Connect with us

Моңғолияда

Асгат күміс кені «Эрдэнэс Монгол» иелігіне өтті

Published

on

KAZNEWS – 7 қаңтарда Министр Г.Занданшатар Асгат күміс кенін «Эрдэнэс Монгол» иелігіне өткізуді құзырлы ұйым басшыларына тапсырды.
2016 жылы Ресей Федерациясының «Ростех» компаниясымен жасаған «Эрдэнэт»-тің 49 пайызын сатып алу туралы келісімде «Монголын Зэс» корпорациясы Асгат күміс кені лицензиясын иемденуші “Монголросцветмет” бірлестігінің 49 пайызын қоса сатып алған. Бірақ, “Монголын зэс” корпорациясының Ресеймен жасаған саудасы елімізде экономикалық және саяси шуға ұласқан болатын.
2017 жылы Моңғолия Парламенті «Эрдэнэт»-тің 49 пайызын толығымен мемлекетке қайтарып алу туралы қаулы шағарғаннан кейін Үкімет «Эрдэнэт»-тің 49 пайызы мен “Монголросцветмет” бірлестігінің 49 пайызын мемлекеттің қарамағына алу туралы шешім шығарған.
Баян-Өлгий аймағының Ногооннуур сұмынында орналасқан Асгат күміс кеніне геологиялық барлау жұмыстары бюджеттен қаржыландырылған, Үкіметтің 1993 жылғы 25-қаулысы бойынша «Монголросцветмет» бірлестігіне пайдалануға берілгені мен бүгінге дейін экономикалық айналымға еңгізу жұмыстары жасалған жоқ.
Естеріңізге салсақ, 2013 жылы Асгат күміс кеніне төте баратын 7,3 км тас жол, 72,8 метр ұзындықта көпір салынған.

Continue Reading

Моңғолияда

Аймақ халқының саны 103100 адамға жетті

Published

on

Photo: Erzada-tour.com

KAZNEWS – 2018 жылғы соңғы статистикалық мәлімет бойынша Баян-Өлгий аймағының халқының саны 103100 адамға жетті. Жыл соңына дейін 1500 адамға көбейіп, 1,5% -бен өскен.

Халықтың демографиялық жағдайы туралы нақты талдау берсек, 2018 жылы 2919 сәби дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 70 –ке артқан.

Жалпы халықтың 34,7 пайызын 15 жасқа дейінгі балалар, 5,4 пайызын 60 – жастан жоғары азаматтар иеленіп отыр. Аймақ халқының 60 пайызын 16-59 жас аралығындағы азаматтар иеленеді.

Ал, Баян-Өлгий аймағының экономикалық белсенді халықтың саны бойынша батыс Моңғолияда бірінші орында тұр. Жұмыссыздық деңгейінің үлесі өңірде 9 пайызға жеткен.

Continue Reading

Моңғолияда

Улаанбаатар қаласына үлгі болған Б.Мәдет ақсақал

Published

on

Via MNB

KAZNEWS – Улаанбаатар қаласының өзекті мәселерінің бірі түтін. Қомақты қаржылар бөлініп,  көптеген жобалар жүзеге асып жатқанымен түтіннен арыла алмай отыр.

Олай болса бұл күндері Улаанбаатар қаласы Сонгино-хайрхан районы, 3-ші микрорайонда өмір сүретін Б.Мәдет ақсақал ауылдастарына үлгі көрсетіп отыр. Ол, жылу жүйесін көмірмен емес электр қуатымен шешкен.

 

Continue Reading

Моңғолияда

С.Арманбек Жәутіков олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Published

on

Суретте Арманбек Солтанмұратұлы, 2019ж, Алматы қаласы

Алматыда 15-халықаралық Жәутіков олимпиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды KazNEWS «Хабар 24» агенттігіне сілтеме жасап.

5 күн бойы Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Түркия, Индонезия, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан сияқты әлемнің 18 елінен келген 538 дарынды оқушы математика, физика және информатика пәндерінен білімдерін сынға салды.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР ҰҒА академигі: – Балалардың қабілеті жылдан-жылға өсіп келеді. Алғашқы кезде 4-5 мемлекет болса, биыл 18 мемлекет болды. Бұл әлемдегі ең мықты олимпиадалардың тізіміне енді. Румыниядан, болгариядан ылғи келеді. Олардың келетін себебі, өйткені мұның беделі өте жоғары. Одан ұтсаң, дипломның күші мықты болады.

Айта кетейік, дәстүрлі білім сайысында биыл Моңғолиядан 28 оқушы, 8 ұстаз қатысты.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар 3 алтын, бір күміс, үш қола медаль иеленсе, ұстаздар бір күмісті қанағат тұтты.

Жарысқа қатысқан оқушылардың арасынан Моңғол-Түрік лицейінің оқушысы Арманбек Солтанмұратұлы қола жүлдеге ие болды.

Арманбек Солтанмұратұлы 2011 жылғы дүниежүзілік математика олимпиадасының қола жүлдегері Еркеқұлан Бағдатұлының шәкірті екенін айта кеткеніміз жөн болар.

Kaznews

Continue Reading

Title

Әлемде4 days ago

Қытайда Еуропаның 12 қаласының көшірмесін тұрғызған

Қытайдың Huawei компаниясы Дунгуань қаласының жанынан еуропалық қалалардың көшірмесін тұрғызып жатыр. Huawei компаниясы 12 қаланың танымал ғимараттарын тұрғызған. Тіпті, трамвай...

Әлемде2 weeks ago

ҚазҰУ-дың «Алатау» қысқы бағына саяхат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген халықаралық жобалардың бірі жасыл технологияларды енгізуде ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты...

Моңғолияда2 weeks ago

Моңғолия азаматтары 61 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2019 жылы Моңғолия азаматтары әлемнің 61 еліне визасыз қатынай алады. Еліміз индексте 79-шы орында яғни Африкада орналасқан Бенин Республикасымен...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Лайфстайл2 weeks ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Мен кәсіпкермін2 weeks ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Лайфстайл2 weeks ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Әлемде3 weeks ago

Білім берудің жаңа көкжиегі: кафедра тынысы

Рухани жаңғыру мен жаңаруда,еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуінде білім берудің рөлі зор. Ғылым биігіне көтерілуде, білім беруде және жас ұрпақты...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті