Connect with us

Спорт

Ерболат күміс, Өмірзақ қола жүлде алды

Published

on

Қазақстан Республикасының Павлодар облысында Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген бапкері Рафаэль Уахитовтың құрметіне арналған бокстан VII халықаралық турнир өтті.

Турнирге Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Қазақстан қатарлы мемлекеттердің боксшылары қатысты.

Ел намысын қорғаған спорт мастері Т.Ерболат (+91 кг) күміс, ал спорт мастерінен үміткер Х.Өмірзах (-91 кг) қола медаль иегеріатанды.
Ал, 81 келіде өнер көрсеткен Қ.Бекнұр Қырғыз боксшысына (1:2) есе жіберді.

Спорт

Жыл үздіктері кімдер? – “Алтан Бамбар – 2019”

Published

on

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының спорт саласының үздіктерін анықтауға арналған «Алтан Бамбар – 2019» байқауы өтті. Байқау 31 желтоқсанда қорытындыланып, үздіктер анықталды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауды аймақтық Спорт және Денешынықтыру басқармасының бастығы Қайнар Қайсанайұлы ашты.

«Үздік спортшы» – Бердімұратұлы Серік (Моңғол күресінен мемлекеттік начин, 2019 жылғы дзюдо және самбо күресінен ел чемпионы, Самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері), Қалиұлы Бекнұр (Дүниежүзілік полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілері арасындағы жарыста карате мен бокс спортынан алтын және күміс жүлдегері), Қажетұлы Серік (Бодибилдингден 2019 жылғы халықаралық жарыста қола, Азия чемпионатында қола, Шығыс Азиялық чемпионатта күміс, Әлем чемпионатында 5 -орын)

«Үздік жас спортшы» – Асқарұлы Жандос (Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері), Болашақұлы Жандос (Дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында қола, ел чемпионатында күміс, Самбодан ел чемпионы )

«Үздік жасөспірім спортшы» – Рахымжанұлы Оралман (VI мемлекеттік балалар фестивалінде бокстан күміс жүлдегері), Асылбекқызы Әсемхан (VI мемлекеттік балалар фестивалінде таеквондодан қола және Ел біріншілігінде күміс жүлдегері)

«Үздік бапкер» – Шөленұлы Ерұлан (Шәкірттері VI мемлекеттік балалар фестивалінде 2 қола, Ел біріншілігінде 2 күміс медаль алған)

«Үздік спорт мұғалімі» – Мүшелбайұлы Мейрамбек (Жалпы білім беретін 3 мектеп мұғалімі)

«Ұлттық спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы» – Нұрланұлы Мустафа (2019 жылғы “Наадам” мерекесінде 4 жығып, начин атағын алу кезеңінде қарсыласына есе жіберіп алды. Қарсыласы кейін допинг дауына ілінді.), Нармандахын Алтантулга (Бурияд тәсілімен садақ атудан екі мәрте чемпион)

«Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы» – Серікұлы Жеңісбек (Аударыспақтан Азия чемпионы, Көкпардан күміс, Теңге ілу сайысының қола жүлдегері)

«Үздік ардагер спортшы» – Қабденұлы Берболат (Коньки тебуден 2019 жылғы Ел чемпионы)

«Үздік спорт федерациясы» – Әуесханұлы Ром (Моңғолияның Көкпар, Аударыспақ, Теңге ілу федерациясы халықаралық жарыстарда 7 медаль иеленген)

«Үздік нәтиже көрсеткен спортшы» – Отгонцагааны Баяндалай (21 аймақты велосипетпен аралаған)

«Үздік спорт клубы» – Қаламжанұлы Қуат (Өлгий теннис клубы)

«Үздік спорт құрамасы» – Оралұлы Ертай (Баян-Өлгий аймағының Футзалдан жастар құрамасы Моңғолия Президентінің “Ұлттық кубок – 2019” жарысының чемпионы атанған)

«Үздік спорт журналисі» – Рахатұлы Асылбек (Моңғол Заман газетінің әр санында спорт жаңалықтары жарияланады)

«Спортты қолдаушы үздік ұйым» – Мұратұлы Тілеуберді (ЭрчимБаян-Өлгий компаниясы спортшыларға үздіксіз демеушілік жасап келеді)

«Спортты насихаттаушы үздік ақпараттық агенттігі» – Қабайұлы Өмірбек (КазНьюс агенттігі үздіксіз 8 жыл бойы спорт саласындағы ақпараттарды таратып келеді)

Photo: K.Erkin

Continue Reading

Спорт

Спорт саласының үздіктері 31 желтоқсанда анықталады

Published

on

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының спорт саласының үздіктерін анықтауға арналған «Алтан Бамбар  – 2019» байқауы жарияланды. Байқау 31 желтоқсанда қорытындыланып, үздіктер анықталады. Бұл жөнінде аймақтық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Қайнар Қайсанайұлы хабарлады.

Олар «Үздік жасөспірім спортшы», «Үздік жас спортшы», «Үздік спортшы», «Үздік бапкер, «Үздік спорт ойын клубы», «Үздік ардагер спортшы», «Үздік спорт мұғалімі», «Ұлттық спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы», «Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы», «Үздік нәтиже көрсеткен спортшы», «Үздік спорт журналисі», «Үздік спорт федерациясы», «Үздік спорт клубы», «Спортты қолдаушы үздік ұйым», «Спортты насихаттаушы үздік ақпараттық агенттік» қатарлы номинациялар бойынша анықталады.

Continue Reading

Спорт

Сабыржан Баянханұлы жолсыз жерлердегі автоспорттан әлем чемпионы атанды

Published

on

KAZNEWS – Жолсыз жерлердегі автоспорттан «RFC-Grand Final -2019» әлем чемпионы өтті.

Малайзияның ну ормандарында 10 күнге созылып, мыңдаған километрді қамтыған жарысқа Моңғолия командасында қандасымыз Сабыржан Баянханұлы өнер көрсетіп әлемнің ең мықты деген командалар мен спортшыларынан озып әлем чемпионы атанды.

Бұл жарысқа Моңғолиядан алғаш рет өздері құрастырған автокөлікпен қатысқан. Ал, келер жылы жолсыз жердегі автораллиден Азия чемпионаты 2020 жылы Моңғолияда өтеді.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде4 weeks ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде1 month ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде1 month ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Әлемде1 month ago

Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазақпарат ХАА – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы...

Әлемде1 month ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде2 months ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Әлемде2 months ago

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып...

Моңғолияда3 months ago

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты.  Кездесу...

Басты назарда