Connect with us

Моңғолияда

Н.Санатбек: Даян-Қызылтау өткелегінде сауда-саттық жаңа бағытта дамиды

Published

on

KAZNEWS – Даян бекетінің маусымның 2 күні ашылатынын аймақ әкімінің орынбасары Санатбек Нұрахметұлы растай келе Даянбекеттінің инфрақұрылымын дамыту барысында жасалып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Даян бекетінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2014 жылы жергілікті бюджеттен 80,0 млн –ға жуық қаражат бөлінген. Бұл қаржы Ху-ұй өңірінде ағаш көпір салуға, Ху-үйден Даян бекетіне дейінгі 22 шақырым жолға жеңіл жөндеу жүргізуге, өткізу пунктін қоршауға, бекетте жұмыстайтын қызметкерлердің орын жайын жөндеуге жұмсалған.

Үстіміздегі жылдың басында Даян – Қызылтау өткелектерінде сауда-саттықты дамытуға байланысты Алтай аймағы мен келіссөздер жүргізілген.

Мұнда, ҚХР Қызылтау жәрмеңкесін жандандыруды ұйғарып, Баян-Өлгий аймағының азаматтары моңғолияда өндірілген тауарларды Даян өткелегінде сатуға мүмкіндік жасалып отыр.

Және де ҚХР-ның шекара маңында орналасқан өңірлердегі азаматтарға сауда саттық жасау және туристік бағытта жеңілдетілген түрде шекарадан (ақ қағаз арқылы) өту мәселесі шешілді.

Жаматы өзеніне көпір салуды Алтай аймағы өз міндетіне алып, бұған байланысты құжаттар аймақ әкімшілігі тарапынан дайындалып Моңғолия Сыртқы Істер министрлігіне жолданғанын атап өтті.

Және де Даян аумағында биыл Жи-мобайл желісі орнатылады деп күтілуде.

Advertisement


Моңғолияда

Г.Занданшатар: Қарттарым аман сау болсын

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия Парламентінің спикері Гомбожавын Занданшатар 28 қыркүйекте Баян-Өлгий аймағына жұмыстап қайтқан болатын. Спикер өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында төмендегідей жазба қалдырыпты.

“Баян-Өлгийде тұрғындармен кездесу кезінде әкемнің сыныптасы, еңбек сіңірген агрономшы Рахадыл және әкеммен бірге «Чандаган» бірлестігінде жұмыс істеген тракторшы Айыпхан өздерінің жақсы естеліктерімен бөлісіп, маған жақсылық пен табыс тіледі. Рахадыл ақсақал қазақтың қамшысын сыйға тартты. Ол қамшының елде әділдікті, тәртіпті сақтау үшін қажет болатынын айтты.

Әкемнің достарының батасын қабыл алып, әділеттілік жолында өзімді де қамшылап жүретін боламын.
Қарттарым аман сау болсын, көп жасаңыздар.” -делінген.

 

Continue Reading

Моңғолияда

Бүркітшілер тойы 3-4 қазан күндері өтеді

Published

on

KAZNEWS – «Бүркітшілер тойы» 3-4 қазан күндері Баян-Өлгий аймағында өтеді. Бұл туралы аймақтық Табиғат, қоршаған орта және туризм басқармасының маманы Нұрқанат Қариұлы хабарлады.

Осымен 21 – мәрте өткізілетін туристік іс-шараны Моңғолия Бүркітшілер одағы, Моңғолияның Табиғат, қоршаған орта және туризм министрлігі мен Баян-Өлгий аймағы Әкімінің іс басқармасы, аймақтық Табиғат, қоршаған орта және туризм басқармасы бірлесе ұйымдастырады.

Бүркітшілер сайысына 60-ға жуық құсбегі сайысқа түсіп, көрермендерге құсты басқара алу және оның көмегімен аң алу шеберліктерін көрсетеді.

Сонымен қатар, моңғол-қазақ халқының ұлттық ойындары өткізіліп, көрме ұйымдастырылады.

Continue Reading

Моңғолияда

Қазақстаннан чартерлік рейспен 95 азамат келді

Published

on

KAZNEWS – 2020 жылғы 28 қыркүйекте кешкі сағат 22:31–де Алматы – Улаанбаатар бағыты бойынша «Хүннү Эйр» әуе компаниясының арнайы чартерлік рейсі «Буянт Ухаа» халықаралық әуежайына келіп қонды.

Осы ұшақпен Моңғолияның 95 азаматы отанына келді. Азаматтарды ЖАЗҰОрталығына, Әскери орталық аурухана және Төв аймағының Батсүмбэр сұмынында орналасқан Қариялардың демалыс орталығына бақылауға алды.

Ұшақпен келгендер Моңғолия мен Қазақстанға карантин енгізіліп, моңғол-ресей шекарасы жабылғанға дейін жеке сапармен келіп (жерлеу рәсіміне қатысу, емделу, жеке істерімен және туған-туысқандарына келу), осы елде қалуға мәжбүр болған азаматтар болып табылады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтаннан арнайы ұшақпен 170 азамат елге жеткізіледі
Хүннү Эйр әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
Қазақстан Республикасының 96 азаматы отанына қайтарылды
Нұр-Сұлтанға 30 тамызда арнайы ұшақ ұшады
Қазақстаннан келген үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ
Д.Нямхүү: Қазақстаннан келген 3 адамнан коронавирус анықталды

Continue Reading

Моңғолияда

548 ана – «Ана даңқы» орденімен марапатталды

Published

on

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга 20 қыркүйекте Баян-Өлгий аймағына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында Президент Х.Баттулга 548 анаға «Ана даңқы» орденін табыстап, марапатталған аналарды құттықтады.

I–ші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен 82, II-ші дәрежелі «Ана даңқы» орденімен 466 ана марапатталды.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде4 weeks ago

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сес­сия­сының жұмысы...

Әлемде4 weeks ago

ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ

Қымбатты достар! Биыл Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 35 жылдық мерейтойы! Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен...

Әлемде4 months ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде4 months ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде4 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде4 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде5 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде5 months ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Статистика

  • 280
  • 8,534
  • 184,792

Басты назарда