Connect with us

Әлемде

Солтүстік Корея Америкадан ығар емес

Published

on

Ол зымыран сынақтарын жалғастырып жатыр, АҚШ  КХДР-мен келіссөз жүргізуге  мәжбүр.

Оңтүстік Кореяның Kyodo агенттігінің хабарлауынша,  2019 жылғы 16 тамызда КХДР-дің әскери ведомствосы қысқа қашықтыққа арналған кезекті  екі баллистикалық зымыранын ұшырып, сынақтан өткізген. Зымырандар 6,1 Маха жылдамдықпен  30 шақырым биіктікте, Жапон теңізіне қарай  230 шақырым аралықты ұшып өтіп,  көзделген нысанаға тиген. Жаңа  технологиялық үлгідегі  зымыран сынағына Ким Чен Ын жоғары баға берген. Бұл  Солтүстік Кореяның  жыл басынан бері сегізінші рет,  кейінгі үш аптада  алтыншы  мәрте  зымырандар ұшыруы. Мұндай  шұғыл тактикалық әскери  сынақтар  Оңтүстік Корея мен  Жапонияны алаңдатып, АҚШ-ты  кезекті  келіссөзге  итермелеп жатқандай.

***

Бүгінгі әлемдік геосаясатта АҚШ   пен Солтүстік Кореяның сыпайы сипаттағы «текетіресі»  жұртқа мәлім. Мұның себебі белгілі.  Құрама Штаттар  КХДР-дың  ядролық және зымырандық  қарулардан біржолата бас тартып, Корея түбегінің түгелдей денуклеаризациялануын талап етсе, Пхеньян өзінің тәуелсіздігіне  ешқандай шабуыл мен қауіп-қатердің төнбеуіне  халықаралық деңгейде  кепілдік берілуін қалайды. Міне, осы  жөнінде  тараптардың  түсінігі мен ұстанымының  әрқилығынан мәселенің шешілуі  тұйыққа тіреліп  тұрған деуге болады.

Әдетте мұндай  қайшылықтарды  қарулы күшпен, әскери операциялар ұйымдастырумен шешетін «АҚШ  неліктен  Солтүстік Кореямен  диалог-келіссөздер жүргізуге мәжбүр болып отыр?» деген сұрақ туады.

«Бәлкім, Америка ақыл-парасатқа  жүгініп,  қантөгіс пен соғысты қаламай,  мәселені бейбіт жолмен шешуді көздейтін шығар?» дейін десең, оны өмірлік тәжірибе теріске шығарады.  Сонау 1950–1953 ж.ж. Корей түбегіндегі, 1961–1973 ж.ж. Вьетнамдағы, 1964–1973 ж.ж. Лаостағы  соғыстарды айтпағанда, бергі кезеңдегі 2003–2011 ж.ж. Ирактағы Саддам Хусейнді   тақтан тайдырып, өлімге душар еткен және 2011 жылғы Ливиядағы Муаммар Каддафидің көзін жойған  әскери операциялары  ойға оралады. Осыларға қарап  «АҚШ  әлемдегі  пацифистік саясатты ұстанатын, бейбітшіл ел»  деуге  аузың бармайды.

Ендеше, АҚШ-ты  Солтүстік Кореяға қарсы  әскери қару қолданып, соғыс ашуға жібермей отырған  қандай күш, қандай құдірет? Мұның  артында нендей себеп пен сыр бар? Бұл мәселені зерттеп, зерделеп жүрген талдаушы мамандар баршылық.

Әйтсе де,  амал-айласы мен  қулық-сұмдығы жетіп-артылатын  Ақ үй билігі  КХДР-на қарсы  қысым  шара­ларының барлығын қолданып-ақ келеді. АҚШ қана емес, БҰҰ, Еуропалық одақ, Оңтүстік Корея мен Жапония, тіпті Австралия  санкциялық шектеулер жариялады.  Мұнда Құрама Штаттардың    ықпалы бар екені даусыз.

Керек десеңіз, Ақ үйдің барлау ұйымдары  КХДР жетекшісі Ким Чен Ынның көзін жою үшін 2015 жылы  арнайы «US Operatіons Plan 5015» операциясын түзіп, ол бойынша  Солтүстік Корея жерінде  партизандық соғыс жүргізу, бірінші басшының төңірегіндегі  ықпалды адам­дарды өлтіру, маңызды  әскери нысандарды жою жоспарланған.

16 тамыз, 2019 жыл. Солтүстік Кореяда қысқа қашықтыққа арналған баллистикалық зымыранның ұшырылу сәті.

Бұған қоса,  қорқыту мен үркіту,  қоқан-лоқы да жасалды. Есіңізде ме, осыдан тура екі жыл бұрын Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың: «біз оларды бұрын-соңды болмаған оқ пен отқа орап, тас-талқан етеміз», –  деп доқ көрсеткен болатын. Оған  КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын айылын жия қойған жоқ. Керісінше: «Біз де қарап қалмаймыз, Тынық мұхиттың батысындағы Америкаға тиесілі  160 мыңдай тұрғыны бар,  АҚШ-тың аса ірі стратегиялық әскери базасы орналасқан Гуам аралын төрт  «Хвасон–12» зымыранымен атқылаймыз. Ол жерге біздің ұшқыр зымырандарымыз  небәрі 17 минутта  ұшып барып, жойқын соққы береді», –  деп  айбат шекті.

Ерегес пен текетірес біразға созылды. Солтүстік Корея 2017 жылдың 4 және 28 шілдесінде екі рет континент­аралық баллистикалық «Хвасон-14» зымыранын ұшырып, 3 қыркүйекте  сутегі бомбасын жарып сынады. Бұл әреке­ті­не: «Зымырандық-ядролық сынақтар жасағандағы біздің мақсатымыз  көршілерді қорқытып-үркіту емес, АҚШ-қа ескерту, оны басқыншылық райынан қайтару», – деген түсінік берді.

АҚШ және Жапония барлау қызметтері бүгінде Солтүстік Корея Қарулы күштері 60 ядролық оқтұмсыққа,  бірнеше құрлықаралық  баллистикалық зымырандарға  және қуатты сутегі бомбасына ие екенін растайды.

Тағы да АҚШ-тың  ұсынысы және ықпалымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2017 жылғы 5 тамызда Солтүстік Корея­ға қатысты кезекті санкциялық шаралар туралы қарар қабылдады. Ол бойынша КХДР көмір, темір, қорғасын және теңіз өнімдерін  экспорттау тоқтатылып, оның банктегі сыртқы саудалық есеп-шоты  бұғатталды. Теңізде жүретін кемелеріне басқа елдердің порттарына кіріп, аялдауына тыйым салынды.

Дегенмен, өз кезегінде  «тек біздікі дұрыс!» деп сіресіп отырған КХДР жоқ.  Елдегі саяси билікке ие жетекші ұйым Корей  Еңбек партиясы (КЕП) Орталық комитеті   2018 жылғы 21 сәуірдегі Пленумда барлық  ядролық  қаруларды сынау мен континентаралық баллистикалық зымыран­дарды ұшыруды  тоқтату жөнінде қарар қабылдады.  КЕП төрағасы Ким Чен Ын  партиялық жиында арнайы баяндама жасап,  елді  қорғайтындай  қуатты қаруға ие бол­ғаннан кейін  одан әрі ядролық қару мен баллисти­калық зымырандарды  сынаудың  қажетсіздігін  айтты.

Жиында сондай-ақ,  ядролық  сынақ полигондарының  түгелдей жабылатыны, мұның  ядролық қарусыздандыру жолындағы маңызды қадам  екені,  КХДР-ның  осы бағыттағы  мақсаттарға қосылатыны туралы  айтылды.

Қабылданған қарарда  Солтүстік Кореяға  ядролық қатер төнбеген  немесе түрлі арандатулар болмаған жағдайда  Пхеньянның  ядролық қаруды қолданбайтыны және  ядролық қару мен оның жасалу технологиясын  өзгелерге бермейтіні атап көрсетілді.

Солтүстік Корея басшылығының шешімін естіген бойда Ақ үйдің қожайыны Дональд Трамп  өзінің Twіtter парақ­шасында: «КХДР-ның ядролық-зымырандық сынақтардан бас тартуы  –  Солтүстік Корея үшін ғана емес, бүкіл әлем  үшін үлкен  ілгері қадам  және жақсы жаңалық», –  деп мақұлдау  танытты.

Осыдан  кейін Вашингтонның Пхеньянға қатысты  саясаты жұмсарып,  «жоғары дәрежедегі АҚШ-КХДР диалогы  жүргізіліп, Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесу ықтимал» деген  хабар  айтыла бастады.  Бірте-бірте  болатын күні де айқындалып, белгіленді. Бұл екі аралықта Ақ үй басшылығы тайғанақтық көрсетіп, сан құбылды. 24 мамырда  АҚШ президенті Дональд Трамп  КХДР-ның басшысы Ким Чен Ынға хат жолдап, Сингапурда алдағы 12 маусымға белгіленген  кездесудің болмайтынын  хабар­лады. Мұны ол Солтүстік Кореяның  «ашық жаулық» ұстанымына байланысты», – деп түсіндірді. Трамп сондай-ақ, өзінің Twіtter парақшасында: «Сіз өздеріңіздің ядролық  мүмкіндіктеріңіз туралы айтып отырсыздар,  ал біздікі одан қанша есе қуатты екенін шамалай беріңіз. Мен  Құдайдан  соның сіздерге қарсы қолдануға жол бермеуін сұраймын», – деп жазды. Тіпті асығыстыққа бой алдырып: «Солтүстік Кореямен арадағы қайшылықты шешудің бірден-бір жолы – қарулы күш қолдану», – дегенді айтып қалды.

Дейтұрғанмен, біршама қиындық-кедергілерден кейін  2018 жылдың 12 маусымында Трамп пен Ким  Сингапурде кездесіп, оның қорытындысында: екі ел халықтарының  мүдделері мен ықыластарына қарай оң қарым-қатынас жасау, Корей түбегін  ядролық қарулардан тазартып, бейбітшілік пен тыныштықты қалыптастыру деген сияқты маңызды мәселелерді қамтыған декларация қабылданды.

Осы декларацияның шарапатымен түйткілді мәселелер біржолата шешілмегенімен,  Солтүстік Кореяның  ядролық сынақтар мен баллистикалық зымырандар ұшыруын тоқтатып,  АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлесіп әскери жаттығулары кейінге шегерілді.  Пхеньян мен Сеулдің  бір-біріне жылы қабақ танытып,  ынтымақтастық әрекеттері   көрініс берді.

Алайда, Құрама Штаттар мен Солтүстік Корея арасын­дағы  қайшылық пен келіспеушілік  шешілді деп айтуға әлі ерте еді. Екі  президент әкімшілігінің ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде  Вьетнам астанасы Ханойда 2019 жылдың  27-28 ақпаны күндері Дональд Трамп пен Ким Чен Ын екінші рет ұшырасып, келіссөздер жүргізді. Бұл кезедсуге бейбітшілік пен тыныштықты жақтайтын  әлем жұртшылығы үлкен үміт артты. Өкінішке қарай,  екі-  жақты ұстанымы мен талабы  үйлеспей, ортақ келісімге келе алмады. Ким Чен Ын  еліне ерте қайтып кетті.

АҚШ президенті Д.Трамп журналистерге арналған баспасөз конференциясында: «КХДР – Йонбедегі  ядролық  нысандардың  демонтаждалғанын және онда бұдан әрі  сынақтардың жүргізілмейтінін алға тартып, бізден санкциялық шаралардың толықтай алынуын талап етті. Бірақ біз оған көнген жоқпыз», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол АҚШ-тың алдағы уақытта  Солтүстік Кореядағы  ядролық нысандарға тексеру жүргізіп, көз жеткізуге  тырысатынын, әйтсе де келісім жасалмағанына қарамастан кездесудің  пайдалы  болғанын, тараптардың  өз пікірлерінде тарасқанын, Ким Чен Ынмен  алдағы уқытта да достық қатынаста болатынын  айтты.

Қызық болғанда,  биылғы 2019 жылдың 30 маусы­мын­да  Дональд Трамп пен Ким Чен Ын үшінші рет  Солтүстік және Оңтүстік Кореялардың демилитариза­цияланған  шекарасында кездесіп, бір-біріне жылы шырай мен ықылас танытты. Екі жақ тағы да  алдағы кезеңде жоғары деңгейдегі келіссөздердің жалғасатынына үміт білдірді.

Осы сияқты,  кешегі 9 тамызда Д.Трамп  Ким Чен Ын­нан үш беттік  жақсы мазмұндағы хат алғанын хабарлады. Осыған қарағанда  кезекті  АҚШ-КХДР саммиті болатын  тәрізді.

Солтүстік Кореяның дүркін-дүркін жүргізіп жатқан сынықтарына қатысты  Дональд Трамп: «Ким екеуміздің арамызда  қысқа қашықтыққа арналған зымырандар жайы  сөз болған емес», – деп өзін және басқаларды жұбатқандай болды. Бірақ та саяси сарапшылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2006 жылы КХДР-ға  баллистикалық зымырандардың  барлық түрлерін  сынаудан бас тарту  талабын қойғанын еске салады.

Осы ретте тамыздың басында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жабық есік жағдайында  Солтүстік Кореяның зымыран­дарды сынау  ісін талқылап,  онда  Ұлыбритания, Германия және Франция  Пхеньянды  сынақтарды тоқтату және  АҚШ-пен  келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды және КХДР ядролық-зымырандық бағдарламасы тоқтатылмайынша санкциялық шаралардың  күшінде қала беретінен ескертті. Бұдан  Солтүстік  Кореяға  жалғыз АҚШ емес, Ұлыбритания, Германия және Франция   сияқты  жетекші елдер  тарапынан да қатты қысым бар екенін аңғарамыз.

Қазіргі таңда  Вашингтон мен Пхеньянның  диалогы төңірегінде  саяси сарапшылар тарапынан әрқилы  пікірлер мен болжамдар айтылуда. Біреулер: «бұлар түптің-түбінде келісім жасасады» десе, екінші  біреулер «келіссөздер ұзаққа созылады», – дейді.  Өйткені, Ақ үй бұрынғысынша   КХДР-дың   ядролық қарулардан  толықтай   бас тартуды талап етсе, ал  Ким Чен Ын  АҚШ жағынан сенімді кепілдіктің болатынына сенбейді.

Сонымен, «Құрама  Штаттарды  Солтүстік Кореямен диалог пен келіссөз жүргізуге  мәжбүрлеп отырған қандай күш-құдірет?» дейтін сауалға қайта оралатын болсақ, бұған саяси сарапшылар мен әскери мамандар: «Бір ғана күш-құдірет – КХДР аса қуатты заманауи  ядролық бомбалары мен  континентаралық баллистикалық зымырандары, – дейді. – Ол қарулар  түбегейлі жойылған бойда Вашингтон  Пхеньяннан сырт айналып шыға келеді».

Екінші жағынан кей сарапшылар айтып жүрген: «Азулы Америка алақандай Кореяны әлдеқашан  соққылап, Ирак билеушісі Саддам Хусейн  мен  Ливия көшбасшысы Муаммар Каддафи секілді   Ким Чен Ынды тақтан тайдырар еді. Бірақ та  Ресей мен Қытайға қарайлайды», – деген пікірдің де жаны бар.

Осының дәлеліндей,   қытайлық  «Глобал Таймс» басылымы  кезінде  Пекиннің:  «Егер де АҚШ  пен Оңтүстік Корея  алғаш болып соққы жасап, Солтүстік Кореядағы билікті  құлатуға  күш салып, түбектегі жағдайды өзгертуге ұмтылатын болса, онда біз қарап қалмаймыз. Ал керісінше  шабуылды Пхеньян  бастап, американ жеріне қауіп төндірген жағдайда, бейтараптық танытамыз», – деген мәлімдемесін жеткізген болатын.

Сондай-ақ, мәлімдемеде: «Қалай болғанда да  Қытай  ядролық қарудың жұмсалуына, Корей түбегінде соғыс өртінің тұтануына  қарсы. Және де әскери қақтығысты тудырушы ешбір тарапты  қолдамайды. Вашингтон мен Пхеньян  ұстамдылық танытулары тиіс. Корей түбегі  – талай елдің стратегиялық мүдделері тоғысып  жатқан жер. Мұнда ешкімнің де  үстемдігі  болмауы керек», – делінген.

Енді бір  саясаттанушылардың  пайымдауы: «АҚШ-тың сыртқы саясатын  жалғыз Трамп айқындамайды. Оның артында  Конгресс, Әскери-өнеркәсіптік  кешен, тағы басқа да ықпалды күштер  тұр.  Америка элитасы  әлемді билеп-төстегісі келетін өркөкірек те үстем пиғылдан әлі арыла қойған жоқ», – дегенге саяды.

Солай шығар деп иланайын десе, мынадай кері уәждер көлденең тұрады.  Д.Трамптың  президенттік қызметке  кіріскен сәтте: «АҚШ-тың бұдан былайғы сыртқы саясаты  күш қолдану  емес,  дипломатиялық әдістер арқылы жүргізіледі» деген болатын. Оған қоса,  Ханой  саммитінен кейін Мемлекеттік хатшы Майкл Пампео: «Трамп  Киммен  келісімге қол қоймау жөніндегі шешімді  ешкіммен ақылдаспай өзі қабылдады», – деді емес пе?

Қалай десек те,  қулығына құрық бойламайтын Құрама Штаттардың саясаты біз ойлағаннан  әлдеқайда терең. Әзірге өз дегені болмаса  Солтүстік Корея да  зымы­рандарын зыр ұшырып, райынан қайтар емес.

Айтпақшы, ядролық қару дегеннен еске түседі. Кейбір отаншыл патриоттарымыз: «Біздің Қазақстан да ядролық қарудан бас тартып, асығыстық жасамағанда Америкадан бастап, алдыңғы қатардағы мықты елдер бізбен санасып, қарым-қатынас жасар еді. Кезінде Ливия революциясының көсемі Муаммар Каддафи президентімізге ядролық қаруды бермеңіз, ол мұсылман әлеміне керек. Қажет болса, оның шығынын біз көтереміз деп жасырын хат жолдаған», – деп қорғанысымызға қатысты бір  әңгіменің шетіп шығарып қояды.

Түбі қайырлы болғай. Қазір  қарулымен, күштімен санасқан заман ғой.

Әшірбек АМАНГЕЛДІ, «Алматы ақшамы»

Әлемде

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

Published

on

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен егілді.
Вакцинаны енгізер алдында медицина қызметкері бұл екі дозалы вакцина екенін және бір бөтелке бір адамға арналғанын, сонымен қатар отандық вакцина мұздатуды қажет етпейтінін, плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталатынын айтты.
Бұдан әрі министр журналистке берген сұхбатында Қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында 50 мың доза көлемінде шығарылғанын және қазірдің өзінде өңірлер бойынша таратылып жатқанын хабарлады.
«Біз вакциналар өндірісін іске қосқан және вакциналарды шығарудың толық циклін – әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің он елінің қатарына кірудеміз, бұл – үлкен жетістік. Қарағандылық фармазавод вакциналардың негізгі партияларын қосымша өндіреді, нарықты қанықтырады, ол біздің азаматтарымызға заманауи препараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алексей Цой вакцинациядан кейін.
Ол сондай-ақ бүгінгі таңда әрбір жиырмасыншы қазақстандықтың вакцинацияланғанын, сондықтан қарқын жақсы жүріп жатқанын, біздің міндетіміз – мүмкіндік беру, одан әрі біздің азаматтар вакцинацияның оқшауланудан шығудың жалғыз жолы екенін өздері түсінетінін атап өтті.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 қарсы Қазақстандық вакцинаның QazCovid-in (QAZVAC) алғашқы партиясы шығарылды.
«СҚ-Фармация» Бірыңғай Дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясын жеткізу 23 сәуірде жүзеге асырылды. Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.

Continue Reading

Әлемде

СӘЛЕМ, ҚАНДАСТАР! ҰБТ-ҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!

Published

on

Барлық сұрақтар бойынша «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың қызметкерлері төменде көрсетілген кесте бойынша жеке жауап беретін болады:

Дүйсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00 – 16.00.
Сейсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00 – 16.00.
Сәрсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00 – 16.00.

Байланыс үшін:
✅ 1404 (бүкіл қазақстандық оператордың қоңырауы тегін қабылданады);
✅ 8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады);
✅ +7 7172 98 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады, шет елдерден сол елдің байланыс операторының төлем мөлшерлемесі бойынша);
✅ +7 701 000 14 04 (WhatsApp және Telegram хабарламалары үшін);

Сондай-ақ, “Отандастар қоры” инстаграм парақшасында 3 КҮН тікелей эфирлер ұйымдастырылады. УАҚЫТЫ: 17.00 (Нұр-Сұлтан уақыты).

Сонымен қатар:
❗Тіркелу кезінде Сіз ҰБТ өткізілетін күнді, уақытты және орынды өзіңіз таңдайсыз.
❗15 сәуірден бастап ҰБТ-ның БІРІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелуге болады.
❗1 мамырдан бастап ЕКІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелу басталады.
❗Кез-келген күнді таңдауға болады, тіпті егер Сіз алғашқы тестілеуді әлі тапсырмаған болсаңыз да.
✅ Тестілеудің өзі: 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады.
Барлық талапкерлерге Білім саласына қатысты ақпараттық телеграм каналға тіркелуді сұраймыз: https://t.me/otandastarbilim

Continue Reading

Әлемде

Қазақ тілі шет тілі ретінде: ғылыми-практикалық бағыт

Published

on

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде Қазақстанның жетекші университеттерінен білім алған, шетелдік студенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибелері бар, жоғары маманданған қазақ тілі оқытушылары жұмыс істейді: филология ғылымдарының докторы, доцент А. Саденова, филология ғылымдарының кандидаты, доценттер Г. Мұсаева, М. Ешимов, Г. Машинбаева, аға оқытушылар Р. Дүйсенбаева, С. Нұртілеуова және т.б.
Бүгінгі таңда факультетте, нақтырақ айтсақ, кафедрада қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеруді зерттеудің ғылыми-әдістемелік мектебінің қалыптасқанын сенімді түрде айта аламыз. Осы бағытта бірнеше кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды.

Кандидаттық диссертациялар:

1. Ым семантикасы: ұлттық және универсалды табиғаты – М.П. Ешимов, 2004 (ғылыми кеңесші – филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Б. Мадиева);
2. Қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді виртуализациялау (меңгеру мақсатында) – Г.А. Мұсаева, 2006 (ғылыми кеңесші – филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ә. Нұршайықова);
3. Теледидар тілінің лингвопрагматикалық аспектілері – Г.Ә. Машинбаева, 2007 (ғылыми кеңесші – филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Момынова).

Докторлық диссертация:

1. Диалогтық дискурс: қазақ тілін деңгейлік меңгеру динамикасы – А.Е. Саденова, 2010 (ғылыми кеңесші – филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ә. Нұршайықова).
Аталған еңбектер қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгертудің ғылыми-әдістемелік негізі деп атауға болады. Диссертациялық жұмыстардағы қаралған иновациялық технологиялар тек осы оқу орнында ғана емес, Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарында және шетелдерде де қазақ тілін оқытуда қолданылып келеді.
Жоғарыда аталған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде жасалған, сонымен қатар әртүрлі елдер ғалымдарының зерттелген және қайта өңделген жаңалықтары, оқытудың жаңа технологиялары соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО дейінгі білім беру факультетінің оқу үдерісіне енгізілді.
Кафедраның қазақ тілі мамандары өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен ТМД елдерінде, шетелдерде өтетін халықаралық конференцияларға және симпозиумдарға, семинарларға және дөңгелек үстелдерге қатысып отырады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Ф.ғ.к., доцент Мұсаева Гүлбағиза
аға оқытушы Нұртілеуова Сандуғаш
Ф.ғ.к., доцент Ешимов Мұхтар

Continue Reading

Әлемде

Қазақ тілін оқытудың бірегей әдістемесі

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 1991-1992 оқу жылдарынан бастап қазақ тілін шет тілі ретінде
оқыту әдістемесін жасауды қолға алды. Аталған факультетке алғаш қазақ тілін үйрену үшін келген шетел азаматтары үшін арнайы топтар ашылып, оларға қазақ тілін үйретудің жаңа бір бағыты бастау алды.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы құрылғанынан бастап, ұжымының ғылыми-практикалық еңбектері, орыс тілін шет тілі ретінде және қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеру теориясының ғылыми негізін қалыптастырып, өзге тілді оқыту практикасын дамытып, өзіндік платформа жасай бастады.
1985 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қазақстандық лингвистикадағы орыс тілін шет тілі ретінде және 1991 жылдан бастап қазақ тілін шет тілі ретінде меңгерудің қолданбалы бағытының даму кезеңі деп атауға болады.
Оны XX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басындағы Республика өміріндегі саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерімен байланысты экстралингвистикалық факторлармен қатысты қос және көптілділік жағдайында дамыту қажет болды. Қазір кафедрада өзге тілді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша, теориялық қағидалары дәрісханалық жұмыс жасауда толығымен қолданыс тапқан, өзіндік ғылыми-әдістемелік мектеп пайда болғанын сенімділікпен айтуға болады.
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту қазақ тілін үйренушінің тілдік қарым-қатынас құзыретінің қалыптасуын қамтамасыз ететін, тиісті тілдік материалдарды меңгерудегі және оқу технологиялық сипаттағы біліктілік пен дағдылардың қалыптасуына бағытталған көп деңгейлі, көп қырлы күрделі үрдіс болып табылады.
Шетел азаматтары оқитын факультетте қазақ тілін оқытудың стратегиялық мақсаты – қазақ тілін мәдениетаралық коммуникацияның әртүрлі салаларында қарым-қатынас құралы ретінде меңгерген тілдік тұлғаның негіздерін қалыптастыру.
Кафедрада тіл меңгерудің жалпыеуропалық, ресейлік қалыптарына негізделген қазақ тілін шетел азаматтарына оқытудың көп деңгейлік жүйесінің моделі жасалған. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың әрбір деңгейі нақты практикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Ол – тілді алдымен элементарлық меңгеруді, кейіннен еркін меңгеруді қалыптастыру. Қарапайым деңгей (А1) – шектелген, бірақ коммуникативті жеткілікті деңгей. Бұл кезеңде қолданушы бағдарламада қамтылған қарым-қатынас жағдаяттары мен
тақырыптар, лексикалық және грамматикалық минимумдар төңірегінде мазмұны жағынан күрделі емес тілдік айтылымдарға қатыса алады. Оқытудың базалық деңгейі (А2) тіл үйренушінің тілдік қарым-қатынас құзыретінің келесі деңгейін көрсетіп, қарым-қатынастың тұрмыстық, жалпымәдени, оқу салаларындағы негізгі коммуникативтік қажеттілікті қамтамасыз етеді. Тіл меңгерудің бұл деңгейі еуропалық елдерде азаматтық алуға құқық береді.

Қазақ тілін оқытудың орта деңгейі (В1) – инофонның осы тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынастағы негізгі коммуникативтік қажеттілігін қанағаттандыра алатын деңгей. Тіл меңгерудің бұл деңгейі ЖОО түсуге құқық береді.
Қазақ тілін оқытудың әр деңгейінде сөйлеу, айту, интонациялық, лексикалық, грамматикалық дағдылардың қалыптасуына сандық және сапалық талаптар қойылады. Тіл меңгерудің қарапайым, негізгі және жалғастырушы деңгейлері коммуникативті жеткілікті, аутентикалық сөйлеумен және тілдік материалдармен қамтамасыз етілген.
Шет тілін үйрету тіл үйренушілердің мәдениетаралық қарым-қатынасқа жеке және тең дәрежеде қатыса алатындай би/полимәдениеттік тілдік тұлға мінезін қалыптастыруға бағытталып отыр. Үйреніп отырған тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру тек мазмұны шынайы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана үйрене алады. Бұл ұстаным бір-бірімен тығыз байланысқан түсініп-тыңдау, ауызша сөйлеу мен оқу және жазу әрекеттеріне тікелей қатысты. Сондақтан да қазақ тілі оқытушылары өздерінің ғылыми, оқыту-әдістемелік жұмыстарын тіл меңгерудегі сөйлеу әректтерінің түрлерін: тыңдалым, жазылым, оқылым, айтылым (диалогтық, монологтық) шыңдауға арнайды. Қазақ тілін оқыту үдерісінде жоғарыда айтылған әр деңгейдің сапасын бақылау мақсатында сөйлеу әрекеттерінің әр түріне арналған арнайы тестілік тексеру жүйесі жасалынған. Сондықтан қазақ тілін үйрену үшін келген әрбір азамат өзінің тілді меңгеру деңгейін арнайы тест арқылы бақылап көре алады және сөйлеу әрекеттерінің қай түрі қалыс болса, сол бағытта көбірек жұмыс істеуіне мүмкіндік ала алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО дейінгі білім беру фаультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары шетелдіктерге тілді оқыту әдістемесі бойынша бай материал және үлкен жұмыс тәжірибесін жинады. Мұның бәрі оқытушыларға өз оқулықтарын және оқу құралдарын құрастыруда, өздерінің бірегей әдістемелерін жетілдіруге көмектесіп отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Ф.ғ.к., доцент Мұсаева Гүлбағиза
аға оқытушы Нұртілеуова Сандуғаш
аға оқытушы Дүйсенбаева Райхан

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде1 week ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Әлемде1 week ago

СӘЛЕМ, ҚАНДАСТАР! ҰБТ-ҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!

Барлық сұрақтар бойынша «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың қызметкерлері төменде көрсетілген кесте бойынша жеке жауап беретін болады: Дүйсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00...

Әлемде1 week ago

Қазақ тілі шет тілі ретінде: ғылыми-практикалық бағыт

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде Қазақстанның жетекші университеттерінен білім алған, шетелдік студенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибелері бар, жоғары маманданған қазақ...

Әлемде2 weeks ago

Қазақ тілін оқытудың бірегей әдістемесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 1991-1992 оқу...

Әлемде2 weeks ago

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті 1985 жылғы 15 тамызда Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс,...

Дерек4 weeks ago

Баян-Өлгийлік балалар Сорабан сампин бойынша онлайн сайыста жүлделі болды

Елімізде 10 сәуірде балалар арасында сорабан сампин бойынша онлайн сайыс өтті, – деп хабарлайды KAZNEWS ақпарат агенттігі Тояа балалар академиясының...

Дерек4 weeks ago

Марста жүрген робот селфи жіберді

11 сәуір, KAZNEWS. Марста жүрген Perseverance робот станциясы селфи жасады, – деп хабарлайды НАСА агенттігі. Сурет WATSON деп аталатын құралдың...

Әлемде1 month ago

Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы...

Басты назарда