Connect with us

Published

on

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағынан келген Өзгеріс Шерікбай «Мен қазақпын» жобасында бесінші болып өнер көрсетті. Бұл туралы Kaztrk.kz хабарлап отыр.
Алдыңғы айналымда ол Жарылғапбердінің «Шама» туындысын орындап, көпшіліктің көңілінен шыққан болатын.
Жеребе тарту кезінде Өзгеріске батыс өңірі Мұхит Мерәліұлының «Айнамкөз» әні бұйырды. Қазылар алқасының тарапынан оның орындаушылық шеберлігіне жоғары баға берілді.
Толғанбай Сембаев: – Өзгерістің бүгінгі кереметтігі әнге сіңіп кетпей, оны өзіне сіңдіріп айтқаны. Өзіңнің қазақилығың көрінді. Жаныңның дірілі «Айнамкөзге» өң берді.
Мырзатай Жолдасбеков: – Көзімізге жарқ ете қалған таланттың бірі осы Өзгеріс. Біз жерден алтын тапқандай қуанғанбыз. Қазылар алқасы Өзгеріс сияқты баладан көз жазып қалмауы керек. Рамазаннан кейінгі осы қазақтың әнін ту етіп көтеріп, жерге түсірмей, алақанына салып әлпештеп, асқақтатып айтатын әнші осы Өзгеріс болама деп ойлаймын. Бұл жолы біз Өзгерістің бағын байламаймыз.

Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Мәдениет

Бай-Өлке менің мекенім

Published

on

Баян-Өлгий – Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы.

Continue Reading

Мәдениет

Термеші Ақтанберді Азатұлының ән кеші өтеді

Published

on

Бүгін яғни 13 сәуірде Улаанбаатар қаласы 13-микро район, Баясах Трейд ғимаратында орналасқан Блүфин Стэйкхаус ресторанында термеші Ақтанберді Азатұлының ән кеші өтеді.

Такс бағасы 56,000 төгрөг. Байланыс телефоны 99106990.

Спонсор Туран Ворлд компаниясы.

Continue Reading

Мәдениет

Кәсіби суретші, мүсінші Ойлан Жанатханұлының көрмесі Бурятияда ашылды

Published

on

Моңғолиялық кәсіби суретші, мүсінші Ойлан Жанатханұлының “Мәңгілік аспан әлемі” атты көрмесінің ашылу салтанаты Бурятияның Ұлан-Үдэ қаласында  27 наурыз күні өтті. Аталмыш көрме Моңғолияның Бурятиядағы мәдение күндігіне орай ұйымдастырылып отыр. Ұлан-Үдэ қаласының Ц.С.Сампилов атындағы музейде суретшінің 30 туындысы қойылған.

Реалист, сюрреализм яғни шынайы және инстинктивтік түрде туындыларын жасайды. Ойлан Жанатханұлының суреттері тек көгілдір өңмен боялған.

Ашылу салтанатына Бурятияның Мәдениет министрі Соелма Дагаева, Ұлан-Үдэ қаласындағы бас консул Д.Чадраабал қатарлы азаматтар қатысты.

Дагаева “Өткен жылы Моңғолияғы біздің “Ульгэр”, “Байкал” театрлары барып қайтқан. Ал, биыл бізге осындай өте қызықты туындылары бар кәсіби өнер иесі келгеніне қуаныштымыз. Ойлан Жанатханұлына зор табыс тілеймін” деді. Бас консуд Д.Чадраабал “Біз ақылдаса келе көрмеге “Мәңгі аспан әлемі” деген ат бердік.  Моңғолияның өнерін Бурятия халқына таныстыру мақсатында. Ойланның әр суреті терең мағына береді. Ойлан Жанатханұлының көрмесі Түркия, Франция, Германия, Испания, Ирландия, Венгрия, Америка Құрама Штаттарында және Қазақстан республикасында көрсетілген. Сондай-ақ консулдықта галерия ашу ойымызда бар” деді.

Көрме сәуірдің 12 -дейін көрсетіліп, сәуірідң 13 күнінен бастап Ресейдің Эрхүү қаласында жалғасады.

Continue Reading

Өзекті