Connect with us

Әлемде

Шетелде лауазымды қызмет иеленген қазақтар кімдер?

Published

on

Суретте, ЧЕХИЯНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН ҰЛТТАР МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ БҰРЫНҒЫ МИНИСТРІ ЖӘМИЛА СТЕХЛИКОВА

Өзбекстанда этникалық қазақ ел президентінің кеңесшісі қызметін иеленді. Шетелдегі қазақтардың арасында лауазымды қызмет атқарған басқа да азаматтар бар деп хабарлайды Азаттық.
Жаңа жыл қарсаңында Өзбекстанда төтенше жағдайлар министрі қызметі атқарған этникалық қазақ Тұрсынхан Құдайбергенов ел президенті Шавкат Мирзияевтың мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалды. Ол жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру жұмысын бақылау және үйлестіру бойынша кеңес бермек.
65 жастағы Тұрсынхан Құдайбергенов Өзбекстан президенті кеңесшісі қызметін бұған дейін бір рет – 2001-2006 жылдары атқарған. Ол 2010 жылдан бері елдің төтенше жағдайлар министрлігін, оған дейін Ферғана және Хорезм облыстарында ішкі істер басқармасын басқарған.
ГУБЕРНАТОР, ЕЛШІ, МИНИСТР
Шетелдегі қазақтар арасында сол мемлекеттердің лауазымды қызметтерін иеленген басқа азаматтар да бар. Солардың бірі – 1997 жылдан бері Ресейдің Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев. 1944 жылы Түркіменстанда дүниеге келген Аман Төлеев 1990-1993 жылдары РСФСР жоғарғы кеңесінің депутаты, 1996-1997 жылдары Ресейдің ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметтерін атқарған.
Қазақстаннан тыс өлкелерде мансап иесі болған қазақтардың енді бірі – Зардықан Қинаятұлы. 1940 жылы Моңғолияда туған Зардыхан Қинаятұлы 1990-1992 жылдары Моңғолия үкіметі басшысының орынбасары және парламенті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Ол Моңғолияның жаңа конституциясын және сол елде жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың құқықтық негізін жасаушылардың бірі ретінде танылған. 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ғылыммен шұғылданған тарихшы Зардықан Қинаятұлы 2016 жылы желтоқсан айында Алматыда көз жұмды.
Шетелде жүріп саяси қызметте өскен этникалық қазақтар тізімінде моңғолиялық қазақтардың есімі көптеп кездеседі. Олардың қатарында Моңғолияның Венгрия менАвстриядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Сұлтан Тәукейұлы, бұл елдің Мысырдағы төтенше және өкілетті елшісі (Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт, Оман, Катар, Бахрейн, Израильдегі елші қызметін қос атқарған) болған Сайран Қадырұлы, Моңғолияның Осака қаласындағы (Жапония) бас консулы болған Күләнда Шонайқызы да бар.
Лауазымды қызмет атқарған қазақтардың арасында Еуропада тұратын азаматтар да бар. Мәселен, 1988 жылдан бері Чехияда тұратын 54 жастағы Жәмила Стехликова қоғамдық-саяси қызметпен айналысып, Жасылдар партиясына өткен, кейін сол елдегі адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесі жөніндегі министрі болған.
Шеттегі қазақтар ең көп тұратын елдің бірі – Қытайда да лауазымды қызмет атқарған этникалық қазақтар баршылық. Солардың бірі, 1934 жылы Қытайдың Алтай аймағында туған Жанәбіл Смағұлұлы Шыңжаң ұйғыр автономиялық районы (ШҰАР) саяси кеңесінің төрағасы болған.
Қытайдағы қазақтардың енді бірі, 1947 жылы Іле аймағында туған Асхат Керімбайұлы Іле қазақ автономиялы облысының бастығы, ШҰАР халық үкіметі төрағасының орынбасары, ШҰАР саяси мәслихат кеңесінің төрағасы қатарлы міндеттерді атқарған.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мәліметінше, 15 миллионнан астам қазақтың 5 миллиондайы Қазақстаннан тысқары жерлерде тұрады. Шетелдегі қазақтардың ең көбі Қытайда (1,2 миллионнан астам), Өзбекстан (800 мыңнан астам) мен Ресейде (600 мыңнан астам) өмір сүреді.

Advertisement


Әлемде

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

Published

on

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы маусым және шілде айында АҚШ пен Ұлыбританияда өтетін ақтық сынға жолдама алды.

11 мен 14 жас аралығындағы оқушылар екі түрлі санатқа бөлініп, пәнаралық тест тапсырды. Берілген тақырыптарға сай, викториналық сұрақтарға жауап беріп, эсселер жазды. Жасөспірімдер инновациялық білімін дамытуға арналған байқау тек ағылшын тілінде өткен.

Continue Reading

Әлемде

Импичмент деген не?

Published

on

Massaget.kz

Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында Сенат шешеді.

Импичмент дегеніміз – қылмыстық айыптауға байланысты парламент сотының жоғары мемлекеттік шенеунікті, оның ішінде мемлекет басшысын қызметінен босату тәртібі.

Конгрест екі мәселені дауысқа салды. Дональд Трампқа салынған айыптың біріншісі – қызмет бабын асыра пайдалану. Конгрессмендердің 230 “келісемін” деп дауыс берсе, 198 қарсы шыққан. Екінші айып – конгрестегі обструкцясы (конгресстің жұмысына кедергі келтіру). 229 адам келіссе, 198 қарсы дауыс берді. Конгресс Сотының импичмент жариялауы үшін екі айыптың біреуінен 216 дауыс жинаса да жеткілікті болар еді.

Дональд Трамптың өзі дауыс беруден соң Twitter парақшасында былай деп жазды: “Қызметімізден босатуға тырысып жатқанға ұқсамайды.. Бүгінде еліміздің жағдайы бұрын-соңды болмаған даму үстінде. Біз ешқандай да заңға қайшы әрекет істеген жоқпыз. Бізді Республикалық партия қолдайды. Қатарымызда бірліктің бар екені байқалады. Бұрын-соңды мұндай болмаған”.

Президентке тағылған екі айып бойынша шешім Сенатқа жөнелтілген. Жоғарғы палата оны елдің жоғары заң инстанциясы басшысының қатысуымен сот процесі жүзінде қарастырып, шешім қабылдайды. Конгрессмендер конститция бойынша прокурор тарапында, ал жоғары палатаның өкілдері алқаби орнында болады.

АҚШ тарихында бұған дейін тек екі президентке атап айтқанда – Билл Клинтон мен Ричард Никсонға импичмент жарияланған.

Continue Reading

Әлемде

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып, «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты.
Оқыту тек ғана қазақ тілінде жүріледі.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде4 weeks ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде1 month ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде1 month ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Әлемде1 month ago

Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазақпарат ХАА – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы...

Әлемде1 month ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде2 months ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Әлемде2 months ago

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып...

Моңғолияда3 months ago

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты.  Кездесу...

Басты назарда