Connect with us

Published

on

SPS телеарнасы Моңғолияның жаңа Негізгі заңына 27 жыл толуына орай ұйымдастырылған Ұлттық күресте көрермен көзайымы болған белдесулерді анықтады.

Үздік ондыққа өзінің ерекше күрес мәнерімен аймақтық арыстан Еркебулан Малшыұлы ілінген.

Спорт

Қуандық Арыстанұлы жекпе-жектен күміс жүлдегер атанды

Published

on

23-24 наурызда Моңғолияның Құқық қорғау университетінің 85 жылдығына орай жекпе-жек ұйымдастырылды. Жарысқа 22 клубтан 300 ге жуық спортшы қатысты.

Жарыстың 55 келі салмақ дәрежесінде Ішкі әскери 805-ші бөлімнің қызметкері, Қуандық Арыстанұлы күміс жүлдеге ие болды.

Ал, университеттің Шекаралық қызмет факултетінің арнайы дайындық курсының жекпе-жек үйірмесінің ұстазы Оңалбек Қавшанұлы жарыстың «үздік» төрешісі атанды.

 

Continue Reading

Спорт

Қазақ күресінен алғаш рет ел чемпионаты өтті

Published

on

KAZNEWS – Еліміз астанасы Улаанбаатар қалысында 9-наурыз күні алғаш рет Қазақ куресінен ел чемпионаты өтті. Сайысқа 8 салмақ дәрежесі бойынша барлығы 254 спортшы қатысты. Қазақкүресінің ұйымдастырылу мақсаты және ерекшелігі туралы Азия Қазақ күресі федерациясының президенті Хашбаатар Цагаанбаатар бізге өз пікірін быйлайша жеткізді.

Азия қазақ күресі федерациясы құрылғалыбір жылдан астам уақыт болды. Биылғы жылы елімізде алғаш рет қазақ күресі сайысы ұйымдастырылуда.Осы сайыстан бірінші орын иеленген спортшыларға Азия және әлем чемпионатына қатысатын жолдама табыс етіледі. Азия қазақ күресі федерациясының басты мақсаты елімізге және Азия бойынша аталмыш спортты дамытып, осы күреспен айналысатын спортшыларға мүмкіндік жасау, оларды қолдау. Біз барлық жоспарымызда жасап, алдағы уақыттағы атқаратын жұмыс бағдарламаларымызды Халықаралық қазақ күресі федерациясына таныстырдық. Алайда Өзбекстан, Қырғызыстан елдерін жеңетін болсақ елімізге Азия чемпионатын ұйымдастыратын мүмкіндіктер ашылады – дейді.

Бұл реткі қазақ күресінен әр салмақ бойынша чемпион болып алтын медаль еншіліген палуандардың әрқайсысына жеке-жеке 500,000 төгрөг, ал команда ұпайы бойынша бірінші орын иеленген жаттықтырушыға да 500,000 төгрөг, екінші орынға 400,000 төгрөг, ал үшінші орын иеленген жаттықтырушыға 300,000 төгрөг берілсе, әр салмақ бойынша чемпион болған 8 палуанды соңында өзара күш сынастырып, түйе палуанға 1,000,000 төгрөгтің сыйақысын, екінші орынға 500,000 төгрөг, үшінші орынға 250,000 төгрөг ақшалай сыйақы, марапаттар берілді. Ал команда ұпайы бойынша «Эрч» спорт клубы бірінші орынды иеленсе, «Сүлд» және «Хилчин» спорт клубтарына келесі орындар бұйырды.

Әр салмақ бойынша чемпион болған спортшылар Әлемдік және Азия чемпионатына қатысатын жолдама алып, аталмыш сайыстарғажолдама алған спортшылардың қаражатын «Азия Қазақ күресі федерациясы» тарапынан шығаратындығын мәлімдеді. Сондай-ақ бұл реткі Қазақ күресі сайысына Халықаралық қазақ күресі федерациясы қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған.

Алғаш рет ұйымдастырылған Қазақ күресінен ел чемпионат сыналту сайысына «Аравт» компаниясы демеушілік жасаса, Моңғолияның Ұлттық бұқаралық телеарнасының Спорт арнасы ел көлеміне тікелей таратты.

Мөлдір Асқарқызы

Continue Reading

Спорт

Улсын начин Б.Серіктің әдісі

Published

on

Улсын начин Б.Серіктің әдісі

Continue Reading

Өзекті