Connect with us

Моңғолияда

Қазақстан мен Моңғолия үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысы өтті

Published

on

KAZNEWS – Кеше Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Моңғолия үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысы өтті. Бұл туралы Егемен Қазақстан агенттігі хабарлады.
Аталмыш іс-шараға еліміздің тарапынан тең төраға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен Моңғолия тарапынан тең төраға осы елдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Содномын Чинзориг, сонымен бірге қос елдің орталық мемлекеттік органдарының өкілдері және Баян-Өлгий аймағынан АӨХуралының төрағасы Бауыржан Дәлелұлы қатысты.
Үкіметаралық комиссия отырысында сауда, экономика, инвестиция, кәсіпкерлік, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, білім беру және ғылым, денсаулық сақтау, құқықтық базаны дамыту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.
Жалпы, Қазақстан мен Моңғолия тарихи тәжірибеге бай, мәдени әрі гуманитарлық байланыстары орныққан, сондай-ақ салт-дәстүрі жағынан да ұқсастықтары көп елдер. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Моңғолия арасында сенім мен өзара ортақ мүдделі қағидалар жағынан да тұрақты әрі сындарлы қарым-қатынастар орнаған.
Кездесуді ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова ашып, Моңғолия Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі екенін ерекше атап өтті.
«Біз Моңғолия тарапынан болған зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы екі-жақты ынтымақтастықты жалғастыруды және осы жоба бойынша басталған тиісті үкіметаралық келісімді дайындау үдерісін биыл іске асыруды қолдаймыз», деді М.Әбілқасымова.
Келелі кездесудегі маңызды мәселелердің бірі Монғолия мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және кеңейту болды. Тараптар өзара жеткізілімдер құрылымы салыстырмалы түрде шектеулі екендігін және бұл олардың өндірісі мен экспорттық әлеуетін көрсетпейтінін атап өтті.
Бұл ретте екі ел өкілдері кездесуде аталған олқылықтың орнын толтыруға қажетті шаралардың бірнешеуін қабылдады. Екі ел тауар айналымын одан әрі дамыту мақсатында әлеуетті экспорттық тауарлар тізімімен алмасты.
Кездесу қорытындысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет саласындағы әріптестік бойынша Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының хаттамасына қол қойылды.
Сондай-ақ маңызды кездесу барысында Үкіметаралық комиссияның келесі, яғни сегізінші отырысы 2020 жылы Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласында өтетіні мәлім болды.

Моңғолияда

ТАРИХ: 1912 – 2020 аралығындағы тышқан жылында есте қалған оқиғалар

Published

on

Тышқан жылы қандай болады: Қазақ халқы тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен тыныштықтың жылы деп санаған. Халықтың бұл сенімі көп жағдайда дәл келген. Тышқан жылының мыңдаған жылдық тарихына назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшылықта өткен.

Сонымен, тышқан жылы аймағымыз үшін қандай жыл? Тарихи шегініс жасап, осы жылдардағы оқиғаларға қысқаша шолу жасап көрелік.

1912 жылы

Ресей Патшалығы Боғда ханды Моңғол мемлекетінің тәуелсіздік жариялауына байланысты мәлімдеме жасады.
Моңғолдар Манж Цинь үкіметінің Қобда, Улиастай қалаларындағы өкілдігін қуып шықты.
Моңғолияның алғашқы Премьер-министріне Сайн ноён хан Намнансүрэн тағайындалды.
1912 жылы ақпанның 9 күні «Их Хүрээ» атауын «Нийслэл Хүрээ» деп өзгертті.
1912 жылы шілденің 14 күні Шеруші руының Қылаң бастаған 11 билеушісі 400 отбасы атынан Боғда ханға ұсыныс хат жолдап, Моңғолия құрамына кіруге дайын екенін білдірді.
1912 жылы қарашаның 23 күні Боғда ханның жарлығы шығып Қобда өңіріндегі қазақтар Моңғолия құрамына қабылданды.

1924 жылы

1924 жылы өткен Халық өкілдері құрылтайына қазақ халқынан Т.Дәуітбай, О.Қанапия, Ақмәди, урианхай халқынан Ш.Тэвэгт қатарлы өкілдер қатысты.
1924 жылы қарашаның 26 күні Моңғол Халық Республикасы орнады. Бұл күнді бүгінге дейін «Республика күні» немесе «Ел мерекесі» деп тойлап келеді.
Моңғол Халық Республикасының алғашқы негізгі заңы бекітілді. «Нийслэл Хүрээ» атауы Тұрар Рысқұловтың ұсынысы бойынша “Ұланбатыр” деп өзгертілді.

1936 жылы

Моңғолияның батыс өлкесіндегі Моңғол-Қытай шекарасы сызығы ресми бекітілді.
Завхан, Говь-Алтай өлкесінен Баяннуурға қоныстанған О.Абдан бастаған ауылдарды біріктіріп «Жантекей» сұмынын орнатты.

1948 жылы

Баян-Өлгий аймағында Өлке тану кабинеті орнады. Кейін 1961 жылы Музей болып үлкейді. 1988 жылы музейдің жаңа құрылысы пайдаға берілген.
Өлгий қалалық 7 жылдық мектебі 10 жылдық білім жүйесіне ауыты. (Қазіргі 1-10 жылдық мектебі)

1960 жылы

1960 жылы шілденің 2 күні Халық Ұлы Хуралының №151 қаулысы бойынша Баян-Өлгий аймағын «Еңбек қызыл ту» орденімен марапаттады.
№153 қаулысы бойынша С.Шолтай Моңғол халық республикасының «Еңбек сіңірген ұстазы» атағымен марапатталды.
1960 жылы шілденің 11-13 күндері Баян-Өлгий аймағы орнауының 20 жылдық мерей тойы аталып өтті.
1960 жылы қазанның 25 күнінен қарашаның 5 күні аралығында Улаанбаатар қаласында Баян-Өлгий аймағының мәдени күндерінің 10 күндігі ұйымдастырылып, Ж.Қибатдолдаға «Халық әртісі», Т.Хусайын, Б.Хайынжамал, Т.Дүйсенбі, Т.Төлеухан қатарлы әртістер «Еңбек сіңірген әртіс», Ақтан Бабиұлы «Өнер саласына еңбек сіңірген қайраткер» атағымен марапатталды.
Бұл жылдары /1959.11-1970.6/ аймақ басшысы қызметін Ырым Жуанғанұлы атқарған.

1972 жылы

Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша аймақтық құрылыс конторын Техникалық қолдау құрастыру тресті деп өзгертті.

1984 жылы

Өлгий қаласында «Моңғол елінің батыры» Ікей Мәзімұлының ескерткіші ашылды.

1996 жылы

1996 жылғы МҰҚ-ның сайлауында Сандалхан Раздақұлы, Болат Ажіқанұлы, Сұлтан Тәукейұлына қатарлы МХРП-ның өкілдері жеңіске жетсе, жергілікті сайлауында алғаш рет демократиялық одақ жеңіске жеткен.

2008 жылы

Моңғолияға 44 жыл күткен олимпиаданың алтын жүлдесін Н.Түвшинбаяр, Э.Бадар-Ууган қатарлы спортшылар әкелді.
2008 жылы «Халық жазушысы» атағымен Бөхийн Бааст марапатталды.
Баян-Өлгий аймағының халық саны 2007 жылы 94398 адамды құраса, 2008 жылы 93926 адамды құраған.

2020 жылы

Ташқан жылымыз құтты, молшылық жыл болсын ағайын!

KAZNEWS AGENCY

ТАРИХ: 1911 – 2019 аралығындағы доңыз жылында есте қалған оқиғалар

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия президенті зейнеткерлердің қарызын жабуға тапсырма берді

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтау барысында елдегі зейнеткерлердің несиесін кешіретінін атап өтті.
Халтмаагийн Баттулга: “Моңғолия қауіпсіздік кеңесі зейнеткерлерге қарызынан құтылуға көмектесу үшін бір рет несиелерді жауып беретін болды”, – деді.

Бұл мәселе Үкіметтің бүгінгі отырысында қаралып жатыр. Қазіргі уақытта Моңғолияда 380 мыңнан аса зейнеткер зейнетақы алады және 230 мың зейнеткер несие төлейді.

Заңгер, бұрынғы Әділет министрінің орынбасары Б. Энхбаяр Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мұндай мәселені шешу құзіреттілігі жоқ екенін атап өтті. Аталған сұрақтар парламент сүзгісінен өтуі тиіс екенін айтты.

Бірақ, кейбір экономистер мен саясаткерлер бұл мәлімдемені сынға алып, 2020 жылдағы парламент сайлауы алдындағы популизм деп есептеп отыр.

 

Continue Reading

Моңғолияда

Шәріп Сәйпіғалиұлы «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағымен марапатталды

Published

on

KAZNEWS – Ғұн империясына 2228 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 813 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 108 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 98 жыл, Демократиялық қозғалысқа 30 жыл толуына орай Моңғолия Президенті Х.Баттулга жарлық шығарып өнеркәсіп, денсаулық, білім, мәдениет, экономика, қоғам, коммуналдық қызмет көрсету саласында абыройлы қызмет атқарған 21 азаматқа «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағын берді.
Моңғолия Президенті бұл жолы, моңғолия қазақтары арасынан «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағымен Баян-Өлгий аймағының СУАТ компаниясының директоры Шәріп Сәйпіғалиұлын марапаттады.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде4 weeks ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде1 month ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде1 month ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Әлемде1 month ago

Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазақпарат ХАА – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы...

Әлемде1 month ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде2 months ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Әлемде2 months ago

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып...

Моңғолияда3 months ago

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты.  Кездесу...

Басты назарда