Connect with us

Әлемде

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Published

on

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған заманауи білім ордасы, қазақтың қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта–шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы дәстүрге айналған «Ашық есік күнін» ерекше сән-салтанатпен атап өтті.
Бұл шараның мақсаты – шетелдік болашақ талапкерлерді факультетке шақыра отырып, университетпен, факультетпен, кафедрамен әрі факультеттің оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарымен таныстырып, еліміздің төл тарихына деген қызығушылықтарын арттыру арқылы олардың болашақта біздің факультетті таңдауына бағыт-бағдар беру. Болашақ мамандықты таңдауға көмектесу, сонымен қатар жаңалыққа толы, инновациялық дамудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп жатқан ұстаздар еңбегін елге таныту,кафедрада білім алып жатқан шетелдік студенттердің жетістіктерін көрсету.
Іс-шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін Алматы қаласындағы шетелдік азаматтар және әр елдің консулдығы мен білім беру және мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері, шетелдік талапкерлершақырылды.
Факультет қабырғасында аталмыш іс-шараны жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналған. «Ашық есік» күнінің ашылу салтанаты университет және факультет тарихы жайында фильм көрсетіліп, факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырудан басталды.
Шара барысында шетелдік талапкерлер мен қонақтар үшін кафедраның мұражайы мен шағын көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ,қонақтар факультет туралы, оқуға түсудің ереже-талаптары жайлы, студенттік өмір мен олардың білім, ғылым, спорт және шығармашылықтағы жетістіктері жайлы ақпарат алды.
Бұл іс-шараға кафедра оқытушылары мен осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің Италия, Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Египет, Австралия, Монғолия, Түркия елдерінен келген шетелдік студенттер қатысты.
Шетелдік студенттер мен ұстаздар қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы және жоғары оқу орнымызда білім алу келешегі туралы және факультет тарихынан бастап күні бүгінге дейінгі жетістіктері, кафедраның қазіргі таңдағы орны мен маңыздылығы, жалпы тыныс-тіршілігі жайында бейне жазба ұсынды.
Слайдтарда шетелдерде жоғарғы мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқарып жүрген осы факультеттің кафедрасында білім алған үздік түлектері көрсетілді. Қатысушылар факультеттің жұмысынан хабардар болып қана қоймай, еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Факультетпен, жалпы университетпен таныстыру шарасы акт залында қорытынды мерекелік әдеби-музыкалық кешпен жалғасты. «Ашық есік күні» аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама «Тілдер және мәдениет фестивалі!» атты тақырыпта өтті. Бұл концерттік іс-шарада келген қонақтар, ұстаздар, шетелдік талапкерлер құрметіне кафедрамызда білім алып жүрген шетелдік студенттер әуелете ән салып, күмбірлете күй шертіп, биден шашу шашып, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, көрініс көрсетіп, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді.
Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті. Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.
Бұл шетелдік студенттердің рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы әрі маңызды іс-шара болды.

А.Е. Саденова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының меңгерушісі

Әлемде

Түркия 31 елге шекарасын ашты

Published

on

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл ньюс хабарлайды.

31 елге: Ирак, Ливия, Әзербайжан, Грузия, Турікменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Грекия, Украйн, Ресей, Жибути, Алжир, Косово, Македония, Албания, Босни Герцеговин, Румыния, Сербия, Болгария, Молдавия, Сомали, Кувейт, Катар, Бахрейн, Оман, Германия, Ұлы Британия, Нидерланд, Пакистан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының азаматтары бар.

Ұшақ тек Ыстамбул мен Анкара әуежайына қонады. Сырқатпен екі адам еріп баруға болады. Жолаушылар коронавирус індетін жұқтырмағаны жөнінде анықтамасымен келу немесе Түркияға барып ақылы зерттеу бере алады.

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 152 мыңға жеткен. 113 мың адам ауруынан айыққан.

Continue Reading

Әлемде

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Published

on

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады.

“Төтенше жағдай аяқталып, еліміз азық-түлік тауарларымен толығымен қамтамасыз етілуіне байланысты министрлік 1 маусымнан бастап барлық шектеу мен тыйымды алып тастауды жоспарлап отыр”, – деді ҚР-ның Ауыл шаруашылығы министрі Омаров.
Еске салсақ, төтенше жағдай кезінде астық пен ұнды республика аумағынан шығаруға шектеу қойылған болатын.

Мұндай шара елдің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды. Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортын ай сайынғы квота шеңберінде жүзеге асырды.

Continue Reading

Әлемде

Ким Жон Ун қайтып келді

Published

on

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты.

Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі KCNA билеушісі Ким Жон Унның Оңтүстік Пхенганда орналасқан Сунхчон қаласында тыңайтқыш өндіретін зауыт құрылысының ашылу салтанатына қатысқанын хабарлаған. Салтанатты рәсімге Ким Жон Унға оның қарындасы Ким Ёо Жон еріп барған.

Ким Жон Ун көпшілік ортада 12 сәуірден бері көрінбеген. Сол күннен бастап әлем жұртының назарынан ұшты-күйлі жоғалған Ким Жон Ун туралы екіұшты ой әлі де желдей есіп тұр. Бір жақ «өлді немесе хәл үстінде жатыр» десе, екінші жақ «ол дін аман» дейді.

Ал АҚШ Солтүстік Корея басшысына тиесілі пойыздың жерсеріктен түсірілген фотосын жариялады.

Continue Reading

Әлемде

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Published

on

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды.

Пошта арқылы президенттік сайлау өткізуге дайындалып жатыр, – деп жазады euronews.com-ға сілтеме жасаған «Қазақпарат».

Бақылаушылардың айтуынша, қазіргі президент Анджей Дуданы сайлаушылардың шамамен 60% қолдауға дайын.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 weeks ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде4 weeks ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде4 weeks ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Әлемде1 month ago

Әлемдегі ең таза қала аталды

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, – деп хабарлайды Tengrinews .kz. Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік...

Әлемде1 month ago

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді. Құтты...

Әлемде2 months ago

Ресей коронавируспен қалай күресіп жатыр

Бір айлық карантиннің кесірінен 2020 жылы елдің ЖІӨ-сі 1,5-2%-ға қысқаруы мүмкін. Владимир Путин ел аумағында төтенше жағдай жариялаған жоқ. Ал...

Кітаптан үзінді...2 months ago

KFC қалай пайда болды?

Жылдам дайындалатын Кентуккилік қуырылған тауық етін әлемде білмейтін адам жоқ. Kentucky Fried Chicken (KFC) атауы айтып тұрғандай бұл тағамның шыққан...

Статистика

  • 141,254

Басты назарда