Connect with us

Лайфстайл

Бензин үнемдеу құпиясы

Published

on

Көлік десе елең етпейтін адам жоқ шығар, сірә! Ендеше көлігі бар оқырманға бензин үнемдеудің шаралары жайлы айта кетсек.
Ендеше көліктің «қанын» қалай үнемдеу керек:
• Қорабы автоматты салынатын көліктерге қарағанда қолмен салынатындары 6-10% жанармай үнемдейді.
• Жаңа көліктің көндігуі өте маңызды. Жаңадан салоннан сатып алған көліктің алғашқы 300 шақырымы көлікті көндіктіру барысы болуы керек. Алғашқы 500 шақырым ішінде мотордың жылдамдығын 1800 реттен асырмай, мүмкіндіктің барынша бірқалыпты жүруі жөн. Ал, келесі 500 шақырымында мотордың айналу жылдамдығын 2000 реттен асырмай, жылдамдықты мүмкіндіктің барынша шұғыл үдетпеуге тырысу керек.
• Орынды жылдамдықпен жүру. Көліктің дизайны мен оның жылдамдығы бір-біріне әсер етеді. Жоғары жылдамдықта жүретін тегіс, әрі ұзақ жолда ақырын жүрсеңіз немесе ақырын жүретін жерде қатты жүріп, дереу ақырындап, осы барысты қайталай берсеңіз көлігіңіз жанармайдың жұты дей беріңіз.
• Ең тамаша амал – бірқалыпты жүріс. Қажетсіз жанар-жағармай шығынын азайту үшін газ бен тежегішті басуды барынша азайтып, өзгермейтін қалыпты жылдамдықпен жүруді жалғастыру керек.
• Қолмен қосылатын жылдамдық қорапшалы көліктерде жоғары жылдамдық меңгергіш арқылы төмен жылдамдықпен жүру де жанармайды үнемдеуге көмектеседі. Бірақ, бұл жағдай моторыңызға күш түсіруі мүмкін.
• Газды шұғыл басуға болмайды. Газды шұғыл басу жанармайдың толық жанып бітуіне мүмкіндік бермейді.
• Өрлеп биікке шығатын жолға тап болғанда қайқаңның биік-аласалығына, алыс-жақындығына қарамастан, алдымен жылдамдықты арттырып, өрге шығып бара жатқанда жылдамдықты өзгертпеуге тырысу керек.
• Көлікті баяу қыздып әдеттену керек. Қызып бір минуттан кейін жолға шығып, 2-3 жылдамдық қорабымен 3-5 шақырып жол жүргеннен кейін жылдамдықты ауыстырса өнімі жақсы болады.
• Жүріп келіп тоқтаған соң, 30 секундтан кейін барып көлікті өшіріңіз.
• Көліктің оталып тұра беруінен сақтану керек. Мотор үш минут бос айналғанда шығындалған жанармай бір шақырым жүргендегі шығындалған жанармаймен бірдей.
• Көлік тез қозғалып келе жатқанда терезені ашуға болмайды. Тез жүріп келе жатқан көліктің ауа суытқышын өшіріп, терезе ашып энергия үнемдеуді жөн көретін жүргізушілер бар. Бұл қате көзқарас. Терезе ашқанда ауа алмастырғыш жұмыс істеп тұрған кездегіден 10% артық жанармай шығын болады.
• Бір күн ішінде жағармай пункттеріне барудың ыңғайлы мезгілдері болады. Таңғы мезеттер мен кешкі мезгіл жанармай толтырудың тамаша уақыты.
• Мотор және т.б майлау майларын уақытында ауыстырып тұру.
• Ерекше сәндеу көлікке қысым түсіреді. Кейбір көлік әуескерлері көліктің есік терезесіне су ағар тақтайша немесе т.б дүниелермен безендіруге әуес. Бұл жайт әр он шақырым сайын жанармай шығынын 1% арттырып отырады.
Автор: Сұңқар Ақбоз

Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лайфстайл

Ағылшын тілі – тек қатынас құралы емес

Published

on

Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептер де ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады. Әлемдік денгейде алып қарағанда ағылшын тілі көп ұлттар арасындағы қарым қатынас құралы ғана емес білім мен өнер-кәсіп тілі екенін жылдан жылға дамып келе жатқан техника дәуірі анық көрсетуде. Ағылшын тілі алғаш пайда бола бастаған сәтте тек европа елдерімен еркін қарым қатынас орнату, шетелдерде саяхаттау, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарында оқу үшін жасөспірімдер арасында қызығушылық көбірек арта түсті. Қазіргі таңда осы мақсаттарға жетіп ағылшын тілін жақсы денгейде меңгерген жастарды мақтан етуге болады. Оның бір айқын куәсі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Болашақ» бағдарламасы және Эрамсус-Мундус жобалары арқылы жыл сайын шетелдік жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан түлектерді тілге тиек етуге болады. Әрине осындай жоғарғы талапқа сай маман иелерін дайындап отырған  осы ғылым ордасындағы толассыз оқытылып келе жатқан ағылшын тілінің бағдарламасы мен ұстаздардың заманауй әдістемеге сүйенген еңбектері жатыр.Осы тұста заманауи талаптарға сай отандық және шеттілдік қарым-қатынасқа халықаралық деңгейде қабілетті, әртүрлі жанрлы мәтіндер мен құжаттарды аударып,  білім мен ғылымның барлық саласында тіларалық қарым-қатынаста көмек көрсете алатын кәсіби білікті мамандар даярлау мақсатындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы» – ның ұстаздар еңбегін атап айтсақ артық болмас. Көп жылдық тәжирибесі мықты, аға ұстаздармен бірлесе қызмет атқару барысында ағылшын тілін сөйлеспелі қатынас құралы ретінде ғана емес тереңдетілген академиялық білім денгейінде үйрету әдістемелерінде тәжірибе жинадым. Бұнда тіл үйретуге арналған мультимедия-инновациялық технологиялар және аудио кітап, электонды ресустар,сондай-ақ қажетті заманауй техникалық құралдармен(лингофонный кабинет) жабдықталған.  Сондықтан мұнда тек ағылшын тілітек тілдік тұрғыда ғана үйретілумен шектелей оның мәдениеті, дәстүрі, тарихы сынды денгейлерге бөлініп ғылыми тереңдетілген денгейде оқытылатынын білімге деген ынталы болашақ маман иелеріне ескертуді жөн көрдім.

«Enjoy living in the moment but remember that learning English will prepare you for the future»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы»-ның

оқытушысы филол.ғ.м  Төнкер А.

Continue Reading

Лайфстайл

Шетелдік студенттер тарих бесігі – киелі Түркістанға саяхат жасады

Published

on

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Ұлы есімдер, түркі әлемінің генезисі, ежелгі өнер мен технологиялар музейі, дала фольклоры, кино мен телевизия өнері туралы айтылған«Тарихи сананы жаңғырту» бөлігінде атап көрсеткен ұлттық санаға қатысты және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту мəселесіне басым көңіл бөлінеді.

        Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (www.kaznu.kz)  жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Саяхат» атты өлкетану клубы еліміздің рухани астанасы, ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты орын, түркілердің төл мекені,өзінің көне тарихымен танымал, қазақтар үшін сондай рухани алып, бүкіл қазақ халқы мойындайтын піріміз, тарихи қала, діни туризм орталығы – Түркістанмен танысу мақсатымен ғылыми-танымдық іс-шараТүркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне экскурсия ұйымдастырды. Бұл экскурсия өзінің тарихи-мәдени бағытымен ерекшеленді.

Бұл жобаны жүзеге асырудағы кафедраның мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды,білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу, шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды.

        Осы іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң85 жылдық мерейтойына арнайы кафедраның «Саяхат» атты өлкетану клубының жетекшісі Т.В. Курманова ұйымдастырды. Шараны осы кафедраның ұстаздары Г. Утебалиева, Р.Дүйсенбаева, А. Саденовалар ерекше қолдай отырып, АҚШ, Испания, Қытай, Ауғанстан, Түркия, Вьетнам, Ливан, Оңтүстік Корея, Жапония, Монғолия, Швейцария, Германия, Иран және басқа да елдерден Қазақстанға келген шетелдік студенттерді саяхаттауға алып барды.

Саяхат барысында шетелдік студенттер еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласын, XV ғасырда Қ.А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесін аралап, ғажайып «Тайқазанды», Ахмет Яссауи мүрдесіне қойылған құлыптасты, жерленген бөлмені, Абылай хан ескерткішін көрді, тарихымен танысты. Одан соң жер асты мешітіне барып, Ахмет Яссауи қылуетке түскен жерді көздерімен көрді. Шығыс моншасы мен Жұма мешітінде болды, Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесін тамашалап, ерекше әсер алды.

Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу, оларды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.

Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.

Сонымен қатар, студенттер Түркістанның ежелгі заманда да, қазір де үлкен саяси орталық екені, бұл қаланың сол ғасырлар бойы елдің басын біріктіріп, рухани негізді сақтап қалуға сіңірген еңбегі ұлан-теңіз екені, қаланың жалпы мұсылман әлемінде «Екінші мекке» атануы тегінен тегін емес екені, осындай бой көтерген зәулім кесене – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның «Қызыл кітабына» енгізілгені, қасиетті қала кезінде шашыраған халқымыздың басын біріктіріп, елдігіміздің нышанын айдай әлемге паш еткені туралы мәліметтер алды.

Саяхат тек тарихи нысандарды аралау және олармен танысумен шектелмей, әрі қарай ғылыми-көпшілік бағдарламаларымен жалғасын тапты.

Бұл экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық мәні де зор болды. Бұл тарих саласы мен ой-танымдық мәдениетіне және шынайы тәжірибе алмасуға бағытталған бұл саяхат көпке үлгі болары сөзсіз.

 А.Е. Саденова., Т.В. Курманова., М.А. Азнабакиева

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасының оқытушылары

Continue Reading

Лайфстайл

Жалқаулықты қалай жеңуге болады?

Published

on

Қазақта “жалқаулық дерті” деген тіркес бар. Алайда бұл сөз тіркесі тектен-тек айтылмаған. Себебі жалқаулық дертінің де суықтаудың бір түрі секілді белгілері болады. Аурудың алғашқы кезеңінде науқас әлсіреп, шаршайды немесе зерігеді. Екінші кезеңінде жалқаулық науқасты төсекке таңады. Адамның әр жері аурудан сыр бере бастайды. Бұл жағдайда жалқаулық атты дерттің вирусын жұқтырдым деп есептей беріңіз. Ал одан қалай құтылуға болады? Назарларыңызға жалқаулық дертінен арылудың бірнеше тәсілін ұсынамыз.

Ерте тұрып үйреніңіз

“Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық” деген ертеден келе жатқан мақал жадыңызда үнемі жүрсін. Себебі таңертең ерте бастаған іс те, ойлаған ой да жұмыс істеуге деген шабытты оятып, белсенді әрекетке жол ашады. Есесіне түсте немесе кешке демалатын, өзгелерге көңіл бөлетін уақыт көп болады.

“Ертең” сөзін азайтыңыз

Жалқаудың ауыр күні ертеңгі күн. Себебі бүгінгіні ертеңге қалдырғысы келеді де тұрады және ол ісін ертеңге қалдырады. Енді мұндайға жол бермеңіз. Жұмыстан кеш қайтсаңыз да тірлікті бітіріп кетіңіз. Нәтижесінде таңертең жұмысқа асықпай келесіз және өзіңізді жеңіл сезінесіз әрі жаңа жұмыс бастайсыз.

Уақыт үнемдеп үйреніңіз

Жалқаулық ұстағанда “Тірлікті жалғастыру керек пе немесе осы жерден тоқтатқан дұрыс па?” деген ой маза бермейді. Ал мұндай жағдайда ішкі түйсікке сенудің қажеті жоқ. Себебі осы жұмысты бітірсем уақытымды үнемдеймін деген ой ғана тұру қажет.

Тау қопаруға асықпаңыз

Жай ғана бір мысал келтірейік. Алдыңызда үлкен алма тұр. Ол тәтті, тәбетіңіз тартып-ақ тұр, денсаулыққа пайдалы. Алайда ол өте үлкен, оны бір өзіңіз жеп тауыса алмайсыз. Сондықтан оны бірнеше бөлікке бөліп жейсіз. Орындағалы жатқан жұмыс та сол жеміс секілді. Бәрін бірден орындап тастау мүмкін емес, дегенмен оны әр бөлікке бөліп, орындалу мерзімін белгілеп қою қажет.

5 минуттың өзі сізді құтқарады

Жалқаулық ұстағанда жұмыс істеу өте қиын, түсінеміз. Егер 5 минут белсенді болып көрсеңіз, талай тірлікті бітірер едіңіз. Аз уақытта жұмысты бастайсың және тезірек бітіріп тастауға тырысасың. Тіпті ертеңгі жұмысқа жеңілдік жасауыңыз мүмкін.

Жалқаулық – өте жұқпалы

Бұл дертпен бір адам ғана ауырып қоймайды. Тұмау секілді біріншісінен екіншісіне жұқпалы келеді. Ұжымда немесе айналаңдағы араласатын адамдарыңның бос уақыты, әңгімесі, әзілі тым көп болса олардан вирус жұғады. Мұндай адамдармен жиі қарым-қатынас жасаудың қажеті жоқ.

Жоспар құрып үйреніңіз

Берілген тапсырманы орындау үшін дұрыс жоспар құрып үйреніңз және уақытыңызды есептеңіз. Сонымен қатар оның міндетті түрде бүгін орындалуын қадағалаңыз. Себебі ертең алдыңызда не күтіп тұрғанын нақты білмейсіз. Өзіңізді мақтауға лайықсыз ба? Осы сұрақты өзіңізге әуелі қойып көріңіз және сіз сол мақтауға лайық болуға тырысыңыз. Істің бір бөлігі біткен соң сүйікті тәттімен кофе ішіңіз, аздап қыдырып немесе 5 минут үзіліс жасаңыз.

Continue Reading

Title

Кітаптан үзінді...2 months ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...2 months ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Іскер4 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...4 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Іскер4 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...4 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде2 years ago

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің...

Әлемде2 years ago

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті