Connect with us

Моңғолияда

АНАЛИЗ: Футбол тілімен айтсақ,ең қымбат ойыншы Н.Энхбаяр болуы мүмкін

Published

on

МХП сайлаушылардың дауысын бөлінуін қаламайды. Бірақ, Демократиялық партия МХП-ның дауысын бөлу үшін Н.Энхбаярмен бірлесуді жоспарлауы мүмкін.
iToim ақпараттық агенттігінің редакторы Г.Отгонбаярдың 2016 жылғы Парламент сайлауы, саяси ахуал жайлы «Гэрэг» журналына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Сіз 2016 жылғы Парламент (МҰХ) сайлауының нәтижесі қалай болады деп ойлайсыз? Қай партия жеңіске қол жеткізеді?
– Сайлау науқанында қай партияның жеңетінін ешкім білмейді. Журналист ретінде өткен айда Моңғол халық партиясының (МХП) басшысы М.Энхболд, Демократиялық партия (ДП) басшысы З.Энхболд екеуімен де көлемді сұхбат жасағанмын. Екеуі де “біздің партия жеңеді” – деп отыр. Қарапайым сайлаушыларға да сайлауда жеңіс болуы керек. Қандай сайлау болсын, мейлі тұрақты жеңімпазы халық болуы тиіс. Өкініштісі, бізде қай бір партия, фракция, немесе тіпті жеке адамдар да сайлауда жеңеді. Ата заңда: “Мемлекеті билігі халықтың өз қолында” деп көрсетілген. Шындығын айтсақ, бұл билік халыққа төрт жылда бір рет ғана беріледі. Ол тек ғана сайлауға дауыс беру арқылы таңдау жасау күні болып отыр. Халыққа төрт жылда берілетін бұл құқықға партиялар құрметпен қараса, сосын 2016 жылы сайлауда халық жеңсе екен деп ойлаймын.
Сіздің айтуыңызша, бұрыңғы сайлау науқандарында халық жеңбей келген бе? Сонда ол жеңіс қашан қолға келеді?
– Жеңген не жеңбегенін дәлелдеу қиын. Сайлаудан кейін үміткерлердің “дауысты дұрыс санамады”, “әділетсіз болды” деген сияқты дау-шары шығып жатады. Мұны халықтың берген дауысына өзгерістер еңгізілді, немесе еш өзгеріссіз деу қиын. Сырт көзге біздің елде сайлау демократиялық қағидаларға сай болатындай көрінеді. Барлығымыз дауыс береміз. Халықтың дауысының басым көпшілігіне ие болды деп сайланады. Ал, дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлау учаскелерінде, немесе Орталық сайлау комиссиясында не болып жатқаны түсініксіз. Ашық емес. Үміткер А-ға берген сенің дауысыңды қарсыласы Б-ге берілген болдырып санаған болса бұл халықтың өкімет билігін қолына ұстағаны бола ма?. Бұл дегеніңіз үкімет билігі халықтың қолында деген алдамшы сөзбен партиялардың сайқал саясаты жүріліп тұрғаны. Сайлаудың нәтижесі әділ, халықтың дауысын қаз қалпында санаған болса, қай бір партиядан тыс халық жеңетіні шындық. Сондықтан “Сайлау заңын – сайлаушылар заңы” болдыру қажет. Бірақ Сайлау заңын халыққа емес, тек партияларға пайдалы етіп заңдастырады. Жуырда бекіткен заңды да Демократиялық партиямен Моңғол халық партиясы сияқты етегін кең жайған, қоғамға танылған партияларға пайдалы етіп заңдастырған деуге болады.
Олай болса, үлкен партияларға пайдалы қандай механизмдер бар?
– Пропорциональ жүйемен жүргізілген сайлауда бес пайыздық межені еңсерген партия парламентке өтеді. Өткен жылдың соңында бекітілген Сайлау заңында партияларға екі түрлі талап қойылды. Біріншіден, белгілі бір аумаққа атын ұсынушы 48 мандаттың қай біреуінен жеңіп шығуы керек, екіншіден, егер үміткерлерден біреуі аумақтан жеңген болса партиясы бес пайыздық межені еңсеру керек делінген. Олай болса қай бір партия 48 мандаттың қай біреуінен басым дауыс жинай алмаса барлық халықтың елу пайыз дауысына ие болғанның еш пайдасы жоқ деген сөз. Бәрі бір Парламентке өте алмайды. Мысалы бүгін Азаматтық жігер жасылдар партиясының Парламентте екі мүшесі бар. С.Оюун мен С.Дэмбэрэл. Партиясы бес пайыздық межені еңсергендіктен бұл екі азамат партия тізімімен Парламент мүшесі атанып отыр. Егер сайлаудың жаңа заңына бағынатын болсақ Азаматтық жігер жасылдар партиясы Парламетте депутатсыз қалмақ. Неге десеңіз, Азаматтық жігер жасылдар партиясынан еш бір адам Парламент сайлауына қай бір аумақтан сайланған жоқ. Сондықтан партиясы бес пайыздық межені еңсергенімен парламентке өтпейді деген сөз.
Ұсақ партияларға пайдалы баптар бар ма?
– Демократиялық партия мен Моңғол халық партиясынан өзге партияларға пайдалы болу мүмкін бір бап бұрыңғыша қалған. Егер 48 мандатты ұсақтап «бір мандат – бір аумақ» деп бөлсе үшінші үміткер бұл екі партиядан ұсынылған үміткерлер арасынан алға шығуы екі-талай. Бірақ «үлкен аумақ – көп мандат» деп бұрыңғыша қалғаны Демократиялық партия, МХП-тан өзге партия өкілдеріне және дербес атын ұсынушыларға да пайдалы. Кейбір аумақ ішінен 2-3 мандатқа бөлінетіндіктен Демократиялық партиямен МХПартиясы арасында үміткерлер бәсекеге түседі, және бір аумаққа барған бір партияның өкілдері арасынан да бәсекелестік туындап, дауыс бөлінуге әкеп соғады. Бөлінген дауыстан өзге партия үміткері сайлану мүмкіндігі 2012 жылғы сайлауға қарағанда мол болуы мүмкін. Өйткені кейбір зерттеу интситуттарының мәліметінше 30 пайыздан жоғары дауысқа ие болып отырған партия әзірге жоқ.
2016 жылғы сайлау нәтижесінде біріккен немесе партия блогтарымен Үкімет жасақтала ма, немесе қай бір партия басымдылықпен билік құра ма?
– Білмеймін. Демократиялық партиямен МХПартиясының сайлауға үміткер ұсыну, үміткерлердің сайлау алды науқанындағы PR жұмыстарынан көп нәрсе белгілі болады. Адамы мен сайлау аумағын дұрыс таңдаған партия жеңіске жетеді. Менің байқауымша екеуінің де оңтайлы тұсы бар. Біріншіде, бұрын «партия рейтингісі + үміткер рейтингісі» болған. Осы жолы 2012 жылғы сайлау алды науқанға Демократиялық партия сияқты үлкен топпен келіп партия рейтингісімен жеңетін партия қазір жоқ деуге болады. Сондықтан үміткерлердің рейтингісіне бағынған сайлау болады-ау. Екіншіден, биыл партия тізімінен ұсынылатын 28 үміткерді сайлаушыларға алғаш рет ресми түрде таныстыратын болды. Бұрын тізімдегі 28 үміткерді көп жарнамалай бермейтін. Ал енді сайлаушылар партия үшін дауыс берген жағдайда партия тізіміндегі 28 үміткердің аты жөнін көріп, дауыс бере алады деп түсіндім. Ондай жағдайда партия тізімін кім бастап отырғанын, тіпті алғашқы бес үміткердің кім екенін, қаншалықты салауатты адам екендерін көруге болады. Өйткені партия үшін дауыс беру партия тізіміндегі алғашқы бірнеше адамды Парламент мүшесіне сайлап отырғанмен бірдей. Біздің бұқаралық ақпарат құралдар осы туралы мәліметтерді халыққа жақсы түсіндіру керек. Партия тізімі жақсы нәрсе емес. Шындығын айтқанда партия тізімі – өзі ашыққа шығып, аумақтан сайлана алмайтын, заңға қайшы әрекеттер жасап та дауыс жинай алмайтындықтан партия атына жасырынып, Парламентке санымен өтудегі кейбір адамдардың жолы сияқты. Сондықтан адамына қарап таңдау жасаған жөн болар. Білімді адамның бәрі ұрлық жасамайды, өтірік айтпайды, алдамайды деген түсінік жоқ. Ал ары бар адам ол өзгеше келеді. Ар намысы ұрлық жасауға, өтірік айтуға кедергі болатыны сөзсіз. Сондықтан саяси тәжірибесі бар, жақсы атаққа ие бола тұра, мемлекет басқару ісіне шорқақ адамдарға билік тізгінін ұстатқанша, білімді, намысты азаматтардың бірігуімен билік құрылғаны артық. Менің ойымша, блок пен және жеке Үкіметтің жасақталуы соншалықты маңызды емес. Ең маңыздысы Үкіметті жұмыстатып, дұрыс бақылау қойып білетін, іскер парламент құрылса екен.
Парламентте “ескілер” басым бола ма, немесе жастар, жаңа адамдардың басымдық көрсете ме?
– Жаңа, немесе ескі дегеннен гөрі дұрыс адамдар Парламенте көптен сайлану қажет. Жаңа адам деген тек бір ғана талап емес. Жаңа адамдар шығып, ескілері кеткенінің еш айырмашылығы жоқ. Ойынның шарты бірдей болғандықтан мұнда тек адам ауысты деген сөз. Адамдарды өзгерту ол екінші мәселе. Бізге керегі жаңа саясат, жаңа жол. Жаңа бастама көтеретіндер, атқаратындар жаңа адамдар болғанымен, ескі тәжірибелі адамдар да керек. Негізсіз жаңа бастамалар көтермесе де, бюджеттен ұрлық жасамай, лоббиге қатыспайтын, мемлекет басқару ісіне тәжірибелі, аты таза адамдар сайлануы Моңғол еліне пайдалы. Егер жаңа адамдар керек болса көмір, ақша, бидон, шыны таратып сайлауда ескірген тәсілдермен халықты алдап жүргендерді ешкім жаңа демейді. Таратқан нәрселерді сайлаушылардың алуына болады. Бірақ таратқан көмірін алған соң дауыс беріп, сайлаған болса артынан «елін өркендетпеді, еңбекақы қоспады» деп құр айқайлаудың қажеті жоқ.
Улаанбаатар қаласында Э.Бат-Үүл билігінің тағы да төрт жылға жалғасуы мүмкіндігі бар ма?
– Білмеймін. Бірақ, жоққа шығармаймын. Партиялардың үміткер ұсынуы, және олардың тактикаларына байланысты болу керек. Өз басым сайлаудан тыс бір нәрсені айта кеткенді жөн санап отырмын. Моңғол елі бір тұтас ел. Соңғы үш жылда байқағаным қалалық билік тым оқшауланып, Үкіметтің билігінен тысқары қалып бара жатқаны байқалады. Астана – Үкіметтен, Э.Бат-Үүл басшы Демократиялық партиядан оқшауланып бара жатқанын бірнеше рет байқадым. Қала мэрі саясаткер тұрғысынан Премьер-министрден беделді болуы мүмкін. Бірақ Премьер-министрдің оставкаға кетуі жайлы акциялық жұмыстарға белсене қатысуы жөн емес.
Сайлауға дауыс беретін халықтың белсенділгі қандай болмақ? Сайлау өткізу уақытын өзгертсе кері әсері бар ма?
– Сайлауға деген белсенділік сайлаудан сайлауға тұрақты азайып келеді. Бұрынғы 80-90 пайызы дауыс беретін кез қалып қойды. Бұл халықтың сайлауға деген сенімінің азайғаны, сонымен қатар партиялардың рейтингісі халық арасында түскені себеп болып отыр.
Бұл жолы аймақ пен астанада сайлау бір күні жүріледі. Өте үлкен науқан болайын деп тұр. Ал, АСЕМ жиыны өтуіне байланысты сайлау өту уақытын ілгерлетеді, немесе кейінге шегеруі тек сөз ғана. Ресми ақпарат оқыған жоқпын. Уақытын ілгерлетуге болатын шығар, бірақ уақытын шегеруге, ұзарту мүмкін емес. АСЕМ жиынын алға тартып Парламенттегі өкілеттігін бір ай болса да ұзарту ой кейбір мүшелерде болу мүмкін. Ата заңда: «МҰХ мүшесінің өкілеттілігі төрт жыл…, ант қабылдаған күннен басталады…» деп көрсетілген. Бұл Парламент мүшелерінің ант қабылдаған күнінен бастап төрт жылдан бір күн асырса Негізгі заңды бұзғандық болады. Сондықтан мүмкіндік жоқ деуге болады.
МХРП қай партиямен блок құруы, екі үлкен партияның сайлауда көрсететін нәтижесіне әсерін тигізеді дегенге қосыласыз ба? МХП, ДП, Еңбек Ұлттық партиясының қайсысымен бірлеседі?
Мен, Моңғол халық революцияшыл партиясының (МХРП) 2012 жылғы сайлауда көрсеткендей нәтижеге қол жеткізе алады дегенге күмәнім бар. 2012 жылы сайлаудан кейін мен «Бұл жолғы сайлаудың жеңімпазы Н.Энхбаяр болды» деп жазғанымда кейбір адамдар мені сөккен еді. Бүгін көріп отырмыз. Ол адам түрмеден босап шыққанда да саяси белсенділік танытты. Түрмеде отырған кезде басқарған партиялар блогы парламентте топ құрды. Кейін партиясын Үкіметке еңгізді. Өзіде кешірім алды. Парламенттегі мүшелерді, яғни О.Басанхүүден басқасын министрлік лауазымға апарды. Ойлағанын істеді. Ал, 2016 жылғы сайлауда МХРП-ның қай партиямен блог құруы Н.Энхбаярдың жазалы мерзіміне байланысты екі вариантта тұр. Кейбір адамдар Н.Энхбаярдың жазалы мерзімінің 2017 жылғы Президент сайлауынан кейін аяқталатынын айтып отыр. Бұл шындық болса, уағдаласып шыдаса МХП, Демократиялық партия екеуіде МХРП –мен одақтасуды қалайды. Алайда, мұнда екі шындық бар. Біріншісі МХП, Демократиялық партия екеуіде МХРП-ны емес, Н.Энхбаярмен жеке саясаткер ретінде әріптестік құру мүмкін. Екіншіде, МХП сайлаушылардың дауысын бөлінуін қаламайды. Бірақ, Демократиялық партия МХП-ның дауысын бөлу үшін Н.Энхбаярмен, МХРП-мен сайлауда блог құру туралы келісімге келуі мүмкін. Бұл жайында біз футбол тілімен айтсақ алдағы сайлауда “ең қымбат ойыншы” Н.Энхбаяр болуы әбден мүмкін. Журналистер біз сөздің мағынасына өте мән беретін адамдармыз. Ең маңыздысы ол адамның сайлану құқығы 2017 жылғы Президент сайлауынан бұрын берілмесе МХП, Демократиялық партия арасындағы “ең қымбат ойыншы” бола алады. Одан өзге, оны бағалы деп атап отырған жоқпын. Егер Н.Энхбаярдың сайлану құқығы 2016 жылғы Парламент сайлауынан бұрын берілетін болса МХРП-мен бірлесуге МХП, Демократиялық партия соншалықты қаламауы мүмкін. Неге десеңіз, саясатта маневр жасаудағы біліктілігі жағынан экс президент Н.Энхбаяр бұл екі партия басшысынан артық. Оның артық екенін білетін, білген адамдар МХП, Демократиялық партиясында да бар. Бұл екі партияның лидері аталатын, партия атымен саяси карьерінің келесі көшін бақылап отырған адамдарға МХРП-мен бірлесу жақсы идея емес.
Өйткені, 2017 жылғы Президенттік сайлау туралы сөз қозғалғанда МХРП-мен блог құрылған жағдайда блог атынан бір үміткер ұсынады. Бұл тұрғыда Н.Энхбаярдың аты біріншіде айтылады. Сондықтан саясатта ең мықтысы ғана атын ұсынады. Ал, бұл құбылыс орын алмады деген күннің өзінде МХРП-ның тобы басым дауысқа ие болды десе келесі Парламент спикері, Премьер-министрге бұл адамның аты бастапқыда айтылмаса да орта жолдан қосылатыны анық. Келесі Президент, Парламент спикері, Премьер-министрдің тағын сығалап отырған Демократиялық партия мен МХП –дағы саясаткерлер партия ішінде, өздеріне мұндай бәсекелес дайындауды қалайды дейсіз ба, жоқ па, ол жағын білмеймін. Ал, Еңбек ұлттық партиясы жөніне жақсы білмеймін. МХРП мен блог құрмайтын болуы керек. Егер блог құрып жатса Демократиялық партиясы мен МХП –тан өзгешелігі болмайды.
Жаңа партия тұрғысынан Еңбек ұлттық партиясы сайлауда қандай нәтиже көрсетеді, өткенде ғана бұл партияға ілескен Парламент мүшесі С.Ганбаатар аумаққа атын ұсына ма, партия тізімін бастай ма?
– Экс президент Н.Энбаярдың МХРП-ның лидері сияқты С.Ганбаатар Еңбек ұлттық партиясының лидері екені даусыз. Бұл екі адамда бірдей қиындық бар. МХРП да, Еңбек ұлттық партиясы да ешбір күшпен бірікпей науқанға қатысты деп ойлайық. Олай болса бұл екеуіде партия тізімін бастап келсе партиясына көп дауыс жинауы қажап емес. Осылай партия тізімі бойынша келіп партиясы бес пайыздық межені еңсеру, ары қарай көп дауыс жинауы керек. Бірақ, шынайы өмірде оларда аумақтан халықтың дауысының басым көпшілігіне ие бола алатын адам Н.Энхбаяр мен С.Ганбаатардан басқа кім бар дегені маңызды ғой. Әрине бұл екі партия да аты таза, аумақтардан сайлауда жеңіп шығатын адамдар көп шығар. Ал, аумақтан басым дауыс алатын үміткерлер саны қанша, білмеймін. Егер жоқ болса, бір аумақтан да жеңіс жоқ болса С.Ганбаатар мен Н.Энхбаярға да партия тізімін бастап сайлау науқанында миллион дауыс жинаудың да қажеті шамалы. Парламенттен орын бұйырмайды. Сондықтан ең дұрысы аумаққа өздері аттарын ұсынуымен қатар партияларында басқаратын болуы мүмкін. МХРП, ЕҰП –ның келесі саясаты Парламентте сегізден төмен емес орын алып, топ құрып, саясатын жүргізе алады.
Егер, топ құрай алмаса, Парламенттен бір екі орын ғана алар болса қазіргі жеке атын ұсынып, мүше атанған С.Ганбаатардың статусынан айырмашылығы болмайды. Ол жағдайда бұл екі партия алдағы саясатын 2017 жылғы Президент сайлау науқанына арнайтыны анық.
Әңгімеңізге рахмет. Табыс тілеймін.
Сілтеме, “Гэрэг” журналы, У.Бямбаням. Аударған KAZNEWS ақпараттық агенттігі

Моңғолияда

Қалыбек Қобландин Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметінен босатылды

Published

on

KAZNEWS – Дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Қалыбек Қобландин Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қалыбек Ибрагимұлы Қобландинды қызметінен босату туралы жарлығы 15 тамызда akorda.kz сайтында жарияланған.

Қалыбек Қобландин 2013 жылы 14 мамыр (Моңғолия Президентіне сенім грамотасын табыстаған)-дан бері Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшісі қызметін атқарған уақытында екі ел арасындағы ынтымақтастық нығая түсті. Қазақстан 2016, 2018 жылдары селден зардап шеккен Моңғолияға (Баян-Өлгий аймағына) гуманитарлық көмек көрсетті. Көп жылдар бойы шешімін таппай келген Улаанбаатар – Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тікелей әуерейс ашылды.

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

2019 жылғы 14 тамызда Елші Қ.Қобландин өзінің Моңғолиядағы Елші ретінде өкілеттік мерзімнің аяқталуына орай, Моңғолияның Президенті Х.Баттулгамен кездесті.

Кездесу барысында саяси ынтымақтастық тұрғысынан моңғолия тарапына халықаралық іс-шараларда Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткеніне ризашылығын білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған бірқатар мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде Моңғолия Президенті Елшінің Моңғолиядағы жемісті қызметін атап өтіп, шетелдіктерге арналған ең жоғарғы марапат саналатын «Найрамдал» (Достық) медалімен марапатталуымен құттықтады.

2019 жылғы 16 тамызда Елші Қ.Қобландин өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай, Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары У.Энхтүвшинмен кездесіп, моңғол тарапына өкілеттік мерзімі барысында көрсетілген қолдауға өз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасты.

2019 жылғы 16 тамызда Елші Қ.Қобландин өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай, Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Д.Цогтбаатармен кездесті. Кездесу барысында Д.Цогтбаатар Елшіге Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ерен еңбегін ерекше атап өтті. Екі ел арасындағы жан-жақты өзара әрекеттестікті алға жылжытуға негіз болатын жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шараларды келешекте ұйымдастыру перспективалары бойынша пікір алмасылды.

Қалыбек Қобландиннің орнына Жалғас Жұмаұлы Әділбаев тағайындалды.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия – Қазақстан қонақтарын қабылдайды!

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия, Қазақстан Республикасы арасында тікелей рейс ашылып, Скат әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы 3 маусым күні сағат 04.50 –де Улаанбаатар қаласына келіп қонды.

“Ең әуелі Нұр-Сұлтан-Улаанбаатар бағытына халықаралық тікелей рейстің ашылуына қолдау көрсеткен Моңғолия Үкіметіне, Жол транспорт министрлігіне, Азаматтық авияция бас басқармасына, сондай-ақ өзгеде құзырлы органдарға алғыс білдіремін. Аталмыш рейс халықаралық тұрақты бағыт болғандықтан, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық жоғары деңгейге көтеріледі. Саясат, экономика, мәдениет, гуманитарлық және туризм саласының дамуына үлес қосады.” –деп атап өтті Қазақстан Республикасынан Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі Қалыбек Қобландин бұқаралық ақпараттық құралдарға арналған брифингде.

Photo: Ikon.mn

Скат әуе компаниясы Нұр-Сұлтан-Улаанбаатар бағытына әр сәрсенбі мен жексенбі күндері Boeing-737 ұшағы арқылы бір жағына 144 жолаушы тасымалдайды. Улаанбаатардан дүйсенбі мен бейсенбі күндері сағат 06:00 ұшып, Нұр-Сұлтан қаласына 08:30-да қонады. Билет бағасы $240-$250 АҚШ доллары, екі жағына $460 –дан.

Скат әуе компаниясының Қазақстан териториясына 55, халықаралық 25 бағытта рейстері бар.

Моңғолиялық жолаушыларды үшін Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Ақтау және Павлодардан ыңғайлы түйістер күтіп тұр.

Ал, бүгіннен бастап Моңғолия – Қазақстан қонақтарын қабылдайды!

Әлеуметтік желідегі парақшасын көре кетіңіз.

Continue Reading

Моңғолияда

Қазақстаннан Моңғолияға маусым айынан бастап тұрақты әуе рейсі ашылады

Published

on

KAZNEWS – 2019 жылдың 3 маусымынан бастап Қазақстан және Моңғолия астаналарының арасында тұрақты рейс ашылады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Тікелей рейсті «SCAT» әуе компаниясы іске қоспақ.

«Жаңа халықаралық әуе рейсінің ашылуы  екі ел арасындағы экономикалық байланыстар мен туризмді дамытуға, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайтуға бағытталған.  Бұл рейс екі ел бизнес нысандарының арасындағы іскерлік байланысты да нығайтуға ықпал етеді», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Министрлік өкілінің айтуынша, тұрақты рейстер әр бейсенбі мен жексенбі күндері қатынайды. «Ұшу уақыты бір бағытқа 3 сағат болмақ. Әуе рейсі «Boing-737» ұшағы арқылы жасалады» , – деді Айбек Смадияров.

 Scat Airlines Mongolia – парақшасы

Continue Reading

Title

Әлемде2 months ago

Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)

KAZNEWS – /2019.06.12/ Шанхай ұйымының жылдық кезекті он тоғызыншы саммитіне қатысу мақсатында Моңғолия Президенті Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы...

Әлемде3 months ago

Қазақстан Республикасында Президент сайлауы

­Соңғы айларда Қазақстанда тұрғындарды ғана емес, әлемді елең еткізген саяси өзгерістер бірінен соң бірі орын алып кетті. Елді басқарып келген...

Кітаптан үзінді...5 months ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...5 months ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Іскер8 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...8 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Іскер8 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...8 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті