Connect with us

Published

on

Еңбекқор, бірегей образымен өзгеден үнемі алға қарай ұмтылумен жүретін әнші әрине «Киви» тобының мүшесі Д.Уламбаяр яғни Ука.

Ол тыңдармандарына жаңа клипін ұсынып отыр. Бұл жолы «Татар» тобымен бірге орындаған «Аримун» клипі желіде хитке айналып үлгерді. «Аримун»-ның әнімен сөзін Заяа шығарған. Туынды «Mongal Film» продакшнда жасалыпты.

Мәдениет

Darkhan Juzz: Күн мен Айым

Published

on

Дархан Джунусбеков – Ол табиғатынан дарынды, ерекше тембр, өзіндік стиль иесі. Оның музыкалық білімі жоқ, бірақ тыңдармандары бар. Оның әндерін жас режиссерлер, танымал вайнерлер саундтрек ретінде қолданып жүр. Ал алғашқы клипі “Күн мен Айым” 3 ай бұрын  “Gakku” арнасында жарыққа шыққан болатын.  YouTube-те оның әндерінің cover нұсқалары пайда бола бастады. Кеңінен танылып келе жатқан талантты музыканттың өзіне кезек берейік…

Балалық шақ. Аяқталмаған колледж

1990 жылы Алматыда туып, Ақсай ауданында көше баласы болып өстім. 9 сыныпты бітірген соң, дизайнер мамандығына түсіп, 1 жарым жылдай оқыдым. Бірақ жалғастырудың мәнін көрмеген соң, колледжді тастап кеттім. Сондықтан музыкалық мамандық та, басқа да мамандық иесі емеспін. Мен ноталарды да білмеймін, бірақ әуенді жақсы сеземін.

Алғашқы гитара. Алғашқы ән

Көшемізге келіп жүретін бір жігіттің гитарада ойнағанына сырттай қатты қызығатынмын. 14 жасқа толғанымда әпкем туған күніме гитара сыйлады. Көптен қалаған аспап қолыма тигенде, таң атысымен көрші досымның есігін тоқылдатып, гитарада ойнауды үйретуін өтіндім. Сөйтіп ең алғашқы үйренген әнім Цойдың “Пачка сигарет” деген әні болды. Ауладағы балаларды жинап алып ән орындап бердім. Олар бір күнде үйреніп алғаныма таң қалған еді. Содан бері гитара менің серігіме айналды. Сабақтан келген бетте, анама “3 сағат мені мазаламаңыз, мен сабақ оқимын” деймін де, бөлменің есігін жауып алып, ақырын гитара ойнап отыратынмын. Ең алғашқы әнімді де сол 14 жасымда жаздым. Махаббат туралы ән. Қазір әуені мен сөздері еміс-еміс есімде.

Ішкі түйсік. ВКонтакте

Бұған дейін түрлі салада жұмыс істедім. Өзімді жоғалтып алған сәттер де болды. Музыкамен айналысатын ешқандай мүмкіндігім болмаса да, ішкі түйсігіммен музыкант болатынымды сезетінмін.

Қазір тыңдалып жүрген әндерім 2013-2014 жылдары досыммен бір студияға бара салып, аяқ астынан жазылған еді. “ВКонтакте” желісінде аудиажазбаларымның арасында жататын. Кейін жас режиссерлер, танымал вайнерлер саундтрек ретінде пайдаланғандарын естідім. Сөйтсем алдында танысқан Aizatulla (Айзат Құссайынов) деген filmmaker арқылы таралған екен.

Жаныңды емдейтін музыка (с)

Кішкентай кезімнен жүйе, шектеу дегенді ұнатпайтынмын. Сабақ оқуға да аса зауқым болмайтын. 2 сынып оқып жүргенімде бір тоқсан бойы мектепке бармай адамдарды сырттай бақылап, қаланы жаяу кезіп жүретінім есімде. Виктор Цой, Боб Марлиді көп тыңдайтынмын. Жалпы мен туып-өскен Ақсай ауданы бұзақылық көп, қатаң орта болатын. Әкем болса суықтау адам. Сыртта мейірім болмағандықтан жылeлықты музыкадан іздедім.

Ән. Тыныштық

Өмірімде болған оқиғалардың әсерінен ішкі дүниемнің күйіне сай әуен мен мәтін туындайды. Әндерімді өзім үшін, күнделігім сияқты жазатынмын. Жанымда біреу құлаққап тағып отырса да, бөгет жасап отырғандай көрінеді. Сондықтан жалғыз.

Continue Reading

Мәдениет

Бақат Сайынмұратұлы: Чамдаа би (Мен сені)

Published

on

Жас әнші Бақат Сайынмұратұлы “Чамдаа би” (Мен сені) атты жаңа әнінің тұсауын кесті.

Әннің сөзін Н.Минжинсайхан, әуенін Бердібек Дәулетбекұлы жазған.

Естеріңізге салсақ, Қазақстандық «Әке» атты фильмі моңғолияның 25-ші каналында көрсетілді. Бұл фильмнің моңғол тілінде көрсетілуіне байланысты Бақат Сайынмұратұлы орындаған саундтрек видеосы желіде танымалдыққа ие болған.

Continue Reading

Мәдениет

Жас композитор екі тілде де ән жазады

Published

on

Дереккөз: Azattyq.org

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында тұратын Бердібек Дәулетбекұлы елдегі танымал “Mongolia’s got talent” (Моңғолия таланттары) телешоуына қатысып жатыр. Жас әнші, композитор Азаттыққа берген сұхбатында өнерге қалай келгені туралы, болашақ жоспары жайлы айтып берді.

Моңғолияның мемлекеттік телеарнасындағы “Mongolia’s got talent” (ұлыбританиялық продюсер Саймон Коуэлдің әлемдік “Got Talent” жобасының франшизасы – ред.) конкурсының бірінші турында Бердібек Дәулетбекұлы қазақ және моңғол тіліндегі әнді айтты. Төрт әділқазы да Бердібектің өнерін оң бағалап, келесі турға өткізді. Телеконкурстың екінші турында барлығы 32 қатысушы бақ сынайды.

АЛҒАШҚЫ ӘНІН 21 ЖАСЫНДА ЖАЗҒАН

26 жастағы Бердібек Дәулетбекұлы Моңғолияның Баян-өлгей аймағы Баяннуур ауданында дүниеге келген. Ол Улан-Батордағы өнер академиясын “хор дирижері” мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазір қаладағы орта мектептердің бірінде музыка пәнінен сабақ береді. Одан бөлек, қазақ және моңғол тілінде ән жазады. Моңғолша әндерін сатып, пайда табады.

Бердібек Дәулетбекұлының “Mongolia’s got talent” телешоуындағы өнері

Бердібек оқушы кезінде мектептегі концерттерде ән айтып, мерекелік шараларға жиі қатысатын. Бірақ музыкант болу деген ой “үш ұйықтаса да түсіне кірмеген”. Мектеп бітірген соң әкесінің жолын қуып, экономист мамандығын оқымақшы болған.

– Орта мектепті бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына құжат тапсырайын деп аймақ орталығына (Өлке қаласы – ред.) келдім. Мектепте де [экономика] бойынша дайындалдым. Бірақ жанымда еріп жүрген жездем құжаттарымды алды да, Өнер академиясына тапсырып жіберді. “Шоу менеджменті” саласы бойынша оқуға түстім. Бір жылдан кейін сабақ беретін ұстаздармен ақылдаса келе “хор дирижері” бөліміне ауыстым, – дейді ол.

Бердібек Дәулетбекұлының "Mongolia’s got talent" телешоуына қатысып жатқан сәт.

Бердібек Дәулетбекұлы ең алғашқы әнінін 21 жасында жазғанын айтады. Кейін бірге оқитын студенттердің ұсынысымен моңғол тілінде ән жаза бастаған.

– Бірге оқитын қатарластарым “сен ән жазады екенсің ғой. Моңғолша ән жазшы. Қазақ моңғолша ән қалай жазады екен” деп үгіттеді. Моңғол әндерінің құрылымы жеңіл. Бес нотаның көлемінде, музыка тілімен айтқанда – пентатоник. Алғашқы жазған әнім айналамдағы достарыма қатты ұнады. Бұл маған шабыт сыйлады. Екі тілде де ән жаза бастадым, – дейді ол.

“МОҢҒОЛИЯДА ӨНЕРМЕН ЖАҒДАЙЫН ЖАСАҒАН ҚАЗАҚ ӘНШІ АЗ”

Бердібек Дәулетбекұлы студент кезінде түрлі конкурсқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Жас композитордың моңғол тіліндегі әндері көп. Оның моңғол тіліндегі шығармаларын Моңғолияның танымал әншілері де орындайды.

– Моңғолиядағы қазақ әншілеріне ән жаздырып, оған клип түсіру өте қиын. Өйткені әнді сапалы өңдейтін қазақ маман аз. Бар болғанның өзінде өте қымбат. Моңғол тілді ән өңдеушілер қазақ әнінің табиғатын түсінбейді. Бұл – бір. Екіншіден, Моңғолияда тек өнердің айналасында жүріп көтерілген, жағдайын жасаған қазақ әншілері аз. Көп әншілеріміз басқа кәсіпте жүр. Әйтпесе, әнімді орындаймын деген қазақ әншісі болса, тегін берер едім. Үшіншіден, елде моңғол ұлтынан шыққан мықты әншілер көп және олардың әлеуметтік жағдайлары да жақсы, – дейді ол.

Бердібек Дәулетбекұлы (сол жақта) Моңғолияның танымал әншісі Самадын Жавхланмен бірге. (Сурет Бердібек Дәулетбекұлының жеке мұрағатынан алынды)
Бердібек Дәулетбекұлы (сол жақта) Моңғолияның танымал әншісі Самадын Жавхланмен бірге. (Сурет Бердібек Дәулетбекұлының жеке мұрағатынан алынды)

Ол Моңғолиядағы жас қазақ композиторларының әндері моңғол әуендеріне ұқсап бара жатқандығын да мойындайды.

– Мысалы, Қытай қазақтарының әндерін тыңдап отырсаңыз, қытай әуендерінің иірімдері сезіліп тұрады. Өйткені қоршаған орта міндетті түрде ықпал етеді ғой. Сол секілді менің де әндерімде моңғол музыкасының ықпалы бар екенін сеземін. Өйткені өскен ортам, алған білімім, тіпті ішіп жүрген суым мен жұтып жүрген ауам да осы жердікі ғой. Мен одан қашып құтыла алмаймын, – деді жас әнші.

Жас сазгер болашақта Қазақстанға келіп оқып, білімін одан әрі жетілдіруді армандайды.

Бердібек Дәулетбекұлының “Ғазиз ана”, “Біз біргеміз”, “Сезім гүлі”, “Наурыз” сынды шығармалары жергілікті қазақтар жиі айтады.

Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

Continue Reading

Өзекті