Connect with us

Моңғолияда

Моңғолияның жаңа президенті қызметіне кірісті

Published

on

Моңғолияның жаңадан сайланған президенті Халтмаагийн Баттулга ант қабылдап, бұрынғы президенттен мөрді алды. Осылайша ол мемлекет басшысы міндетіне ресми түрде кірісті, деп хабарлайды Kaznews.mn.
Ант қабылдау рәсімі мемлекеттік ордада өтті. Халтмаагийн Баттулга подиумға шығып, қолына Моңғолияның Конституциясын алып, ант берді.

Кейін, жаңа президент сөз алып: «Мен ең алдымен, кедейлік деңгейін төмендетумен және Моңғолия азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашумен айналысатын боламын», – деді.
Халтмаагийн Баттулга өз азаматтарының пікірін мұқият тыңдап, ұлттық бірлікті қамтамасыз ететінін айтты. «Моңғолия ұлттық өнеркәсібі дамыған және қысқа мерзім ішінде өз экономикасын көтере білген ел болады», – деді Моңғолияның жаңа президенті ант қабылдау рәсімінде.

Моңғолияның Орталық Сайлау комиссиясының хабарлағандай, Халтмаагийн Баттулга 611 226 дауыс (50,61%) жинап, Моңғолияның жаңа президенті болып сайланып отыр. Ал, Моңғол халық партиясының өкілі Миеэгомбын Энхболд екінші кезеңде 497067 дауыс (41,16%) дауыс жинаған.

Моңғолияда

Президент Баян-Өлгий аймағының халқымен кездеседі

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга қыркүйектің 18-20 аралығында елдің батыс өңірінде жұмыстап, халықпен кездесу өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент 2020 жылдың 18 – қыркүйекте Завхан аймағында, 19 қыркүйекте Увс аймағында халықпен кездеседі.

Қыркүйектің 20 күні аймақтық Музыкалы драма театрында сағат 15:30 -да Баян-Өлгий аймағының халқымен кездесу өткізеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Айбота Әлиханқызы: Кер замандағы кедейшілік

Published

on

«Атымды айта бастасам тілім таңдайыма жабысып қалғандай күй кешемін» – деп Қожа айтпақшы кедейшілік туралы айта бастасақ жұмыссыздық алдымен ойға оралады. Жұмыссыз адам кіріссіз, кіріссіз адам кедей. Оның басқа бір формуласы бола қоймас деп ойласақ тағы да қателеседі екенбіз. Қазіргі таңда мемлекеттік жұмысшылардың көпшілігі, малшылардың көпшілігі кедей адамның құрамына кіреді. Неге десеңіз айталық.

Монгол елінде 3 млн жарым адам бар делік. Осының бір миллионы кедей. Жұмыссызы да кедей, малшысы да кедей, үкіметтік қызметкері де кедей. Жұмыссыз адамның кедей болатыны түсінікті, ал, үкіметтік қызметкерлерге не жоқ деп таңғалуыңыз мүмкін. Себебі мемлекеттік қызметкерлердің 70 пайызы айлық-жалақысын кепілге қойып несие алып тіршілігін жалғаушылар. Олар тек ғана банкіні асырауда. Мысалы 6-7 миллион төгрөгті бірнеше жылда оннеше млн төгрөг қылып қайтарасыз. Немесе 60 млн төгрөгтің пәтер үйін ипотекамен алып 20 жылдың ішінде 120 млн немесе одан да көп қылып қайтарасыз. Егер жаңа үйленген жас отбасы болса әсіресе қалалы жерлерде үйлі болу үшін 20 жылын жұмсайды. 20 жыл бойы несие төлеп ақша жинай алмағандықтан қайта несие алып балаларын оқытады. Мемлекеттік ұйым-мекемелердің сот төрешілері немесе кейбір заңи, әскери ұйым-мекемелерді айтпағанда көпшілігінің айлық-жалақысы млн төгрөгке жетпейді Орташа есеппен алғанда 600-800 мың төг аралығында.

Енді қараңыз мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі несие төлейтіндіктен жалақысының 30 немесе 40 пайызын банкіге береді. 600 мың төгрөгтің 250 мыңы несиеге кетсе, қалған 350 мың төгрөгті қай жыртығына жамасын. Бір тонна көмірдің бағасы ең аз дегенде 75 мың, бір қойды ең аз дегенде 160 мың төгрөгке ала алады, ал, ұнның бағасы 50 мың төгрөг. Егер бір үйде бір адам жұмыс істейді деп есептесек әлгі ауыз толтырып айтып отырған 600 мың, 800 мың төгрөгіңіз тек қағаз ғана, қымбатшылықта қажетіңді өтеуге келмейтінін, қысқа жібі не күрмеуге, күрмеуге келсе сүйреуге келмейтінін бағамдай аласыз. Әйтеуір өлместің күнін көріп жүрген халық. Ал, малшылардың жағдайына тоқталсақ қыстың суығы, жаздың ыстығында малын жайып, құртын жеп, айранын ішіп жүргенімен сол малдың барлық өнімдерінен мол пайда тауып отырғаны да шамалы. Елімізде ірі өндірістер, мал терісі, жүні мен сүтін өңдеп нарыққа ұсынушылар тым аз. Соның салдарынан мал өнімдерінің бағасы түсіп, малшылардың кірісінің азаюына әсер етуде.

Сонымен қатар мал бір жұттық дегенді де ескеруіміз керек. Мал терілері далада қалды, түбіттің бағасы түсіп, қой жүні де мардымды емес. Тек ғана еттің бағасы көтерілгенімен ақшаның қажеттілігі туындаған жағдайда сол малын дереу сатып қажетіне жарату мүмкіндігі аз. Себебі кейбір сұмындар аймақ орталығынан 100-300 шақырым қашықтықта орналасқан. Малшылар малын әкеліп сатып, саудалауға шамалары келе бермейді. Малшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің жағдайы осындай болғанда жұмыссыздардың халін ойлаудың өзі артық. Олар істейін десе де жұмыс жоқ, енді көпшілігі тегін әрі оңай жолмен келетін қаржы-қаражатты көксейді. «Тақыр кедей» деген анықтама бойынша азық-түлік талоны, немесе еңбек даяшылық, қамқорлық басқармасынан берілетін азды-көпті көмекке, еңбек шыдамдылығынан айырылған адамдарға берілетін қаржы яғни түсінікті тілде айтсақ группаға тәуелді болады. Соны алудың амал айласын қарастырады. Халықтың бір азғана пайызын қариялар құрайды. Өмір бойы үкіметке еңбек сіңірген, ұл-қызын өсірген қарттарымыздың алатын зейнетақының төменгі мөлшері 350 мың.

Жоғарыда осы қаржыға не алуға болатынын айтқанбыз. Қариялар қартайған шағында еңбегінің зейнетін көргеннің орнына бір отбасын осы 350 мың төгрөгпен асырап отыр. Өйткені қариялардың қолында отырған балаларында да жұмыс жоқ әйелі ерге, ер жерге, бәрі бірігіп шал кемпірдің зейнетақысына қарап отырған жайттар халық арасында өте көп. Бәз біреулері студент оқытып отыр. Жұмыссыздар, жұмыстағылар, немесе малшылар, қариялар кедейге есептелсе енді кімдер бай дейсіздер ғой! Кейбір өз еңбегімен, табан ет маңдай терімен байыған бизнесмендерді айтпағанда күнәһарлар ғана бай. Себебі олар халықтың нәпақасын жеушілер. Халықтың ішінде жетім-жесір, кәрі-құртаң, ауру-сырқау адамдардың бәрі кездеседі. Соларға жасалуға тиіс қызметтер жасалынбай, солардың мүддесі үшін қызмет ететіндер тек өзінің қара басын, жемтіктестері мен ағайын туыстарының ғана мүддесін ойлаған, тендер деп, басқа деп заң жүзінде, қағаз жүзінде барлығын реттеп, қоржынын толтырғандар ғана бай.

Ұлттық статистика комитеті және әлемдік банкінің кедейшіліктің деңгейін анықтаған зерттеу анализдеріне жүгінсек 2008 жылдары кедейлік деңгейі 35 пайыз болған. Кейіннен тау-кен саласы жанданудың нәтижесінде 2016 жылы 29,6 пайыз болса, 2018 жылы 28,4 пайызға азайған. Ауылдық жерлерден қарағанда қалалық жерлерде кедейшіліктің деңгейі жоғары. Мәселен Улаанбаатар қаласында кедейліктің деңгейі 62,1 пайыз болса 2018 жылы 63,5 пайызға жеткен. Сонымен қатар кедей азаматтардың 41,8 пайызы Улаанбаатар қаласында өмір сүретіні анықталған. Ал ең кедей аймақ ретінде 51,9 пайызбен Говьсүмбэр аймағы аталған. Халқының тең жарымы кедейлікте өмір сүреді деген сөз. Келесі орындарды 45,1 пайызбен Говь-Алтай, 42,5 пайызбен Дорнод, 40,9 пайызбен Ховд аймақтары бөліскен. Бұлар тек сандық деректер. Дегенмен бұның артында кедейшіліктің нағыз бет-бейнесі жасырынып жатуы мүмкін. Ал, осы тізімнің ішінде аймағымыз кедейшілік деңгейі бойынша 24,3 пайызды құрап отыр. Екі жыл сайын бір рет жасалатын зерттеулерге қарағанда елде қандай бір дағдарыс, төтенше жағдайлар орын алса кедейшілікке ұшырайтындар екі есеге көбеюі мүмкін.

Биылғы әлемді жайлаған «Ковид-19»-дың әсері болмай қоймасы анық. Дегенмен ел тізгінін ұстаған басшылар кедейшілікті жою мақсатында әлі күнге дейін есі дұрыс бағдарлама ұсынып іске асыра алмады. Жұмыссыздықты, кедейшілікті жоюдың ең дұрыс жолы – шағын және орта өндірісті дамыту деп есептеді. Есесіне биліктегілер өздері бөлісіп жеп, қалғанын жергілікті жерлердегілер жең ұшымен алып деген сияқты оң нәтиже берген жоқ. Әйтсе де бірлі-жарым шаруашылық бірліктеріне септігін тигізсе де кедейшілік пен жұмыссыздықты шешудің тиімді жолы бұл емес еді. Кедейшілікті азайтамыз деп шетелге жұмыс күшін шығару да тиімді тәсіл емес дейді зерттеушілер. Ең дұрыс жолы ішкі өнімдерді арттыру, ірі компаниялар, ірі өнеркәсіптер бой көтеру, жер байлығын ұтымды пайдалану. Ел көлемінде ең кедейшілік деңгейі төмен аймақ Өвөрхангай. Бұл аймақта кедейлік деңгейі 11 пайыз. Аталмыш аймақта тау-кен саласы ірі қарқын алып жұмыстауда. Соның пайдасы халыққа тимеді деп айта алмаймыз. Ұлан-байтақ монголдың кең даласында небәрі 3 млн халық кедейшілікте өмір сүргеніне ішің күйеді. «Кең далаға симай жүргеніміз жоқ, сиыса алмай жүрміз ғой» демекші жер байлығын игере алмай, ел бюжетін барынша қымқырып-жымқырып, жең ұшымен жалғасып, жемтіктес болған мәдениетті ұрылардан құтылмайынша, халық көзін ашып, ұйқыдан оянбайынша кедейшілік ешқашан жойылмайды…

Әттең бір кем дүние!!!

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда тұмауға қарсы вакцинация 18 –қыркүйекте басталады

Published

on

KAZNEWS – Жоспарлы науқанның басталуы 18 қыркүйекке белгіленіп отыр. Өткен жылы тұмауға қарсы вакцинацияға жүкті әйелдер, балабақша бүлдіршіндері, еркітілерді қосқанда 100 мыңға жуық адам қамтылған. Биыл пандемияға байланысты 1,3 млн адам вакцинацияға қатысады.

Тұмауға қарсы вакцина азаматтарды тұмау және тұмау тектес аурулар кезеңінде 1 жылға дейін иммунитет қалыптастырады.

Continue Reading

Моңғолияда

«Эрдэнэс Таван Толгой» акционерлерге 179,8 миллиард төгрөг дивиденд төлейді

Published

on

KAZNEWS – «Эрдэнэс Таван Толгой» АҚ 2019 жылғы таза пайдасынан азаматтардың қолындағы акциясына байланысты есепшоттарына дивиденд аударады.

Үнэт цаасны төвлөрсөн хадгаламжийн төв /Бағалық қағаздардың орталық депозитарий/ -тің хабарлауынша алдамен 857 491 азаматтың коммерциялық банктегі есеп шоттарына дивидент түседі.

Егер сіздің есеп шотыңызға дивиденд түспесе, келесі әрекеттерді орындауыңыз керек. Мұнда,
1. 158989 арнайы нөміріне өзіңіздің тіркеу нөміріңізді (РД-дің алғашқы екі әрпін латынша жазылады) жіберсеңіз, сіздегі бар акциялардың мөлшері, құнды қағаздар шотын ашқан брокерлік компанияның атауы және тиісті телефон нөмірі келеді. Сол арқылы сіз брокерлік компаниядан анықтама алуға болады.

2. Ebarimt.mn сайтына тіркелген коммерциялық банктік шотты қосу арқылы дивиденд ала аласыз.

Естеріңізге салсақ, «Эрдэнэс Таван Толгой» АҚ –ның акциясын 2,5 миллионға жуық азамат иемденеді. Акционерлерге 2019 жылғы таза пайдадан 179,8 миллиард төгрөг дивиденд төленеді.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 weeks ago

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сес­сия­сының жұмысы...

Әлемде2 weeks ago

ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ

Қымбатты достар! Биыл Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 35 жылдық мерейтойы! Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен...

Әлемде3 months ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде3 months ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде4 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде4 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде5 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде5 months ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Статистика

  • 73
  • 9,358
  • 181,550

Басты назарда