Connect with us

Моңғолияда

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Published

on

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты. 

Кездесу барысында Моңғолия премьеріне өңірлік қаржылық хабта бүгінге дейін атқарылған жұмыстар мен оған тіркелу артықшылықтары баяндалды.

Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов өңірлік қаржылық хабта бүгінге дейін қанша компанияның тіркелгенін мәлім етті.

«АХҚО – Орталық Азия, Кавказ елдері, Еуропа мен Моңғолия өңіріндегі қаржылық хаб. Қазіргі таңда АХҚО-да барлық қажетті инфрақұрылым бар. Сондай-ақ, онда Тәуелсіз сот, Халықаралық арбитраж орталығы, Биржа, Әкімшілік, Қаржылық технлогиялар хабы, Жасыл технологиялар орталығы, Үздіксіз кәсіби даму бюросы және Экспат орталығы бар экожүйе құрылған. Қазіргі таңда АХҚО-да әлемнің 27 елінен 260 компания тіркелді», – деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Ресми кездесуден кейін қос тарап АХҚО бойынша экскурсияға аттанды. Олар өңірлік қаржылық хабтағы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би атындағы үш залды аралап, әр залға не себепті қазақтың үш даңқты билерінің аты берілгендігімен танысты.

Белгілі болғандай моңғол елінің премьері Ухнаагийн Хүрэлсүх қазақ-моңғол форумы жұмысына да қатысқан. Қазақстан премьер-министрі сайтындағы мәліметке сәйкес, Асқар Мамин екі ел арасындағы ынтымақтастық одан ары дами түсетініне сенім білдірді.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан-Моңғол қатынастарының ілгерілемелі дамуының негізі қаланды. Президент Қ. Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Моңғолиямен ынтымақтастықты тиімді дамытуға баса мән береді», — деді А. Мамин.

Моңғол премьері Ухнаагийн Хүрэлсүх болса, өз кезегінде, екі ер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға барлық мүмкіндіктер бар екендігін атап өткен.

«Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі мүмкіндіктер бар. Осы бизнес форум екі ел арасындағы іскерлік қатынастар мен экономикалардың дамуына серпін беретініне сенімдімін», — деді Моңғолияның Премьер-Министрі.

Фото: primeminister.kz

Моңғолияда

Қатира Қалиқызы Еңбек сіңірген ұстаз атағымен марапатталды

Published

on

12 шілде, KAZNEWS. Ғұн империясына 2230 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 815 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 110 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 100 жыл, Демократиялық қозғалысқа 32 жыл толуына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх жарлық шығарып білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы және мәдениет саласында абыройлы қызмет атқарған 5 азаматқа «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағын берді.

“Моңғол еліне Еңбек сіңірген ұстаз” құрметті атағымен Баян-Өлгий аймағының Жалпы білім беретін 1 -ші мектептің аға ұстазы Қатира Қалиқызы марапатталды.

“Ауылшаруашық саласына еңбек сіңірген” құрметті атағымен Сэлэнгэ аймағының тұрғыны Х.Даваахүү, Н.Бадралхүү, “Мәдениет саласына еңбек сіңірген” құрметті атағымен Г.Адьяа, “Денсаулық саласына еңбек сіңірген” құрметті атағымен Б.Буянаа марапатталды.

Continue Reading

Моңғолияда

«Наадам» ұлттық мерекесіне арналған құттықтау

Published

on

«Наадам» ұлттық мерекесіне арналған құттықтау

Моңғол халқын «Наадам» ұлттық мейрамымен, Моңғол мемлекеттігінің 2230-жылдығымен, Ұлы Моңғол империясының 815-жылдығымен және Халық революциясының 100-жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
«Наадам» мейрамы – бүгінгі күнге дейін өзінің ерекшелігі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтап келе жатқан ұлттық мереке.
Қазақстан мен Моңғолияның арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, екі елдің игілігіне бағытталған өзара әрекеттестікті одан әрі дамытуға және тереңдетуге барша күш-жігерімізді жұмсайтынымызға сенімдімін.
Бауырлас екі халықтың арасындағы өзара түсіністік пен достық қатынастардың тиімді дамитынына сенімім мол.
Осы орайлы сәтті пайдаланып, моңғол халқына денсаулық, өркендеу, даму және көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі
Жалғас Әділбаев

 

ҮНДЭСНИЙ ИХ БАЯР НААДМЫН МЭНДЧИЛГЭЭ

Монголын нийт ард иргэдэд Тулгар төрийн 2230, Их Монгол Улс байгуулагдсаны 815, Ардын хувьсгалын 100 жилийн ой, Үндэсний их баяр наадмын мэндчилгээг өргөн дэвшүүлье.
Үндэсний их баяр наадам нь Монголын уламжлалт баяр бөгөөд эрт дээр үеэс эрхэм хүндтэйгээр уламжлагдан тэмдэглэгдсээр ирсэн онцлогтой билээ.
Энэ ташрамд Казахстан – Монголын харилцааны одоогийн түвшинг өндрөөр үнэлэхийн зэрэгцээ хоёр талт түншлэлийг ард иргэдийн маань сайн сайхны төлөө улам гүнзгийрүүлэн хөгжүүлэхэд хүчин чармайлт гарган ажиллахаа үүгээр дурдъя.
Ах дүүгийн найрамдалт харилцаатай хоёр орны ард иргэдийн харилцан ойлголцол хийгээд нөхөрсөг харилцаа цаашид улам хөгжинө гэдэгт итгэл дүүрэн байна.
Энэ ялдамд Та бүхэнд эрүүл энх, хөгжилт цэцэглэлт, сайн сайхныг хүсэн ерөөе.

Хүндэтгэсэн,

Бүгд Найрамдах Казахстан Улсаас
Монгол Улсад суугаа Онц бөгөөд бүрэн эрхт Элчин сайд
Жалгас Адилбаев
 

Continue Reading

Моңғолияда

Елші Моңғолия – Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасымен кездесті

Published

on

30 маусым, KAZNEWS. Елші «Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» төрағасы – Ұлы Хурал депутаты Бәделхан Қабдісіләмұлымен кездесті.

Аталған кездесу барысында қазақстандық дипломат Моңғолияда және Қазақстанда Covid-19 пандемиясына қарсы екпе жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатырғанына тоқталып, Қазақстан Республикасының Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының мамандары жасаған «QazVac» коронавирусына қарсы отандық вакцина туралы мағлұмат беріп, Қазақстан тарапының осы бағыттағы ұсыныстарына тоқталып өтті.

Бұған қоса, Ж.Әділбаев биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланатанын, осы жылдар кезеңіндегі еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне жеке тоқталды және қазіргі кезеңде елімізде демократиялық пен азаматтық қоғамды одан әрі жетілдіру бағытындағы саяси реформалар туралы баяндады.

Қазақстанның Елшісі «Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» Төрағасын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында одан әрі демократияландыруға және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылға бағытталған Қазақстандағы сайлау мәселелеріне қатысты заңдарға қол қойылғанымен және осы заңның маңызды өзгерістерімен таныстырып өтті.

Елші Ұлы Хурал депутатын 2021 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлықтың негізгі бағыттарымен таныстырып, COVID-19 пандемиясына қарамастан 2020 жылы Қазақстанда адам құқықтары мен оны қорғау мақсатында саяси реформалар іске асырылғанын, бейбіт жиналыстар туралы тұжырымдамалық жаңа заңның қабылданғаны туралы баяндады.

«Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» Төрағасы – Ұлы Хурал депутаты Қ.Бәделхан COVID-19 күрес аясында оған өңірлік деңгейде төтеп берудің, сондай-ақ олардың салдарын жоюда бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Бұған қоса Қ.Бәделхан Қазақстан Президентінің саяси бастамаларымен және елімізде жүргізіліп жатырған ішкі саяси реформалардың жүрісімен таныстырғаны үшін Елшіге рахмет айтты.

Өз кезегінде Қ.Бәделхан Моңғолияда болып өткен басты саяси іс-шараларға тоқталып өтіп, Ұлы Хуралдың маңызды жұмыстарына және өзі сайланған Баян-Өлгий аймағында тұратын қандастарының өзекті мәселелерімен бөлісіп, Елшілік ұйымдастырып отырған арнайы рейстерге және қандастарға арналған бағдарламаларға алғысын білдірді.

Тараптар Қазақстанда қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандастарымыздың балаларының елімізде білім алуы, көшу мәселелері мен азаматтардың құжаттарын қалыпқа келтіру, азаматтық алу/шығу мәселелерін пысықтады. Бұған қоса қандастарымыз тұратын аймақтарда Ж.Жабаевтың, Қ.Мұңайтпасұлының, Д.Нұрпейісованың, Ә.Бөкейхановтың, М.Мақатаевтың мерейтойларын тойлау шараларын талқылады.

Бұған қоса, жоғары және жоғарғы деңгейлердегі саяси диалогты кеңейту, сондай-ақ ЕҚЫҰ мен БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі бастамаларды ілгерілетуде өзара қолдау көрсету мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасулар болды.

Тараптар биыл Қазақстан парламентіне 25-жыл толуына байланысты «Моңғолия-Қазақстан парламентаралық достық тобының» мүшелерімен кездесіп, екі елдің халық қалаулылары арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы шараларға тоқталып, екіжақты парламент депутаттары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттілігін атап өтті.
Кездесу соңында жоғарыда аталған ұйымдар шеңберінде өзара қолдау көрсету және ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ бұдан әрі Қазақстан мен Моңғолия арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың тетіктерін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Элчин сайд Монгол-Казахстаны Парламентын бүлгийн дарга – Улсын Их Хурлын гишүүн Х.Баделхантай уулзлаа.

2021 оны 6 дугаар сарын 29-нд Элчин сайд Жалгас Адилбаев Монгол-Казахстаны Парламентын бүлгийн дарга – Улсын Их Хурлын гишүүн Х.Баделхантай уулзлаа.
Уулзалтаар Элчин сайд Казахстан болон Монголд COVID-19 вирусйн эсрэг дархлаажуулалтын ажил өндөр түвшинд явагдаж байгааг онцолж, Казахстан Улсын Биологийн аюулгүй байдлын эрдэм шинжилгээний хүрээлэнгийн мэргэжилтнүүдийн бэлдсэн коронавирусийн эсрэг «QazVac» вакцины талаар танилцуулж үүнтэй холбоотой Казахстаны талын саналыг уламжлав.
Тэрээр өнөө жил БНКазУ Тусгаар тогтносны 30 жилийн ойн баяр тохиож байгааг мөн энэ хүрээнд Казахстан Улсын бүтээсэн ололт амжилтуудыг дурдахын зэрэгцээ өдгөө ардчилсан иргэний нийгмийг улам сайжруулах чиглэлийн улс төрийн шинэчлэлүүдийн талаар мэдээллээ.
Түүнчлэн Элчин сайд «Иргэдийн дуу хоолойг сонсдог төр байх» хэмээх үзэл баримтлалын хүрээнд нийгмийг ардчилах мөн иргэний нийгмийн харилцан үйлчлэлд чиглэсэн Сонгуулийн зарим асуудлуудын тухай хууль батлагдсан тухай Монгол-Казахстаны Парламентын бүлгийн даргад мэдээлж, энэхүү хуулийн чухал онцлогуудыг дурдлаа.
Мөн тэрбээр 2021 оны 6 дугаар сарын 9-нд БНКазУ-ын Ерөнхийлөгчийн гаргасан «Хүний эрхийн салбарт цаашид авч хэрэгжүүлэх арга хэмжээ»ний тухай зарлигийн тэргүүлэх чиглэл болоод 2020 онд COVID-19 вирусийн цаг үед Казахстанд хүний эрхийг хамгаалах зорилгоор улс төрийн шинэчлэлүүд хэрэгжиж, тайван жагсаалын тухай шинэ хууль батлагдсаныг онцоллоо.
Монгол-Казахстаны Парламентын бүлгийн дарга – Улсын Их Хурлын гишүүн Х.Баделхан COVID-19 вирусийн эсрэг бүс нутгийн түвшинд тэмцэж, үр дагаврыг арилгахад чиглэсэн хамтын ажиллагааны чухлыг тэмдэглэв. Үргэлжлүүлэн УИХ-ын гишүүн Х.Баделхан Казахстан Улсын Ерөнхийлөгчийн улс төрийн санаачилга болон Казахстаны дотоод улс төрийн үйл явцын талаар мэдээлэл өгсөн явдалд Элчин сайдад талархал илэрхийлэв.
Талууд Казахстаны «Оюун санааны шинэчлэл» хөтөлбөрийн хүрээнд элэг нэгтнүүд Казахстанд суралцах, шилжин суурьших, бичиг баримтаа сэргээх, харьяат авах/харьяатаас гарах зэрэг асуудлуудыг хөндлөө. Тэрээр казах иргэд голлон суурьшдаг аймгуудад Ж.Жабаев, Х.Мунайтпасович, Д.Нурпейсова, А.Бөкейханов, М.Макатаев нарын ойн баярыг тэмдэглэн өнгөрүүлэх арга хэмжээний талаар ярилцав.
Түүнчлэн өндөр дээд түвшний улс төрийн хэлэлцээг өргөжүүлж, ЕАБХАБ болон НҮБ зэрэг олон улсын байгууллагуудын хүрээнд санаачилга дэвшүүлэх, харилцан дэмжлэг үзүүлэх асуудлын талаар санал солилцов.
Энэ жил тохиож буй Казахстан Улсын Парламент байгуулагдсаны 25 жилийн ойн баярын хүрээнд Монгол-Казахстаны Парламентын бүлгийн гишүүдтэй уулзаж, хоёр улсын Парламентын гишүүдийн хооронд хамтын ажиллагааг идэвхжүүлэх шаардлагатай байгааг дурдлаа.
Дээр дурдсан байгууллагуудын хүрээнд харилцан дэмжлэг үзүүлж, хамтын ажиллагааг гүнзгийрүүлэх цаашид Казахстан-Монголын Парламент хоорондын хамтын ажиллагааны механизмыг судлахаар тохиролцов.

Continue Reading

Моңғолияда

АҚШ Президенті Жо Байден құттықтау жеделхатын жолдады

Published

on

25 маусым, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің атына Моңғолия Президенті болып сайлануына орай, АҚШ Президенті Жо Байденнің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Жедел хатта АҚШ Президенті Жо Байден, АҚШ – Моңғолия арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнауының 34 жыл толғанын және екіжақты қарым-қатынастарымыз үлкен жетістіктерге қол жеткізгені қуантатынын айтты. Алдағы уақытта демократиялық құндылықтарға негізделіп, Моңғолияның үшінші көрші қатарындағы стратегиялық әріптестікті ілгерлету жолында бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге ниетті екенін атап өтті.

Continue Reading

Басты назарда