Connect with us

Моңғолияда

Лауазым иелерінің мүлігі мен тапқан табыстарын жария ету науқаны 15 ақпанда аяқталады

Published

on

KAZNEWS – Мемлекеттік қызметкерлердің мүлігі мен тапқан табысын жария ету науқаны басталды.
Осыған орай, біздің сауалдарымызға Баян-Өлгий аймағы бойынша ЭБАТ, аймақ Әкімі іс басқармасының аға маманы Нұрқанат Қариұлы жауап берді.

Нұрқанат Қариұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң және Бұқаралық қызметте жеке мүддені реттеу, мүдделер қайшылығын алдын алу туралы заңда көрсетілгендей лауазым иелерінің мүліктерімен тапқан табыстарын жария ету науқаны басталды. Науқан қашан аяқталады?
– Қазіргі таңда Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бастамасымен мемлекеттік кейбір сатылы қызметкерлердің мүлігімен тапқан табыстарын жария ету науқаны жүріліп жатыр. Мемлекеттік қызметкерлердің мүлігі мен табысын жария ету уақыты заң бойынша 15 ақпанда аяқталады.
Мүлік пен табыстарын жария ету не үшін керек?
– 2015 жылдың қаңтарынан – желтоқсанның соңғы күндеріне дейін тапқан табыстарын жария етеді. Заңның бәрінен биік екендігін түсіндіріп, жариялы жұмыс жасауға, қызметкерлерді жариялыққа үйрету болып отыр. Лауазым иелері қандай бір мүлігі мен тапқан табыстарын жасырып қалса, заң алдында жауап береді.
Мүлікті жария ету жұмысы қалай жүргізіледі? Қандай құжаттар тапсырады?
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның 4 – баптың 4.1 тармағы, Бұқаралық қызметте жеке мүддені реттеу, мүдделер қайшылығын алдын алу туралы заңның 4 – баптың 4.1 тармақтарында көрсетілген мемлекеттік лауазым иелері өздерінің мүліктерімен тапқан табыстарын жария ету науқанына қатысады. Аймақтың Азаматтар өкілдері хуралының жұмыс тобына аймақ, сұмындық АӨХуралының төрағасы, аймақ, сұмын әкімдері, аймақ, сұмын әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері құжаттарын тапсырады. Ал, Аймақ әкімінің іс басқармасына мүліктері мен табыстарын жария ету үшін аймақ, сұмын әкімдерінен тағайындалатын лауазым иелері, мемлекеттік қызметкерлер (ТЗ-6 санатынан жоғары), жергілікті биліктің үлесі бар компания директорлары тапсырады.
– Лауазым иелері meduuleg.iaac.mn сайтына э-нұсқада мүлігімен тапқан табысын жария етіп, аумағындағы қарасты ЭБАТ-қа қағазбен тапсырады.
Заңмен жария етеуге жататын құжаттардың тізімін нақтыласаңыз?
– Лауазым иелерінің мүлігімен тапқан табыстарын жария ету құжаттары 3 бөлімнен тұрады. Мұнда,
Бірінші, Заңды тұлғаның отбасы туралы мәлімет
Екінші, Жеке мүддесі
Үшінші, Мүлігі мен тапқан табыстары.
Осы үш бөлімнен тұратын анкетаны толтырып, э-нұсқада жолдау, және бір есесіне өз қолын қойып бізге келтіреді.
Алда шаған мерекесі бұл науқанмен уақыты қабаттасып отыр. Қандай жұмыс ұйымдастырасыздар?
– Біз биыл бұл науқанды уақытынан бұрын аяқтауды яғни 5 ақпанға дейін лауазым иелерінің мүлігі мен тақпан табыстарын толық жариялы болдыруды жоспарлап отырмыз.
Аймағымызда қанша мемлекеттік қызметкер бұл науқанға қатысады?
– Биыл, Баян-Өлгий аймағында 250 қызметкер бұл науқанға қатысады. Бүгінгі мәліметтер бойынша 50 қызметкер дүние мүлігін жария еткен.
Жалпы, халық жоғарғы лауазым иелерінің мәліметтерімен таныса ала ма?
– Мемлекеттің жоғарғы сатыдағы лауазым иелерінің кейбір мәліметтерімен танысуға болады. Заңда көрсетілгендей екінші мезгілде Xacxom.iaac.mn сайтына және “Төрийн мэдээлэл” анатологиясына жария етіледі.

Әңгімеңізге рахмет, табыс тілеймін.

Continue Reading

Моңғолияда

Әділдік және тәуелсіз баспасөз

Published

on

Өткен 30 жыл ішінде қоғамдық құндылықтар түбірімен өзгеріп, әділдік туралы азаматтар мен қоғамдық пікір жаңарды. Бүгіндері елімізде 500-дей бұқаралық ақпарат құралы іс қызмет атқарып, 3 миллион халық өкілдері олар арқылы көзқарастарын білдіріп, пікірін жеткізуде. Бұлардың 300 шамасы жергілікті жерде хабар тарататын болса, тек қана Улаанбаатарда 70-тей телеарна жұмысын жүргізуде. Бұл біздің ой санамыз бен өмірімізде үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

Жаңадан пайда болған ақпараттық технологиялар нәтижесінде адамдар қалалық және далалық деп бөлінбей, қайда болса да уақытқа бағынышты емес кеңістікте жаңа қарым-қатынас жасау үлгісіне ауысты. Еркін ойлау, пікір алуандығы мен жариялылықты қамтамасыз еткен осы тарихи үдерістер көптеген кедергілерді еңсеріп, 4 сатылай даму арқылы бүгінге жетті деген қорытынды жасауға болады.

Бірінші кезең- мемлекет қармағындағы дәуір. Бұл уақыт 1990-1998 жылдарды қамтиды. Мемлекет төңірегіне шоғырланған саяси жүйе қалыптасқанына байланысты биліктің орталық баспасөз саласындағы саясаты осы кезде үстемдік құрып, құқықтық мемлекетке қатыстының барлығы  әділдікпен салыстыра насихатталды. Қоғам үшін, ұжым үшін деген дәстүрлі ұғым «не ексең, соны орасың» деген либералдық көзқарасқа ауысты.

Екінші кезең – сары басылымдар дәуірі. Оған 1998-2008 жылдары жатқызылады. Баспасөз бостандығы туралы заң күшіне енгеннен бастап, оған қойылатын цензура жойылып, мемлекет қармағындағы бұқаралық ақпарат құралдары таратылды. Жеке меншік және қоғамдық статустағы ақпарат құралдары көптеп құрылып, бей-берекетсіздік орын алып, ақпарат кеңістігінде бейпіл сөздер мен берекесіз әрекеттерді насихаттайтын «сары басылым» артықшылыққа ие болды. Бұл кезде баспасөз бостандығы дегенді азаматтар нені болса да жариялап тарататын бостандықтың бір түрі деп түсінді. Әлеумет психологиясы жақсы мен жаманның шегіне жетіп, көңіл қалауына орын беріле бастады.

Үшінші кезең-электрондық ақпарат дәуірі. 2008-2017 жылдар аралығын қамтитын тәуелсіз баспасөзді қалыптастыру кезеңі қарқынды дамумен қатар сандық технологиялар дамып, адамдардың назары электрондық ақпарат құралдарына ауысып, байланыстың жаңа сапалық дәуірі келді. Соңғы 6 жылда ғаламторлық баспасөз ақпарат құралдардың саны 2-3 есеге артты. Қоғамда азаматтардың сөзін жеткізу құқығы, пікір алуандығы, жариялылық дамумен қатар қоғамдық наразылық электрондық ақпарат ағымы арқылы ақтарыла бастады. Ғаламтор кеңістігінде пікір жазу арқылы біреулерді қаралау, ашу ызасын тудыру, барлығын жоққа шығару қатарлылар басымдыққа ие болып, әділдікті жоққа шығару осы кездің ерекше бір белгісіне айналды.

Төртінші кезең – дербес тәуелсіз баспасөз ақпарат құралдарының қалыптасу дәуірі. Бұл құбылыс 2017 жылдан бастап қарқын алып, ақпарат құралдары кәсіптік әдепті ұстанып, жауапкершілікті журналистиканы қалыптастыру ынтасы артып, ақпараттық кеңістікте өз орнын алды. Қоғамды демократияландырып жаңарту кезеңінде жалған ақпарат азаматтарды адастырып, қоғамға нұқсан келтіретін шегіне жетіп, біртіндеп табиғи заңдылық бойынша адамдар әділдікті іздей бастады. Соңғы кездері әлеуметтік желідегі қысым көрсету, кепілдікке алу, алдап соғу, алаяқтық қатарлы қылмыстар құрықталып, ұсталып жатқандықтан ондай қылмыстар азайды. Журналистер, ақпарат құралдары, кәсіптік ұйымдар әдепті журналистиканы дамыту бағытында нақты қадамдар жасап, нәтижеге жете бастады. Елімізде баспасөз кеңесі, әдеп комитеті құрылып, олар ұйымдасқан түрде  қадамдар жасай бастады. Жауапкершілікті этикалық журналистика пәрмен алып, жеке дара даму жолына түсті.

Құқықтық орта және оның әсері

Әділетті қоғам құру бұл мемлекеттің ең басты міндеті. Оны мемлекет заң арқылы жүзеге асыра алады. Ал, көпшілікті ағарту мен қоғамда әділдіктің қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдары ерекше әсер етеді. Бұл бағытта мемлекет пен ақпарат құралдарының мүддесі бір арнаға тоғысады. Баспасөз бостандығы туралы заңдағы «мемлекеттік мекеме өз қарамағында бұқаралық ақпарат құралын ұстауға тыйым салынады», сондай-ақ «мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнына бақылау цензура қоймайды» деп көрсетілуі ақпарат құралдарының дербес, тәуелсіз болу жағдайын қамтамасыз еткені болмаса, мұнда бірлесіп жұмыстауға тыйым салынған бап жоқ. Бұл  «Төртінші билік» деп аталатын ақпарат құралдары қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыруда билікпен бірлесе жұмыстаудың мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.

Саяси орта және оның әсері

Саясаткерлер әділдікті өз көзқарастарына сәйкес бағалап келеді. Адамдар да біркелкі емес, әркім өзінің дарыны, қабілеті, сыртқы бейнесі, қызықтайтын дүниесі сияқты белгілерімен бір-бірінен айырмашылықта болады. Олардың барлығына бірдей мүмкіндік жасалғанда ғана әділдік үстемдік құрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың мазмұнына қарағанда әдеп мәселесін қозғаған барлық материалдың 90 пайызында саясаткерлердің этикасының жоқтығы мен мүдде қайшылығы сөз етілген. Бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған лауазым иесі туралы теріс пікірдегі ақпарат жоққа шығарылмайды, түсінік берілмейді. Тек санаулы жағдайда ғана мәселесінің мәнісі жайлы ақпарат таратылып жатады. Мемлекеттік саяси қызметкерлер немесе мемлекеттік Ұлы Құрыл мүшелері, барлық сатылы әкімдер, АӨХ-ның шығарған қайшылықтары мен кемшіліктері жайлы мақалалар көптеп шықса да, мемлекеттік мекеме мен  саяси партиялар жұмған  аузын ашпайды.  Мәселеге назар аударып, баға беру,  оны жоққа шығарып, қайшылықты арылтқаны жөнінде мәлімет беру мәдениеті біздің елімізде әлі қалыптасқан жоқ. Ықпалды ақпарат құралдарын саясаткерлер жанама түрде ықпалына кіргізіп, меншіктену күшейіп барады. Ақпарат құралының компанияға немесе жеке адамға қатыстылығы жайында мемлекеттік тіркеуден таба алмағандықтан бұлардың иелері есімі ашық емес. Олардың меншік иесі құпия болып, бір қол астына шоғырлануы редакциялық цензураны өршітіп, баспасөз бостандығын жоққа шығарып, ақпараттың сапасына кері әсер етуде. Сондықтан қандай бір қайшылыққа жауапкершілік жүктетіп, оны көпшілікке жария етіп, ашыққа шығаруды қалыптастырған жөн. Халықтың үміт отын үнемі жандандыратын әділдік туралы түсінікте кішкентай мәселе деген болмайды. Азаматтардың нанымы мен сенімін құрметтей алмайтын мемлекет пен саяси күш жайлы қанша жақсы сөздер айтсаң да қажеті шамалы. Ондай институт ұзаққа бармайды. Халықтың әділдікке деген сенімін оятып, оған ие болу саяси партиялардың басты құралы болуға тиіс. Халықтың сенімін тек ғана әділдік оята алады.

Журналистер этикасы және өзін өзі реттеу

Журналистер кәсіптік әдеп ұстанымына бағынатын болса да, оларға деген қысым күшті екені зерттеулерден анықталды. Глоб Интернэшнл орталығы жасаған зерттеулерге қарағанда өткен бір жылда 140 журналист,  бұқаралық ақпарат құралына қатысты 182 оқиға тіркелген. Олардың кейбіреулері ақпарат жинау кезінде таяқ жеп, техникалық құралдары бүлінген. 2017-2018 жылы шыққан қайшылықтың 14.7 пайызын бопсалау, 5 пайызын жұмыс құралына нұқсан келтіру, 60 пайызын «сотқа шағымданамын» деп қысым жасау оқиғалары иеленген. «Сіздің редакцияларыңызда жазуға тыйым салынған тақырыптар қара тізімі бар ма?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 40 пайызы «солай» деп жауап берген. Сондықтан да тапсырыспен жазылатын ақылы мақалалар мен хабарлар көбейіп, әдептілік құндылықтарына нұқсан келуде. Осының барлығын реттейтін заң өте қажет. «Барлығына да бірдей мүмкіндік берілген жағдайда ғана әділдік  салтанат құрады» деген ұстаным анда-санда болса да айтылып келеді. Бұл дегеніміз ақпаратты ешбір қоспасыз, нақты оқиғаны сол күйінде уақытын ұттырмай жедел жеткізу, сол оқиға жайлы азаматтар өздері қорытындысын жасайтындай көпшілікке мүмкіндік тудыру деген сөз. Еркін, дербес ақпарат құралдарының дамуына экономикалық, құқықтық орта жасалмаса да, біздің журналистер өздері ұсыныс көтеріп, оны қолға ала бастауы ең үлкен жетістік.

МҰХ-ның төрағасы кеңесшісі, Ғылым Академиясының философия институты,  заң бөлімі меңгерушісі , профессор Д.Батмөнх

Аударған Сәбет Насырұлы

Continue Reading

Моңғолияда

Цагааннуур кеден бекеті ақпанның 5,6,7 күндері уақытша жабылады

Published

on

Photo: Mapsights.com

KAZNEWS – 2019 жылғы ақпанның 5,6,7 күндері Баян-Өлгий аймағында орналасқан Цагааннуур кеден бекеті жабық болады. Бұл туралы Моңғолияның Шекара қызметі хабарлады.

Шекараның жабылуы Моңғолияда Шаған мерекесі тойлануына байланысты болып отыр. Бұл күндері Моңғолия-Қытай, Моңғолия-Ресей шекарасы да жабық болады. Тек әуеқатынасы мен теміржол желісіндегі халықаралық рейстер күнделікті сағат бөлісі бойынша жұмыстайды.

Continue Reading

Моңғолияда

Аймақ халқының саны 103100 адамға жетті

Published

on

Photo: Erzada-tour.com

KAZNEWS – 2018 жылғы соңғы статистикалық мәлімет бойынша Баян-Өлгий аймағының халқының саны 103100 адамға жетті. Жыл соңына дейін 1500 адамға көбейіп, 1,5% -бен өскен.

Халықтың демографиялық жағдайы туралы нақты талдау берсек, 2018 жылы 2919 сәби дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 70 –ке артқан.

Жалпы халықтың 34,7 пайызын 15 жасқа дейінгі балалар, 5,4 пайызын 60 – жастан жоғары азаматтар иеленіп отыр. Аймақ халқының 60 пайызын 16-59 жас аралығындағы азаматтар иеленеді.

Ал, Баян-Өлгий аймағының экономикалық белсенді халықтың саны бойынша батыс Моңғолияда бірінші орында тұр. Жұмыссыздық деңгейінің үлесі өңірде 9 пайызға жеткен.

Continue Reading

Title

Әлемде1 week ago

Павлодар әкімшілігі мен «Отандастар» Қоры қандастарды қолдау тұрғысында күш біріктіреді

“Отандастар” қоры мен Павлодар облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар шетелде тұратын қандастарға және Атамекенге қоныс аударған...

Әлемде1 month ago

Қытайда Еуропаның 12 қаласының көшірмесін тұрғызған

Қытайдың Huawei компаниясы Дунгуань қаласының жанынан еуропалық қалалардың көшірмесін тұрғызып жатыр. Huawei компаниясы 12 қаланың танымал ғимараттарын тұрғызған. Тіпті, трамвай...

Әлемде1 month ago

ҚазҰУ-дың «Алатау» қысқы бағына саяхат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген халықаралық жобалардың бірі жасыл технологияларды енгізуде ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты...

Моңғолияда2 months ago

Моңғолия азаматтары 61 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2019 жылы Моңғолия азаматтары әлемнің 61 еліне визасыз қатынай алады. Еліміз индексте 79-шы орында яғни Африкада орналасқан Бенин Республикасымен...

Кәсіпкер2 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Лайфстайл2 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Кәсіпкер2 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Лайфстайл2 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті