Connect with us

Спорт

Э.Сумъяа Астана боз кілемінде Рио жолдамасына таласады

Published

on

KAZNEWS – Бүгін, 18 наурыз күні Астана төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде күрестің үш түрінен, яғни еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азияның кіл мықты балуандары арасында Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.
Моңғолия құрамасынан алғашқы болып әлем чемпионатының күміс жүлдегері Э.Сумъяа әйелдер күресінен 53 келіде бақ сынайды.
Бүгін сарапқа түсетін салмақтардан ерлер арасындағы 57 келіде Э.Бэхбаяр, 74 келіде П.Өнөрбат, 69 келіде О.Насанбурмаа қатарлы палуандарыз олимпиадаға жолдама алып қойған.

Continue Reading

Спорт

Қазақ күресінен алғаш рет ел чемпионаты өтті

Published

on

KAZNEWS – Еліміз астанасы Улаанбаатар қалысында 9-наурыз күні алғаш рет Қазақ куресінен ел чемпионаты өтті. Сайысқа 8 салмақ дәрежесі бойынша барлығы 254 спортшы қатысты. Қазақкүресінің ұйымдастырылу мақсаты және ерекшелігі туралы Азия Қазақ күресі федерациясының президенті Хашбаатар Цагаанбаатар бізге өз пікірін быйлайша жеткізді.

Азия қазақ күресі федерациясы құрылғалыбір жылдан астам уақыт болды. Биылғы жылы елімізде алғаш рет қазақ күресі сайысы ұйымдастырылуда.Осы сайыстан бірінші орын иеленген спортшыларға Азия және әлем чемпионатына қатысатын жолдама табыс етіледі. Азия қазақ күресі федерациясының басты мақсаты елімізге және Азия бойынша аталмыш спортты дамытып, осы күреспен айналысатын спортшыларға мүмкіндік жасау, оларды қолдау. Біз барлық жоспарымызда жасап, алдағы уақыттағы атқаратын жұмыс бағдарламаларымызды Халықаралық қазақ күресі федерациясына таныстырдық. Алайда Өзбекстан, Қырғызыстан елдерін жеңетін болсақ елімізге Азия чемпионатын ұйымдастыратын мүмкіндіктер ашылады – дейді.

Бұл реткі қазақ күресінен әр салмақ бойынша чемпион болып алтын медаль еншіліген палуандардың әрқайсысына жеке-жеке 500,000 төгрөг, ал команда ұпайы бойынша бірінші орын иеленген жаттықтырушыға да 500,000 төгрөг, екінші орынға 400,000 төгрөг, ал үшінші орын иеленген жаттықтырушыға 300,000 төгрөг берілсе, әр салмақ бойынша чемпион болған 8 палуанды соңында өзара күш сынастырып, түйе палуанға 1,000,000 төгрөгтің сыйақысын, екінші орынға 500,000 төгрөг, үшінші орынға 250,000 төгрөг ақшалай сыйақы, марапаттар берілді. Ал команда ұпайы бойынша «Эрч» спорт клубы бірінші орынды иеленсе, «Сүлд» және «Хилчин» спорт клубтарына келесі орындар бұйырды.

Әр салмақ бойынша чемпион болған спортшылар Әлемдік және Азия чемпионатына қатысатын жолдама алып, аталмыш сайыстарғажолдама алған спортшылардың қаражатын «Азия Қазақ күресі федерациясы» тарапынан шығаратындығын мәлімдеді. Сондай-ақ бұл реткі Қазақ күресі сайысына Халықаралық қазақ күресі федерациясы қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған.

Алғаш рет ұйымдастырылған Қазақ күресінен ел чемпионат сыналту сайысына «Аравт» компаниясы демеушілік жасаса, Моңғолияның Ұлттық бұқаралық телеарнасының Спорт арнасы ел көлеміне тікелей таратты.

Мөлдір Асқарқызы

Continue Reading

Спорт

Улсын начин Б.Серіктің әдісі

Published

on

Улсын начин Б.Серіктің әдісі

Continue Reading

Спорт

Моңғолияда қазақ күресінен чемпионат өтеді

Published

on

KAZNEWS – 9 наурыз күні Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласында қазақ күресінен алғаш рет ел чемпионаты өтеді. Бұл туралы Азия Қазақ күресі федерациясының президенті Хашбаатар Цагаанбаатар хабарлады.

Чемпионат 8 салмақ дәрежесі (-55келі, -60келі, -66келі, -74келі, -82келі, -90келі, -100келі, +100келі және) және абсолюттік дәрежеде өтеді.

Мақсаты моңғолияда қазақ күресін дамыту, жастарды спортпен шұғылдану үрдісіне тәрбиелеу. Сондай-ақ, чемпион атанған спортшылар қазақ күресінен өтетін Азия және Әлем чемпионаттарына қатысуға жолдама алады. – дейді  Хашбаатар Цагаанбаатар.

Чемпионатта бірінші орын алған спортшыға 500,000 төгрөг, екінші орынға 400,000 төгрөг, үшінші орынға 300,000 төгрөг беріледі. Түйе палуан сайысының жеңімпазына 1,000,000 төгрөгтің сыйақысы тағайындалған.

Continue Reading

Title

Кітаптан үзінді...3 days ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Кітаптан үзінді...2 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде2 years ago

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің...

Әлемде2 years ago

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының...

Кітаптан үзінді...2 years ago

Моңғолия: Мазаалай жер серігін ұшырды

SpaceX компаниясының Falcon-9 зымыраны сәтті ұшты. Дүйсенбіге дейін халықаралық ғарыш станциясына жетеді. Жер серігі ғарыштық зерттеулер жүргізуге, спутниктен түсірілген фотосурет...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті