Connect with us

Лайфстайл

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Published

on

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі: Өмірдегі жаңалықтардың бәрін бірінші әлеуметтік желіде жариялау, адамдарды өз парақшаларында білдірген пікірлерімен бағалау және тағысын тағы. Жоғарыда аталған тенденциялардың арасында интернет қолданушы ата-аналар өз балаларының суреттерін жариялауы Қайрат Нұртастың «Ауырмайды жүрек» әні секілді танымал боп кетті. Таяқтың екі ұшы бар болғандай, суреттерді көпшіліктің назарына ұсынудың да жақсы және жаман жақтары бар (субьектив көзқарас емес).
Белгілі психолог Динара Болат балалар суретін интернетте жариялануын дұрыс деп есептемейді. Оның айтуынша, кез-келген қыз ана атанған соң, аналық рөлге шектен тыс тәуелденіп, өз әлемін тек баламен шектеп, іске аспаған мақсатын сол ана болу рөлімен бүркемелеп отырғанын көреміз. Аналар әкелерге қарағанда балаларының суреттерін жиі жариялайды.
«Балаларының суретін жиі жариялайтын ата-аналардың бұл әрекетін оң деуге келмейді. Әкелерге қарағанда мұндай әрекет аналарда жиі кездеседі. Бұл жерде ананың балаларға махаббатынан оның балаларға, өзінің аналық рөліне шектен тыс тәуелді екендігін аңғартады. Қалыпты жағдайда үйлесімді дамыған тұлға, соның ішінде әйел заты балаларынан бөлек өзіне табиғатпен берілген барлық рөлді қамту керек. Ал бұл жағдайда оның өз әлемін тек баламен шектегенін, өзінің қолы жетпеген арман, іске аспаған мақсатын сол ана болу рөлімен бүркемелеп отырғанын көреміз. Негізгі суретке (аватарға) өз суретінің орнына балалары тұрған жағдайды да жиі көруге болады. Бұл өзін ұмытқан, балаларын өмірімнің мәні деп өздерін алдарқататын аналарда болатын құбылыс. Мен балаларымның суретін жиі әлеуметтік желіге шығармаймын. Интернеттегі, айналадағы, алыс-жақын дос, бауырларымыз ұл-қызымның жарты жылда, бір жылда қалай өзгергендігін көріп қуансын деген мақсат. Ал негізі суретке ешқашан менсіз балаларымның суретін қойған емеспін. Себебі, менің орным бөлек, балаларымның орны бөлек. Екеуін алмастыруға болмайды. Орнын баса алмайды», – дейді Динара Болат.
Англиядағы Nominat агенттігінің зерттеуінше, Еуропадағы ата-аналар балалары бес жасқа толғанша орташа есеппен олардың 1498 суретін жариялап үлгереді екен. Әрине, баласының қандай сүйкімді екенін басқаларға көрсетумен мақтанып, ішіндегі эгосын сол сурет астына жазылған комментарий мен лайктер арқылы қанағаттандыратын әке мен шешеге бұның дұрыс емес екенін, бұның шектен шығу екенін түсіндіру анау-мынау психологтың қолынан келетін шаруа емес.
Суреттерді не үшін әлеуметтік желіде жариялауға болмайтындығына қатысты салмағы зілдей төрт аргумент ұсынамыз:
Адам өзгереді
Заң бойынша 16 жасқа дейін ата-ана балаға жауапты. Оны қол астында ұстауға, оның атынан шешім қабылдауға құқығы жетерлік. Конституция рұқсат бергенімен моральдік құндылықтарды да аттап өтуге болмайды. «Мен оны дүниеге алып келген адаммын, ол үшін түн ұйқымды төрт бөлдім. Сондықтан да бөбегімнің суретін әлеуметтік желіге жүктеуге құқығым бар деген сөздің толық мағынасында құқығым бар» дейтін ата-аналар болуы мүмкін. Бірақ, «Ұлың да өсер, көкейіңді тесер» деген сөздің жоқ емес екенін ескерейік. Адам есейген сайын психологиясының өзгеретіні заңдылық. Сол секілді кішкентай кезінде түскен суреті ержеткенде ұлыңызға ұнамауы әбден мүмкін. Өзіне ұнамаған суретті ешкім де басқалардың көргенін қаламайды. Сол себепті бала мен ана арасында ұзақ жылдық келіспеушілік пен реніштің туындамауына кім кепіл? Мысалы, психологтардың айтуынша,12-13 жаста ұялшақ болғандар 20-ға таяғанда мүлдем керісінше мінез иесіне айналып шығады. Эмоциясын өзіне бағындыруды үйренбеген «өтпелі кезеңдегі» бала үшін бұл да тым ауыр тиеді.
Балалар өздерінде таңдау құқығы болғанын қалайды
Nominat агенттігінің сауалнамасына қатысқан балалардың басым бөлігі «Фейзбукте менің бала кезімде қандай болғанымды еске салатын посттардың аз болғанын қалаймыз» деп жауап берген.
Эзотерика және көз тию
Эзотерика – мистикалық ілім. Оны әдетте әртүрлі адам санасынан тыс іс-әрекеттер арқылы басқалардың ішкі жан дүниесіне әсер ету үшін қолданады. Эзотериканың не екенінен хабардар ата-ана ешқашан сәбиінің суретін көпшілікке қолжетімді етіп қоймайды. Эзотерик Евгений Гриннің айтуынша, әлеуметтік желіде емшектегі балалардың суретін жариялауға мүлдем болмайды. Себебі, бала физикалық тұрғыда өте әлсіз болады. Әлсіздігі сонша, оған суреті арқылы жердің бір шетінде отырған қара ниетті залымның көзі тиіп кету ықтималдылығы басым. Ананың ықтияры – баласымен мақтану болғанымен, баланың дін-амандығы маңыздырақ.
Қауіпсіздік
Әлеуметтік желідегі балалардың суреті педофилияға да жол сілтеуі мүмкін. Ал ол өз кезегінде суицидке апарады. Австралиялық ғалымдардың жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша, педофилия құрбаны болған балалардың 72%-ы өзіне қол жұмсаған. Балаларымыздың қауіпсіздігін ойласақ суреттерді мүлдем жариялауға қарсы болуымыз шарт. Ал жариялаған күнде келесі жағдайларды ескеруіміз керек:
1. Көліктің қасында түскен суретті жарияламау. Жаман ниетті адамдар сізді және балаңызды көлігіңіз арқылы іздестіріп, тауып алуы мүмкін. Сондықтан да кадрға көлігіңіз сыймай қалатын жолдарды қарастырыңыз.

