Connect with us

Моңғолияда

Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, ұшқыш генерал-майор Мүдәріс Зайсановты еске алды

Published

on

KAZNEWS – 5 мамырда Улаанбаатар қаласында Қазақстан Елшілігі Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай және Жеңіс күні қарсаңында Моңғолияның атақты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мүдәріс Зайсановтың құлпытасына гүл шоғын қою рәсімін өткізді.
Гүл қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобландин, Моңғолия Ғылым Академиясының академигі, экс-депутат Бәкей Ағыпар, жазушы, Моңғолияның белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлы, Моңғолияның Ғылыми техникалық университетінің профессоры Гүлнар Чакерханқызы, Улаанбаатардағы «Жерлестер» қазақ ұйымының төрағасы Тлеухан Нәжікейұлы және басқа да қоғам белсенділері қатысты.

Мүдәріс Зайсанов – Моңғолия қарулы күштерінде қызмет атқарған қазақ азаматы, генерал-майор. 1910 жылы Зайсан өңірінде туылып, 1920 жылдары Монғолияға қоныс аударған. 1932 жылы Орынбордағы ұшқыштар даярлайтын училищені тәмамдаған.
Халхин-Гол шайқасы кезіндегі ерліктері үшін Моңғолияның және Кеңес Одағының «Қызыл ту» орденімен марапатталып, 1944 жылы генерал-майор шенінде Моңғолия Әуе әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған. Зайсанов 57 жасында Улаанбаатарда дүние салды.

Моңғолияда

Шәріп Сәйпіғалиұлы «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағымен марапатталды

Published

on

KAZNEWS – Ғұн империясына 2228 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 813 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 108 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 98 жыл, Демократиялық қозғалысқа 30 жыл толуына орай Моңғолия Президенті Х.Баттулга жарлық шығарып өнеркәсіп, денсаулық, білім, мәдениет, экономика, қоғам, коммуналдық қызмет көрсету саласында абыройлы қызмет атқарған 21 азаматқа «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағын берді.
Моңғолия Президенті бұл жолы, моңғолия қазақтары арасынан «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағымен Баян-Өлгий аймағының СУАТ компаниясының директоры Шәріп Сәйпіғалиұлын марапаттады.

Continue Reading

Моңғолияда

“The Hu” тобы “Шыңғыс хан” орденімен марапатталады

Published

on

KAZNEWS – Республика күні және күнтізбе бойынша Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс айының бірінші жұлдызы 27 қарашаға сай келіп отыр. Бұған байланысты аталмыш даталы  күндер бірге тойланады.

Шыңғыс ханның дүниеге келген күнін «Моңғол мақтаныш күні» деп атап өту дәстүрге айналған. Бұл күнге орай мемлекет және қоғамға зор еңбегі сіңген, ұлттық береке бірлікті нығайтқан, ұлттық құндылықтарды әлемге танытуға үлес қосқан Моңғол елінің азаматтары Моңғолияның ең жоғарғы ордені «Шыңғыс хан» орденімен марапатталады.

Моңғолия Президенті Х.Баттулга жарлық шығарып, биылғы жылғы орденді «The Hu» тобына табыс ететінін, Президент әкімшілігінің апарат басшысы З.Энхболд бүгінгі баспасөз мәслихатында айтты.

The Hu тобының жетістіктері

Yuve Yuve Yu, The Gereg альбомы Америкалық Billboard тізімінде көш бастаған. Yuve Yuve Yu әнінің Youtube желісіндегі қаралымы 30 миллионға жуықтаған.

1924 жылғы 26 қарашада Моңғолияның тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде Моңғол Халық Республикасы атауымен орнаған және конституциясы қабылданған.

Continue Reading

Моңғолияда

Бәделхан Қабдісіләмұлы: Баян-Өлгий аймағының Парламенттегі 3 мандаты сақталуы керек

Published

on

Улаанбаатар – /KAZNEWS/. 2019 жылдың 14 қарашасында Моңғолия Парламенті 1992 жылы бекітілген Моңғолия Конституциясына қосымша  өзгертулер еңгізу туралы заң қабылдады. Осы сәтте Моңғолия Парламентінің депутаты, Құрылыс, қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы Баян-Өлгий аймағының азаматтарының сайлау, сайлану жөнінде сауал қойып,  жауап беруін өтінді.

МҰХ-ның мүшесі Қ. Бәделхан:

-Қазіргі Конституция бойынша  «МҰХ-ның мүшесі – халық елшісі болып табылады. Ол халықтың дауыс тікелей беруі арқылы сайланады» делінген.  Ата заңдағы бұл бап сол қалпында қалтырылады. Біздің аймақтан сайлау сайын 3 депутат сайланып келеді. 1924 жылғы алғашқы Негізгі заңды қабылдаған 72 депутаттың үшеуі біздің аймақтан болды. Тек 2012 жылы аралас жүйемен өткен сайлауда ғана 2 өкіл сайланды. Біз бұл кезде аймақ азаматтары мен ұлт азшылығы құқығы бұзылды деп көреміз. Азаматтар да солай айтып жүр. Сондықтан да азаматтар бізге осы ойларын жеткізіп беруді айтып отыр. Егер аралас жүйеде өткізілсе, біздің құқығымыз бұзылады.  Парламенттегі 3 өкіл де мұны қолдамайды. Енді қабылданатын заң және тәртіппен немесе жаңа заңмен  мұны ретке келтіріп, тұрақты 3 өкілді болатындай етіп, заңдастырып беруге болмай ма?

МҰХ-ның төрағасы Г. Занданшатар:  Д. Лүндээжанцанға сөз берейін.

МҰХ-ның мүшесі,  Конституцияға қосымша өзгерту енгізу жұмыс тобы мүшесі Д.Лүндээжанцан:

-Біз Ата заңды қабылдаған кезден бастап, 1990 жылы  жаңа негізгі заңды қабылдау үшін құрылған Халық Ұлы Хуралы  кезінде және әрқашан Баян-Өлгий аймағы өкілдерін қалыс қалдырған емеспіз.  Сол үшін сайлау заңдарында да бұл жағдай көрсетілген. Егер пропорцианаль және мажоритар жүйе араласқан, көп дауыс алған партия өкілдерін пайыздық мөлшерімен анықтау жанама және тікелей сайлау жүйесі конституцияға енгізілсе де, Баян-Өлгий аймағы, сондай-ақ қазақ азаматтар өкілдері  мандаты азаймайды.  Жаңа ғана мен МҰХ-ның мүшесі  Д. Мұратпен осы мәселе төңірегінде көп әңгімелестім. МҰХ-ның мүшесі  Қ. Бәделханға пікірін айтатын болып жатқандықтан кезіге алмадым. Мұны мен емес, келісім жұмыс тобы ұсыныс етіп отыр. Егер бұл бап енгізілсе, 2024 жылы Баян-Өлгий аймағына тікелей өкілін сайлау үшін 2 мандат беріледі. Одан  тыс мемлекеттік деңгейдегі аумаққа  атын  ұсыныушылар   партиялар тарапынан ұсынылады.  Мұндай жағдайда мемлекет бойынша қазақ азаматтар өкілдері парламенттен ең кем дегенде 3-4 орын алуына мүмкіндік бар деп есептеліп шығарылған. Еліміз  Конституциясында  «дүние мүлкі, жасы, жынысы, шыққан тегіне қарай азаматтарды алалауға, шеттетуге болмайтындығы» көрсетілген. Сайлау заңында да бұл ұстаным  ескерілген.  Сіздің айтып отырған аралас сайлау жүйесіне қатысты мәселе  «62-нің тобы /Конституцияға қосымша өзгерту енгізу қажет деп заң жобасына қол қойған парламент депутаттары/» жобасына енген жоқ. Алайда, сайлаушылардың  берген дауысы есептелмей қалатын жағдай жоқ. Адамдардың жалғыз наразы болатыны, бұл – партияның атын жамылып, жабық тізім арқылы көптің қолдауына ие бола алмайтын, қаламаған адамдардың парламентте отыруы.  Біз мұны ескеріп, ашық тізім жасап, аумақ пен тізімге енген атын ұсынушы үшін дауыс беретін етіп жасадық.

МҰХ-ның төрағасы Г. Занданшатар:  Қ. Бәделхан депутатқа қосымша 1 минут беріледі:

-МҰХ-ның мүшесі Қ. Бәделхан:

-Лүндэжанцан мырза, мемлекет бойынша атын ұсынушы «сайлануы мүмкін» деп отыр. Мен нақты жағдайды анықтамақпын. Неге десеңіздер, біз конституцияға қосымша өзгертулер енгізбекпіз.  Сондықтан да «Баян-Өлгий аймағына 3 мандат беруді заңдастырып берсеңіздер» дегенді айтып отырмын. Неге десеңіз, біздің  орынымызды кейін жастар басады. Олар сол кездегі депутаттар не айтты, неге бұл мәселені қозғамады деп айтпай ма?! Сол үшін де оны кепілдендіріп алғанды жөн санаймыз. Бұл менің емес, осында отырған үш өкілдің сауалы деп есептеңіздер.

МҰХ-ның мүшесі,  Конституцияға қосымша өзгерту енгізу жұмыс тобы мүшесі Д.Лүндээжанцан:

-Сайлаудан бір жыл бұрын «Сайлау туралы заңды өзгертуге тыйым салынады» деп Негізгі заңға енгелі отырған қосымша өзгерту енгізу жобасында көрсетілген. Не болса да, 2022-2023 жылдары Сайлау туралы заңды жаңалап, бекітуге тиіс.  Осы кезде Баян-Өлгий аймағы үш мандатын қысқарпайтыны туралы арнайы баппен бекітіп беру қажет.  Бұл осы мәжіліс хаттамасына жазылуы қажет. Біз Сайлау туралы заңды үнемі өзгертіп, оған қайта-қайта түзету жасап, жамап-жасқап келеміз. Осы кездері Баян-Өлгий аймағы өкілі үштен төмен болмауы керек деген принцип ұстанып келдік. Бұл қай кезде де осылай болғаны жөн.

Аралас жүйе бойынша сайлау өткізу бабы көпшілік тарапынан қолдау таппай, конституцияға қосымша өзгерту енгізу жобасынан алынып тасталды.

Естеріңізге салсақ, Моңғолия Конституциясына қосымша өзгерту енгізу мәселесі соңғы үш парламентте белсенді талқыланатын тақырыпқа айналып, қазіргі МҰХ 5 ай, 158 тәулік талқыға салып бекітті.

Осылайша 1992 жылы қабылданған Ата заңға 2000 жылы жасалған жеті қосымша өзгертуден кейін  екінші рет қосымша өзгерту енгізілді. Бұл жолы 35 бап, тармаққа қосымша өзгерту жасалды. Конституция өзгертуін мәжіліске қатысқан 63 депутаттың 100 пайызы қолдауымен бекітті. Дауыс беруге парламенттегі Демократиялық партия кеңесі мен МҰХ-ның мүшесі О. Басанхүү қатысудан бас тартты. Қосымша өзгерту енгізілген Конституция 2020 жылы 25 мамыр күні 12:00 сағатта күшіне енеді.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде3 days ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын құрды

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен, Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Әлемде3 days ago

Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазақпарат ХАА – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы...

Әлемде5 days ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде2 weeks ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Әлемде1 month ago

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып...

Моңғолияда2 months ago

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты.  Кездесу...

Әлемде4 months ago

Солтүстік Корея Америкадан ығар емес

Ол зымыран сынақтарын жалғастырып жатыр, АҚШ  КХДР-мен келіссөз жүргізуге  мәжбүр. Оңтүстік Кореяның Kyodo агенттігінің хабарлауынша,  2019 жылғы 16 тамызда КХДР-дің әскери...

Әлемде6 months ago

Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)

KAZNEWS – /2019.06.12/ Шанхай ұйымының жылдық кезекті он тоғызыншы саммитіне қатысу мақсатында Моңғолия Президенті Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы...

Басты назарда