Connect with us

Published

on

Ф.Бержан әндерінен «Ел көшкенде» атты байқау өтеді. Аталмыш байқауға байланысты М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының әншісі, жоба ұйымдастырушыларының бірі Ләйла Смағулқызынан Kaznews.mn ақпараттық порталының тілшісі өткізген қысқаша сұхбатын ұсынамыз.
KAZNEWS: Байқау туралы оқырманға мәлімет берсеңіз?
Ләйла Смағулқызы, жоба ұйымдастырушы:
«Ел көшкенде» байқауына тіркеу жүріліп жатыр. 17 ақпанда аяқталады. Сайыс 18-19 ақпанда М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрында жүріледі. 20 жастан төмен емес адамдар қатыса алады. Бірақ, кәсіби әншілер қатыса алмайды. Байқаудың шарты тек ғана Бержанның әндері орындалады.
Байқаудың мақсаты не?
Ләйла Смағулқызы: Байқаудың мақсаты Бай-Өлкелік композитор Бержан Файзоллаұлының әндерін халыққа дәріптеу, керей әуендерін сақтап қалу болып табылады.
Байқаудың жеңімпаздарына қандай сый тағайындалды?
Ләйла Смағулқызы: Бас жүлде 500,000 төгрөг. 1 – орынға 300,000 төгрөг, 2 –орынға 200,000 төгрөг, 3 – орынға 100,000 төгрөг беріледі.
Толығырақ мәліметтерді 95961771, 99419222 телефондарынан алуға болады.

Бержан Файзоллаұлы 1954 жылы Өлгий қаласында туған. Музыкалық білім алған. Аймақтық қазақ музыкалы драма театрында ұлттық оркестрдің бас дирижері болып қызмет істеген.
Елге танымал көптеген әндер шығарған сазгер. Белгілі ақын Мұрат Пұшатайұлымен бірлескен шығармашылық ізденістері нәтижесінде он шақты ән дүниеге келген.

Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Мәдениет

Бай-Өлке менің мекенім

Published

on

Баян-Өлгий – Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы.

Continue Reading

Мәдениет

Термеші Ақтанберді Азатұлының ән кеші өтеді

Published

on

Бүгін яғни 13 сәуірде Улаанбаатар қаласы 13-микро район, Баясах Трейд ғимаратында орналасқан Блүфин Стэйкхаус ресторанында термеші Ақтанберді Азатұлының ән кеші өтеді.

Такс бағасы 56,000 төгрөг. Байланыс телефоны 99106990.

Спонсор Туран Ворлд компаниясы.

Continue Reading

Мәдениет

Кәсіби суретші, мүсінші Ойлан Жанатханұлының көрмесі Бурятияда ашылды

Published

on

Моңғолиялық кәсіби суретші, мүсінші Ойлан Жанатханұлының “Мәңгілік аспан әлемі” атты көрмесінің ашылу салтанаты Бурятияның Ұлан-Үдэ қаласында  27 наурыз күні өтті. Аталмыш көрме Моңғолияның Бурятиядағы мәдение күндігіне орай ұйымдастырылып отыр. Ұлан-Үдэ қаласының Ц.С.Сампилов атындағы музейде суретшінің 30 туындысы қойылған.

Реалист, сюрреализм яғни шынайы және инстинктивтік түрде туындыларын жасайды. Ойлан Жанатханұлының суреттері тек көгілдір өңмен боялған.

Ашылу салтанатына Бурятияның Мәдениет министрі Соелма Дагаева, Ұлан-Үдэ қаласындағы бас консул Д.Чадраабал қатарлы азаматтар қатысты.

Дагаева “Өткен жылы Моңғолияғы біздің “Ульгэр”, “Байкал” театрлары барып қайтқан. Ал, биыл бізге осындай өте қызықты туындылары бар кәсіби өнер иесі келгеніне қуаныштымыз. Ойлан Жанатханұлына зор табыс тілеймін” деді. Бас консуд Д.Чадраабал “Біз ақылдаса келе көрмеге “Мәңгі аспан әлемі” деген ат бердік.  Моңғолияның өнерін Бурятия халқына таныстыру мақсатында. Ойланның әр суреті терең мағына береді. Ойлан Жанатханұлының көрмесі Түркия, Франция, Германия, Испания, Ирландия, Венгрия, Америка Құрама Штаттарында және Қазақстан республикасында көрсетілген. Сондай-ақ консулдықта галерия ашу ойымызда бар” деді.

Көрме сәуірдің 12 -дейін көрсетіліп, сәуірідң 13 күнінен бастап Ресейдің Эрхүү қаласында жалғасады.

Continue Reading

Өзекті