Connect with us

Лайфстайл

Хоббиіңізді кәсіпке айналдырыңыз

Published

on

Сүйікті ісімен айналыса жүріп, табыс таба білетіндерді бақытты, жолы болғыштар деп есептейміз. Біз неге үнемі біреуге қызыға қараймыз? Неге оны өзіміз жасап көрмеске? Неге өзіміздің де ұнататын, қолымыздан келетін істі атқарып, пайда көзіне айналдырмасқа?
Кәсіпті кез келген жаныңыз қалаған істен бастауға болады. Бастысы ниет пен ынта болса болғаны. Сонымен, қандай хобби түрлерін кәдеге жаратуға болады, бірнешеуін тізіп көрейік.
Киім, үйге қажетті заттар тоқу. Ешқашан сәннен қалмайтын кеудеше, шалбар, бас киім, сырт киімдер т.б тоқыңыз. Бұл қатарға қолдан жасалған үстел, жиһаз жапқыштар, сүлгілер, перделерді де қосыңыз.
Киім тігу. Кейде арнайы білім алмаған тігіншілердің қолынан керемет дүниелер шығуы мүмкін. Бұл, әрине өніміңізге деген сұраныстың, сізге түсетін табыстың санын арттырары сөзсіз.
-Жұмсақ ойыншықтар жасау. Оған иірілген жіпті, табиғи жүн, тіпті киілмейтін киімдерді, қалдық маталарды да пайдалансаңыз болады.
-Сурет салу. Бұл өнерге деген сіздің қабілетіңіз жеткілікті, бірақ іске асырмай жүрсіз бе? Ендеше қолға алыңыз. Түрлі бояулар, түрлі-түсті қағаздардан да әдемі туындылар жасауыңызға болады ғой.
-Ағаш өнімдері. Ас үйге арналған тақтайша, кәдесыйлар, безендіруге арналған бұйымдар т.б. кішігірім дүниелер де сізге үлкен табыс әкелуі мүмкін.
-Шыбықтан бұйымдар тоқу. Себет, құмыра, қобдиша, үйдің безендірілуіне қажетті ұсақ-түйек заттар жасай алсаңыз, оын да кәдеге жаратыңыз.
-Фотография. Кез келген көріністен әдемі картина шығаруға болады. Егер сұлулықты көре алатын қабілетіңіз болса, фото өнерімен де айналысып көріңіз.
-Мақала, блог жазыңыз. Өз білгеніңізді өзгелермен бөлісуге, тым болмаса, ас үйге арналған пайдалы кеңестер жазуыңызға болады.
-Бөлме өсімдіктерін өсіру.
-Кулинария. Тағам әзірлеу кез келген қыз-келіншектің қолынан келетін іс. Аздап ізденіп, идеяларыңызды дамытсаңыз, тағамдарыңызға деген сұранысты арттыра аласыз.
Егер осы айтылғандарды немесе басқа да қолөнер түрлерін кәсіпке айналдырып, бір жолға түсіріп алған жан ешуақытта уайымға беріліп, көңіл-күйін түсірмейді. Өйткені оған бірінен соң бірі түсіп жатқан тапсырыстардан уақыты артылмайды.
Кейбіріміз бұдан қандай пайда келуі мүмкін, ондай ұсақ-түйекпен айналысуға ұяламын, оларды жұртқа қалай сатамын дегендей сенімсіздіктер, күмән болуы мүмкін. Ендеше мына кеңестерді қаперіңізде ұстаңыз:
-Үнемі тәжірибе жасап отырыңыз. Жаңа нәрселермен айналысып, өзіңізді жаңа қырыңыздан дамытыңыз. Сонда өзіңіздің қабілетіңізді, күшіңізді аңғара бастайсыз.
-Өз заттарыңызды өзгелерге ұсынудан ұялмаңыз. Алғашында тоқыған, тіккен бұйымдарыңызды сыйға тартыңыз, жұмысқа пісірген тәттілеріңізді ала барыңыз. Оны байқаған таныстарыңыз, әріптестеріңіз келесіде сізге тапсырыс беретін болады.
-Жаңа өнімдеріңіздің суретін әлеуметтік желіге жүктеңіз.
-Өзіңізге бірте-бірте топ жинаңыз. Егер жарыңызбен ойыңыз бір жерден шығып жатса, тіптен керемет. Отбасылық шағын кәсіп ертеңгі күні үлкен табыс көзіне айналуы ғажап емес.

Continue Reading

Лайфстайл

Қытай ғалымдары қатерлі ісіктің даму қаупін төмендететін өнімдерді атады

Published

on

Қытай ғалымдары сарымсақ, пияз және порей пиязын қолдану колоректалды обырдың даму қаупін төмендететінін мәлімдеді. Тиісті зерттеу жұмысы Азия-Тынық мұхиты клиникалық онкология журналында жарияланды, – деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.  Сарапшылар колоректалды обырмен ауыратын 833 науқастың және жасы, жынысы, тұрғылықты жері бойынша 833 дені сау адамның деректерін салыстырды. Зерттеу қатысушыларынан тамақтану рационы мен оның жиілігі уақтылы сұралып отырды.  Колоректалды обырдың даму ықтималдығы пиязды көп тұтынған ересектерде 79 пайызға төмен болғаны анықталды. Ғалымдар сарымсақ, пияз және порей-пиязында тоқ ішектегі қатерлі ісіктің даму қаупін төмендетуге көмектесетін қосылыстар бар деген қорытындыға келді. Зерттеушілердің бірі Чжи Ли жұмыс әрі қарай зерделеуге лайық екенін айтты. Колоректалды обыр дегеніміз – тоқ ішектің қатерлі ісігі және оның қосалқысы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ол қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлерінің бірі.

Continue Reading

Лайфстайл

Оу, жігіт! Гүлдер тілін білесіз бе?

Published

on

By

Гүл – жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс иесі. Олардың ешкімге титімдей болсын зияны жоқ, керісінше айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл сыйлап, адам жанын жадыратып жүруге шебер. Ал сіз осы бір ғажап тіршілік иелерінің тілін білесіз бе? Білмегеніңіз қалай? Әдетте, гүлдердің түсі мен саны өте көп нәрсені білдіріп тұрады. Егер сіз біреудің адал жары, біреудің ақ боз атқа мінген ханзадасы (жігіті) болсаңыз, олардың тілін еркін меңгеруіңіз керек. Өйткені, нәзік жандылар қауымы гүлдермен етене таныс. Олар сіз тарту еткен гүлдердің түсіне қарайды да, бірден санауға кіріседі. Осыдан кейін ниетіңізді бірден түсіне қояды.
Дұрыс таңдалмаған гүл қарым-қатынастарыңызға зиянын тигізбесіне кім кепіл? Қам жемеңіз! Бүгінгі жазба сізді тығырықтан оп-оңай алып шығады.

Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркем сөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде жігіттер өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр қаймағын бұзбай келеді. Қалыптасқан ереже бойынша, тек тақ санды гүлдерді ғана сыйға тарту керек. Ал оннан кейін қалағаныңызша ала беруіңізге болады.

1 – Егер қызға өзіңіз сүйетін жанның сол ғана екендігін және ол секілді арудың ешқашан да қайталанбайтындығын білдіргіңіз келсе, бір шоқ гүл ғана ұсыну керек.
3 – Үш шоқ гүлді өзіңіз жеті қат аспанға немесе жердің түбіне болсын бірге кеткіңіз келетін перизатқа сыйлауға әбден болады.
5 -“Мен сені сүйемін”. Сіздің жүрегіңіздің үнін бес тал гүл оп-оңай жеткізе алады.
7 – Жеті тал гүлді жұбайыңызға сыйлағаныңыз жөн. Өйткені, бұрынғылар дәл үйлену тойы күні ғана өздерінің жұбайларына жеті шоқ гүл тарту еткен деседі.
9 – Егер бір бойжеткенге достық пейіліңізді жеткізгіңіз келсе немесе әріптестік қатынастарды жақсартқыңыз келсе, тоғыз тал гүл сатып алуға тура келеді.
10 – Бір танысыңыздың көңіл-күйін көтеріп, тіпті жәй ғана жағымды нәрсе жасағыңыз келсе, он тал гүл, түзу ниетіңіз бен шынайы қарым-қатынасыңызды танытқыңыз келсе – он бір тал гүл ұсыныңыз.
12 – Сіз бір қарагөз аруды қатты ренжітіп алдыңыз. Кешірім сұрағыңыз-ақ келіп тұр. Оның алдына баруға бетіңіз жоқ немесе жәй ғана жігіттік намысыңыз жібермейді. Арнайы қызметкерлер арқылы немесе жақын досыңыздан кешірім толы хатыңызды қосып, он екі шоқ гүл беріп жіберіңіз. Қалғаны қыздың құзырында…
13 – Он үш – сәтсіз сан. Сондықтан мамандар 13 дана гүлді өзіңіз жақсы көретін адамдарға сыйламауға кеңес береді.
15– Он бес тал гүлді өзіңіз ерекше сүйіспеншілік танытып жүрген, шексіз сыйлайтын, қатты құрметтейтін адамдарға сыйлаңыз. Анаңызға, әжеңізге, жеңгеңізге, ұстазыңызға тарту етсеңіз, нұр үстіне нұр болмақшы.
Сөз соңында жігіттерге құшақ гүл емес, жапырақ жүректі сыйға тартатын жалғыз “Жібегіңізді” адаспай тауып алыңыз дегіміз келеді.

Дайындаған: C.Айгерім

Continue Reading

Лайфстайл

СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК

Published

on

Антибиотикпен қай кезде емделеді? Түшкіру суық тигеннің белгісі емес дейді. Салқын тиіп ауырғанда төсекте жата беруге болмайды екен. ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) тұмауға айнала ма? Тағы нені білмейміз? Ендеше суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателікті білуге тиіспіз.

Бірінші қателік: Суық тигенде ол тұмауға айналады ЖРВИ және тұмау (грипп) әртүрлі вирустардан туындағандықтан, бір ауру басқа ауруға ауыспайды. Бірақ ауырып қалғанда алғашқы күні  көбісі осы екі аурудың белгілеріндегі  айырмашылықты білмейді. Тұмаумен емес, суық тиіп ауырғанды қалай білуге болады:

• Суық тигенде оның белгілері біртіндеп басталады: тамақ ауырады, мұрыннан су аға бастайды, қалтырай бастайсың. Шамамен 5 күнде адам науқастанғанын сезеді. Ал тұмау бірден сұлатып түсіреді: басың, бүкіл денең ауырып, әлсіз сезінесің.

• Салқын тигенде дене қызуы болмайды немесе қызу қатты көтерілмейді (38 ° дейін). Ал тұмауда дене қызуы күрт көтеріледі (39 ° және одан жоғары).

• Түшкіру – тұмаудың емес, суық тигеннің белгісі.

Екінші қателік: Суық тисе, антибиотикпен емдеп алуға болады Антибиотиктер вирусты құрта алмайды, өйткені оның құрамы бактериядан бөлек. Ал мұндай дәрінің пайдасынан көрі зияны көп.  Аурудың белгісі сақталып, ал вирустар ағзаңызда көбейе береді. Антибиотикті «кәдеге жарап қалар» деп қабылдауға мүлдем болмайды! Ол иммунитетіңізді әлсіретіп, вирусқа қолайлы жағдай жасайды.  Сөйтіп болашақта қажет кезде антибиотик сізге көмектесе алмайтын болады, себебі мұндай препараттан кейін тірі қалған бактериялар оларға сезімтал болмайды.

Үшінші қателік: Суық тигенде емделудің қажеті жоқ, өзі-ақ жазылып кетеді Әдетте суық тигенде оның белгілері 3 күнге созылады, бірақ «жазылып кетермін» деп күтсеңіз, онда ауру бір айға созылып немесе асқынуы ықтимал. Есіңізде болсын: егер демігіп, ентіксеңіз, демалу қиындаса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз!

Төртінші қателік: Суық тигенде жұмысқа бара беруге болады Көптеген адамдар суық тиіп ауырып жүрсе де жұмысынан қалмай, «ерлік жасауға» құмар. Тіпті өзіңді босаңсуға мүмкіндік бермесең, онда ауру тез өтеді деген қате түсінік. Іс жүзінде жазылу процесі созыла береді. Сол үшін ең ыңғайлы шара: алғашқы 1-2 күнді міндетті түрде үйде өткізу керек. Үйде қалудың тағы бір себебі: аурудың алғашқы күндерінде адам вирустың тасымалдаушысы болып табылады, яғни айналасындағы адамдарға ауруын жұқтырады.

Бесінші қателік: Суық тигенде төсекте қозғалмай жату керек Ұзақ уақыт төсек тартып жату бронхит пен пневмонияны тудыруы мүмкін. Сондай-ақ аяқтағы қанның тоқырауына әкеледі. Әрине,  спортзалға жүгірудің қажеті жоқ, бірақ қалыпты белсенділік тек пайда әкеледі.

Алтыншы қателік: Суық тигеннің бір себебі – салқын ауа Суық тигеннің жалғыз себебі – вирус жұқтыру. Яғни, басыңызда бас киім болды ма, қалың киіндіңіз бе, бәрібір. Және де суық жел, өкпек жел, кондиционер де себеп емес. Егер ұшақта отырып суық тиіп немесе салқын желден ауырдым деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Мәселе мында: құрғақ ауа мұрынның шырышты қабығын кептіріп, содан ағзаңыздың вируспен күресі қиындайды.

Жетінші қателік: Далаға терлеп шықсаң, міндетті түрде суық тиеді Өкпек жел, жаңбыр немесе басыңды кептіріп үлгермей далаға шыққанда ол ауруға себеп болады деген қате түсінік. Вирусты ұстаудың 3 тәсілі бар: ауа тамшылары, ауа-шаң-тозаң және тұрмыстық. Сондай-ақ  вирустардың өте қабілетті екенін ұмытпаңыз:

  • Вирустар үйде су өткізбейтін жерлерде 7 күннен артық өмір сүреді.
  • Киімде, жиһаз қаптамасында немесе қағазда шамамен 12 сағат өмір сүреді.
  • Қолыңызда бірнеше минуттан 1 сағатқа дейін.
  • Есік тұтқаларында – 6 сағат.

Бірақ далаға терлеп, басыңды кептірмей шығуға болмайды. Өйткені ол иммунитетті әлсіретіп, вирус жұқтыруға себепкер болады.

Сегізінші қателік: Қыста бір рет қана суық тиіп ауырасың Жақсы жаңалық: адам өзін ауыртқан вирусқа иммунитет қалыптастырады. Демек екінші рет тап сондай вирусты жұқтырмауыңыз мүмкін. Жаман жаңалық: әлемде 200-ден аса вирустың түрі бар. Сондықтан бір маусымда бір рет қана суық тиіп ауырады деген бос сөз.

Тоғызыншы қателік: Бір күнде емдеп алуға болады  Ауруға қатты соққы беру керек деп, дәріні бір мезетте көп мөлшерде ішіп алатын «ақылгөйлер» бар. Дәріні уыстап ішіп, бір күннің ішінде аяғымнан тік тұрам деу – қауіпті пікір. Вирус жұққан кез келген ағза қайта қалпына келу үшін уақыт керек. Егер аурудың белгісін жоятын дәрі-дәрмекті көп қабылдасаңыз, онда жүрекке салмақ түсіріп, оның салдары қиын болуы мүмкін. Сондай-ақ парацетомолы бар препараттармен абай болыңыз, оның мөлшері шамадан тыс болса, ол бауырдың қызметін тоқтатуы мүмкін.

Оныншы қате түсінік: Аяғына дейін емделу қажет Жөтел мен жеңіл тұмау 4 аптаға дейін сақталуы мүмкін. Сондықтан аурудың барлық белгісі толық жойылғанша күтудің мағынасы жоқ.  Егер өзіңізді жақсы сезінсеңіз, әдеттегі тіршілігіңізге кірісе беруге болады.

Деніңіз сау болсын!

KTK

Continue Reading

Title

Кітаптан үзінді...2 days ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Кітаптан үзінді...2 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде2 years ago

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің...

Әлемде2 years ago

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының...

Кітаптан үзінді...2 years ago

Моңғолия: Мазаалай жер серігін ұшырды

SpaceX компаниясының Falcon-9 зымыраны сәтті ұшты. Дүйсенбіге дейін халықаралық ғарыш станциясына жетеді. Жер серігі ғарыштық зерттеулер жүргізуге, спутниктен түсірілген фотосурет...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті