Connect with us

Спорт

Сұлтан Амантайұлы гір көтеруден әлем чемпионатында 4-орын иеленді

Published

on

26 қазан күні ҚР-ның Ақтөбе қаласында гір көтеруден әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.kz.
Осы додада Моңғолияның атынан сынға түскен Сұлтан Амантай есімді қандасымыз Әлем чемпионында 4-орын иеленді. Сұлтан Амантай Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Денешынықтыру және спорт» факультетін 2012 жылы бітірген.

Осы жолғы көрсеткіші бойынша ол Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған Сұлтан Амантай Моңғолия тарихында гір спортынан алғашқы жоғары дәрежедегі жетістікке жеткен жалғыз азамат болып отыр.

«Бұған дейін Моңғолияның спорт тарихында гір спортынан мұндай жетістік болған жоқ. Осы спорт түрінің негізін қалаушы да, осы спорт түрін халықаралық деңгейге көтеріп, нәтижеге жеткен де алғашқы спортшы мен екенмін. Бұл Атажұрттан алыстағы азғана қазақ үшін үлкен мәртебе» – дейді Сұлтан Амантай.

Advertisement


Спорт

Теннис: Батыс зоналық чемпионат басталды

Published

on

KAZNEWS – Бүгін Баян-Өлгий аймағында теннистен ересектер мен жасөспірімдер арасындағы батыс зоналық чемпионат басталды.
Моңғолияның батыс өңірінде орналасқан бес аймақтан 200 ге жуық спортшы бәсекелеседі.
Топтық және жекелей сынға түсіп бірінші, екінші орын иеленген спортшылар Улаанбаатар қаласында жүрілетін ел біріншілігіне қатысуға жолдама алады.

Жарыс 7 қарашада аяқталады.

Continue Reading

Спорт

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

Published

on

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтінгіндегі ең мықты боксшылар үштігіне кірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

“Өте қуанышты жаңалық. Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы рейтингі бойынша бір саты жоғарылады. Қазір QAZAQ STYLE әлем бойынша 3 орында!”, – деп жазыпты боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Тізімде бірінші мексикалық Хайме Мунгия, екінші британиялық Лиам Уильямс тұр.

Continue Reading

Спорт

Өтеген Естайұлы ең нәтижелі футболшы атанды

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияның Футбол федерациясының ең жоғарғы лигасының сегізінші туры жүріліп өтті.

Лигадағы мықты командаларды бірінен соң бірін жеңіп келген Дэрэн клубы “Атлетик 220” -дан ұтылып қалды. Ал сегізінші турда бірде-бір жеңілмеген “Улаанбаатар” “Хаан Хүнс Эрчим”-ге жол берсе, көшбасшы “Хангарьд” “СП Фалконс” –пен ұпай бөліскен қызықты ойындар болды.

Көшбасшылардың өзара бәсекелесінен өзге қызықты ойын “Улаанбаатарын Мазаалайнууд” пен “Сумида-Жипро” клубтарының арасында жүрілді. Өйткені олардың қай қайсысы да маусымның алғашқы ойынында жеңіске жету мүмкіндігі зор болатын.

“Улаанбаатарын Мазаалайнууд” клубының сол қанаттағы жартылай қорғаушысы Өтеген Естайұлы “Сумида-Жипро” клубының қақпасына бірінші және матчдағы бірден-бір голды салып 1:0 есебімен жеңіс туын желбіретті.

1998 жылы орнаған “Улаанбаатарын Мазаалайнууд” клубы 2016 жылы төменгі лигаға түсіп қалған болатын. Араға 3 жыл салып өткен жылы қайтадан жоғарғы лигаға жолдама алып алғашқы ойынын сәтті бастады.

Continue Reading

Спорт

Түвшинбаяр Найдан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Published

on

Түвшинбаяр Найдан Моңғолияның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бұрынғы президенті Д.Загдсүрэн денсаулығына байланысты 2019 жылы қазан айында жұмысын бергендіктен келесі басшысын тағайындау үшінгі жиын жыл басында жоспарланған болатын. Бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған.

Ұлттық олимпиада комитетінің 176 мүшесі бар. Олардың 74% -ның қатысуымен комитеттің президентінің сайлауы өтті. Комитет президентін сайлау барысында Түвшинбаяр Найданның кандидатурасын қолдап комитет мүшелерінің 94,6 пайызы дауыс берген.

Түвшинбаяр Найдан дзюдодан 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының алтын, 2012 жылғы Лондон олимпиаласының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылғы Азия чемпионатымен азия ойындарының чемпионы атанған.

Photo: News.mn

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 weeks ago

Тұңғыш рет “Үркер” ұлттық журналистика сыйлығы шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа берілді

13 қараша Нұр-Сұлтан қаласында баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл «Отандастар...

Әлемде3 months ago

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сес­сия­сының жұмысы...

Әлемде3 months ago

ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ

Қымбатты достар! Биыл Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 35 жылдық мерейтойы! Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен...

Әлемде6 months ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде6 months ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде6 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде6 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде7 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Статистика

  • 88
  • 12,009
  • 204,600

Басты назарда