Connect with us

Моңғолияда

Қ.Қобландин: Моңғолия әлемдік қарусыздануды қолдайтын, бейбіт саясат жүргізіп отырған ел екендігін көрсетуде

Published

on

АТОМ» жобасы аясында ядролық сынақтар құрбандарын еске алу шарасында Елші Қ.Қобландиннің сөйлейтін сөзі

Ханымдар мен мырзалар!
Жоғары мәртебелі Елші мырзалар!

Бүгін 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ-ның ресми жариялаған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өту аясында әлемде орын алған ядролық қару сынақтаудың құрбандарын еске алу іс-шарасының куәсі болып отырмыз.
Бұл шараны бірлесе өткізуге қолдау көрсеткен Монғолияның Буддистер Орталығы-Дашичойлин монастрінің басшысы Дямбаджав мырзаға және құрметті қонақтарымызға, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдеріне үлкен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.
Соңғы жылдары ядролық қаруға ие елдердің қоймаларындағы жаппай қырып-жою қаруларының саны 19 000-нан асқаны дәлелденіп отыр.
Жекелеген елдер қауіпсіз әлем құруда әскери қарулануды азайту үрдістері, ұлттық қауіпсіздік мәселесін жетілдіру бағытында бар күшін салып отырған болса, бірқатар елдер ядролық қарудан азат аймақтар құру сынды қадамдарға барып, дүние жүзі қауіпсіздігіне өз үлестерін қосуда.
Дүниежүзiнде бұл қару – жарақтан азат Антарктида, Латын Америкасы, Тынық мұхиттың оңтүстiк бөлiгi, Оңтүстiк-Шығыс Азия, Орталық Азия, Африка, Жаңа Зеландия секiлдi барлығы 100-ден астам мемлекет бар. Олардың қатарында Моңғолияның да бар екендігі бұл елдің әлемдік қарусыздануды қолдайтын, бейбіт саясат жүргізіп отырған ел екендігін көрсетуде.
2006 жылы Қазақстанның бастамасымен Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойды. Сөйтiп, елiмiз әлемдiк қоғамдастық алдындағы өз жауапкершiлiгiн түсiне отырып, әлемдегi төртiншi ядролық әлеуетiнен ерiктi түрде бас тартты.
Қазақстанның бұл әрекеті оның ядролық қарудан азат әлем құруға шақыруға моральдік және тарихи құқы бар екендігімен байланысты болып отыр.
Олай дейтініміз осыдан алпыс алты жыл бұрын Кеңестер Одағы Қазақстанның Семей өңірінде өткізген 456 ядролық сынақтың алғашқысын жүзеге асырды. 40 жылдан аса уақыт бойы орын алатын орны толмас күйзелістер туралы ол кезде ешкім ойламаған еді.
Өткенді өзгерту мүмкін емес, алайда келешекті өзгерту мүмкіндігі бар. Қазақстанның ғаламдық бастамасы,«АТОМ (Abolish Testing – Our Mission – Сынақтарды жою біздің миссиямыз)» жобасы арқылы ядролық қарудан азат әлемнің жаңа болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосып отыр.
АТОМ жобасы ядролық қаруды сынауды тоқтатуға қолдау көрсетудегі адамдардың талпыныстарын біріктіру және қалыптастыру мен ядролық қарудан азат әлем құрудағы халықаралық шара болып табылады.
Алдыңғы ұрпақтың ядролық сынақтардың әсерін бастарынан өткеруінен, әлі күнге дейін ауыр науқастарға шалдыққан ауру балалар дүниеге келіп жатыр.
Бұл айтылғандардың дәлелі ретінде сіздердің назарларыңызға Монастрге кіре берістегі сурет көрмесін ұсынудамыз.
Өздеріңізге берілген бағдарламаға сәйкес, бірнеше минуттардан кейін, нақтырақ айтқанда 11-ден 5 минут өткенде құрбандарды еске алу мақсатында арнайы қоңырау үні соғылған соң 1 минуттық үнсіздік жариялау жоспарланып отыр.
Осы уақыттың таңдалу себебі дәл сол мезгілде сағат тілдері латын V әрібін көрсетіп, Жеңіс белгісін (латыншадан “Victory”) меңзейді. Ол ақыл-ойдың қорқыныштың алдындағы жеңісінің және ядролық қарудан азат әлемді құрудың белгісі екендігімен сипатталады.

Құрметті шараға қатысушылар!

Қазақстан ядролық қарудан азат жарқын болашаққа қол жеткізуде әлі де болса бар күш-жігерін жұмсайтындығы анық. Алайда ол жолдың оңай болмасы да белгілі.
Осы орайда бейбіт әлем орнатуда болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі болатын ядролық қаруды жою шараларына бірлесе атсалысу ортақ мақсат екенін естен шығармаған абзал.

Назарларыңызға рахмет!

Моңғолияда

Моңғолия ШЫҰ-ның саммитіне қадағалаушы мәртебесінде қатысты

Published

on

20 қыркүйек, KAZNEWS. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі 2021 жылдың 16-18 қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде өтті.

Кездесуге Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері, Беларусь, Иран мен Моңғолиядан келген қадағалаушы, сондай -ақ Түркіменстан президенті, БҰҰ Бас хатшысы және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары С.Амарсайхан Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің арнайы өкілі ретінде Душанбеге барды.

Моңғолия ШЫҰ -ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысына бақылаушы ретінде қатысуда, ал президент У.Хүрэлсүх отырыста онлайн форматта сөз сөйледі.

Ол өз сөзінде, Моңғолия экономика, сауда, инвестиция, гуманитарлық ынтымақтастық, шөлейттену, құм және шаңды дауылдарды жою салаларында тығыз жұмыс істеуге аймақтық ынтымақтастықты нығайтып, тиісті кездесулер мен іс -шараларды өткізуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар Моңғолияның Азия мен Еуропаны байланыстыратын географиялық орналасуын пайдалана отырып, сауда, көлік және логистикалық желілер, жүк тасымалы мен қызмет көрсету орталығы ретінде «Транзит Моңғолия» болуға ұмтылатынын мәлімдеді.

Continue Reading

Моңғолияда

ONDO ұялы байланыс операторы қызметін бастайды

Published

on

20 қыркүйек, KAZNEWS. Биыл Моңғолияның телекоммуникация және ақпараттық технологиялар секторының құрылғанына және дамуына 100 жыл толады.

Бұл мереке қарсаңында біздің елде ұялы телефондардың ең жас яғни 5 -ші операторы қызметін бастайды. 2021 жылы 17 қыркүйекте өткен «Digital Nation-2021» көрмесінде ONDO (IN Mobile Network LLC) Байланысты реттеу комиссиясының төрағасы Г.Чинзоригтен “Ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға” лицензия алған.

Осылайша, ONDO ресми түрде Моңғолиядағы 5 -ші ұялы байланыс операторы болады.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Президенті моңғол-қазақ және моңғол-тыва тілінде бастауыш сынып ұстаздарын даярлайтын факултет ашуға назар аударады

Published

on

3 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Ұлттық тіл саясаты кеңесінің төрағасы С.Дулам және кеңестің бірқатар мүшелерін қабылдады. Бұл туралы Моңғолия Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

С.Дулам бастаған кеңес мүшелері Президентке моңғол тілінің емле сөздігі, этнографиялық тіл, диалектік зерттеулер, терминология, тасқа жазбаша жазылған мәдени мұраны қорғау, моңғол жазуының халықаралық стандарттық код жүйесін қалыптастыру және Моңғол тілінің ұлттық бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстар туралы таныстырды.

Кездесу барысында ел Президенті алдағы уақыттарда Моңғолияның ұмытылған және өзгертілген географиялық атауларын қалпына келтіру мен қорғау туралы жарлық шығарып, ұлттық деректер қорын құру тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар криллица мен моңғол жазуын қатар қолданатын компаниялар мен ұйымдарға белгілі мөлшерде салық жеңілдігін көрсететін мүмкіндік туғызатынын айтты.

Қос тілде білім алуды заңдастыру, Моңғолияның Мемлекеттік ұстаздар университетінде моңғол-қазақ және моңғол-тыва тілінде бастауыш сынып ұстаздарын даярлайтын факултет ашуға, шетелдегі моңғол балаларының моңғол тіл үйренуіне назар аудару, Моңғол тілінің үлкен сөздігін құрастыруға байланысты қаражаттарды шешу керек деді.

Continue Reading

Моңғолияда

Амантай Ғафуұлы аймақтық Білім басқармасының басшысына тағайындалды

Published

on

24 тамыз, KAZNEWS. Амантай Ғафуұлы Баян-Өлгий аймағының Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды аймақ әкімінің баспасөз қызметі.  

Амантай Ғафуұлы аймақ әкімінің 2021 жылы 23 тамыз күнгі  Б/32 үкімі бойынша аймақтық Білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. 

Амантай Ғафуұлы 1972 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Мамандығы математик, информатика пәнінің мұғалімі. 2012 жылдан бастап Өлгий қалалық жалпы білім беретін 5 – мектеп директоры қызметін атқарған.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 days ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек3 weeks ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек1 month ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек4 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек4 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек4 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Дерек4 months ago

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең...

Дерек4 months ago

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға...

Басты назарда