Connect with us

Моңғолияда

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда кездесуі мүмкін

Published

on

ҚазАқпарат – АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен жоспарланған кездесудің 12 маусымда өтуі мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Рёнхап. Трамп тараптардың Сингапурде болуы тиіс кездесу мәселесін әлі де талқылап жатқандығын айтты. «Әрі қарай не болатынын көреміз. Кездесу 12-сінде өтуі мүмкін. Диалог жалғасып жатыр. Олар (Солтүстік Корея) кездесу өткізуді қатты қалайды. Біз де соны қалаймыз. Бұдан не шығатынын көреміз», – деп атап өтті Трамп Ақ үйде журналистерге. Кейінірек Трамп Туиттерде қазіргі таңда Құрама Штаттар мен Солтүстік Корея арасында «нәтижелі келіссөздердің» жүріп жатқандығын жазды. Егер, бұл нәтиже берсе, келіссөздердің 12 маусымда Сингапурде өтетінін қоса айтты. «Біз Солтүстік Кореямен саммитті қалпына келтіру туралы жемісті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер ол өтетін болса, 12 маусымда Сингапурде болуы мүмкін», – деді ол. Трамп Солтүстік Корея тарапынан «ашық жауласу» болып жатқандығын айтып, бір күн бұрынғы кездесуді болдырмаған еді. Ким Чен Ын екеуі Солтүстік Кореядағы ядролық бағдарламаны жою туралы сөйлесу үшін кездесуге уағдаласқан болатын. Бірақ, Пхеньян жақында АҚШ-ты біржақты ретпен елдің ядролық мүмкіндіктен бас тартуға мәжбүрлеп, саммитте қатыспайтынын айтып, қорқытты деп айыптады. Солтүстік Корея билігі сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ-қа «ядролық» шақыру жасап, АҚШ вице-президенті Майк Пенсті «саяси қарақшы» деп атады. Алайда, Трамп бейсенбі күні саммитті болдырмағаннан кейін, Солтүстік Корея мұндай мәлімдемелерін азайтты. «Біз америкалық тарапқа кез келген уақытта мәселелерді шешу үшін үстелге отырып, келіссөздер жүргізуге ниетті екендігімізді түсіндіргіміз келеді», – деп мәлімдеді Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі. Жұма күні Трамп Пхеньянның мәлімдемесін естіп, қуанғанын және мұның бейбітшілік пен тыныштық орнатуға әкелетініне сенім білдіретінін жеткізді. АҚШ сыртқы істер министрі Джеймс Мэттис саммиттің болатынына үміттенетінін айтты.

Advertisement


Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының негізгі әлеуметтік көрсеткіштер серпіні қандай?

Published

on

Kaznews Agency – Баян-Өлгий аймағының 2020 жылғы сәуір айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер серпіні қандай?

Халық саны

2020 жылғы сәуір айындағы статистикалық мәлімет бойынша Баян-Өлгий аймағының халық саны 104631 адамға жеткен. Халықтың таза өсімі 0.1 пунктті құраған.

Жұмыссыздық деңгейі

Сұмын әкімшілігі мен аймақтық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тіркеулі жұмыссыз азаматтардың саны 2020 жылғы қаңтарда 719 болса, сәуір айында 1177 ге жеткен. Бұл өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда 99 адаммен яғни 9.2 пайызбен өскен. Жұмыссыз азаматтардың 47.2 пайызын әйелдер, 49.8 пайызын 15-34 жас аралығындағы азаматтар иеленсе, олардың 23.2 пайызында жоғарғы білімі бар. Жаңадан 70 жұмыс орны пайда болғанының 17 өңдеу өндіріс саласына, 16 толайым және бөлшектеп сату саласына тиесілі.

Өнеркәсіп

2020 жылғы сәуір айында өнеркәсіп саласының кірісі 6767.4 млн төгрөг болғаны, 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 25.8 пайызға, сату көлемі 27.1 пайызға азайған. Өсімнің азаюына төтенше жағдай орын алғанына байланысты кейбір өндірістердің тоқтап қалуы әсер еткен.

Банк, жинақ, кредит

Аймақтық Моңғол банк филиалының мәліметі бойынша сәуір айында несие көлемі 154.7 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы сәуір айынмен салыстырғанда 12.2 пайызбен азайған. Мерзімі өткен несие 4.8 миллиардқа жетуі 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 71.6 пайызға, нашар несие 2.2 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда 24 пайызға өскен.
Азаматтардың банктердегі жинақ ақшасының мөлшері 107.1 миллиард төгрөгті құрап, 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 7.3%-бен артылған.

Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлар

Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлардың негізгі бағасы 2020 жылғы сәуірді 2019 жылғы сәуірмен салыстырғанда 0.3% -бен, өткен наурыз айымен салыстырғанда 1.1% -бен түскен. Азық түлік өнімдері мен алкоголь емес сусындар 3,5%-дан, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне 3.9%-дан, киім және аяқкиімге 3.0%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға 2.4%-дан, дәрі-дәрмек, денсаулық сақтау қызметтеріне 2.6%-дан, қонақ үй, қоғамдық тамақтардыру қызметтеріне 26.5%-дан, тұрғын үй, коммуналдық қызметтер саласына тарифтерге 6.2%-дан, білім беру қызметіне 18.6%-дан қосылған.
Баға өзгерістері апта сайынғы жинақталған мәліметтерге сүйеніп зерттеледі. Қой еті 2.3%-бен, 1-сорт 1.8%-бен, түбіттің бағасы 68.4%-бен, АИ80 бензин 12.9%-бен, АИ92 бензин 12.6%-бен, дизель отыны 2.4%-бен, престелген шөптің бағасы 37.5%-бен арзандап, сиырдың сүйекті етінің бағасы 11.3%-бен, ешкі еті 2.6%-бен, құмтәтті 11.2%-бен, күріш 6.7%-бен, сұйық сүттің бағасы 6.9 пайызбен өскен.

Continue Reading

Моңғолияда

Д.Нямхүү: Ресейден келген 13 адамнан коронавирус анықталды

Published

on

Денсаулық сақтау министрлігінің кезекті баспасөз маслихатында Жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталығының директоры Д.Нямхүү мәлімет берді.

Оның айтуынша: «Өткен тәулікте Моңғолия бойынша барлығы 517 адамнан сынама алынған. Оның 504 адамынан коронавирус жағдайы анықталған жоқ. Ал, 26, 27 мамырда Ресейден келген 13 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

26 күні Мәскеуден Улаанбаатарға ұшақпен келген 170 адамнан екінші реткі тестілеуден кейін бір студенттен коронавирус табылған.

Кеше Алтанбулаг бекетімен келген 340 адамның 12-сі коронавирус жұқтырған. Олардың көбі 17-20 жас аралығындағы бірінші курс студенттері.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 161 ге жетіп, ауруынан айыққандар саны 43 болды.

Continue Reading

Моңғолияда

Қазақстан Моңғолияға арнайы рейс ұйымдастыруды жоспарлауда

Published

on

KAZNEWS- 2020 жылғы 27 мамырда арнайы рейспен Қазақстанның азаматтарын Моңғолиядан алдырту мақсатында Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ж.Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары – Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы У.Энхтувшинмен кездесті.

Кездесудің басында Елші Моңғолия Үкіметінің елде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған алдын-алу шараларының тиімділігін, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Моңғолияның COVID-19 күресудегі күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, дипломатиялық миссияның басшысы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 108 азаматы Моңғолияда қалуға мәжбүр екенін хабарлады. Олардың барлығы карантиндік шаралар енгізгенге дейін және моңғол-ресей шекаралары жабылғанға дейін келген адамдар. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта Баян-Өлгий аймағында мекендеуде.

(more…)

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия 2029 жылы 6.6 миллион баррель мұнай өндіруді жоспарлап отыр

Published

on

KAZNEWS – Бүгінгі мәлімет бойынша Моңғол еліндегі 25 мұнай барлау алаңында 21 компания өнімдерді бөлісу туралы келісім аясында мұнай барлау жұмыстарын жүргізуде.

Тау-кен ауыр өнеркәсіп министрлігінің хабарлауынша Моңғолия көлемінде 2029 жылы 6.6 миллион баррель мұнай өндіріп, экспортқа шығарылып, мұнайдан ел бюджетіне 266 миллиард төгрөгтің кірісі түседі деп жоспарлануда.

Өткен жылы еліміздің тұтынған бензин көлемі 2 миллион тоннаға жеткен. Моңғолия Үндістанның жеңілдетілген несиесі арқылы мұнай өңдеу заводын салуды көздеген. Завод 2024 жылы пайдаға беріледі.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде1 week ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде4 weeks ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде4 weeks ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Әлемде1 month ago

Әлемдегі ең таза қала аталды

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, – деп хабарлайды Tengrinews .kz. Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік...

Әлемде1 month ago

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді. Құтты...

Әлемде2 months ago

Ресей коронавируспен қалай күресіп жатыр

Бір айлық карантиннің кесірінен 2020 жылы елдің ЖІӨ-сі 1,5-2%-ға қысқаруы мүмкін. Владимир Путин ел аумағында төтенше жағдай жариялаған жоқ. Ал...

Кітаптан үзінді...2 months ago

KFC қалай пайда болды?

Жылдам дайындалатын Кентуккилік қуырылған тауық етін әлемде білмейтін адам жоқ. Kentucky Fried Chicken (KFC) атауы айтып тұрғандай бұл тағамның шыққан...

Статистика

  • 140,769

Басты назарда