Connect with us

Моңғолияда

Сайлауда ысырапталатын қаржы азая ма?

Published

on

KAZNEWS – Бір сайлаудан екінші сайлауға дейін сайлауға қатысумен атын ұсыну тәсілі жетілдіріліп ақшасы көп депутат, көп ақша шашқан партия көпшілік болатын дәстүр қалыптасты.

Партиялар байғазы атымен көптеген қаржы жинап мүшелерінен ақша алатыны құпия емес. Нәтижесінде сайлау кезіндегі шығындар жарық жылдамдығымен өсіп бүгіндері неше млрд-таған төг-ке жетті. Өткен 2012 жылы ДП 16,2 млрд, МХП 14,5 млрд, МХРП мен МҰДП-ның әділет одағы 3 млрд, басқа партиялар 2 млрд төг-ті сайлауға жұмсаған. Бұл орталық Сайлау комитетіне берілген есептегі мәлімет.

Бұдан тысқары ашық та жасырын жолмен заңның осал тұсын пайдаланып шашқан ақшаны есепке алсақ одан да үлкен сома шығады. Әр жылғы сайлауда кім көп ақша шашса сол жеңіске жетеді деген дәстүрді өзгертетін уақыт жеткендігін бәріде айтып жүр.

Ол үшін сайлауды қаржыландырудың жариялылығын қамтамасыз ететін, атын ұсынушыларға тең мүмкіндік берген сайлау үгіт-насихатының шығындарын азайтқан үйлестіруді заң арқылы жасау керек дегенге барлығы да бірауыздан құптайды.

Қазір сайлау біріккен заң жобасы жасалып МҰХурал талқысына салуға әзір болды. Жоғарыдағы мәселелерді көтеруге белсенділік танытып жүрген азаматтық қоғам өкілдері саналатын ашық қоғам қорының мемлекеттік мекеме Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы т.б азаматтық қоғамдық ұйымдарды қамтыған сайлау қаржыландыруын жаңалау талқылауы кеше МҰХ-дың Мемлекеттік құрылым тұрақты комитетінің ұйымдастыруында өткізілді.

Талқылауға сайлау біріккен заңының жұмыс тобының жетекшісі МҰХ мүшесі Р.Бурмаа қатысып азаматтардың ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жауап берді. Жұмыс тобының жетекшісінің айтуына қарағанда сайлау және саяси партияларды қаржыландыру деп екіге бөлінген.

Сайлау заңында қаржыландыруды нақты көздерін көрсетіп берген. Мысалы; Байғазы мәселесінде жеке адам мен заңды тұлғаның байғазысының көлемі, аты-жөні, мекенжайы, оған қойылатын бақылауды нақты көрсеткен.

Сондай-ақ бір партиядан бір адам үшін сайлауға жұмсалатын қаржының мөлшерін көрсетіп өз жанынан шығарған қаржысына да есеп беруді міндеттеген. Сайлау қаржыландыруына жасалған өзгеріс ол сайлаудың шығындарын азайту мақсатында бірнеше баптың енгізілуі. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау кезіндегі уақытын өте жоғары бағалауға шек қойып, соңғы алты айдағы орташа бағамен есептеу. Моңғолияның ұлттық бұқаралық радио телеарнасынан ақысыз жүргізілетін үгіт жасау мүмкіндігін барлық атын ұсынушыларға тең дәрежеде жасау. Барлық атын ұсынушылардың сайлау парақшаларын, сайлау бөлімшелерінде жұмыстайтын азаматтар сайлаушыларға жеткізу қатарлы реттеулер жасалған.

Қазір парламентте орын алған партияларға мемлекеттен қаржыландыру беріледі, бірақ партиялар бұл қаржымен азамат және заңды тұлғадан алынған байғазыларды қайда жұмсағаны жөнінде есеп бермейтіндіктен ол сыбайлас жемқорлықтың көзіне айналуда. Оны қойып мол мөлшерде байғазы берген адамға лауазым, құқық беріп ағайын-туысынан тендер беру жолымен қайтарымы үлестіріліп жатқанын талқылауға қатысушылар атап өтті.

Заң жобасында МҰХ-дан орын ала алмаса да сайлаушылардың белгілі бір бөлігінің қолдауын алған партияларға саясатын үйлестіру, кадрларын дайындау, халыққа ұстанымдарын таныстыру үшін қаржы беретін мүмкіндік жасалған. Басқаша айтсақ МҰХ-да мандатқа ие болмаған партияларға да тең дәрежеде жағдай жасалады. Талқылау кезінде айтылған тағы бір мәселе сайлау кезінде сайлау шығындарының көп мөлшерін иеленетін бұқаралық құралдарының жарнамасына шектеу қою. Ондағы үгіт-насихат үйлестірілетін парақшалар, жарнама тақтасындағы ақпаратпен бірдей болатындығын өзгерту жөн деп көрілді.

«Өдрийн сонин» газетінің сарапшысы П.Хасчулуун; Атын ұсынушылар бұқаралық ақпарат құралдарына көп ақша жұмсайды деп айтылды, бұл ақпарат құралдарының аузын жабу деген сөз. Ақпарат құралы бизнестік ұстанымдар бойынша жұмыстайды. Сондықтан оған шек қойылса да қойылмаса да этиканы ұстанатын кәсіптік мекемелер ғана сыналып қалады десе, саясаттанушы Батболд ақпарат құралы бизнестік құрылым емес деп қарсылық білдірді.

Азаматтық қоғам ұйымдар тарапынан сайлау үгіт-насихат уақытын мүмкіндігінше қысқартып азаматтарды мезі етпеу, менеджер немесе үгітшісі арқылы жұмсалған ақшаны есепке қосу, оларды мемлекет тарапынан қаржыландыруды қайта қарау. Есеп беруінде банк, қаржылық ұйымдарының қатысуын арттыру. Сайлаушылардың білімін арттыруға арналған ақпараттар мен үгіт-насихаттардың ара жігін ашу, әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетін үгіт-насихат, атақ, абыройына нұқсан келтіру жағдайларды заңға еңгізу туралы ұсыныс жасалды. Жасалған ұсыныстарды заң жобасына белгілі мөлшерде еңгізетіндігін жұмыс тобы жетекшісі Бурмаа уәде етті. Бірақ ғаламтор желісіндегі үгіт-насихатты реттеу, оған бақылау қою жөнінде азаматтық қоғамдық және кәсіптік мекемелерден пікір алынатын болды.

Жұмыс тобының жауабына 100 пайыз сену қиын. Өйткені заң жобасы қазіргі жағдайда әлі ұсынылған жоқ.
Зерттеушілер мен азаматтар қолына тимегендіктен өмірге жанаса ма әлде керісінше ме дегенді түсіну қиын. Заң жобасын талқылау кезінде осы мәселелер анықталып азаматтық қоғам тарапынан жасалған ұсыныстар еңгізілмек.
Сәбет Насырұлы, KAZNEWS

Моңғолияда

Қалыбек Қобландин Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметінен босатылды

Published

on

KAZNEWS – Дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Қалыбек Қобландин Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қалыбек Ибрагимұлы Қобландинды қызметінен босату туралы жарлығы 15 тамызда akorda.kz сайтында жарияланған.

Қалыбек Қобландин 2013 жылы 14 мамыр (Моңғолия Президентіне сенім грамотасын табыстаған)-дан бері Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшісі қызметін атқарған уақытында екі ел арасындағы ынтымақтастық нығая түсті. Қазақстан 2016, 2018 жылдары селден зардап шеккен Моңғолияға (Баян-Өлгий аймағына) гуманитарлық көмек көрсетті. Көп жылдар бойы шешімін таппай келген Улаанбаатар – Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тікелей әуерейс ашылды.

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

2019 жылғы 14 тамызда Елші Қ.Қобландин өзінің Моңғолиядағы Елші ретінде өкілеттік мерзімнің аяқталуына орай, Моңғолияның Президенті Х.Баттулгамен кездесті.

Кездесу барысында саяси ынтымақтастық тұрғысынан моңғолия тарапына халықаралық іс-шараларда Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткеніне ризашылығын білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған бірқатар мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде Моңғолия Президенті Елшінің Моңғолиядағы жемісті қызметін атап өтіп, шетелдіктерге арналған ең жоғарғы марапат саналатын «Найрамдал» (Достық) медалімен марапатталуымен құттықтады.

2019 жылғы 16 тамызда Елші Қ.Қобландин өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай, Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары У.Энхтүвшинмен кездесіп, моңғол тарапына өкілеттік мерзімі барысында көрсетілген қолдауға өз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасты.

2019 жылғы 16 тамызда Елші Қ.Қобландин өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай, Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Д.Цогтбаатармен кездесті. Кездесу барысында Д.Цогтбаатар Елшіге Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ерен еңбегін ерекше атап өтті. Екі ел арасындағы жан-жақты өзара әрекеттестікті алға жылжытуға негіз болатын жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шараларды келешекте ұйымдастыру перспективалары бойынша пікір алмасылды.

Қалыбек Қобландиннің орнына Жалғас Жұмаұлы Әділбаев тағайындалды.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия – Қазақстан қонақтарын қабылдайды!

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия, Қазақстан Республикасы арасында тікелей рейс ашылып, Скат әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы 3 маусым күні сағат 04.50 –де Улаанбаатар қаласына келіп қонды.

“Ең әуелі Нұр-Сұлтан-Улаанбаатар бағытына халықаралық тікелей рейстің ашылуына қолдау көрсеткен Моңғолия Үкіметіне, Жол транспорт министрлігіне, Азаматтық авияция бас басқармасына, сондай-ақ өзгеде құзырлы органдарға алғыс білдіремін. Аталмыш рейс халықаралық тұрақты бағыт болғандықтан, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық жоғары деңгейге көтеріледі. Саясат, экономика, мәдениет, гуманитарлық және туризм саласының дамуына үлес қосады.” –деп атап өтті Қазақстан Республикасынан Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі Қалыбек Қобландин бұқаралық ақпараттық құралдарға арналған брифингде.

Photo: Ikon.mn

Скат әуе компаниясы Нұр-Сұлтан-Улаанбаатар бағытына әр сәрсенбі мен жексенбі күндері Boeing-737 ұшағы арқылы бір жағына 144 жолаушы тасымалдайды. Улаанбаатардан дүйсенбі мен бейсенбі күндері сағат 06:00 ұшып, Нұр-Сұлтан қаласына 08:30-да қонады. Билет бағасы $240-$250 АҚШ доллары, екі жағына $460 –дан.

Скат әуе компаниясының Қазақстан териториясына 55, халықаралық 25 бағытта рейстері бар.

Моңғолиялық жолаушыларды үшін Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Ақтау және Павлодардан ыңғайлы түйістер күтіп тұр.

Ал, бүгіннен бастап Моңғолия – Қазақстан қонақтарын қабылдайды!

Әлеуметтік желідегі парақшасын көре кетіңіз.

Continue Reading

Моңғолияда

Қазақстаннан Моңғолияға маусым айынан бастап тұрақты әуе рейсі ашылады

Published

on

KAZNEWS – 2019 жылдың 3 маусымынан бастап Қазақстан және Моңғолия астаналарының арасында тұрақты рейс ашылады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Тікелей рейсті «SCAT» әуе компаниясы іске қоспақ.

«Жаңа халықаралық әуе рейсінің ашылуы  екі ел арасындағы экономикалық байланыстар мен туризмді дамытуға, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайтуға бағытталған.  Бұл рейс екі ел бизнес нысандарының арасындағы іскерлік байланысты да нығайтуға ықпал етеді», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Министрлік өкілінің айтуынша, тұрақты рейстер әр бейсенбі мен жексенбі күндері қатынайды. «Ұшу уақыты бір бағытқа 3 сағат болмақ. Әуе рейсі «Boing-737» ұшағы арқылы жасалады» , – деді Айбек Смадияров.

 Scat Airlines Mongolia – парақшасы

Continue Reading

Title

Әлемде2 months ago

Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)

KAZNEWS – /2019.06.12/ Шанхай ұйымының жылдық кезекті он тоғызыншы саммитіне қатысу мақсатында Моңғолия Президенті Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы...

Әлемде3 months ago

Қазақстан Республикасында Президент сайлауы

­Соңғы айларда Қазақстанда тұрғындарды ғана емес, әлемді елең еткізген саяси өзгерістер бірінен соң бірі орын алып кетті. Елді басқарып келген...

Кітаптан үзінді...5 months ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...5 months ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Іскер8 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...8 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Іскер8 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...8 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті