Connect with us

Лайфстайл

Жалқаулықты қалай жеңуге болады?

Published

on

Қазақта “жалқаулық дерті” деген тіркес бар. Алайда бұл сөз тіркесі тектен-тек айтылмаған. Себебі жалқаулық дертінің де суықтаудың бір түрі секілді белгілері болады. Аурудың алғашқы кезеңінде науқас әлсіреп, шаршайды немесе зерігеді. Екінші кезеңінде жалқаулық науқасты төсекке таңады. Адамның әр жері аурудан сыр бере бастайды. Бұл жағдайда жалқаулық атты дерттің вирусын жұқтырдым деп есептей беріңіз. Ал одан қалай құтылуға болады? Назарларыңызға жалқаулық дертінен арылудың бірнеше тәсілін ұсынамыз.

Ерте тұрып үйреніңіз

“Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық” деген ертеден келе жатқан мақал жадыңызда үнемі жүрсін. Себебі таңертең ерте бастаған іс те, ойлаған ой да жұмыс істеуге деген шабытты оятып, белсенді әрекетке жол ашады. Есесіне түсте немесе кешке демалатын, өзгелерге көңіл бөлетін уақыт көп болады.

“Ертең” сөзін азайтыңыз

Жалқаудың ауыр күні ертеңгі күн. Себебі бүгінгіні ертеңге қалдырғысы келеді де тұрады және ол ісін ертеңге қалдырады. Енді мұндайға жол бермеңіз. Жұмыстан кеш қайтсаңыз да тірлікті бітіріп кетіңіз. Нәтижесінде таңертең жұмысқа асықпай келесіз және өзіңізді жеңіл сезінесіз әрі жаңа жұмыс бастайсыз.

Уақыт үнемдеп үйреніңіз

Жалқаулық ұстағанда “Тірлікті жалғастыру керек пе немесе осы жерден тоқтатқан дұрыс па?” деген ой маза бермейді. Ал мұндай жағдайда ішкі түйсікке сенудің қажеті жоқ. Себебі осы жұмысты бітірсем уақытымды үнемдеймін деген ой ғана тұру қажет.

Тау қопаруға асықпаңыз

Жай ғана бір мысал келтірейік. Алдыңызда үлкен алма тұр. Ол тәтті, тәбетіңіз тартып-ақ тұр, денсаулыққа пайдалы. Алайда ол өте үлкен, оны бір өзіңіз жеп тауыса алмайсыз. Сондықтан оны бірнеше бөлікке бөліп жейсіз. Орындағалы жатқан жұмыс та сол жеміс секілді. Бәрін бірден орындап тастау мүмкін емес, дегенмен оны әр бөлікке бөліп, орындалу мерзімін белгілеп қою қажет.

5 минуттың өзі сізді құтқарады

Жалқаулық ұстағанда жұмыс істеу өте қиын, түсінеміз. Егер 5 минут белсенді болып көрсеңіз, талай тірлікті бітірер едіңіз. Аз уақытта жұмысты бастайсың және тезірек бітіріп тастауға тырысасың. Тіпті ертеңгі жұмысқа жеңілдік жасауыңыз мүмкін.

Жалқаулық – өте жұқпалы

Бұл дертпен бір адам ғана ауырып қоймайды. Тұмау секілді біріншісінен екіншісіне жұқпалы келеді. Ұжымда немесе айналаңдағы араласатын адамдарыңның бос уақыты, әңгімесі, әзілі тым көп болса олардан вирус жұғады. Мұндай адамдармен жиі қарым-қатынас жасаудың қажеті жоқ.

Жоспар құрып үйреніңіз

Берілген тапсырманы орындау үшін дұрыс жоспар құрып үйреніңз және уақытыңызды есептеңіз. Сонымен қатар оның міндетті түрде бүгін орындалуын қадағалаңыз. Себебі ертең алдыңызда не күтіп тұрғанын нақты білмейсіз. Өзіңізді мақтауға лайықсыз ба? Осы сұрақты өзіңізге әуелі қойып көріңіз және сіз сол мақтауға лайық болуға тырысыңыз. Істің бір бөлігі біткен соң сүйікті тәттімен кофе ішіңіз, аздап қыдырып немесе 5 минут үзіліс жасаңыз.

Лайфстайл

1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді

Published

on

Тұзды кетіру – ағзадағы 60 пайыз ауруды емдегенмен бірдей. Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігер кеңесін алуыңыз керек дейді Ernur.kz.

Әлем елдерінің 1/3 бөлігі мойын мен желкеге жиналған тұздан зардап шегуде. Жас талғамайтын бұл ауруды емдеуге халық емі де өз үлесін қосуда. Желкедегі тұзды жою үшін біз сіздерге үй жағдайында жасай алатын ем түрлерін ұсынамыз.

Тұз жиналудың басты белгілері:

  • басыңыз ауырады және айналады;
  • қан қысымыңыз бірден көтеріледі;
  • қолдарыңыз ұйып қалады;
  • жауырын мен көкірек айналасында ауырсыну болады;
  • арқаңыз бен беліңіз ауырады;
  • бойыңызды әлсіздік билеп, тез шаршайсыз.

Міне осындай жайсыздықтар сезіле бастаса, демек желкеге немесе мойынға тұз жиналды деген сөз. Мұның соңын айықпас дертке ұластырмай, аурудың алдын алыңыз.

Қыздырғыш компресс

300 гр. медициналық спиртті, 10 гр-нан камфар спирті мен йодты араластырыңыз. Оған ұнтақталған 10 дана анальгин дәрісін қосыңыз. Дайын болған қоспаны желкеңізге, мойныңызға жағып, сыртынан жылы орап қойыңыз. Осылайша 4-5 емнен соң-ақ оң нәтижесін байқайсыз.

Бал + алоэ компресі

150 гр. араққа 100 гр. ерітілген бал мен 50 гр. алоэ сөлін араластырасыз. Дайын болған қоспаны ауырған жерге жағып, жатыңыз. Емді тәулігіне 2 рет жасау керек.

Сарымсақ + зімбір компресі

Сарымсақ пен зімбірді майда үккіштен өткізесіз. Қоспаны мойынға, желкеге массаж жасай отырып жағыңыз. Егер құрғақ болса аздап ерітілген сары май немесе ментол қосуға болады.

Шайқурай майынан компресс

Алдымен майды дайындап аламыз. Ол үшін 150 гр. үгілген шайқурай (зверобой) гүлі мен 0,5 литр шырғанақ (облепиха) майын араластырасыз. Ыдысымен ыстық суға салып, бұлау жасаңыз. Шамамен 30 минуттан соң майды салқын жерге қойыңыз. 3 күннен соң дайын болған емдік майды жақсылап шайқап алып, мойын мен желкеге жағасыз. Емделу мерзімі – 10-12 күн.

Картоп + бал компресі

1 дана үгілген картоп пен 1 ас қасық жылы балды араластырып, қатты матаға жағыңыз. Оны ауырған жерге таңып, сыртынан жылы орап қоясыз. Бұл емді үзбей 3 күн жасасаңыз, мойындағы, желкедегі тұздан біржолата құтыласыз.

Қаймақ + майтамыр компресі

1 дана майтамырды (окопник) жылы суға тазалап жуып алып, еттартқыштан немесе үккіштен өткізіңіз. Үгілген өсімдік пен қаймақты бірдей көлемде алып, жақсылап араластырыңыз. 2 сағаттай бетін жауып тұндырып қою керек. Белгіленген уақыттан соң компресті қатты матаға жайып, мойныңызға, желке тұсыңызға қойыңыз сыртынан целлофан жауып, жылы орайсыз. Компресс 20 минут тұру керек. Емді тәулігіне 3-4 рет қайталаңыз.

Май + жұмыртқа компресі

Жүгері ұны мен 3 пайыздық сірке суды араластырыңыз. Оған көпіршітілген жұмыртқа мен 0,5 стақан өсімдік майын қосасыз. Қоспаны банкіге құйып, бетін жауып тоңазытқышқа қойыңыз. 2 күннен соң банкіні жақсылап шайқап алып, ем ретінде тұз байланған жерлерге компресс жасайсыз. Осы компресті көрсетілген мерзімге дейін үзбей қолданып жүрсеңіз, желке мен мойынға мініп алған ауырлықтан арыласыз. Өзіңізді жеңіл сезініп, бойыңызға сергектік сыйлайсыз. Тұзды кетіру – ағзадағы 60 пайыз ауруды емдегенмен бірдей.

Дайындаған: Ләззат АХМЕТОВА

Continue Reading

Лайфстайл

1-сыныпқа баратын балалардың ата-анасына кеңес

Published

on

KAZNEWS – 6 жасында бірінші сыныпқа қабылданып жатқан баланың сабағын қандай тәсілдермен пысықтауына көмектесу керек? Баланың өмірдің жаңа ырғағына үйренуіне, сабақ пен демалысты дұрыс үйлестіруіне қандай факторлар әсер етеді?

Бұл жөнінде 1-сыныпқа баратын балалардың ата-анасына психолог Одгэрэлдің кеңесін ұсынамыз.

Continue Reading

Лайфстайл

Huawei смартфонына қандай дүкенді жүктейміз?

Published

on

Huawei мен Honor смартфондарының иелеріне Play Market-тің орнына қандай дүкенді қолдануға болады?

AppGallery

Соңғы жарты жылда шығарылған Huawei мен Honor смартфондарында орнатылған дүкен. Сырттай Google Play-ден айырмашылығы аз. Смартфонды жаңадан алған кезде басты бетте тұратынын байқаған боларсыз. Бұл дүкен ыңғайлы әрі Google Play-дің лайықты мұрагері. Оның үстіне қосымшаларды автоматты түрде жаңартып отырады.

Aptoide

Дүкеннің 200 мыңнан астам қолданушысы бар. Google Play-ді толыққанды алмастыра алады. Дүкенде 900 мыңнан астам қосымшалар бар. Интерфейсі ыңғайлы, жылдамдығы тез. Қазіргі таңда Huawei мен Aptoide әріптестік жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Болашақта Aptoide Google Play-дің орнын басуы әбден мүмкін.

Толығырақ: https://massaget.kz/

Continue Reading
Әлемде3 weeks ago

Солтүстік Корея Америкадан ығар емес

Ол зымыран сынақтарын жалғастырып жатыр, АҚШ  КХДР-мен келіссөз жүргізуге  мәжбүр. Оңтүстік Кореяның Kyodo агенттігінің хабарлауынша,  2019 жылғы 16 тамызда КХДР-дің әскери...

Әлемде3 months ago

Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)

KAZNEWS – /2019.06.12/ Шанхай ұйымының жылдық кезекті он тоғызыншы саммитіне қатысу мақсатында Моңғолия Президенті Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы...

Әлемде3 months ago

Қазақстан Республикасында Президент сайлауы

­Соңғы айларда Қазақстанда тұрғындарды ғана емес, әлемді елең еткізген саяси өзгерістер бірінен соң бірі орын алып кетті. Елді басқарып келген...

Кітаптан үзінді...6 months ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...6 months ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Іскер тұлға8 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...8 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Іскер тұлға8 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Сөзге тиек

Advertisement

Тренд