Connect with us

Published

on

Қазақтың саятшылық өнерін әлемге танытуға өз үлесін қосқан Моңғолиядағы қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызының қатысуымен түсірілген «Көшпенділер» деректі фильмінің «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» сериясы YouTube желісіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» фильмі Youtube видеохостингіне жарияланды. Басты рөлде атақты бүркітші, моңғолиялық қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызы. Фильмде тек Айшолпан туралы ғана емес, одан бөлек моңғолиялық қазақтар және олардың тұрмысы мен бүркітшілік кәсібі туралы баяндалады. Бүркітші Айшолпан америкалық режиссер Отто Белланың – «Eagle Huntress» фильміне түсірілуінің арқасында АҚШ және Еуропаға танымал болды» , – деп жазды «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» фильмінің қоюшы режиссері Қанат Бейсекеев Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек, 2016 жылы Айшолпан туралы «Бүркітші қыз» (Eagle Huntress) деректі фильмі жарыққа шыққаннан соң, жас бүркітші жайлы әлемнің BBC, New York Times және CNN секілді маңдайалды БАҚ бірінен соң бірі жарыса жазған болатын.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында моңғолиялық қандасымыз Қазақстанға арнайы келген еді. Онда ол еліміздің атынан жарыстарға қатысуға дайын екенін мәлім етті.

Мәдениет

Бай-Өлке менің мекенім

Published

on

Баян-Өлгий – Моңғолияның 21 аймағының ең батыстағы ең биік таулы аймағы.

Continue Reading

Мәдениет

Термеші Ақтанберді Азатұлының ән кеші өтеді

Published

on

Бүгін яғни 13 сәуірде Улаанбаатар қаласы 13-микро район, Баясах Трейд ғимаратында орналасқан Блүфин Стэйкхаус ресторанында термеші Ақтанберді Азатұлының ән кеші өтеді.

Такс бағасы 56,000 төгрөг. Байланыс телефоны 99106990.

Спонсор Туран Ворлд компаниясы.

Continue Reading

Мәдениет

Кәсіби суретші, мүсінші Ойлан Жанатханұлының көрмесі Бурятияда ашылды

Published

on

Моңғолиялық кәсіби суретші, мүсінші Ойлан Жанатханұлының “Мәңгілік аспан әлемі” атты көрмесінің ашылу салтанаты Бурятияның Ұлан-Үдэ қаласында  27 наурыз күні өтті. Аталмыш көрме Моңғолияның Бурятиядағы мәдение күндігіне орай ұйымдастырылып отыр. Ұлан-Үдэ қаласының Ц.С.Сампилов атындағы музейде суретшінің 30 туындысы қойылған.

Реалист, сюрреализм яғни шынайы және инстинктивтік түрде туындыларын жасайды. Ойлан Жанатханұлының суреттері тек көгілдір өңмен боялған.

Ашылу салтанатына Бурятияның Мәдениет министрі Соелма Дагаева, Ұлан-Үдэ қаласындағы бас консул Д.Чадраабал қатарлы азаматтар қатысты.

Дагаева “Өткен жылы Моңғолияғы біздің “Ульгэр”, “Байкал” театрлары барып қайтқан. Ал, биыл бізге осындай өте қызықты туындылары бар кәсіби өнер иесі келгеніне қуаныштымыз. Ойлан Жанатханұлына зор табыс тілеймін” деді. Бас консуд Д.Чадраабал “Біз ақылдаса келе көрмеге “Мәңгі аспан әлемі” деген ат бердік.  Моңғолияның өнерін Бурятия халқына таныстыру мақсатында. Ойланның әр суреті терең мағына береді. Ойлан Жанатханұлының көрмесі Түркия, Франция, Германия, Испания, Ирландия, Венгрия, Америка Құрама Штаттарында және Қазақстан республикасында көрсетілген. Сондай-ақ консулдықта галерия ашу ойымызда бар” деді.

Көрме сәуірдің 12 -дейін көрсетіліп, сәуірідң 13 күнінен бастап Ресейдің Эрхүү қаласында жалғасады.

Continue Reading

Өзекті