Connect with us

Спорт

Серік Бердімұратұлы мемлекеттік атақ үшін белдеседі

Published

on

Халық революциясының 96 жылдығы Моңғолияның Ұлттық мерекесі тойланып жатыр. Мереке аясында жүріліп жатқан күрестен бесінші кезең басталды.
Мемлекеттік мерекеде мемлекеттік атақ үшін аймақтық шеңі бар сегіз палуан белдеседі.
Атап айтсақ, Д.Тамир(Булган), Б.Хишигбаатар (Говь-Алтай), О.Хангай (Ховд), Серік Бердімұратұлы (Баян-Өлгий), Г.Ганжад (Төв), Б.Бат-Эрдэнэ (Булган), М.Бадарч, Ж.Дагва-Очир (Архангай) қатарлы палуандар төртінші кезеңнен өткен.
Серік Бердімұратұлының бесінші кезеңдегі белдесетін жұбы мемлекеттік харцага Т.Баасанхүү болмақ.
Палуандар бесінші кезеңнен сәтті өтсе “мемлекеттік лашын” атағына ие болады.

Спорт

Серік Бердімұратұлы xалықаралық жарыстан күміс медаль иеленді

Published

on

KAZNEWS – 20-21 ақпан аралығында Минск қаласында Самбодан Беларусь президентінің кубогына арналған Халықаралық турнир өтті.
Турнирге 20 мемлекеттен 300 спортшы қатысты.ᅠ
Аталмыш жарыста ерлер арасында -100 келі салмақ дәрежесінде халықаралық спорт шебері, самбодан 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Серік Бердімұратұлы қатысып күміс медаль иеленді.
Ол, алғашқы кездесуінде украйн спортшысы Алексей Мойсиевті, екінші кездесуінде беларусь палуаны Сиархей Лесикты жеңіп финалға шыққан болатын. Финалда беларусь палуаны Андрей Казунесокқа есе жіберіп алды.
Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы 2019 жылы бұл турнирден қола медаль алған болатын.
Ал, қыздар арасында -68 келі салмақта Ц.Батцэцэг чемпион атанды.

Continue Reading

Спорт

Дзюдо: Ганболдын Хэрлэн әлемдік рейтингіде 4 – орынға жайғасты

Published

on

KAZNEWS – Халықаралық дзюдо федерациясы Парижде өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты.

Назарларыңызға моңғолиялық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-30):

60 кг
Дашдааваа Амартүвшин – 16
Л.Өнөболд – 25
Ганбат Болдбаатар 26 –

66 кг
Ганболд Хэрлэн – 4
Ёндонпэрэнлэй Басхүү – 9

73 кг
Цэнд-Очир Цогтбаатар – 20
Ганболд Одбаяр – 21

81 кг
Сайед Моллай – 4
О.Ууганбаатар – 23

90 кг
Г. Алтанбагана – 23

100 кг
Л.Отгонбаатар – 9

+100 кг
О.Дүүрэнбаяр – 18
Н.Түвшинбаяр – 28

Continue Reading

Спорт

Дзюдо: Д.Амартүвшин мен Елдос Сметов қола жүлдегер атанды

Published

on

KAZNEWS – Бүгін Парижде дзюдодан әлемдік «Grand Slam 2020» бәсекесі басталған болатын. Жарыстың алғашқы күнін моңғол спортшылары 1 күміс 4 қола, қазақ спортшылары 1 күміс, 1 қола жүлдемен қорытындылады.

48 келіде моңғолиялық М.Уранцэцэг қола жүлдені қанағат тұтты. Бұл салмақта күрескен Г.Отгонцэцэг татами қожайыны Воукли Шириннен айласын асыра алмады. Дәл осы салмақта татамиге шыққан Ақмарал есімді жас дзюдошы өзінің болашағы бар екенін көрсетіп үшінші кезеңге дейін жетіп жапониялық спортшыға жол берді.

57 келіде Д.Сумьяа күміс жүлдегер атанды. Ол финалда өткен жылғы әлем чемпионы канадалық Криста Дегучиге жол берді.

60 келіде моңғолиялық Д.Амартүвшин мен қазақстандық Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды.

66 келіде Ё.Басхүү мен 73 келіде Ц.Цогтбаатар қола жүлдегер атанды.

Бүгін ең жақсы күрес өнерін 73 келіде қазақстандық Жансай Смагулов көрсете білді. Ол өз белдесулерінде қырағылық танытып финалға жеткен болатын. Алайда финалда қарсыласы жапониялық Сойчи Хашиматодан айласын асыра алмады.

Continue Reading

Спорт

Серік Бердімұратұлы дзюдодан 2020 жылғы ел чемпионы атанды

Published

on

KAZNEWS – Дзюдодан Орхон аймағында жүрілген Моңғолия чемпионаты аяқталды.
Дүбірлі додада -100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, екінші мәрте ел чемпионы атанды.
Серік Бердімұратұлы жартылай финалда Д.Цэрэннямды ұтса, финалда О.Хангал-ды соңғы 43 секундта таза әдіспен жеңді.
Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы 2019 жылы алғаш рет дзюдодан ересектер арасында ел чемпионы атанған болатын. 2014 жылы дәл осы салмақта ел біріншілігінің күміс жүлдесінe, 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...2 months ago

Клаус Шваб: Төртінші индустриялық революция

Авторы: Клаус Шваб Аудармашылар: Ақыш Н.Б., Бимендиева Л.Ә., Матыжанов К. І. Ілкі бағдарламаны төрткүл әлемнің небір ақылгөйлері мен даналарының таңдайын...

Әлемде2 months ago

Фото: Маскалы әлем

KAZNEWS – Коронавирустық инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 9000-нан асып, Қытайда 213-і көз жұмған. Дүниежүзінде аталмыш вирус Қытайдан бөлек 18 елде...

Әлемде2 months ago

Қазақстан Қытаймен 72 сағаттық визасыз режимін уақытша тоқтатты

Қытай азаматтарына қатысты 72 сағаттық визасыз режим туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес, Қытай...

Әлемде2 months ago

Коронавирустың неден жұққаны анықталды

Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді,- деп хабарлайды Nege...

Әлемде2 months ago

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын...

Әлемде3 months ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде3 months ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде4 months ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Басты назарда