Connect with us

Моңғолияда

Еркеқұлан Бағдатұлы Бранденбург университетінен ГРАНТ ұтып алды

Published

on

KAZNEWS – «Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын!»  -деген. Еркеқұлан Бағдатұлы Италияның Халықаралық физика және математика орталығынан, Германияның Бранденбург технологиялық университетінен жарияланған докторлық дәрежедегі оқуға грант ұтып алды.

Еркеқұлан былай дейді: «Менің шетелде халықаралық оқу орындарына оқуыма жаңа мүмкіндік туды. Италиядан және Германиядан грант ұтып алдым. Қазір Моңғолия – Германия бірлескен Технологиялық университетінде математика пәнінен сабақ беріп жүргендіктен, Германияда докторлық дәрежеде оқуды таңдадым. Бранденбургтегі математикалық зерттеу жұмыстарына өзімнің тарапымнан бір қол таңбамды қалдырсам деген арманым бар. Мені әріптестерім тарапынан жылы қабылдайды дегенге сенемін. »

Естеріңізге салсақ, бұл күндері Математика пәнінен мемлекеттік 53 – олимпиадасы жүріліп өтті. Мұнда 10 сынып оқушысы Арманбек Солтанмұратұлы күміс, 11 сынып оқушылары Нұрсәуле Бақытқызы қола, Жеңісгүл Бағдатқызы жетінші орыннан көрінді.

Еркеқұлан Бағдатұлы Баян-Өлгий аймағының абыройын бірнеше рет асқақтатқан. Ол ел біріншілігі, қалалық және дүниежүзілік олимпиадаларда алтын, күміс және қола жүлде алған болатын.

Моңғолияда

Дәрігерлерге арналған сақтандыру құралдарын Елшілікке табыстады

Published

on

2020 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолияның жергілікті «Мәулет қоры» мен «exMed Made in Mongolia» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Қазақстанда COVID-19 індетінің таралу жағдайына байланысты аталған жергілікті мекемелердің бастамасымен Қазақстан Республикасы халқына гуманитарлық көмек ретінде дәрігерлерге арналған сақтандыру құралдарын, маскалар мен қолғаптарын Елшілікке табыстады.

Өз кезегінде, Ж.Әділбаев Қазақстан тарапының атынан моңғол азаматтарына алғыс айтып, болашақта аталған мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.

Continue Reading

Моңғолияда

Таныс болыңыз: Зульфикар Сарқытұлының өмірбаяны

Published

on

Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау вице министрі қызметіне тағайындалған Зульфикар Сарқытұлының өмірбаяны

Зульфикар Сарқытұлы 1975 жылы Улаанбаатар қаласында туған. Әйел балаларымен бірге өмір сүреді.

Білімі:

  • 1992 жылы Улаанбаатар қаласының 56 орта мектебі
  • 1994 жылы Түркияның Мимар Синан университеті,
  • 1998 жылы Моңғолия Ұлттық университетін тәмамдаған.

Мамандығы Әлеуметтану. Социология ғылымдарының докторы, профессор.

  • 1998-2008 жылдары Басқару академиясында оқытушы, аға оқытушы,
  • 2009-2012 жылдары Басқару академиясының Әлеуметтік басқару жобасының жетекшісі, Әлеуметтік менеджмент факултетінің деканы,
  • 2012-2016 жылдары Басқару академиясының Саяси зерттеулер және әлеуметтік менеджмент факултетінің деканы,
  • 2016 жылдан Басқару академиясының ректоры қызметін атқаруда.

Мемлекетке 22 жыл қызмет еткен.

Continue Reading

Моңғолияда

Зульфикар Сарқытұлы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице министрі қызметіне тағайындалды

Published

on

KAZNEWS – Зульфикар Сарқытұлы Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау вице министрі қызметіне тағайындалды.

Зульфикар Сарқытұлы бұған дейін Монғолияның Басқару Академиясының ректоры қызметін атқарып келген.

Continue Reading

Моңғолияда

«Моңғолия қазақтары: танымал тұлғалар» кітабының тұсаукесері өтті

Published

on

KAZNEWS – 11-12 шілде де Елші Ж.Әділбаев Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы құрылуының 80-жылдық мерейтойына қатысты.
Мерейтой аясында аймақтың әкімі А.Ғылымхан, жергілікті Мәслихаттың төрағасы Д.Бауыржан және Қазақстанның осы аймақтағы Құрметті консулы лауазымына үміткер Н.Бейбітханмен ресми кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, аталған кездесулер барысында жақында болып өткен Моңғолияның Парламентіне сайлаудың нәтижелері туралы пікір алмасылып, әлемдік пандемияның салдары және оның аймақтың тұрғындарына кері әсері, екіжақты сауда-экономикалық іс-шаралардың кейінге қалдырылуы, Қазақстаннан әкелінетін тауарлардың азаюы, елімізден 500 жуық студентті Моңғолияға жеткізу мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, осы аймақта уақытша мекендеген қазақстандық азаматтар мен кезінде еліміздің азаматтығынан шығып, Моңғолияның азаматтығын ала алмай отырған тұлғалармен, сондай-ақ Баян-Өлгий басшылығының өтініші бойынша балалары ҚР жоғарғы оқу орындарында оқитын және коронавирус пандемиясына орай елімізде карантинде қалып қалған студенттердің ата-аналарымен сұхбаттар өткізілді.
Елші мерейтой аясында ұйымдастырылған Ікей-батырдың ескерткіші мен «Аймақтың 80 жылдық тарихы» атты фотокөрмесінің ашылу салтанатына қатысып, мерекелік жиналыста сөз сөйлеп, қандастарымызды мерейтоймен құттықтап, әкім А.Ғылымханға ҚР Сыртқы істер министрі М.Тлеубердінің құттықтауын табыстады. Бұған қоса, осы ісшара барысында Елшілік дайындаған «Моңғолия қазақтары: танымал тұлғалар» кітабы мерейтойға сыйлық ретінде сыйға тартылып, кітаптың тұсакесері өткізілді.

ҚР-ның Елшілігі

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 months ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде2 months ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде3 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде3 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде3 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде3 months ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Әлемде3 months ago

Әлемдегі ең таза қала аталды

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, – деп хабарлайды Tengrinews .kz. Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік...

Әлемде4 months ago

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді. Құтты...

Статистика

  • 5
  • 7,425
  • 167,367

Басты назарда