Connect with us

Кітаптан үзінді...

Файлдарды бұғаттап ақша талап ететін кибер шабуылдың саны артты

Published

on

Ransomware – адамдардың компьютеріндегі файлдарды бұғаттап ақша талап ететін кибер шабуылдың бір түрі.
2016 жылы Ransomware шабуылдары қалай өскенін төменгі графика арқылы көруіңізге болады. Мәліметті SonicWall ақпараттық компаниясы жариялаған.

2016 жылы Ransomware шабуылдары 638,2 млн рет тіркелгені, 2015 жылы 3,8 млн тіркелгеннен 16000 пайызға артқан.
Хакерлер тарапынан адамдардың компьютерлік жүйесіне кіріп, файлдарды құлыптайды. Кейін ақша алып файлдарды босатып отырған.
Өткен жылы хакерлер әртүрлі ұйымнан осы жолмен $17,000-$73,000 талап еткен. Есебін биткойн желісі арқылы алып отырған.
Мамандардың айтуынша Ransomware дәстүрлі вирус таратушыларға ұқсамайды. Ол жеңіл әрі жылдам жолмен ақша табудың мүмкіндігін тудырып отырғандықтан 2017 жылы бұл қылмыс одан әрі өсуі мүмкін деп отыр.

Сондықтан, Kaznews.mn оқырмандарға төменгі кеңестерді беріп отыр.
Е-майл және әлеуметтік желі арқылы келген белгісіз сілтемелерге өтпеу, қажеті шамалы бағдарламаларды жүктеп алмау, егер компьютеріңізге белгісіз програмалар қондырылған болса IT мамандарына жүгіну немесе тазалау, вирусқа қарсы бағдарламаны тұрақты жаңалап отыру керек.

Continue Reading

Кітаптан үзінді...

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Published

on

Photo: Inc.com

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді. Бұл өз кезегінде нейродегенеративті аурулардың пайда болуын тежейді. Кітап оқу есте сақтау қабілетін жақсартып, депрессиямен күресудің жақсы әдісі болып табылады.

Оқу күйзелісті төмендетеді

Ғалымдар мен дәрігерлер күйзелістің – адам бойындағы аурулардың 60% себепші болатынын айтады. Ұзақ уақытқа созылған күйзеліс инсульттің қаупін 50%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларыны пайда болуын 40%-ға арттырады. Ал кітап оқу күйзеліс деңгейін 68% төмендете алады екен. Не бары  6 минут кітап оқу жүрек соғысын бәсеңдетіп, бұлшық ет қызуын төмендетеді. Бірақ бұл дегеніміз монитордан оқу емес.

Оқу ұйқысыздықтан емдейді

Көптеген адамдар жатар алдында планшет пен телефонды қолданады. Олардан шығатын көк түсті жарық ағзадағы мелатонин (ұйқы гормоны) гормонының шығу қабілеттін әлсіретеді. Ал кітап оқу жатар алдында ұйқы шақырады екен.

Кітап оқу қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі

Кейбір адамдар кітапты шынайылықтан қашу дейді. Бірақ, ғылыми зерттеулер кітап оқудың қоғамдық қабілеттерді жоғарылататынын көрсеткен. Кітапты көп оқыған адамдарға басқалармен тіл табысу,  қиын жағдайлардан шығу, тіпті сүйген адамын түсіну де жеңілірек.

Гүлмира, Bugin

Continue Reading

Кітаптан үзінді...

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Published

on

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы.

Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі.
2,5 жылда «Rumi Group» мейрамханалар желісі ең дәмді, танымал және беделді брендке айналды. Алайда барлығы осы 2,5 жылды ғана көреді. Ал бұған дейінгі Қуаныш мырзаның 8 жыл бойы шыңдалған, дайындалған, қателескен, өкінген, банкротқа ұшырап, қайта көтерілгенін көбі білмейді де. Автор өзінің мысалында келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.
Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тапқан кәсіпкердің ақыл-кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім компаниядағы мендержерден бастап мектеп мұғалімі, алпауыт компанияның атқарушы директоры да бұл жазбадан өзіне қажет кеңес таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.

ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУ КЕРЕК?

Өзің қандай болсаң, бизнесің де, карьераң да сондай. Өміріңді өзгерту үшін ең алдымен өзіңді өзгертуің керексің.

2,5 ЖЫЛДА 10 МЕЙРАМХАНА ҚАЛАЙ АШУҒА БОЛАДЫ?

Румидің хикаясы: 2,5 жыл + 8 жыл. Он мейрамхана ашқанға дейін Қуаныш Шонбай өзін қалай дамытты, қандай қиындықтардан өткені жайлы біле аласыздар.

МЫҚТЫ ҚАБІЛЕТІҢДІ АНЫҚТА

Әр адамның өзіне берілген ерекше қабілеті бар, ең бастысы соны дұрыс анықтай білу керек. Әлсіз жағыңды емес, мықты жағыңды одан әрі дамытудан бастаңыз

НЕГЕ БАТЫС КІТАПТАРЫ БІЗГЕ КӨМЕКТЕСПЕЙДІ?

Қаншалықты батыстың кітаптары бізге көмектесе алады, оны бізге жақсы әсер ету үшін не істеу керек?

ЖАСАУ (ЗАТОК МОДЕЛІ)

“ЗАТОК” моделін дұрыс пайдалана білген адам, өмірде үлкен белестерді бағындыратынына біз 100% сенімдіміз. Ең бастысы соны дұрыс пайдалануды үйрену керек

ӨЗІҢДІ ЖЕҢУ

Кез келген жеңіс тек өзімізді дамытудан басталады. Ең басты қарсыласымыз ол – өзіміз: өзіміздің жалқаулығымыз, өзіміздің білімсіздігіміз, өзіміздің кемшіліктеріміз

ОКОП КЕЗЕҢІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Үлкен жеңіске жету үшін алдымен міндетті түрде жақсы дайындық керек. Ол қандай дайындық, неге мән беру керек дайындық кезеңінде?

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ КҮШІ

Қазір әлеуметтік желіні пайдаланбайтын адам кемде кем, өкінішке орай барлығымыз оны тек уақыт өлтіру үшін пайдаланамыз, ал оны ақша табу үшін, біліміңді дамыту үшін, жеке брендингті қалыптастыру үшін де пайдалануға болатынын көбіміз біле бермейміз.

ҚАНДАЙ ФИЛЬМ, КІТАПТАР ОҚУ КЕРЕК?

Бұл кітапта өзіңді дамыту үшін, кемшіліктеріңізді жеңіп, өз жолыңызды табуға қажетті көптеген пайдалы кітаптар мен фильмдердің тізімін таба аласыз.

Тапсырыс беру үшін: +976 99675109, 91113710

Continue Reading

Іскер

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Published

on

By

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты ретінде де қарастыруға болады.
Барлық домендер – .mn, .kz, .ru, .cn тәрізді ұлттық домендерге және – .com, .org, .net, .edu,… тәрізді халықаралық домендерге бөлінеді.
Сонымен Ұлы Британиялық Nominet компаниясы дүниежүзіндегі Top Level Domain – де қанша вебсайт тіркеулі тұрғанын анықтап, инфографика жасаған.
Инфографикада көрсетілгендей, Моңғолияның .mn доменіндегі вебсайттың саны 10,000 деп отыр. Ең қызығы Жаңа Зеландияның Токелау (.tk) аралында 30 миллион вебсайт тіркелген екен.
Ал, көршілес ҚХРеспубликасының .cn доменінде 16,810,737 вебсайт, Ресей Федерациясының .ruдоменінде 5,074,320 вебсайт, Қазақстан Респуликасының .kz доменінде 121,901 вебсайт тіркелген.

Continue Reading

Title

Кітаптан үзінді...2 months ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...2 months ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Іскер4 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...4 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Іскер4 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...4 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде2 years ago

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің...

Әлемде2 years ago

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті