Connect with us

Спорт

Боксшыларымыз халықаралық жарыстың 3 күміс жүлдесін ұтып алды

Published

on

Павладор қаласында бокстан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған жас студенттер арасындағы ашық турнир 10-15 желтоқсан аралығында жүріліп өтті.
Сайысқа ҚР, Ресей Федерациясы, Моңғолия жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.
Дүбірлі жарыста намысты қолдан бермеген Т.Ерболат (+91 келі), Қ.Өмірзақ (-91 келі) және Қ.Бекнур (81 келі) қатарлы боксшыларымыз жарыстың күміс жүлдесін ұтып алды.
Сонымен қатар жеңістегі ерлігі үшін Қ.Бекнур марапатталды. Бұл туралы әлеуметтік желіде аймақтық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Қ.Қайнар хабарлап отыр.
Естеріңізге салсақ, Баян-Өлгийлік боксшыларды 2016 жылы 10-17 қаңтарда өтетін Ел біріншілігі күтіп тұр.

Спорт

Құлын Алтынбекқызы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Published

on

20 сәуір, Kaznews. Польшаның Кельц қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 51 келі салмақ дәрежесінде Құлын Алтынбекқызы қола жүлдегер атанды.

Ол бүгін жартылай финалдық кездесуін ресейлік Валерина Линовамен өткізіп, 5:0 есебімен ұтылып қалды.

Айта кетейік, бұған дейін украйналық Дарья-Ольга Гутаринаны және Қазақстандық Гүлнар Тұрапбайды жеңіп, жартылай финалға өткен болатын.

Continue Reading

Спорт

Бокс. Құлын Алтынбекқызы Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Published

on

19 сәуір, Kaznews. Бүгін Польшаның Кельц қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Моңғолиялық Құлын Алтынбекқызы шаршы алаңда Қазақстандық Гүлнар Тұрапбайды 5:0 (29:28, 29:28, 29:28, 29:28, 29:28 ) есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Демек, Құлын Алтынбекқызында кем дегенде қола медаль бар.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Құлын үшін әлем чемпионатындағы 2-ші жекпе-жек болатын. Бұған дейін ол украйналық Дарья-Ольга Гутаринаны жеңген еді.

20 cәуір күні Құлын жартылай финалда ресейлік Валерина Линковамен кездеседі.

Continue Reading

Спорт

Еркін күрестен Азия біріншілігінде Моңғолия құрамасы алғаш рет көш бастады

Published

on

18 сәуір – Kaznews. Еркін күрестен Моңғолияның әйелдер құрамасы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында өткен Азия чемпионатынан 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медальмен оралды.

Бұл біздің балуандар үшін құрлықтағы жоғарғы нәтижелердің бірі. Өйткені Моңғолия құрамасы құрлықтық додада командалық есепте алғаш рет көш бастап отыр.

55 келі салмақ дәрежесінде М.Дөлгөөн мен 65 келі салмақ дәрежесінде З.Болортунгалаг алтын медаль, 57 келі салмақ дәрежесінде А.Батцэцэг, 59 келі салмақта Б.Шоовдор, 62 келі салмақ дәрежесіне Х.Болортуяа, 68 келі салмақ дәрежесінде Э.Дэлгэрмаа қатарлы спортшылар күміс медаль иеленсе, 72 келі салмақта Э.Цэвэгмэд қола медаль иеленді.

Командалық есепте бірінші орынға Моңғолия (2 алтын, 4 күміс, 1 қола 173 ұпай), екінші орынға Үндістан (4 алтын, 1 күміс, 2 қола 168 ұпай), үшінші орынға Қазақстан Республикасы (2 алтын, 1 күміс, 3 қола 156 ұпай) жайғасты.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда “Facebook” желісінде парақшамызға тіркеліңіз! 

Continue Reading

Спорт

Бокс: Құлын Алтынбекқызы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Published

on

16 сәуір – Kaznews. Польшаның Кельц қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Моңғолиялық Құлын Алтынбекқызы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Алғашқы кездесуінде Құлын Алтынбекқызы украйналық қарсыласы Дарья-Ольга Гутаринадан басым түсті.

Жекпе-жектердің трансляциясын AIBA Boxing YouTube-каналында тамашалауға болады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде1 week ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Әлемде1 week ago

СӘЛЕМ, ҚАНДАСТАР! ҰБТ-ҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!

Барлық сұрақтар бойынша «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың қызметкерлері төменде көрсетілген кесте бойынша жеке жауап беретін болады: Дүйсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00...

Әлемде1 week ago

Қазақ тілі шет тілі ретінде: ғылыми-практикалық бағыт

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде Қазақстанның жетекші университеттерінен білім алған, шетелдік студенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибелері бар, жоғары маманданған қазақ...

Әлемде2 weeks ago

Қазақ тілін оқытудың бірегей әдістемесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 1991-1992 оқу...

Әлемде2 weeks ago

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті 1985 жылғы 15 тамызда Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс,...

Дерек4 weeks ago

Баян-Өлгийлік балалар Сорабан сампин бойынша онлайн сайыста жүлделі болды

Елімізде 10 сәуірде балалар арасында сорабан сампин бойынша онлайн сайыс өтті, – деп хабарлайды KAZNEWS ақпарат агенттігі Тояа балалар академиясының...

Дерек4 weeks ago

Марста жүрген робот селфи жіберді

11 сәуір, KAZNEWS. Марста жүрген Perseverance робот станциясы селфи жасады, – деп хабарлайды НАСА агенттігі. Сурет WATSON деп аталатын құралдың...

Әлемде1 month ago

Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы...

Басты назарда