Connect with us

Published

on

KAZNEWS – Футболдан 19 жасқа дейінгі Моңғолия жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына іріктеу турнирінің I тобының соңғы кезеңі аясындағы соңғы матчын Сингапур командасына қарсы өткізіп 4:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Жансерік Маратханұлы қарысылас команданың қақпасына үш гол соғып хет-трик авторы атанған. Коментатордың айтуынша моңғолия футбол тарихындағы жолдастық кездесулерді қоспағанда ресми кездесудегі алғашқы хет-трик болып отыр.

Спорт

Мәдіғайым Нұқ гир көтеруден жеке рекордын жаңалады

Published

on

KAZNEWS – РФ-ның Улан-Удэ қаласында 21-24 күндері гир тасын көтеруден Сергей Леонов атындағы  VI бүкіл ресейлік турнир болып өтті.

Турнирге 17 облыстан 500 ге жуық спортшы бақ сынады.

Моңғолиядан 5 спортшы қатысып, 1 қола медаль және екі 5 орынмен аяқтады.

Аталмыш жарысқа моңғолия құрамасынан Мәдіғайым Нұқ 85 келі салмақта өнер көрсетіп 5-орын иеленіп, 32кг+32кг гир тасын көтеру арқылы өзінің жеке рекордын жаңартты.

Естеріңізге салсақ, Мәдіғайым Нұқ гир спортынан Әлем кубогынан 2 қола медаль, 2015, 2016 жылғы әлем чемпионатында 7-орын, 2017 жылы самбо күресінен ел чемпионатының және қазақ күресінен азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Continue Reading

Спорт

Азия чемпионатында Жандос пен Жанаргүл қола жүлдегер атанды

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия астанасы Улаанбаатарда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты 10-17 қараша күндері жүріліп өтті.

Моңғолия ерлер құрамасында 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жандос Асқарұлы  қола жүлдегер атанды. Ол қола медаль үшінгі сайыста Қырғыз боксшысы Е.Бахтыбекулын 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалда Өзбекстандық боксшыдан ұтылып қалды.

Ал, қыздар арасындағы -48 келі салмақта өнер көрсеткен Б.Жанаргүлде Азия чемпионатынан қола медаль иеленді. Ол, жартылай финалда ҚХР-ның спортшысына есе жіберіп алды.

Моңғолия Бокс Федерациясының мүшесі Батырбек Қадысұлы, Азия чемпионатының қола жүлдегерлері А.Жандос, Б.Жанаргүл

Continue Reading

Спорт

Серік Бердімұратұлы самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Published

on

Самбодан Оңтүстік Кореяның Чонжу қаласында өткен  әлем чемпионатында Серік Бердімұратұлы қола жүлдегер атанды. 

-100 келі салмақта күрескен Серік Бердімұратұлы алғашқы кездесуінде Туркменстандық Руслан Есгеровты ұтты. Екінші кездесуінде Украйндық спортшы Алексей Мойсиевті жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Бірақ, жартылай финалда Ресейлік Руслан Киселевтен ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты.

Continue Reading

Басты назарда