2. Сәбиіңіз қаншалықты сүйкімді болғанымен олардың жартылай жалаңаш кейіпінде түскен суретті интернетте бөліспеңіз. Сізге және отбасы мүшеліріңіз үшін бұл сурет өте әдемі болып көрінетін шығар. Бірақ интернетте отыратын 3 млрд адамның арасында психикасы зақымданған неше түрлі жаман адамдар бар. Олар сәбиіңізге мүлдем басқаша көзбен қарауы ықтимал.
© Мейірхан Амангелдиев

Лайфстайл

Жұртқа айтуға болмайтын жеті құпия

Published

on

By

Шығыс мәдениетін зерттеуші Вячеслав Рузов үнді данышпандарының айтып кеткеніне тоқталыпты. Құпия деген не? Елге нені айтуға болады, айтылмайтын қандай құпия болуы тиіс. Тізімге көз жүгірткен адам біразымен еріксіз келісері сөзсіз.

Айтылмауға тиісті бірінші құпия – келешекке құрған жоспар. Жоспар толыққанды орындалмайынша ол туралы тіс жармау керек. Адамның кез келген ойы бастапқыда әлжуаз боп тұрады. Өне бойы шұрық-тесік келеді. Кез келген жерінен кілтипан тауып, ізгі ойды ойсыратып алуға болады.

Екінші құпия – қайырымды істер туралы ешкімге айтпау. Қайырымды іс – жер бетінде сирек кездесетін құбылыс, сондықтан оны көздің қарашығындай сақтау керек. Өзіңізді жақсылық жасағаныңыз үшін асыра мақтамаңыз. Мақтау адамды тәкәппарлыққа тез ұрындырады.

Үшінші құпия – тақуалығыңыз туралы көпшілікте айтпау. Тамақ, ұйқы, күлкі, төсек қатынасына қатысты шектеулеріңізді ешкімнің білмегені жөн. Тәннің шектеуі көңілдің тақуалығымен үйлессе ғана пайдалы.

Төртінші құпия – жасаған ерлік, батырлық туралы үндемеу. Әр адам күнделікті сан алуан оқиғаларды бастан кешіреді. Біреу білектің күшімен жеңіп жатса, біреудің ақылы асады. Күшпен жеңген адамның ерлігі тез бағаланады. Ішкі арпалысты ешкім байқай бермейді. Сондықтан ол үшін ешкім марапат бермейді.

Бесінші құпия – рухани жетілу туралы айтпау. Рухани байлық тек сіздікі. Оны ешкімге айтып абырой жинай алмайсыз. Айналаңыздағы адамдардың шын мұқтаждығын көрсеңіз ғана шет жағасын айтыңыз.

Алтыншы құпия – үйдегі ұрыс-керіс пен отбасылық өмір туралы үндемеу. Есіңізде болсын: отбасыңыздағы ұрыс туралы неғұрлым аз айтсаңыз, оның ынтымағы берік бола түседі. Ұрыс – араласу барысында жиналып қалған зиянды қуат. Түйткілді көп талқылаған сайын оған өзіңіз көбірек сене бастайсыз.

Жетінші құпия – баяғыда естіген жаман сөздер туралы айта бермеңіз. Көшеде жүріп аяқкиімді былғап алуға болады. Ал, кейде сананы да былғап алатындар болады. Жолда келе жатып естіген бар қаңсық сөзді үйге келіп айтқан адамның табалдырықтан аттап, былғаныш аяқкиіммен төрге озған адамнан айырмасы жоқ.

Continue Reading

Лайфстайл

Тұмау мен суық тиюден дәрісіз арылудың, ауырмаудың 5 тәсілі

Published

on

By

Қыс келіп, күннің салқындығы сезілсе болды, тұмау мен суық тиюдің көбейетіні белгілі. Ондай кезде ағзаға зиян келтіретін антибиотиктер мен дәрілерсіз қалай айығуға болады, тұмау мен суық тиюдің алдын алудың жолдары қандай?

1. Антибиотик, бактериялар мен вирустарды өлтіру.
Сарымсақ пен пияз. Бұларды күн сайын тағамға қосып жеген дұрыс, бірақ иісі шығаты дейтіндер сығып, шырынын өсімдік майымен араластырып мұрынға жақса болады. Сарымсақтың шырынын балмен (1:1) араластырып күніне 2 рет 1-2 шай қасықтан ішу керек. 3-4 тіс сарымсақты суда 15 минут қайнатып буына демалу қажет (ингаляция).

2. Антисептик, қанайналым мен зат алмасуды жақсарту.
Шай. Қара шайға бал мен лимон қосып ішу. Неғұрлым көп ішсеңіз, соғұрлым жақсы.

3. Ыстықты түсіру.
Бүлдірген. Жаңа піскен бүлдірген (100г.) немесе тосабының 1-2 қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, 15 минуттан соң ішу қажет.

4. Иммунитетті қалпына келтіру.
Сүт. 1 литр сүтке 4-5 ас қасық бал, қыша, хошиісті бұрыш, лавр жапырағын салып, қайнаған кезде өшіріп, 5 минуттан соң ішу керек.

5. Таза ауа. Бөлменің ауасын жиі тазартып тұру.

Continue Reading

Лайфстайл

Білім – таусылмайтын азық

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қалыптасқан имиджі және оны  дамыту.

Кеше ғана тәуелсіздік туын желбіретіп,азаттыққа қол жеткізгеннен бері елімізде талай өзгерістер мен үздіксіз үдерістер толастаған емес. Бүгінгі таңда ел болып, ірге көтеріп, шаңырағымызды биіктен көрсете алатындығымызды дәлелдедік.Мемлекетіміз  қарқынды даму барысында әлем елдерімен бәсекеге түсе алатындай дәрежеге жетіп,басқалармен  терезесі тең өмір кешуде.

Мұның барлығы толассыз атқарылған еңбек пен білімнің арқасы деп ойлаймын.Осындай елдің әрбір жылдық  бағыт-бағдары Президенттің Жолдауларында айқындалып келе жатқандығы мәлім.Еліміздің ертеңіжігерлі жастарға көп сенім артады. Осы тұста айта кетерлік жайт, 1998 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» даму стратегиясы межелеген уақытынан ерте аяқталды. Осы стратегияның 10 жылдығы біз үшін  шын мәнінде тарихи кезең болып табылмақ.

Ұлт көшбасшысы әрбір жолдауында білім саласын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын кезең-кезеңімен орындалу үстінде. Жолдаудың әрбірінде Елбасы жастарға да үлкен үміт артып отыр. Мұны «Қазақстан – 2050» Стартегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы «Мен сіздерге, жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағытың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген сөздерінен анық байқаймыз.

Қытай философының: «Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең – есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң – үйренемін» деген даналығы білім-ғылымның,  білім алудың маңызды екендігін көрсетеді.

Елбасы Н.Назарбаев«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» деген еді. Қазіргі заман білекке емес, білімге сенетін заманға айналды. Бабалар табаны тимеген жерге қазіргі буынның қаламының ұшы тиіп жатыр. Бұл да бейбіт елдің басты жетістіктерінің бірі емес пе?! Бұл бағытта еліміздегі білім ордаларының да бірлесе күш жұмасап жатқаны айтпаса да түсінікті. Міне, осы арқылы мемлекетіміз өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге асыру үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Ең жоғарғы деңгейдегі білім ошақтары арқылы Қазақстан жас ұрпаққа білікті білім мен тәлім алуға зор мүмкіндіктер ашып беріп отыр.Біздің ата-бабаларымыз жете алмаған мақсат-мұраттар, мүмкіндіктер біз тәрбиелеп жатқан ұрпақтың алдында есігін айқара ашып тұр. Біз өз кезегімізде осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін, тек қана жастардың санасына толассыз тәрбие мен білім нәрін құя беруіміз керек, табысты жұмыс жасауымыз керек.

Міне,осы тұста табысқа жету үшін бәрімізге атын көпір болып отырған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін айтқымыз келеді. Бүгінгі таңда университет Қазақстандағы ең бірінші орындағы және танымал, сұранысқа ие оқу орны.

КазҰУ қабырғасында Қ. СәтбаевМ. ӘуезовЕ. БекмаханұлыӘ.Марғұлан,

Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті әрі қайталанбас ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды. Ал,қазіргі кезде университет әртүрлі мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Оқытушы-профессорлар құрамы – 2500 мың адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды.

Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.

Универсиетте Қазақстандағы аса ірі ИНТРАНЕТ желісіне қосылған, заманауи компьютерден тұратын корпоративтік ақпараттық жүйе құрылған, сондай-ақ компьютер сыныптары мен Интернет залдар жұмыс істейді.

ҚазҰУ қалашығының барлық аймағы Wi-Fi сымсыз желісімен қамтылатын болады. Оның кез келген нүктесінде әр студент университет бірлестігінің желісінде жұмыс істеумен қоса, Интернетке тегін қосылу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар тәулік бойы істейтін 300 орындық жаңа Интернет-кафе жұмыс істейді.  Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы – ҚазҰУ қалашығының інжу-маржаны. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры, КТК командасы жұмыс істейді
Қорыта айтқанда, қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында  білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. Осы орайда білім беретін ұстаздардың еңбегін бағаламасқа болмас. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет  ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Сөзімізді мына даналық оймен аяқтағымыз келеді. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасырдың басында: «Әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.Неге десек, болмыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ішінде неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі». Сондықтан да еліміз үшін, оның болашағы үшін ерінбей еңбек етіп, ізденіс пен талпынысты ту ететін боламыз!

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары:

Искакова Гүлназ, Аушенова Айдана

Continue Reading

Title

Әлемде4 days ago

Қытайда Еуропаның 12 қаласының көшірмесін тұрғызған

Қытайдың Huawei компаниясы Дунгуань қаласының жанынан еуропалық қалалардың көшірмесін тұрғызып жатыр. Huawei компаниясы 12 қаланың танымал ғимараттарын тұрғызған. Тіпті, трамвай...

Әлемде2 weeks ago

ҚазҰУ-дың «Алатау» қысқы бағына саяхат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген халықаралық жобалардың бірі жасыл технологияларды енгізуде ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты...

Моңғолияда2 weeks ago

Моңғолия азаматтары 61 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2019 жылы Моңғолия азаматтары әлемнің 61 еліне визасыз қатынай алады. Еліміз индексте 79-шы орында яғни Африкада орналасқан Бенин Республикасымен...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Лайфстайл2 weeks ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Лайфстайл2 weeks ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде3 weeks ago

Білім берудің жаңа көкжиегі: кафедра тынысы

Рухани жаңғыру мен жаңаруда,еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуінде білім берудің рөлі зор. Ғылым биігіне көтерілуде, білім беруде және жас ұрпақты...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті