Connect with us

Спорт

Серік Бердімұратұлы: Президент Ассалаумағаликум! – деп қуанышпен қарсы алды

Published

on

Моңғолияның Ұлттық мейрамында мемлекеттік Лашын атағын жеңіп алған Серік Бердімұратұлы Kaznews.mn –де қонақта болды.

Қош келдіңіз! 2017 жыл өзіңіз үшін табысты жыл болып жатыр деп есептейміз, ел намысын қорғап, қазақ ағайындарына көптен күткен мемлекеттік атақты сыйладыңыз.
Рахмет! Жолым болып биылғы мемлекеттік тойда лашын атағын иелендім. Осымен мемлекеттік тойға төртінші рет белдесіп, нәтижесінде мемлекеттік атаққа жеткеніме қуаныштымын. Өткен жылы мемлекеттік чемпион Э.Оюунболдтан бесінші кезеңде жеңілгеннен кейін тыңбай еңбектеніп, Палуандар сарайында ұйымдастырылған жарыстан қалыс қалмай өзімді жігерлендірдім. Және халқымның маған деген ыстық ықыласы, қолдауы күш жігер берді.
Бесінші кезең өте ауыр болған сияқты?
Ия, Т.Баасанхүү өте шапшаң қимылдайтын, мықты палуан. Ұстаздарым Т.Баасанхүүмен белдесуде асығыстыққа бой алдырмауымды, болса қарсыласыңмен ұстасып күрес деп кеңес берген. Ұстаздарымның кеңесін ескере отырып, Т.Баасанхүү ағамен барымша сабырлы күрестім. Соңында Т.Баасанхүүді жыққаннан кейін қатты қуанып байрақты айланып жүгірген кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу қиын.

Лашын атағы қолда, қаршыға мен піл жолда деп, күреске қызған жеріңіз болды ма? Алтыншы кезеңдегі өнеріңізге көңіліңіз толды ма?
Лашын атанған қуанышты сәттен есімді жиып үлгермедім. Алтыншы кезең басталып кетті. Алтыншы кезеңде Хангай екеуімізді ешкім алмады. Өзара күш сынастық. Асығыстық жасадым. Бұл белдесуде аяғыма жарақат алып қалдым. Бұдан өзге кезеңдегі белдесулерім көңілімнен шықты.
Лашын атағын Президент жарлығымен алған сәтіңізді айта кетсеңіз?
Ең алдымен Бат-Эрдэнэ аваргаға барып қол ұстадым. Бат-Эрдэнэ аварга маңдайымнан иіскеп, лашынмен тоқтап қалма, әлі жассың деп табыс тіледі. Одан әрі қарай жүріп еліміздің жаңа президентіне қарай бергенімде, Президент мырза маған “Ассалаумағаликум!” – деп қуанышпен қарсы алды, разы болдым. Баттулга президентіміз Моңғолияның Дзюдо федерациясын басқарып келген, 2014 жылы мені ұлттық құрамаға қабылдаған болатын. Дзюдо өзі адамдарды бір біріне құрмет көрсетуге шақыратын жақсы спорт. Сол жылдары көп нәрсе үйренген болатынмын.

Сосын, мен Уағалайкумсалам! –деп сәлем беріп, Президент мырзаның алдына бардым. Маңдайымнан иіскеп “сен жақсы күрестің, жарайсың!” –деп мені одан ары жігерлендірді. Х.Баттулга мырзаның еліміздің Президентіне сайланғаннан кейін алғаш рет дзюдошылар арасынан мен мемлекеттік атақты қолынан алдым. Бұның өзі бір үлкен мәртебе болды.
Жеңіс туын желбіретіп туған өлкеңе ат басын бұрдың? Халық қалай қабылдап жатыр?
Ең әуелі тойдан бұрын Баян-Өлгий аймағының Улаанхус сұмынында болып ақсақалдардың батасын алып, Сагсай сұмынында аймақтық палуандармен 10 күндік оқу жаттығуын өткізіп қайтқанмын. Кейін Улаанбаатарда жаттығуымды жалғастырдым. Көптің бата тілектері қабыл болып, қазақ ағайындарына көптен күткен мемлекеттік атақты міне алып келдім. Бәрі құттықтап жатыр. Тамыздың 1 күні аймаққа келгенмін. Тамыздың 2 күні туған жерімде Улаанхуста той жасап, қабылдап алды. Тамыздың 12 күні аймақ әкімшілігінен Лашын атағына орай той ұйымдастырады.
Оқырман қауым сіздің қазақ күрестен нәтиже шығарып жүргеніңізді біледі. Қазақ күресіне қалай келдіңіз? Бұдан бөлек күрестің қандай түрімен шұғылданып жүрсіз?
Алғаш аймақтық арыстан Қанат ұстазым қазақ күресінен Налайханда ұйымдастырылған жарысқа қатысуға шақырды. Сол жолы қазақ күресімен алғаш рет белдесуім еді. Үш қарсыласымды ұтып, келесі қарсыласымнан жартылай финалда ұтылып қалғанмын. Бұл кезде маған жеңілісім өте ауыр тиді. Көзімнен жас ыршып кетті. Қола медаль үшін күресіп, алғашқы қатысқан жарысымнан тұңғыш рет қола жүлде алғанмын. Медаль алған соң барлығын ұмытып, бұл күрес түріне деген қызығушылығым арта түскен болатын. Кейін, Мемлекеттік қаршыға, Моңғолия және ҚР-на еңбек сіңірген спортшы О.Бақыт ағамыздың жаттықтыруымен Қазақ елінде өткен көптеген жарыстарға қатысып тәжірибе жинадым. Қазақ күресінен қатысқан ең ірі жарыс ол еуразия барысы болатын.
Бұдан бөлек, Самбодан әлем чемпионатында екі рет қола медаль жеңіп алғанмын. Сумо күресінен жастар арасындағы әлем чемионатында алтын медаль иегері атанғанмын. Сонымен қатар самбо күресінен биылғы ел біріншілігінде чемпион атандым. Алдағы қазан айында Азербайжанда өтетін әлем чемпионатына қатысамын. Медаль алып көрмеген күрес түрін атасам еркін күрес ғана болар.
Дзюдодан 2014 жылғы ел біріншілігінде күміс, 2017 жылы қола жүлде иелендім. 2014 жылғы ел біріншілігінде финалда олимпиада ойындарының алтын, күміс жүлдегері Найдангийн Түвшинбаяр ағамен белдесіп ұтылғанмын. Сол жылы ұлттық құрамаға қабылданып, Түвшинбаяр ағаның дайындығын қамтамасыз етіп жүрдім. Бұл кезде олимпиада чемпионынан көп нәрсе үйрендім. Моңғол күресінен табыс шығаруым керек. Баян-Өлгийліктерге мемлекеттік дәрежедегі палуан керек. Ағаларда айтты. Ұлттық күреспен бір табыс шығар деп. Сосын өзімнің ұсынысым бойынша уақытша дзюдодан өзімді шектеп ұлттық күреске бар назарымды аударғанмын. Нәтижесінде ойлаған ойыма жеттім.
Биыл алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз?
Енді дзюдодан өтетін ел біріншілігіне дайындаламын. Ел біріншілігінде жеңімпаз атанған спортшының халықаралық жарыстарға қатысуына жолы ашылады.

Моңғолияның мықты дзюдошылары өзге елдерге не үшін легионер болып кетіп жатыр. Өзіңізге легионер болуға ұсыныстар келді ма?
Моңғолия мен Қазақстан Республикасының Дзюдо федерациясы арасындағы меморандум бойынша Г.Отгонцэцэг қазақ елінің атынан жарыстарға қатысып жүр. Легионер болсада сол елінің атынан халықаралық жарыстарға сәтті қатысып, өзінің міндетін абыроймен атқарып жүр. Жақында Базаррагчаа қатарлы дзюдошылар азербайжанға аттанды. Олардыңда аяқалысы жаман емес. Ішкі бәсекелестік күшті. Жеңіл салмақтағы спортшылар үшін олимпиадаға қатысу арманын орындау үшін өзге елдің атынан қатысуға мәжбүр. Біз оларға наразылық білдіру емес, қайта қолдау көрсетуіміз керек. Өйткені олимпиадаға бір елден бір салмаққа жалғыз споршы ғана бара алады ғой. Мен -100 келі салмақ бойынша күресемін. Ішкі бәсекеде өзіме сенімім зор.
Маған 2012 жылы Гонконгде өткен сумодан әлем чемионатынан кейін жапонияға сумо күресіне шақырған. Кейін 2014 жылы ҚР-нан легионер болуға ұсыныс келіп түскен. Бірақ мен сол кезде ұлттық күресті таңдаған болатынмын. Сондықтан бастаған ісімді аяқсыз қалдырғым келмеді.

Лашын атағын алған сәтіңізде әлеуметтік желіні дүр сілкіндірдіңіз. Сізге табыс тілеп, қолдау білдірген азаматтарға не айтасыз?
Елімізден және қазақстандағы ағайындардан құттықтау хат әлеуметтік желі арқылы көптеп келіп түсті. Ата-анама, Бесбоғда бүркіт клубының төрағасы Нұрлат ағаға, Коллективіме, Сүлд спорт комитетіне, ұстаздарыма, аймақ басшысы Ә.Ғылымхан мырзаға, аймақ халқына рахметімді айтамын.
Сіздердің сенімдеріңізді жауапкершілікпен ақтап, туған жерімнің абыройын қашан да биік қоятын боламын.
Сұхбатыңызға рахмет!

Өмірбек Қабайұлы, Kaznews

Спорт

Дзюдо: Ганболдын Хэрлэн әлемдік рейтингіде 4 – орынға жайғасты

Published

on

KAZNEWS – Халықаралық дзюдо федерациясы Парижде өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты.

Назарларыңызға моңғолиялық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-30):

60 кг
Дашдааваа Амартүвшин – 16
Л.Өнөболд – 25
Ганбат Болдбаатар 26 –

66 кг
Ганболд Хэрлэн – 4
Ёндонпэрэнлэй Басхүү – 9

73 кг
Цэнд-Очир Цогтбаатар – 20
Ганболд Одбаяр – 21

81 кг
Сайед Моллай – 4
О.Ууганбаатар – 23

90 кг
Г. Алтанбагана – 23

100 кг
Л.Отгонбаатар – 9

+100 кг
О.Дүүрэнбаяр – 18
Н.Түвшинбаяр – 28

Continue Reading

Спорт

Дзюдо: Д.Амартүвшин мен Елдос Сметов қола жүлдегер атанды

Published

on

KAZNEWS – Бүгін Парижде дзюдодан әлемдік «Grand Slam 2020» бәсекесі басталған болатын. Жарыстың алғашқы күнін моңғол спортшылары 1 күміс 4 қола, қазақ спортшылары 1 күміс, 1 қола жүлдемен қорытындылады.

48 келіде моңғолиялық М.Уранцэцэг қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл салмақта күрескен Г.Отгонцэцэг татами қожайыны Воукли Шириннен айласын асыра алмады. Дәл осы салмақта татамиге шыққан Ақмарал есімді жас дзюдошы өзінің болашағы бар екенін көрсетіп үшінші кезеңге дейін жетіп жапониялық спортшыға жол берді.

57 келіде Д.Сумьяа күміс жүлдегер атанды. Ол финалда өткен жылғы әлем чемпионы канадалық Криста Дегучиге жол берді.

60 келіде моңғолиялық Д.Амартүвшин мен қазақстандық Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды.

66 келіде Ё.Басхүү мен 73 келіде Ц.Цогтбаатар қола жүлдегер атанды.

Бүгін ең жақсы күрес өнерін 73 келіде қазақстандық Жансай Смагулов көрсете білді. Ол өз белдесулерінде қырағылық танытып финалға жеткен болатын. Алайда финалда қарсыласы жапониялық Сойчи Хашиматодан айласын асыра алмады.

Continue Reading

Спорт

Серік Бердімұратұлы дзюдодан 2020 жылғы ел чемпионы атанды

Published

on

KAZNEWS – Дзюдодан Орхон аймағында жүрілген Моңғолия чемпионаты аяқталды.
Дүбірлі додада -100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, екінші мәрте ел чемпионы атанды.
Серік Бердімұратұлы жартылай финалда Д.Цэрэннямды ұтса, финалда О.Хангал-ды соңғы 43 секундта таза әдіспен жеңді.
Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы 2019 жылы алғаш рет дзюдодан ересектер арасында ел чемпионы атанған болатын. 2014 жылы дәл осы салмақта ел біріншілігінің күміс жүлдесінe, 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын.

Continue Reading

Спорт

Жыл үздіктері кімдер? – “Алтан Бамбар – 2019”

Published

on

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының спорт саласының үздіктерін анықтауға арналған «Алтан Бамбар – 2019» байқауы өтті. Байқау 31 желтоқсанда қорытындыланып, үздіктер анықталды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауды аймақтық Спорт және Денешынықтыру басқармасының бастығы Қайнар Қайсанайұлы ашты.

«Үздік спортшы» – Бердімұратұлы Серік (Моңғол күресінен мемлекеттік начин, 2019 жылғы дзюдо және самбо күресінен ел чемпионы, Самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері), Қалиұлы Бекнұр (Дүниежүзілік полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілері арасындағы жарыста карате мен бокс спортынан алтын және күміс жүлдегері), Қажетұлы Серік (Бодибилдингден 2019 жылғы халықаралық жарыста қола, Азия чемпионатында қола, Шығыс Азиялық чемпионатта күміс, Әлем чемпионатында 5 -орын)

«Үздік жас спортшы» – Асқарұлы Жандос (Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері), Болашақұлы Жандос (Дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында қола, ел чемпионатында күміс, Самбодан ел чемпионы )

«Үздік жасөспірім спортшы» – Рахымжанұлы Оралман (VI мемлекеттік балалар фестивалінде бокстан күміс жүлдегері), Асылбекқызы Әсемхан (VI мемлекеттік балалар фестивалінде таеквондодан қола және Ел біріншілігінде күміс жүлдегері)

«Үздік бапкер» – Шөленұлы Ерұлан (Шәкірттері VI мемлекеттік балалар фестивалінде 2 қола, Ел біріншілігінде 2 күміс медаль алған)

«Үздік спорт мұғалімі» – Мүшелбайұлы Мейрамбек (Жалпы білім беретін 3 мектеп мұғалімі)

«Ұлттық спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы» – Нұрланұлы Мустафа (2019 жылғы “Наадам” мерекесінде 4 жығып, начин атағын алу кезеңінде қарсыласына есе жіберіп алды. Қарсыласы кейін допинг дауына ілінді.), Нармандахын Алтантулга (Бурияд тәсілімен садақ атудан екі мәрте чемпион)

«Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы» – Серікұлы Жеңісбек (Аударыспақтан Азия чемпионы, Көкпардан күміс, Теңге ілу сайысының қола жүлдегері)

«Үздік ардагер спортшы» – Қабденұлы Берболат (Коньки тебуден 2019 жылғы Ел чемпионы)

«Үздік спорт федерациясы» – Әуесханұлы Ром (Моңғолияның Көкпар, Аударыспақ, Теңге ілу федерациясы халықаралық жарыстарда 7 медаль иеленген)

«Үздік нәтиже көрсеткен спортшы» – Отгонцагааны Баяндалай (21 аймақты велосипетпен аралаған)

«Үздік спорт клубы» – Қаламжанұлы Қуат (Өлгий теннис клубы)

«Үздік спорт құрамасы» – Оралұлы Ертай (Баян-Өлгий аймағының Футзалдан жастар құрамасы Моңғолия Президентінің “Ұлттық кубок – 2019” жарысының чемпионы атанған)

«Үздік спорт журналисі» – Рахатұлы Асылбек (Моңғол Заман газетінің әр санында спорт жаңалықтары жарияланады)

«Спортты қолдаушы үздік ұйым» – Мұратұлы Тілеуберді (ЭрчимБаян-Өлгий компаниясы спортшыларға үздіксіз демеушілік жасап келеді)

«Спортты насихаттаушы үздік ақпараттық агенттігі» – Қабайұлы Өмірбек (КазНьюс агенттігі үздіксіз 8 жыл бойы спорт саласындағы ақпараттарды таратып келеді)

Photo: K.Erkin

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...2 weeks ago

Клаус Шваб: Төртінші индустриялық революция

Авторы: Клаус Шваб Аудармашылар: Ақыш Н.Б., Бимендиева Л.Ә., Матыжанов К. І. Ілкі бағдарламаны төрткүл әлемнің небір ақылгөйлері мен даналарының таңдайын...

Әлемде3 weeks ago

Фото: Маскалы әлем

KAZNEWS – Коронавирустық инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 9000-нан асып, Қытайда 213-і көз жұмған. Дүниежүзінде аталмыш вирус Қытайдан бөлек 18 елде...

Әлемде3 weeks ago

Қазақстан Қытаймен 72 сағаттық визасыз режимін уақытша тоқтатты

Қытай азаматтарына қатысты 72 сағаттық визасыз режим туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес, Қытай...

Әлемде4 weeks ago

Коронавирустың неден жұққаны анықталды

Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді,- деп хабарлайды Nege...

Әлемде4 weeks ago

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын...

Әлемде2 months ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде2 months ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде2 months ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Басты назарда