспей қояды, қуат генераторлары жоқ болып қалады қалады деген сияқты әртүрлі жағдайлар бар ғой. Майамидегі (АҚШ – ред.) жаттықтыру орнында соның бәрін көріп, жаттығамыз, – дейді ұшқыш.
Оның айтуынша, Қазақстандағы ұшақтар «Батыстың ұшу философиясымен» ұшады.
АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ҚОНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Азаматтық авиация саласында ондаған жыл еңбек етіп келе жатқан Әуез Таштуанұлы ұшақта кездесетін ірілі-ұсақты ақауларға қатысты талай жағдайларды бастан өткерген. Бәрін тізіп жазса, кітапқа да сыймайтынын айтады. Оның сөзінше, әйткенмен бұрынғы ұшақтармен салыстырғанда қазіргі ұшақтар қауіпсіздеу және күрделі ақаулар өте сирек кездеседі.
Бірде ол қауіпті жағдайда Аirbus ұшағын қалай жерге аман-есен қондырғанын да баяндап берді.
Амалдап қону керек болды. Негізі екі гидравликалық жүйенің істемей қалуы өте қауіпті нәрсе.
– Ұлан-Батордан ұшып шыққанымыз сол еді, гидравликалық жүйенің екеуі істемей қалғанын білдік. Біз Берлинге ұшқан едік. Берлинге ұшу үшін жолда біз Мәскеуге түсеміз. Егер Мәскеуге баратын бензин салмағы қосылса, ұшақ өте ауыр болып, қонуға қиындық келтіреді. Мысалы, Boeing ұшақтары қайта қону үшін бензинін аспанға шашып жібереді. Шашатын арнайы аудандары болады. Ал Аirbus-та ондай жоқ. Сол үшін әрі қарай ұшуына болмайды. Амалдап қону керек болды. Негізі екі гидравликалық жүйенің істемей қалуы өте қауіпті нәрсе. Мысалы, деңгеймен есептегенде үш деңгей болып, ең қиыны үш болса, сол үшке кіреді. Гидравлика істемесе, көп нәрсе істен шығады. Ұшақтың жылдамдығын азайту қиынға соғады. Quick reference handbook деген нұсқау кітапшасы болады ұшақта. Сонда бір нәрсе жұмыс істемей қалғанда не істеу керектігі жазылған. Аirbus-тың ерекшелігі қандай да бір «отказ» шыға келсе, дисплейге «ұшақта осындай нәрсе жұмыс істемей қалды, енді мынаны істе» деп инструкция беріп отырады. Бір жағынан кітапқа сүйеніп, екінші жағынан сол инструкция көмегімен қарап отырып, ойдағыдай қона алдық. Соңынан өндірістен болған қателік екені анықталды, – дейді моңғолиялық қазақ ұшқыш.
Әуез Таштуанұлы Қазақстанға аракідік өз көлігімен келіп тұрады. Ал жергілікті ұшақтардың ұшу сапасы мен қызмет көрсетуі туралы сұрағанымызда бұрындары ескі ұшақтармен ұшқанын, қызмет көрсету сапасы ойдағыдай болмағанын, көңілінен шықпағанын айтты.
Әуез Таштуанұлының төрт баласының арасынан ұшқыш шықпаған.
– Бір балам ұшқыштар мектебіне барып, денсаулығына байланысты қайтіп келді. Қазір басқа сала бойынша оқып жатыр, – деді ол.
Таштуан әулетінде Әуезден бөлек, кенже інісі Есболат Таштуанұлы және әкесінің туған бауыры Әсет Төтейұлы да ұшқыш, экипаж капитандары.
Моңғолияда 160 мыңға жуық этникалық қазақ өмір сүреді. Бұл – мемлекет халқының бес пайыздан астамы. Оның 90 мыңы Баян-Өлгий аймағында, қалған 70 мыңы Эрдэнэт, Налайх сияқты аймақтарында шашырай қоныстанған.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Мен кәсіпкермін

Баян-Өлгий 411 тонна ет экспорттады

Published

on

By

KAZNEWS – 2017 жылы Баян-Өлгий аймағы 36 тонна қой етін, 85 тонна жылқы етін экспортқа шығарған болса, 2018 жылы ет экспорты бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Иран мен Қазақстан бізден 20 тонна жылқы етін, 391,1 тонна қой етін сатып алған. Бұл туралы аймақтық Стандарт, метрология департментінің эксперті Гүлзада Рахатқызы хабарлады.


Атап көрсетерлігі Иран мен Қазақстан нарығына моңғолияның ветеринарлық талаптары сәйкестендірілген.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, өткен жылы жалпы ішкі нарықтағы ет өндірістер ұлғайып, мал шаруашылығы саласының табысы 2,4 миллиар төгрөгке жеткен.
Сондай-ақ, шетелге қойдың және түйенің 353 тонна өңделген жүнін экспорттап, 730,0 миллион төгрөг табыс тапқан.
Естеріңізге салсақ, 2018 жылы Баян-Өлгий аймағы 2,1 миллон бас мал санатты. Бұл көрсеткіш, өткен жылғыдан 59,2 мың бас малға яғни 2,7%-ға кеміген.

Continue Reading

Мен кәсіпкермін

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Published

on

By

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты ретінде де қарастыруға болады.
Барлық домендер – .mn, .kz, .ru, .cn тәрізді ұлттық домендерге және – .com, .org, .net, .edu,… тәрізді халықаралық домендерге бөлінеді.
Сонымен Ұлы Британиялық Nominet компаниясы дүниежүзіндегі Top Level Domain – де қанша вебсайт тіркеулі тұрғанын анықтап, инфографика жасаған.
Инфографикада көрсетілгендей, Моңғолияның .mn доменіндегі вебсайттың саны 10,000 деп отыр. Ең қызығы Жаңа Зеландияның Токелау (.tk) аралында 30 миллион вебсайт тіркелген екен.
Ал, көршілес ҚХРеспубликасының .cn доменінде 16,810,737 вебсайт, Ресей Федерациясының .ruдоменінде 5,074,320 вебсайт, Қазақстан Респуликасының .kz доменінде 121,901 вебсайт тіркелген.

Continue Reading

Мен кәсіпкермін

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

Published

on

By

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы жоғары мамандықтардың тізімін жасап шығарды. Мұндай үрдістердің бізге сәл кешігіп жететінін ескере отырып, ІТ-индустриясындағы еңбек нарығын өзгертуде бағдар алу үшін жақын жылдары көп сұранысқа ие болатын ІТ мамандықтарының рейтингін жариялаймыз.
Бұл рейтингте бағдарламашылар, web-жасаушылар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша мамандар, мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша мамандар және бірнеше мамандықтар басты орыннан көрінді.
Web-жасаушы
Ең көп сұранысқа ие болатын мамандық – web-жасаушы (Web developer). Ол ІТ-индустрияға қатысты басқа мамандықтар ішінен бірінші орын алды. Еңбек ақысы сәл аздау болғанымен web- жасаушылар қазірдің өзінде ІТ-еңбек нарығында көп сұранысқа ие.
Есептеу техникасы саласының сарапшысы (Computer Systems Analyst)
Екінші орынға есептеу техникасы саласының сарапшы мамандары лайық болды. Олардың қызметіне деген сұраныс 21%-ға артады. Өйткені, миллондаған адамдар компьютерді пайдаланып, бағдарламалар жасап жатқан кезде туындаған қиындықтарды түзететін мамандар ауадай қажет болады.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы (Information Security Analyst)
Әрбір компьютерде көптеген мәліметтер сақталған. Оның ішінде жеке мәліметтер де, коммерциялық мәліметтер де бар. Кез-келген ақпараттың жоғалып кетуі – компания үшін, оның басшылығы мен қызметкерлері үшін үлкен қиындық. Компания коммерциялық құпияларынан, ішкі құжатнамалары мен клиенттер базасынан айырылады. Бұл жағдай олар үшін үлкен қаржылық қиындық тудырып, беделдеріне сызат түсіреді. Сондықтан, осы ақпараттардың барлығын сақтап, оны қауіпсіз қорғай алатын мамандар күн өткен сайын керек бола береді. Болжам бойынша бұған сұраныс 18%-ға артады.
Бағдарламалық қамтамасыз етуші, бағдарламашылар (Software Engineer)
Бос орын 17%-ға артады, ал бағдарламашыларға барлық жерде, барлық компанияда, барлық қызмет саласында сұраныс жоғарлайды. Тек жоғарытехнологиялық және ІТ-компанияларда ғана емес, қызметкерлері тапсырыс берушілермен және клиенттермен жұмыс істеуде арнайы софттарды қажет ететін қарапайым компанияларда да бұл мамандыққа сұраныс азаймайды.

Мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша маман (Data Scientist)
Big Data-ның дамуы мен әйгілі болуына байланысты, құрылымдалмаған мәліметттердің үлкен көлемі, осылармен жұмыс істеу қабілеті еңбек нарығында өте көп сұранысқа ие болады. Бұл мамандықтар бойынша бос орындар саны арта береді. Болжанған өсу – 16%.
Желі және жүйелік әкімші (Network and computer systems administrator)
Бұлтты есептеулердің кең тарауы компаниялардың аз компьютер сатып алуына әкеп соғады. Компьютерлік жүйелерді, байланыстарды орната алатын мамандарға деген сұраныс кемімейді, керісінше, 8%-ға артады.

Continue Reading

Title

Әлемде4 days ago

Қытайда Еуропаның 12 қаласының көшірмесін тұрғызған

Қытайдың Huawei компаниясы Дунгуань қаласының жанынан еуропалық қалалардың көшірмесін тұрғызып жатыр. Huawei компаниясы 12 қаланың танымал ғимараттарын тұрғызған. Тіпті, трамвай...

Әлемде2 weeks ago

ҚазҰУ-дың «Алатау» қысқы бағына саяхат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген халықаралық жобалардың бірі жасыл технологияларды енгізуде ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты...

Моңғолияда2 weeks ago

Моңғолия азаматтары 61 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2019 жылы Моңғолия азаматтары әлемнің 61 еліне визасыз қатынай алады. Еліміз индексте 79-шы орында яғни Африкада орналасқан Бенин Республикасымен...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Лайфстайл2 weeks ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Лайфстайл2 weeks ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде3 weeks ago

Білім берудің жаңа көкжиегі: кафедра тынысы

Рухани жаңғыру мен жаңаруда,еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуінде білім берудің рөлі зор. Ғылым биігіне көтерілуде, білім беруде және жас ұрпақты...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті